ЖоңЫШҚа мен эспарцетті заманауи әдіспен жинау және оның тиімділігі пішен дайындау технологиясында, Европада кең таралған шөп қопсытқыш-тар «ворошилкалар»



Дата07.01.2022
өлшемі367,55 Kb.
#18967
Байланысты:
ЖОҢЫШҚА МЕН ЭСПАРЦЕТТІ ЗАМАНАУИ ӘДІСПЕН ЖИНАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТИІМДІЛІГІ


ЖОҢЫШҚА МЕН ЭСПАРЦЕТТІ ЗАМАНАУИ ӘДІСПЕН ЖИНАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Пішен дайындау технологиясында, Европада кең таралған шөп қопсытқыш-тар («ворошилкалар») мен тырмалауыштар («грабли») Қазақстанның оңтүстігі-нің жазық далалы алқаптарында мүлдем қолданылмайды. Қолданылмау себепте-рі белгілі жағдайларға байланысты. Атап айтқанда, олар: 1. Ұсақ шаруашылықтардың басым болуы, олардың қарамағында техникалардың мүлдем болмауы немесе орта шаруашылықтардың механикаландырылу дәрежесі төменгі деңгейде, ал қайсыбір шаруашылықтардың механикаландырылу дәре-жесінің жоғарғы деңгейге жете алмауы. 2. Түркістан облысында шөп өсіруде басымды дақылдар жоңышқа мен эспарцет. Олардың ең бағалы және маңызды бөлігі болып жапырақтары саналады. Жазда өте төмен ылғалдылықтағы ыстық ауа райы қалыптасады. Жайылып орылған жо-ңышқалардың сабақтары мен жапырақтары екі-ақ күнде кеуіп қалады, ал десте-лердің астындағы жоңышқалар төрт күн өтсе де дымқыл боп жатады. Осы кезде түктесең немесе аударып қопсытсаң, жапырақтар үзіліп ұшып, егістікте қалады. Түктер мен рулондарға тек сабақтары түседі, сондықтан дестелердегі немесе орылып жайылған шөп неғұрлым аз жұлқыланса, соғұрлым ақтақырларда жапы-рақтар көп болады,--деген сенім мен ұстаным қалыптасқан. 3. Ауаның төменгі ылғалдылығында, 30 – 35 градус температурада дестелейтін шөп шапқыштармен істелінген ені 1,5 м болатын дестелердің ылғалдылығы орташа 12-14%-ға 4-5 күн жатып жетеді. Содан кейін ғана оларды түктеуге болады. 4. Шағын түктер шағын шаруашылықтар үшін жинауға да, сатуға да тиімді. Ал жеке сарайларын-да мал ұстайтындар үшін пресс түктерінің жапырақтары бар ма, жоқ па ешқан-дай бас ауыртатындай түйткіл емес. 5. Шөп қопсытқыштар гидравликалық те-тіктері мен қуат іріктеу білігінің техникалық жағдайы жақсы, қуаты 50-70 аттың күші бар тракторды қажет етеді. Шөп ору науқанында, шаруашылықтарда гидро-жүйесі мен қуат іріктеу білігінде ақаулары бар, техникалық жағдайлары нашар МТЗ-80-дер ғана қалады. . Заманауи технологиямен пішен жинаудың екі осал тұстары бар: біріншісі –орылған дестенің үстіңгі бөлігі 1-2 күнде кепкенмен, бұл уақытта десте асты әлі дымқыл болады, төртінші күні десте жиналмаса, десте астындағы шөптер қорек-тік бағалығын жоғалта бастайды. Егер 1-2 күннен кейін дестелерді ұқыптылық-пен қопсытса, онда 1 күннен кейін бүкіл десте ылғалдылығы қажетті шамаға же-тер еді. Екіншісі—заманауи түкті және рулонды престегіштердің өткізу қабы-леттігі екінші орымның 2-3 дестелерін бірден престеуге мүмкіншіліктері бар. Егер дестелерді біріктіретін тырмалауыштарды қолданбаса, онда жинауыш-прес- тегіш әлсіз, «арық» дестелер бойымен жүгіріп өте шығады. 2-3 дестелерді екі - үш роторлы немесе дөңгелекті тырмауыштармен қопсытып біріктірсе, онда жо-ңышқаның көп жапырақтары шығындалар еді. Екі мәселені ортаға ысыратын ро-торлы дестелегіштермен шешуге болады екен. Бұл машиналар екі дестелердің



Свадро – 1400 роторлы тырмалауышы КУН LCB 1270 ірі түктер престегіші

арасымен қозғалып, дестелерді ортаға қарай ысыра аударып, ені 1,8-2,3 м-лік қосарланған десте түзейді. 15-20 сағат өткеннен кейін десте бірқалыпты опти-малды ылғалдылыққа кебеді және оны жинауышының ені 2-2,3 м-лік заманауи престегіштерімен (мысалы КУН-VB 1260, КУН LCB 1270, 1290) еш қиындықсыз жинап алуға болады. Ал жапырақтарды сақтап қалу үшін, трактордың қуат ірік-теу білігінің айналымын 360-400 айн / минутқа жететіндей етіп, қозғалтқыштың айналымын қол «газымен» 1400-1700 айн /минут шамасына келтіріп орнатады. . Ірі пресс түктерін жасап қолдану технологиясы дамыған елдерде кең тарал-ған. Оның төрт себептері бар: біріншісі—жоғарғы өнімділік. КУН LCB 1270 бір сағатта 110 пішен түктерін престейді, ал бір күнде салмақтары 270-300 кг бола-тын 1000-ға жуық пресс түктерін дайындай алады екен; екіншісі – төртбұрышты түктерді сақтау ыңғайлы, әрі сақтауда орын аз алады; үшіншісі – төртбұрышты Өзіне-өзі артқыш, штабельдеп маялағыш тіркемелі арбалар

Престеу алдында шөп массасын май-. . далағыш Х-Кат кескіш аппараты

ірі түктерді дайындағанда, престегіш шөп массасын майдалап кеседі, фермада энергия мен техникаларды қолдану шығындары қысқарады, төртіншісі 55- 60 % ылғалдылықтағы жоңышқа дестелерінің өте қатты тығыздалған престерін пішен-деме ретінде жинауға да болады екен.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет