Ашық тұқымды өсiмдiктердiң табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы орасан зор. Олар фотоситез процесiнiң нәтижесiнде органикалық заттар түзедi, және ауаға оттек бөлiп шығарады.
Орман ағаштары кесiлген және өрт шалған жерлерде алдымен күй таңдамйтын қарағай пайда болады. Қарағайлар сусымалы құмдарға өсiп, олардың одан әрi жылжуын тоқтатады.. Қарағайдың тамырлары құмды бекiтедi, жерге түскен қылқандары құмның бетiнде топырақ түзiлу процесiн жеделдетедi. Қарағайлар ауаға ерекше заттар бөлiп шығарады. Олар ормандағы ғана емес, сол төңiректегi зиянкес бактериялардың көбеюiн тежейдi. Қылқанжапырақты ормандар, қардың еруiн баяулатады, мұның өзi топырқтағы ылғалдың артуына мүмкiндiк бередi.