Жоғары мектеп педагогикасының теориялық–Әдіснамалық негіздері


Нақты ғылыми-педагогикалық зерттеуді



бет13/19
Дата06.01.2022
өлшемі1,14 Mb.
#15519
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
Байланысты:
теориялық әдістемелік негіздер

1.4 Нақты ғылыми-педагогикалық зерттеуді

ұйымдастыру мен жүргізудің әдістемесі

Кез-келген ғылыми-зерттеу деректі жинау, жүйелеу мен жалпылаудан басталады. Ғылыми деректі ғалымдар эмпирикалық және теориялық танымның өзара қатынасы аясында қарастырады. Ғылым әдіснамасында – ғылыми таным дегеніміз – процесс, яғни екі негізгі деңгейден – эмпирикалық және танымдық деңгейден тұратын дамушы білімдер жүйесі. Эмпирикалық деңгейде тірі табиғи шығармашылық басым болады, сондықтан зерттелуші нысан негізінен сезімдік таным арқылы қол жеткізілетін және ішкі қарым-қатынастарды ішкі байланыстар мен көріністер арқылы бейнелейді. Эмпирикалыққа тән басты белгілер – деректер жинау, оларды алғашқы жалпылау, бақыланған және сынақтан өткен мәліметтерді сипаттау, оларды жүйелеу, жіктеу және басқа да деректерді тіркеу әрекеті. Эмпирикалық зерттеу тікелей нысанға бағытталады, оларды салыстыру, өлшеу, бақылау, сынақтан өткізу, талдау, байқау әдістері мен құралдарының көмегімен меңгереді, ал олардың ең маңызды элементі дерек болып табылады (латынша – «істелген», «жүзеге асқан»).

«Дерек» ұғымы төмендегідей негізгі мәнді білдіреді:

  • шындықтың, объективті оқиғаның кейбір үзіндісі;
  • объективті шындыққа қатысты нәтиежелер (шындық деректері), немесе сана мен таным саласына қатысты нәтиежелер (сана деректері);

  • Әртүрлі ғылымда, оның ішінде нақты ғылыми-педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру үшін философиялық және жалпы ғылыми әдістерге негізделетін арнайы зерттеу әдістері қолданылады. Жалпығылыми әдістер философиялық әдістерге қарағанда, зерттеу міндеттерін шешудің бір құралы ретінде бола отырып, ғылыми-танымдық іс-әрекеттің белгілі аспектілерін ғана қамтиды.

Жалпы ғылыми әдістерге жататындар:
  • жалпы тәсілдер (жалпылау, анализ, синтез, абстракция, салыстыру, модельдеу, индукция, дедукция және т.б.);
  • эмпирикалық зерттеу әдістері (бақылау, өлшеу, эксперимент);
  • теориялық зерттеу әдістері (идеализация, формализация, ойлау эксперименті, жүйелі тәсіл, математикалық әдістер, аксиомалық тәсіл, абстрактіліден нақтыға және нақтыдан абстрактіліге өрлеу әдістері, тарихи, логикалық және т.б.).

Жалпы ғылыми әдістердің таным процесінде алатын рөлі әртүрлі болып табылады. Бұл көп жағдайда олардың жүзеге асырылуы сипатымен анықталады. Бірқатар әдістерді зерттеудің эмпирикалық, теориялық деңгейлерінде қолдануға болады, оларды танымдық процестегі міндеттерді жүзеге асырудың нақты құралдары ретінде қарастыруға болады. Тарихи және логикалық әдістердің әрекеті, абстрактіліден нақтылыға өрлеу және керісінше, қоғамдық құбылыстарды теориялық тану процесінде ғана мүмкін, ол теориялық зерттеу процесінде жетекші рөл атқарады.

Жалпығылыми әдістер тарихи объектілердің кеңістікте қозғалысын қарастыруға мүмкіндік береді. Бұнда синхронды, бір уақытта жүретін процестерді талдау басым болады. Объектілердің құрылымы мен функциялары тарихи дамуға қатыссыз, статикада қарастырылады. Көп жағдайда жалпығылыми әдістер осы объектілерді жүйелі-құрылымдық талдау барысында қолданылады.

Тарихи әдістер, керісінше, уақыт бойынша объектілердегі өзгерістерді зерттеуде қолданылады. Кейде жалпығылыми және тарихи әдістер біріктіріледі, онда қоғамдық жүйелер кешенді зерттеледі, яғни жүйенің құрылымы мен функциясы олардың тарихи дамуы арқылы түсіндіріледі, ал тарих тарихи объектілер немесе топтардың құрылымы мен функциялары арқылы түсіндіріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет