3. Абстракциялау (латын тілінен аударғанда – бір жақты көрініс):
а) біртұтастың бір жағы, сәті, бөлігі, шындықтың бір бөлігі, дамымаған, біржақты, фрагментарлы (абстрактілі);
ә) қасиеттің белгілі сәтінде танушы субъектінің бір уақытта қызығушылығын анықтайтын, бірқатар қасиеттер мен зерттелетін құбылыстан ойша қозғалу процесі (абстракциялау);
б) ойлаудың абстракциялау әрекетінің нәтижесі (абстракция тар мағынасында).
Бұл «абстрактілі заттар», жеке алынған ұғымдар мен категориялар ретінде («аппақ», «даму», «ойлау» және т.б.) олардың жүйесі алынады (олардың ішінде ерекше дамығандары - математика, логика және философия саналады).
Абстракциялаудың негізгі сұрағы – қарастырылатын қасиеттердің қайсысы мәнді, қайсысы қосалқы болуында. Объективті шындықта ойлаудың абстракциялаушы жұмысы ретінде, әрбір нақты жағдайда зерттелетін заттың табиғатынан, сонымен бірге танымның міндеттерінен ойлаудың біржақты болуы алынады. Өзінің тарихи даму барысында ғылым абстрактілінің бір деңгейінен екінші бір жоғары деңгейіне өрлейді.
Абстракцияның бірнеше түрлері бар:
а) Теңестіру абстракциясы, оның нәтижесінде зерттелетін заттардың жалпы қасиеттері мен қатынастары анықталады. Бұнда аталған қасиеттер мен қатынастарда заттардың тепе-теңдігін қалыптастыру негізінде, оларға сәйкес кластар құрылады.
ә) Изоляцияланған абстракция – «таза біржақты болу» актілері, бұнда өзбетінше дара заттар ретінде қарастырыла бастайтын қасиеттер мен қатынастар анықталады («абстрактілі заттар» - «жақсылық», «ақтық» және т.б.).
б) Математикадағы өзекті шексіздік абстракциясы – бұнда шексіздік көпшіліктер соңғы ретінде қарастырылады. Бұнда зерттеуші шексіздік көпшіліктің әрбір элементін сипаттау және тіркеудің мүмкін болмауын біржақты қарастырады, осындай міндетті шешілген деп қабылдайды.
в) Потенциалды жүзеге асыру абстракциясы – бұл математикалық іс-әрекет процесінде операциялардың соңғы саны жүзеге асырылады.
Абстракциялар деңгейлері бойынша бөлінеді (рет бойынша). Шынайы заттар бойынша абстракциялар бірінші ретті абстракция деп аталады. Бірінші деңгейдегі абстракциялар екінші реттегі абстракция деп аталады. Абстракцияның ең жоғары деңгейімен философиялық категориялар сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |