Жоғары мектепте қазақ тілі пәнінің мұғалімін даярлау ісі өте күрделі құрылымдық тұтастығымен ерекшеленеді


Болашақ мұғалім үшін қазақ тілін оқытудың мазмұнын, әдістері мен ұйымдастыру жолдарын игерудің қажеттілігі даусыз



бет2/6
Дата26.09.2022
өлшемі67,5 Kb.
#40240
1   2   3   4   5   6
Болашақ мұғалім үшін қазақ тілін оқытудың мазмұнын, әдістері мен ұйымдастыру жолдарын игерудің қажеттілігі даусыз. Сондықтан жоғары оқу орындарында қазақ тілінің мұғалімдерін даярлауда оқу үдерісінің барлық кезеңдерін қамтитын оқыту әдістемесінің жалпы мәселелерін, қазақ тіл білімінің барлық салаларын оқытуға ерекше жауапкершілікпен қарауға тура келеді. Сонымен қатар оқушылардың тілін дамытудың әдістемесін, оқушылардың білімін бақылау мен бағалаудың әдістері мен тәсілдерін арнайы зерттеу, оның нәтижелерін өндіріске енгізу, тиімді пайдалану әрқашанда ерекше өзекті мәселелердің қатарында тұрады. Оқытудың қазіргі құралдарын пайдалана білу, қажетті дидактикалық құралдарды жасаудың, іс жүзінде пайдаланудың амалдарын, тәсілдерін меңгеру – өз алдына бір сала. Осындай әр сала бойынша қалаптасатын білім, дағды, біліктілік негіздері аясында мұғалім оқыту әдістемесінің жалпы теориялық қағидаларын, соны жетістіктерін озық тәжірибемен ұштастыра отырып, өзінің кәсіби қызметін жоғары сапалық деңгейде атқаруға ұдайы ұмтылуы аса маңызды. Оның мынадай себептері бар: белгілі бір пәнді оқыту әдістемесі ғылыми тұрғыда қаншалықты толық зерттелгеніне қарамастан, ол зерттеулер бүгінгі күннің даму қарқынына ұзақ шыдас бере алмайды. Бүгін жаңа болып есептелген ғылыми-әдістемелік үлгі ертең де сол жаңа, пайдалы болып қала алмайды. Екіншіден, қазақ тілі пәнін оқыту әдістемесі ғылым пәні, оқу пәні ретінде қаншалықты маңызды екеніне қарамастан, бұл салада осы күнге дейін іргелі ғылыми зерттеуге немесе сапалы оқулыққа қолымызды жеткізе алмай келе жатқанымыз шын. Қолда бар еңбектер бүгінгі күннің өскелең талаптарына жауап бере алмайды десек, артық айтқан болмаймыз. Мұндай жағдайда қазақ тілі пәні мұғалімінің кәсіби білімі мен дағдысын, біліктілігін жоғары оқу орнынан кейін өздігінше ұдайы жетілдіріп отыруының өмірлік пайдасы үлкен.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі тілдің адам өміріндегі, қоғамның әлеуметтік дамуындағы маңызы, тіл мен сана, сөз бен ойлау арақатынасы туралы лингвистикалық, психологиялық қағидаларға сүйенетіні белгілі. Бұл ретте қазақ тілін оқыту әдістемесі тіл білімінің тілдің әлеуметтік қызметі мен мәні жайындағы теориялық қағидаларына сүйенеді. Бірақ қазақ тілін оқыту әдістемесін қазақ тілінің құрамдас бір саласы ретінде түсінуге болмайды. Іс жүзінде қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні мен қазақ тілі пәнін бір санап, жоғары оқу орындарының оқу жоспарынан бірін шығарып тастауды жаңалық, иннавация деп есептеу тәжірибесі де кездеседі. Мұндай тәжірибе жалпыға міндетті мемлекеттік стандартты (білім беру бағдарламасын) орындаудан бас тарту ғана емес, мұндай тәжірибенің қазақ тілі пәнінің болашақ мұғаліміне, оның болашақта оқытатын оқушыларына қиянат болатынын ескеру артық емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет