6. Тілдік біліктіліктерді бағалаудың өлшемдік-көрсеткіштік шкаласы
Міндетті минимум шеңберінде алған білім деңгейі және жоғары оқу орыны ұсынатын оқу жүктемесі көлемі балдық-рейтингілік жүйе (БРЖ) бойынша әртүрлі бақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі.
Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылауды және ЖБП циклінің «Шетел тілі» пәні бойынша олардың білімін бағалау әр академиялық кезеңнің соңында және оқу жылының аяғында арнайы бөлімде («Офис тіркеушісі») арқылы жүзеге асырылады және бұл оқытудың қорытынды нәтижесіне бағытталуы тиіс. Бақылау шаралары аралық бақылау, аралық аттестаттау (емтихан сессиялары) кезеңдерін, оқу жетістіктерін сырттай бағалау және қорытынды аттестаттау кезеңдерін қамтуы қажет.
Білімді меңгерудің қандай да бір деңгейіне жеткендігін бағалау өлшемдері:
коммуникативтік ойды жүзеге асыру
логикалық-құрылымдық тұтастық
сөйлеудің пәндік мазмұнын меңгеру
тіл өкілдерінің лингвомәдени нормаларына сәйкестік
сөйлеудің лингвистикалық дұрыстығы, метатілді игеру.
Қол жеткізілген деңгейді өлшемдік бағалау (№ 1 – 4 кестелерді қараңыз) төмендегідей жүзеге асырылады:
1) деңгейлердің төрт балдық шкаласымен:
|