Жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» жалпы білім беру пәнінің типтік оқу бағдарламасы



бет100/158
Дата07.01.2022
өлшемі318,23 Kb.
#17390
түріБағдарламасы
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   158
Байланысты:
@8; 65=85 ;= 5 07

Бағалау деңгейлері: үйлесімді, жоғары, орташа, төмен.

Баға деңгейлері өлшемдерінің мазмұны:

Үйлесімді деңгей:

берілген деңгейде мәтін авторларының, серіктестің коммуникативтік ниетін толық түсіну;

оқып жатқан тілдің әлеуметтік мәдени нормаларына сәйкестігін ескере отырып, тілдік құралдарды дұрыс таңдау және оларды орынды қолдану арқылы өзінің коммуникативтік ниетін сол тілге барабар түрде жеткізу қабілеті;

коммуникативтік ниетке сәйкес логикалық құрылған сөйлеу түріне барабар коммуникация/сөйлеу формасы мен түрін таңдау;

коммуникативтік ниеттің жоғары жеткілікті деңгейде толық баяндалуы, берілген деңгей үшін шынайы деректерді, беделді көзқарастарға сүйенген сілтемелерді жеткілікті түрде дәлелдер арқылы қолдану және т.б., сөйлеу әрекеті коммуникативтік және когнитивтік тұрғыдан дәйектелген;

коммуникативтік актіні құрудың стратегиясы мен тактикасын сауатты меңгеру;

сөйлеуде тілдік құралдарды сауатты қолдану, 75% қатесіз сөйлеу барысында жіберген қателерді өз бетінше уақытылы түзету қабілеті; сөзді дұрыс екпінмен айту, деңгейдің сөйлеу тақырыбы шеңберіндегі лексикалық бай сөздік қоры және грамматикалық сауаттылық;

Жоғары деңгей:

анықтау үшін қарсы сұрақтарды қолдана отырып, серіктестің коммуникативтік ниетін онша толық түсінбеу;

оқып жатқан тілдің әлеуметтік мәдени нормаларына жеткілікті деңгейде сәйкестігін ескергеннің өзінде, тілдік құралдарды дұрыс таңдау және оларды кей жағдайда орынды қолданғанның өзінде коммуникативтік ниеттерін барабар түрде онша толық жеткізе алмауы;

логикалық құрылған коммуникативтік ниетке сәйкес сөйлеу түріне коммуникация/сөйлеу формасы мен түрін таңдау;

жекелеген фактілер мен сілтемелерді пайдаланудың жоғары деңгейінде коммуникативтік ниеттің жеткіліксіз түрде толық емес баяндалуы;

коммуникативтік актіні құрудың стратегиясы мен тактикасын дұрыс меңгеру;

сөйлеуде тілдік құралдарды сауатты қолдану, 50% қатесіз айтылымдар барысында жіберілген қателіктерді өз бетінше уақытылы түзету қабілеті; сөзді дұрыс екпінмен айту, деңгейдің сөйлеу тақырыбы шеңберіндегі лексикалық сөз байлығы және грамматикалық сауаттылық;

Орташа деңгей:

анықтау үшін қарсы сұрақтарды үнемі қолдана отырып, серіктестің коммуникативтік ниеттерін тек жалпы түрде ғана түсіну;

қарапайым құрылымдарды және лексикалық бірліктердің айтарлықтай шектеулі мөлшерін қолдану арқылы өзінің коммуникативтік ниеттерін жеткілікті дәрежеде үйлесімді жеткізу;

сөйлеу формасы мен түрі коммуникативтік ойға үнемі сәйкес келе бермейді;

жекелеген деректерді қолдана отырып, жоғары дәрежелі дәлелдер арқылы коммуникативтік ниетті жөнді білдіре алмау;

коммуникативтік актіні құрудың стратегиясы мен тактикасын жеткіліксіз дәрежеде меңгеру;

25 % қатесіз сөйлеу барысында тілдік құралдарды онша дұрыс қолдана білмеу; сөз екпінінің және лексика-грамматикалық тілдік қолданыстың дұрыс болмауы;

Төмен деңгей:

Талап етілетін деңгейде пікірталасқа қатысуға қабілетсіздік. Сөйлеу әрекеті коммуникативтік және когнитивтік тұрғыдан жеткіліксіз.



5. Оқу формасы

Оқу формасы төмендегілерді қамтиды:

- оқытушының басқаруымен жүргізілетін студенттердің аудиториялық топтық сабақтары;

- аудиториялық топтық сабақтар кезінде тексерілетін, оқытушының берген тапсырмасы бойынша орындалатын студенттердің міндетті өздік жұмысы (СӨЖ);

- консультация кезінде тексерілетін, оқытушының басқаруымен жекелеген студенттер орындайтын жеке өздік жұмыс (ОСӨЖ);

- оқытушының басқарумен жүргізілетін студенттердің сабақтан тыс жұмысы, бұл жұмыс түрі студенттердің қалаулары бойынша, студенттердің қызығушылықтарына сәйкес әр түрлі (клубтар, көркем өнерпаздар, сайыстар, олимпиадалар және т.б.).формада өткізіледі





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет