12-тақырып. Оқу-әдістемелік кешенін әзірлеу технологиясы Студенттің ақпараттық пакеті: анықтамалық-жол көрсеткіш, силлабус, ОӘК және т.б.
Кредиттік оқыту технологиясы кезінде оқу үдерісін жоспарлау және оның силлабустарда көрсетілуі. Пән бойынша жұмыс оқу бағдарламасы және силлабус. БҮМ-пән бойынша белсенді үлестірмелі материал.
Оқу-әдістемелік кешенді әзірлеу технологиясы: пәндердің оқу жұмыс бағдарламаларын құрастыруға қойылатын талаптар, дәріс курсының, практикалық және семинарлық сабақтардың, зертханалық жұмыстардың және т. б. бағдарламаларын құрастырудың ерекшеліктері.
Силлабусты жобалау және оның дизайны. Семинар сабақтарын өткізу бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлеу. СӨЖ өткізу бойынша әдістемелік ұсыныстар. Практика бағдарламалары.
Дидактикалық тарату материалдарын әзірлеу. Электрондық оқыту құралдарын әзірлеу
13-тақырып Жоғары мектептің ғылыми қызметінің теориясы. СҒЗЖ Зерттеу, зияткерлік және инновациялық университеттердің білім беру концепциялары. Зерттеу университетінің принциптері: академиялық еркіндік және жауапкершілік, зерттеу және оқытудың бірлігі. Жоғары мектептегі ғылыми қызмет. Жоғары мектептің ғылыми қызметінің заңдылықтары мен принциптері. ЖОО-да оқыту, зерттеу және тәрбие қызметінің бірлігі.
Студенттердің оқу-зерттеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлері. ЖОО-да СҒЗЖ ұйымдастыру және жоспарлау.
Университеттердегі «Ғылыми мектептер» феномені, ғылыми дәстүрлер мен сабақтастық.
14-тақырып. ЖОО-дағы тәрбие теориясы. Қазіргі социум, адамға қойылатын талаптар. Қазіргі жоғары мектептің міндеттері: идеологиялық, этикалық, азаматтық. Толеранттылық, интеллигенттік, ағартушылық жоғары білімі бар маман тұлғасының мазмұндық сипаттамасы ретінде.
Әлеуметтенудің мәні және оның кезеңдері. Маманды тәрбиелеу және қалыптастыру. Болашақ маманның тұлғасын әлеуметтендіру үрдісі ретінде жоғары мектептегі тәрбие жұмысының мәні мен бағыттары. Жоғары мектептегі тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері. Студенттік социумның өзін-өзі тәрбиелеуіне жағдай жасау.
ЖОО-ның тәрбие процесіндегі академиялық және ғылыми ортаның әлеуеті. Тәрбие берудегі орта және экзистенционалды тәсіл.
Жоғары білім беру жүйесіндегі Куратор. Жоғары оқу орнының тұтас педагогикалық үдерісіндегі куратордың рөлі мен функциялары. Кураторлық сағаттарды дайындау және өткізу. Студент әлеуметтік топ ретінде. Элективтік курстарды таңдау кезінде; оқытудың жеке траекториясын құру кезінде эдвайзердің көмегі. Академиялық топ-студенттермен тәрбие жұмысы орталығы. Студенттердің оқудан тыс іс-әрекетін ұйымдастырудың түрлері мен формалары. Студенттің азаматтық ұстанымы мен жауапкершілігін белсендіру. Жоғары мектептегі эдвайзерлердің жұмысы және оның негізгі функциялары. Жоғары мектептегі кураторлардың жұмысы және оның негізгі функциялары. Кураторлық жұмыс жүйесіндегі негізгі бағыттар.
15-тақырып. Білім берудегі менеджмент Білім берудегі менеджмент түсінігі, функциялары және принциптері. Білім берудегі менеджмент тұжырымдамасы. Білім беруді басқару деңгейлері. Жоғары оқу орнын басқарудың сызықтық және матрицалық құрылымы.
Кредиттік технология кезіндегі бақылау-өлшеу құралдары: тақырыптар бойынша бақылау сұрақтары, тесттер, сынақ және емтихан сұрақтары, аралық бақылау тапсырмалары және т. б.
Оқыту сапасының менеджменті: өлшемдер көрсеткіштер.
ЖОО - да басқарудың ситуациялық, үдерістік, жүйелік тәсілдері. Деминг Циклі.
ЖОО-ның академиялық және зерттеу саясаты. Халықаралық ынтымақтастық.