Жоғары мектепте оқыту технологиялары


Жоғары мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі формалары



бет8/17
Дата15.11.2023
өлшемі292,27 Kb.
#123118
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Жоғары мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі формалары Жоғары оқу орындарында білім берудің ұйымдастырудын алуан түрлері кездеседі: дәріс, практикалық сабактар (семинарлар, лабораториялық сабақтар, практикум, студенттердің ғылыми зерттеу жұмысы (СҒЗЖ), оқытушылардың көмегімен жүзеге асатын студенттердің өзіндік жүмысы (СОӨЖ), өндірістік практика). Дидактикада осындай оқытуды үйымдастыру түрлері белгілі бір дидактикалық есептерді шешетін танымдық іс-әрекетті басқару тәсілдері болып саналады. Оқыту процесінұйымдастыру түрлері Оқыту түрлері Бақылау түрлері Теоретикалыкдаярлығына багытталған басымдылык Практикалық даярлығына бағытталған басымдылык Дәстүрлі Инновациялык дәріс практикалық сабақтар бақылау жқмысы тестилеу семинар курстық жобалаулар дараәңгімелесу рейтинг-бақылау лабораториялық сабақ практиканың барлық түрлері коллоквиум ағымдық бақылау экскурсия іскер ойындар сынақ аралық бақылау бақыланатын өздікжұмыс СӨЖ ауысу жіне семестрлік емтихандар қорытынды бақылау аудиториядан тыс өздікжұмыс СОӨЖ мемлекеттікемтихандар мамандық бойынша кешенді емтихан конференция дипломдық жобанықорғау кеңес беру Жоғары оқу орындарындағы дәрістер - оқытудың дидактикалық циклінің маңызды бөлімі. Оның мақсаты - студенттерге жаңа оқу материалдарын меңгеруге бағытталған ғылыми негіздерді калыптастыру. «Дәріс» сөзі латынша «Іессііоп» - «оқу» деген мағынаны береді. Дәріс алғаш ҮІ ғасырда Ежелгі Грецияда пайда болған, кейін Ежелгі Римде орта ғасырға дейін таралды. Жоғары мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі формалары Оқу дәрістерініц мақсаты: студенттердің бойына оқу пәні туралы жүйелі көзқарас қалыптастыру; - сәйкес ғылыми-практикалық салалардың заңдары мен заңнамаларын меңгеруін қамтамасыз ету; - болашақ кәсіби іс-әрекетінде алган білімдерін шығармашылықпен қолдана білу, біліктіліктерін дамыту үшін дүниетанымдық негізін қалау; - студенттерді танымның гылыми эдістерімен қаруландыру; - казіргі полимәдени әлемдегі бәсекеге қабілетті тұлганың ақылой, рухани дамуына септігін тигізу. Жоғары мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі формалары
Дәрістік-курстық жүйесінің ерекшеліктері
Жоғары оқу орындарындағы оқу-танымдық жүмыстарды педагогикалық шарттары мен ерекшеліктеріне қарай 5 топқа жіктеуге болады: 1. Жаңа теориялық білімді игеруге арналған өзіндік жүмыстар; 2. Жаңа эмпирикалық жэне практикалық білім алуға арналған өзіндік жүмыстар; 3. Білік пен дағдыны қалыптастыруға арналған өзіндік жүмыстар; 4. Шығармашылық бағыттағы өзіндік жүмыстар; 5. Алған білімдерін бекітуге жэне жүйелеуге арналған өзіндік жүмыстар. Жоғары мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі формалары
Курстық (жоба) жұмыс Оқу ұйымдастыру формасы ретінде жоғары мектеп жүйесінде оқу пəнін игерудің қорытынды кезеңінде пайдаланылады. Ол меңгерілген бөлімдерді болашақ мамандардың іс-əрекет аймағымен байланысқан өндіріс-техникалық не басқа міндет, мəселелерін шешуде пайдалану мүмкіндігін ашады. Курстық жұмыс барысында студенттер техникалық, технологиялық жəне математикалық проблемаларды шешеді. Жоғары мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі формалары Дипломдық жоба Білім беру мекемесіндегі бүкіл оқу процесінің аяқталу кезеңінде қолданылатын оқу ұйымдастыру формасы. Бітіруші түлек ғылыми-теориялық, өндірістік-экономикалық маңызы бар тақырыпта диплом жобасын түзеді не дипломдық жұмыс жазады жəне қорғайды, соның негізінде Мемлекеттік біліктілік комиссиясы студентке мамандық біліктілігі лауазымын беру жөнінде шешім қабылдайды. Жоғары мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі формалары

Өндірістік практика Дидактикалық мақсаттары - кəсіби ептіліктер мен дағдылар қалыптастыру, сонымен бірге шынайы болмыста қолдану арқылы игерілген білімдерді кеңіту, бекіту, қорытындылау жəне жүйелеу. Өндірістік практиканың құрылымы практикалық оқу мазмұнына байланысты айқындалып, нəтижеде ол маманның кəсіби іс-əрекетке болған біртұтас дайындығын, яғни нақты маманның өз біліктілігінің сипаттамасына сəйкес кəсіби қызмет лауазымдарын атқаруға дайын болуын қамтамасыз етуі шарт. Жоғары мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі формалары



.ЖОО-дағы семинар және практикалық сабақтар ЖОО-да оқу процесінде практикалық сабақтар (ПС) өткізіледі. Олардың қызхметі – пәнді терең зерттеу. Олардың формалары әртүрлі болып келеді: тіл сабақтары, лабораториялық (зертханалық) сабақтар, семинар сабақтары, практикумдар. ПС студенттердің практикалық міндеттерді шешу үшін алынған білімін қолдану дағдысын қалыптастыруда ерекше орынға ие. ПС-дың мақсаты – дәрісте жалпыланған формада алынған білімді тереңдету, кеңейту, бөлшектеу және кәсіби іс-әрекеттің дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау. Олар ғылыми ой және сөзді дамытады, студенттердің білімін тексеруге мүмкіндік береді және кері байланыс құралы болып табылады. ПС-дың жоспары дәріс курсының жалпы идеяларына және бағытына сәйкес құрылады. ПС-дың әдістемесі әртүрлі, ол оқытушының жеке ерекшелігіне байланысты болып келеді. Дәріс жэәне ПС аралығында студенттердің өздік жұмысы жоспарланады. ПС-дың құрылымы көбінесе бәріне ортақ: - оқытушының кіріспе сөзі;- белгісіз, анық емес материал бойынша студенттердің сұрақтарына жауап беру;- практикалық бөлімі (реферат талдау, пікірталас, есеп шығару, баяндамалар, жаттығу жұмыстары, бақылау, эксперимент және т.б.);- оқытушының қорытынды сөзі.Бұнда жеке тұрғыдан келу және педагогикалық қарым-қатынас ерекше мәнге ие. Студенттер өз мүмкіншіліктерін, қабілеттерін, тұлғалық әлеуетін ашуға мүмкіндік алуы тиіс.2.1. Семинар сабақтарыОқыту формасы ретінде семинар сабақтары ежелден пайда болған. "Семинар" сөзі латынның "seminarium" – егу дегенді береді. Білімді «егуші» мұғалім өз оқушыларына пікірін, білімін береді деп ауыспалымағынада қолданылған. Ежелгі грек және римдік мектептерде семинарлар пікірталас, оқушылардың баяндамасы, оқытушылардың қорытындысы түрінде қолданылған. XVII ғ. бастап оқытудың бұл формасы Батыс Европада, ал XIX ғ.-дан ресейлік және қазақстандық университтетерінде таралған. Семинар сабақтары практикалық сиптта болып келген, олар белгілі бір ғалымның мектебі болып саналған. Бүгінгі ЖОО-нда семинар гуманитарлық және техникалық ғылымдар бойынша практикалық сабақтардың негізгі түрі болып табылады. Бұл студенттердің ғылыми ойлауын дамыту құралы. Семинар пәнді терең зерттеуге, ғылыми танымның әдіснамасын меңгеруге арналған. Семинар сабақтарының басты мақсаты – студенттерге зерттелетін саланың ерекшеліктеріне сәйкес теориялық білімді қолданудың іскерлігі мен дағдыларын меңгеру мүмкіндігін беру. Семинарда мынадай педагогикалық міндеттер шешіледі:- кәсіби шығармашылық ойды дамыту;- танымдық мотивация;- оқу жағдайларында білімді кәсіби қолдану:а) сәйкесінше ғылымның тілін меңгеру; ә) түсініктерді, ұғымдарды, анықтамаларды қолдану дағдылары;б) интеллектуалды проблемалар мен міндеттерді қою және шешу, өз пікірін қорғау, басқа пікірді жоққа шығару іскерліктері мен дағдыларын меңгеру. Сонымен бірге оқытушы семинар барысында мынадай жеке міндеттерді де шешеді:- білімді қайталау және бекіту;- бақылау;- педагогикалық қарым-қатынас. Қазіргі жоғары мектепте семинар сабақтарының үш типі бар: просеминар, кәдімгі семинар, арнайы семинар.Просеминар – семинарға дайындау үшін бірінші курста өткізілетін сабақ. Мақсаты – студенттерді өздік жұмыстың спецификасымен, әдебиет тізімімен, негізгі ақпарат көздерімен, жұмыс жасау әдістемесімен таныстыру. Тәжірибе көрсеткендей, бірінші курс студенттері ақпарат көздерімен жұмыс жасауды біле бермейді, әдебиеттер тізімінен қажеттісін таңдап ала алмайды. Сондықтан әдебиетпен жұмыс жасау дағдысын дамытуға, материалды шығармашылықпен өңдеуге ерекше назар аударған жөн. Просеминарда жұмыс жасаудың екінші кезеңі – белгілі бір тақырыптарға реферат даярлау, оны оқу және талқылау, қорытындылау. Маңызды оқу және тәрбиелік міндеттер 2-3 курстарда және әсіресе 4 курстардағы арнайы семинарларда шешіледі. Жоғары мектепте семинарлардың үш типі қолданылады:1. Белгілі бір курсты терең зерттеу мақсатында өткізілетін семинар.2. Курстың маңызды тақырыптарын не бір күрделі әдіснамалық сипаттағы тақырыптың жан-жақты өңдеу үшін өткізілетін семинар.3. Ғылымның жеке проблемаларын терең зерттеу мақсатында нақты тақырып бойынша зерттеушілік типіндегі семинар.Семинар сабақтарының формалары: а) алдын-ала белгіленген жоспар бойынша әңгіме; б) студенттердің шағын баяндамалары, кейін оны семинарға қатысушылар талқылайды. Семинар – бұл студенттермен тікелей байланыс, сенімді қарым-қатынас орнату, педагогикалық қарым-қатынас. Семинар сабақтарында біріккен шығармашылық, біріккен іс-әрекет ұстанымы жүзеге асырылады. Арнайы семинар.Жоғары курстардағы семинар студенттерді арнайы семинарға біртіндеп даярлайды. Арнайы семинар – бұл зерттеушілерге арналған белгілі бір ғылыми пролема бойынша пікір алмасу мектебі болып табылады. Арнайы семинардың нәтижелілігі оның жетекшісіне байланысты. Беделді маман жетекшілік жасайтын арнайы семинар ғылыми мектептің сипатына иеленеді, студенттерді ұжымдық ойлауға және шығармашылыққа үйретеді. Семинар сабақтарында талқыланатын мәселелер: 1) курстың негізгі тақырыптары, оларды меңгеру кәсіби дайндықтың сапасын анықтайды;2) түсіну және меңгеруде қиын болатын сұрақтар. Оларды әрбір студенттің қатысуын қамтамасыз ететін ұжымдық жұмыста талқылаған жөн. 2.2. Семинар – қатысушылардың өзара әрекеттесуі және қарым-қатынасы. Семинар сабағының дәстүрлі ұйымдастырылуы төмендегідей (топтық форма): Сызба 5.1.Оқытушы тұтас топпен әрекеттеседі. Бұнда оқытушы қарым-қатынастың топтық тәсілін сақтайды. Кемшіліктері:1. Жауап беретін студент жеке білімін көрсететін болғандықтан, бұнда қарым-қатынас жоққа жақын.2. Ынтымақтастық пен өзара көмек жоқ. Жауап беріп тұрған студентке көмектесу тәртіп бұзушылық, тыйым салынған тәсіл ретінде қабылданады.3. Оқу әрекетіне студенттердің тұлғалық қатысуы жоқ.4. Студенттердің интеллектуалдық белсенділігіне кедергі келтіреді.5. Оқытушы мен студент арасындағы қашықтық қарым-қатынасқа, өзара әрекеттесуге тосқауыл болып табылады.6. Студенттерге үндемей отыру, семинарға қатыспай басқа жұмыспен айналысу мүмкіндігі беріледі.Семинарды ұйымдастыру формасы студенттерді енжар позицияға қояды, олардың сөйлеу белсенділігі барынша төмен дәрежеде болады. Кәсіби қарым-қатынас жасау және әрекеттесу дағдыларын қалыптастыру мүмкіндігі жоқ. Осылайша, сабақтағы топтық оқыту формасы ұжымда, өндірісте адамдар қарым-қатынасының тиімді моделіне жатпайды, бүгінгі таңда мамандарды даярлау қажеттілігін қанағаттандырмайды.Тиімді форманы іздестіру нәтижесінде «дөңгелек үстел» принципіне негізделген семинар сабағының ұжымдық формасына әкелді: Сызба 5.2.Бұл форма қазіргі өндірістегі кәсіби қарым-қатынастың ерекшеліктерін көрсетеді. Бұндай семинарда ынтымақтастықпен жұмыстану және өзара көмекке келу жүзеге асырылады. Әрбір студенттің интеллектуалдық белсенділікке хұқығы бар, семинардың жалпы мақсатына бағытталған, ұжымдық шешім қабылдау және қорытындылар жасауға қатысады. Біріккен жұмыста студент белсенді позицияға иеленеді. «Дөңгелек үстел» принципі, әсіресе, пікірталас-семинарда толцық сақталады. Пікірталас-семинар – курстың теориялық және практикалық проблемалары біріккен жұмыс арқылы талқыланып, шешілетін қатысушылардың диалогтық қарым-қатынасы. Талқылауға курстың ең өзекті деген мәселелері шығарылады. Пікірталаста әрбір қатысушы баяндамасында өз пікірін нақты білдіруі, қорғауы, дәйекті түрде қарсы шығуы, қате пікірді жоққа шығара білуі тиіс. Нәтижелі пікірталас болуы үшін студенттердің дәріс және өздік жұмысы барысында жинақталған жеке білімі қажет. Студенттерді қарым-қатынас және өзара әрекеттесу мәдениеті үйрету өте маңызды. Пікірталас-семинардың бөлігі ретінде «миға шабуыл», «іскерлік ойын» әдістерінің элементтерін қолдануға болады. Бірінші жағдайда семинарға қатысушылар мүмкіндігінше көп идеяларды ешқандай сынсыз ұсынады, содан кейін оның ішінен ең маңыздылары таңдалып, талқыланады, шешіледі. Екінші әдісте семинар рольдік құралдар көмегімен ұйымдастырылады. Бұнда жүргізуші, қарыслас, сыншы, логик, психолог, сарапшы, және т.б. рольдерді материалдың мазмұнына байланысты ажыратуға болады.Пікірталас-семинарды жүргізуші пікрталасға жетекшілік жасайды, уақытты бақылайды, айтылатын баяндамалардың дәйектілігін, орындылығын тексеріп отырады. Қарсылас немесе сыншы оппозиция ролін атқарады, яғни баяндамашы позициясының осал, таласты тұстарын немесе қателерін тауып, проблеманы шешудің басқа жолдарын ұсынады. Логик баяндамашы және қарсыластың сөздерінен қарама-қайшылықтар мен логикалық қателерді анықтайды, ұғымдарды нақтылайды, талдайды. Психолог талқылаудың нәтижелілігін, әдептілігін талқылайды, диалогережелерінің сақталуын бақылайды.Сарапшы пікірталастың нәтижелілігін бағалайды, қатысушылардың қарым-қатынастарына сипаттама береді, пікірталасқа қатысушылардың қосқан жеке үлестері жөнінде пікір айтады. Бұл семинарда оқытушының ролі ерекше: 1. Талқыланатын проблемалар мен сұрақтар аясын белгілеу.2. Семинар тақырыбы бойынша баяндамашылар мен қатысушыларға арналған негізгі және қосымша әдебиеттер тізімін жасау.3. Студенттердің ұжымдық жұмысқа қатысу формаларын және функцияларын белгілеу.4. Студенттерді таңдап алған рольдеріне даярлау.5. Семинар жұмысын басқару.6. Пікірталасты жалпы қорытындылау.Семинар сабақтарының ерекше формасы бар: әдетте, арнайы курстың оқылуы барысында пайдаланылатын семинар-зерттеу. Семинар басында студенттер оқытушының ұсынысымен 7-9 адамнан тұратын шағын топтар құрайды. Шағын топтар сабақтың тақырыбы бойынша проблемді сұрақтар тізімін алады. 5-15 минут ішінде студенттер пікір алмасады, сөз сөйлеуге даярланады. Топша баяндама оқушыны белгілейді. Басқа студенттер оқытушы не басқа топтың студенттері қоятын сұрақтарға жауап береді. Сабақтың соңында оқытушы қорытынды жасап, студенттердің жұмысын бағалайды. Семинар сабағын бағалау критерийлері:Мақсатқа бағытталуы:проблема қою, болашақ кәсіби қызметтің материалын пайдалана отырып, теорияны практикамен байланыстыру.Жоспарлау: профильдік пәндермен байланысты негізгі сұрақтарды белгілеу, әдебиет тізімінде жаңа оқулықтардың болуы.Семинарды ұйымдастыру: пікірталасты тудыру және оны өрбіту іскерлігі, барлық жауаптар мен баяндамаларды талдау, оқу уақытының пікірталаспен толықтырылуы, оқытушының өз іс-әрекеті.Семинарды өткізу стилі: қызу пікірталас тудыратын ұтымды сұрақтар қою, ойды да, қызығушылықты да оятпайтын пікірталас.«Студент-оқытушы» қарым-қатынастары:құрметпен қарайды, талап қоятындай, бейтарап.Топты басқару: студенттермен байланысты тез орнатуы, топта өзін сенімді ұстауы, студенттермен әділ және орынды әрекеттесуі, керісінше, өктем дауыс, жұмыста көшбасшыларға сүйенуі, басқа студенттерді енжар қалдыруы.Оқытушының ескерту жасауы: білікті, жалпы немесе ескертулер жасамайды.Студенттердің семинарда жазып алуы: күнделікті, сирек, жазбайды. Лабораториялық жұмыстар Лабораториялық жұмыстар студенттердің теориялық-әдіснамалық білім мен дағдыларын біріктіруге бағытталған. Мысалы, эксперимент инженерлерді даярлауда өзектілікке ие. «Лаборатория» латын тілінен «labor» сөзін аударғанда – еңбек, жұмыс, қиындық дегенді береді. Оның мәні ежелден-ақ адам өмірінде болатын ғылыми және өмірлік міндеттерді шешу үшін ақыл-ой және дене күштерін пайдаланумен байланысты. Оқу мамандығына орай лабораториялық жұмыстар белгілі бір айқын спецификаға ие. Сондықтан әрбір нақты жағдайға түрлі әдістемелік нұсқаулар қажет. Жалпы педагогикалық нұсқаулар:Біріккен топтық әрекет – ең тиімді формалардың бірі. Оның бағыты оқытушыға байланысты. Оқытушы практикалық міндеттерді студенттердің әрі қарай өз бетімен ізденуіне мүмкіндік беретіндей, студенттердің ақыл-ойын белсендендіретіндей, практикалық жұмыстың әдістерімен қаруландыратындай қойылуы тиіс.
Кез-келген практикалық сабақ формасының маңызды бөлігі жаттығулар болып табылады.Жаттығудың негізі – дәрісте берілген теория позициясынан талқыланатын мысал. Әдетте, нақты дағдыны қалыптастыруға басты назар аударылады. Бұл студенттер іс-әрекетінің мазмұнын (есеп шығару, графикалық жұмыстар, ғылымның ұғымдары мен категорияларын нақтылау) құрайды. Студенттермен жаттығуды орындау барысында ұғыну және түсіну қабілеттерін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлген жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет