Жобаны орындау бойынша есеп


АВТОБУС ТАСЫМАЛДАРЫНЫҢ ЖАЙ-КҤЙІН ТАЛДАУ



бет4/125
Дата21.04.2023
өлшемі0,94 Mb.
#85248
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   125
Байланысты:
диплом материал

АВТОБУС ТАСЫМАЛДАРЫНЫҢ ЖАЙ-КҤЙІН ТАЛДАУ

  1. Жолаушылар автокӛлігінің жай-кҥйін талдау- ҧйымдастырушылық, техникалық аспектілер


ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жӛніндегі агенттігінің Ҧлттық статистика бюросының деректері бойынша тасымалдаудың барлық тҥрлері бойынша жолаушылар айналымы – 295,5 млрд.жолаушы-км, Жолаушылар тасымалы кӛлемі – 23,8 млрд. жолаушы-км қҧрайды. 2011-2019 жылдар аралығындағы автотасымалдау саласы дамуының негізгі кӛрсеткіштері 1-3 суретте кӛрсетілген.



Дереккӛз: ҚР Ұлттық статистика бюросының деректері [1]


Сурет 1. 2011-2019 жылдары автомобиль кӛлігімен жолаушыларды
тасымалдау кӛлемі



Дереккӛз: ҚР Ұлттық статистика бюросының деректері [1]


Сурет 2. Автомобиль кӛлігімен жолаушылар айналымы 2011-2019 жж.

ҚР Ҧлттық статистика бюросының деректерінен байқағанымыздай, автокӛлік кӛлік жҧмысының кӛрсеткіштері бойынша даму трендін сақтап отыр.



Дереккӛз: ҚР Ұлттық статистика бюросының деректері [1]


Сурет 3. Жолаушыларды тасымалдау кӛлемін кӛлік түрлері бойынша бӛлу


Айта кету керек, ҚР Ҧлттық статистика бюросының мәліметтері [1] автокӛлік жҧмысының негізгі кӛрсеткіштері бойынша саланың шынайы жағдайын толық кӛрсете алмайды. Бҧл автокӛлік кәсіпорындарының жҧмысы туралы нақты деректерді жинау тетігінің болмауына және тасымалдау тҥріне және тасымалдау шарттарына байланысты оны пайдаланудың әртҥрлі қарқындылығын ескерместен жылжымалы қҧрамның санына негізделген тасымалдау кӛлемін, жҥк айналымы мен жолаушылар айналымын есептеудің қабылданған әдістемесіне байланысты. Мысалы, қолданылатын Әдістемеде автобустарды жеке меншік иелерінде пайдалану дәрежесі (жалпы санынан 56,5%) тҧрақты маршруттарда жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын автобустарға қарағанда айтарлықтай тӛмен екендігі ескерілмейді. Сондай-ақ, Қазақстан экономикасының тҥрлі салаларындағы кәсіпорындардың иелігіндегі автобустар тасымалдауды әлдеқайда тӛмен қарқындылықпен жҥзеге асырады. Нәтижесінде бҧл деректерді біз 2 еседен артық кӛтеріңкі деп санаймыз. Автокӛлік жҧмысының басқа сенімді кӛздері болмаған жағдайда, осы зерттеу жҧмысында олар осы ресми деректерді келтіруге мәжбҥр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет