Жоғары мектеп педагогикасының теориялық–Әдіснамалық негіздері


Теориялық зерттеудің ғылыми әдістері



бет18/19
Дата06.01.2022
өлшемі1,14 Mb.
#15519
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Теориялық зерттеудің ғылыми әдістері

1. Формализация – белгілік-символдық түрде мазмұнды білімнің көрінісі. Формализация табиғи және жасанды тілдерді бөлуге негізделеді. Табиғи тілдегі ойлаудың көрінісін формализацияның бірінші қадамы деп атауға болады. Табиғи тілдер қарым-қатынас құралы ретінде көп мәнділікпен, көп жақтылықпен, дәлсіздікпен, бейнелікпен және т.б. сипатталады. Бұл үнемі жаңа мәндер мен мағыналарға ие болатын, ашық, үздіксіз өзгеретін жүйе болып саналады. Формализацияны әрі қарай тереңдету білімді дәл және қатаң көрсетуге арналған, жасанды тілдерді құрумен байланысты болады. Математиканың символдық тілдерінің мақсаты – жазбаларды қысқарту ғана емес, оны стенография арқылы жасауға болады. Жасанды тілдің формулалар тілі танымның құралы бола алады. Ол теориялық танымды эмпирикалық танымдағы микроскоп сияқты рөл атқарады.

Арнайы символиканы қолдану қарапайым тілдегі сөздердің көп мағыналығын жоюға мүмкіндік береді. Формалданған ой-тұжырымдарында әрбір символ қатаң бір мағына береді. Коммуникация және пікір, ақпарат алмасудың әмбебап құралы ретінде тіл көптеген функцияларды атқарады. Математика мен логиканың маңызды міндеті бар ақпаратты дәл беру және қайта құру, табиғи тілдің бірқатар кемшіліктерін жою болып табылады. Бұл үшін жасанды формалданған тілдер құрылады. Бұндай тілдер ең алдымен, ғылыми танымда, ал соңғы жылдары компютер көмегімен әртүрлі процестерді бағдарламалау және алгоритмдеуде кең қолданыс тапты.

Жасанды тілдердің жетістігі ретінде, ең алдымен, оның дәлдігін, бірмағыналығын, ең бастысы, санау арқылы қарапайым ой-тұжырымының мазмұнын көрсету мүмкіндігін атауға болады.

Ғылыми танымдағы формализацияның мәні келесіден тұрады:

  • ұғымдарды талдауға, нақтылауға, анықтауға, түсіндіруге мүмкіндік береді. Қарапайым ауызекі тілдегі ой-пікірлер анық болып көрінгенмен, ғылыми таным үшін өздерінің белгісіздігімен, дәлсіздігімен сәйкес келе бермейді;
  • дәлелдерді талдауда ерекше рөльге ие болады. Формулалардың бірізділігі түріндегі дәлелдерді көрсету оған қатаң дәлдікті береді;
  • есептеу құрылғыларындағы алгоритмизация және бағдарламалау процестері үшін негіз бола алады.

  • Формализацияда объектілер туралы ой-тұжырымдар белгілер арқылы операциялау кеңістігіне өтеді. Белгілердің орнын заттардың қасиеттері мен қатынастары туралы ой-пікірлер алады. Осындай жолмен әртүрлі құбылыстар мен процестердің құрылымын анықтауға мүмкіндік беретін, кейбір пәндік саланың белгілік моделін жалпылау құрылады.

Формализация процесіндегі басты нәрсе – жасанды тілдердің формуласында операция жасауға болады, одан жаңа формулалар мен қатынастарды алуға болады.

Осылайша, ой-пікірлер бар операциялар белгілер мен символдары бар әрекеттермен ауыстырылады. Бұл мағынадағы формализация өзінше ой-пікірдің логикалық формасын нақтылау арқылы, оның мазмұнын нақтылаудың логикалық әдісін айқындайды. Формализация, осылайша, мазмұны бойынша әртүрлі процесс формаларын жалпылау, осы формаларды оның мазмұнынан абстракциялау болып табылады. Ол мазмұнды формаларын анықтау арқылы нақтылайды және әртүрлі дәрежеде жүзеге асырылады.

2



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет