Жоғары мектеп педагогикасының теориялық–Әдіснамалық негіздері


Жоғары мектеп оқытушысына қойылатын талаптар



бет12/19
Дата06.01.2022
өлшемі1,14 Mb.
#15519
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Жоғары мектеп оқытушысына қойылатын талаптар:

Ұстаз қандай болса, қоғамы да сондай деген бұлжымас заңдылық қай қоғамда да көкейкесті. Жаңа формация мұғалімі - рухани дамыған жеке тұлға. Кәсіби дағдыланған, педагогикалық дарыны бар, жаңашылдыққа бейім, өз-өзін талдауға қабілетті. Кәсіби оқытушы тек қана өз пәнін ғана емес, педагогикалық процестегі әрбіp мүшенің орнын анық біледі; студенттердің ic-әрекетін ұйымдастыра алады, нәтижелерін болжай біледі; кемшіліктерін түзете алады. Ол міндетті түрде құзіреттi жеке тұлға болуы керек. Құзіретті педагог құзіреттіліктің үш тобын қалыптастыра алуы тиіс:
  • Әдіснамалық ( психология, педагогика).
  • Жалпы мәдениетті (дүниетанымдық ).
  • Пәндік-бағдарлы.

  • Жоғары мектеп оқытушысы экономикалық қатынас жағдайындағы белсенді, кәсіби және әлеуметтік қызметке даярланған болуы керек.

    Жоғары мектеп оқытушысы мынадай нeгiзгi талаптарға сай болуы қажет:


  • Мамандығы бойынша негізгі дайындығы болуы;
  • Адамдардың адамдарға, қоғамға қатынасын реттейтін құқықтық және этикалық нормаларды бiлyі;
  • Қазіргі білім беру технологиясын пайдалана отырып, жаңа білім алу, өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білуі ;
  • Компьютерлік техниканы меңгеруі ;
  • Ғылыми, іскерлік, қоғамдық, саяси және тұрмыстық тілдер ауқымында мемлекеттік және шетел тілдерінде сөйлесе білуі.

Жоғары мектепте оқу мен тәрбие процестерінің бip-бipiмен етене бірлігіне қол жеткізу ұстаздардың алдына студенттердің бойында ғылыми- дүниетаным, моральдық-саяси сапалар, еңбек сүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру, олардың қоғамдық белсенділігін барынша дамыту міндетін қойып отыр. Осыған орай студенттердің оқу мерзімінің барлық кезеңіне арналған тәрбие беру жұмысының бірыңғай перспективалық жоспарының ұстанымдары мынадай:

1. Бүкіл тәрбие жұмысын кешенді түрде, яғни тәрбиенің барлық сапаларын (саяси-идеялық, еңбек, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесі) біріктіріп жүзеге асыру;

2. Оқу, ғылыми және тәрбие жұмыстарының тұтастығын қамтамасыз ету;

3. Курс сайын тәрбие жұмысының мазмұнын белгілеуде, әдістері мен ұйымдастыру формаларын қолдануда бірізділіктің болуын ескеру.

Жоғары мектептегі оқыту процесі студенттердің шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, олардың дербес зерттеуші қызметіне жақындай түсуіне ықпал етеді. Әр уақытта педагогикалық қызмет пен ғылымды бip-бipiмен ұштастыра жүргізудің маңызы зор. Сол себепті біздің қоғам жоғары мектептердің ғылым мен мәдениетті дамытудағы ролін арттыруды басты мақсат етіп отыр.

Қaзipгi уақытта оқыту процесінде:


  • студенттерге берілетін ғылыми білімнің теориялық базасының жоғары дәрежеде болуы;
  •  мамандар даярлаудың бейіндерін кеңейту;
  •  оқу пәндерінің интеграциясын жүзеге асыру;
  •   оқытуда студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыратын белсенді оқыту методтарын кең түрде қолдану көзделуде. Яғни жоғары мектептегі оқыту npoцeci студенттерге әмбебап және тұғырлы білім беруді мақсат етеді. Бұл үшін педагогтар басқару функциясын дұрыс ұйымдастыра білуі қажет.

Әрине оқыту процесінің өзіндік қозғаушы күштері, өзіне тән қайшылықтары болады. Ең басты қайшылық – педагогтардың студенттерге қоятын жаңа міндеттері, талаптары, болашақ мамандардың мүмкіндіктері мен дайындығының арасындағы қайшылық.

Жоғары оқу орындарында оқыту процесін дұрыс басқару үшін оның заңдылықтарын, оқыту барысында туатын негізгі талаптарын, жалпы ережелерін біліп, ecкepiп отыру қажет. Бірақ жоғары оқу орындарындағы оқыту ұстанымдары, оның аттары, саны, т.б. туралы дидактикада әлі де бірлік жоқ.

Бұл мәселелерді зерттеушілердің арасында төмендегідей екі түрлі пікір бар:

1. Жоғары оқу орындарының өзінің дидактикалық ұстанымдары болуы керек деген пікір.

2. Орта мектеп дидактикасының қалыптасқан дәстүрлі оқыту ұстанымдарын жоғары мектептің жағдайына сәйкестендіріп қолдану деген пікір.

Оқыту ұстанымдарының маңызы оқыту процесінің тек мазмұнына ғана қатысты емес, оның барлық жақтарына (оқыту әдістеріне, формаларына, құрылымдарына, т.б.) тікелей қатысы және әcepi бар екендігін әркез ескеру керек.

Жоғары білім беру жүйесінің дамуының әлемдік беталыстары білім беру жүйесінде жаңа ортаның - ақпараттық қоғамның пайда болуына себепкер болады. Мұндай беталыстарды Қазақстанның жоғары кәсіби мектептерінде жүзеге асыру үшін жоғары оқу орындарына жаңа ақпараттық технологияларды, оқыту әдістері мен түрлерін, заманға сай білім беруді енгізу шарт. Жаңа оқыту технологиялары білім сапасын көтеруге ықпалын тигізіп қана қоймай, жоғары оқу орнына білім беру қызметіндегі бәсекеде өзінің мүмкіншілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жоғары оқу орнындағы білім бepу процесіне жаңа ақпараттық технологияларды, соған сәйкес оқыту әдістері мен түрлерін енгізу – бүгінгі күн талабы.

Қaзіpгi заманғы ақпараттық оқыту технологиясын қолдану саласындағы шетелдік және отандық зерттеулер жоғары мектепке ақпараттық оқыту технологияларын енгізу педагогтардың кәсіби деңгейін қалыптастыруда белгілі бip қиындықтар туғызғандығын көрсетті. Оқытуды ақпараттандыру теориясы мен практикасының талдамы бұл проблемалардың педагог пен студенттердің арасындағы педагогикалық қатынасты ұйымдастыру ерекшеліктерімен, педаготік қызмет стилін, кәсіби ой-танымды өзгертудегі қиындықтармен байланысты екендігін көрсетті. Жоғары білім беруді ақпараттандыру жағдайларындағы педагогтардың қызметі жаңа сипатқа ие болды. Қазақстанның жоғары білім беруіндегі қазіргi заманғы ақпарат процестері ерекше мәселені білім беруді технологияландыру мен ақпараттандыру саласындағы зерттеушілік ісін оқыту практикасымен үйлестіретін оқытушыға көшу проблемасын тудырды.

Жоғары мектеп педагогын білім беруді ақпараттандыруға сай оқыту оның біліктілік деңгейін өзгертеді. Кез-келген еңбектің сапасы кәсіби функциялардың орындалу деңгейімен өлшенеді. Егер педагогикалық үрдіс технологиялық негізде кұралса, онда кәсіби педагогтың міндеті бұл үpдicтi технологияға сәйкес барынша нақты жүзеге асыру болып табылады. Оқытуды технологияландыру жағдайында бұл педагогикалық қызмет сапасының басты көрсеткіштерінің бipi болады. Оқыту технологиясының тиімділігі оқытушының оны жүзеге асыру сапасына байланысты болады.

Педагогикалық процестің қолайлылығы, оның сапалылығы технология білім деңгейінде емес, сенім деңгейінде игеруді талап етеді. Демек, педагогтарды қайта даярлау ici жоғары мектеп оқытушыларын жоғары оқу орындарында даярлаудағы кемшіліктерді жоюға, оқытушылардың өздігінен үздіксіз білім алу процесін ұйымдастыруға қатысты проблемаларды шешуге бағытталуы тиіс.

Қaзipгi заманғы технология аясындағы жаңашыл оқу үрдісі, оның құрылымдастырылуы мен жүргізілуі педагогтан жаңа кәсіби білімді, біліктер мен дағдыларды, кейбір стереотиптерден бас тартуды талап етеді.

Жоғары мектеп педагогының кәсіби бағдарын өзгерту оның жекелеген және кәсіби ерекшеліктерін де ескеруді талап етеді. Кәсіби бағдарды өзгертудің арнайы ұйымдастырылған процесс қызметі жаңа оқыту технологияларын пайдаланумен жүзеге асырылатын педагогты психологиялық-педагогикалық жағынан қайта даярлауды қамтиды.

Демек, кез-келген жаңа оқыту технологиясын енгізу барысында бейімдеуші орта фактор ретінде педагогтарды қайта даярлау ісі міндетті түрде ecкерілуі тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет