Жойып, пайда келтіреді



бет10/37
Дата12.04.2023
өлшемі1,34 Mb.
#81899
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37
Байланысты:
Дип.-Зоология-сабағында-жергілікті-жердегі-кейбір-төменгі-сатыдағы-жануарларды-оқушыларға-танысты

Дөңелек құрттар типі.
Тақырыптың білімдік және тәрбиелік маңызы: Бұл тақырыпты оқуға, алдыңғы тақырыптағыдай 2 –сағат бөлінеді. Бірінші сабақта аскарида, оның өмір сүруі, құрылысы, көбеюі жайлы айтылады. Екінші сабақта оқушылар дөңгелек құрттардың әртүрімен танысады. Бағдарлама ұсынған бұл тип өкілдерімен басқа, риштагаға тоқталып өткен жөн. Өйткені бұл құрт ревалютцияға дейінгі кезеңде Түркістан өңірі тұрғындарында ауру тудырып, тек Кеңес үкіметі кезінде дәрігерлердің жүйелі жүмыстары арқасында ғана толық жойылды. Бұл тип өкілдерінің басым көпшілігі өсімдік, жануарлар және адам паразиттері болып табылатындықтан бұл тақырыптың тәрбиелік мәні зор. Тақырыпты меңгеру барысында дөңгелек құрттардың сыртқы құрылысымен, паразиттік түрде өмір сүретіндігімен оқушылардың танысуы, олардың жеке және қоғамдық гигиенаны сақтауын қалыптастырады. Бұл оқу материалы өтілген тақырыптармен тығыз байланысты болғандықтан, типтер ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстыра отырып түсіндіру қажет.


Адам аскаридасы.
Мақсаты: Дөңгелек құрттар типіне адам аскаридасын мысалға ала отырып қысқаша сипаттама беру. Бұл тип өкілдерінің ортақ белгілеріне мән беріп, организімнің қызмет атқаруын, құрылысын, көбеюін және паразитті түрде өмір сүруін түсіндіру.
Жоспар: 1. Жалпақ паразит құрттармен салыстыру арқылы бұл типке қысқаша сипаттама беру.
2. «Аскарида» кинофильмін көріп болғаннан соң, бұлармен өтілген құрттар арасындағы ұқсастықтары мен рекшеліктерін салыстыру.
3. Ылғалды преприпараттармен өз бетінше жұмыс істеу.
Құрал-жабдықтар: 1. Жалпық және дөңгелек құрттар бейнеленген сызбалар.
2. Аскариданың ылғалды препараттары.
Сабақтың барысы: Оқытушы сызбалар мен сұйық ылғалды препараттарды қолданып типке қысқаша түсініктеме береді. Жалпақ құрттар типін еске түсіріп, оған сипаттама беруге болады. Осыдан кейін фильм көрсетіліп, мына сұрақтар талқыланады. Аскариданың сыртқы құрылысы, ерекшеліктері қандай? Сыртқы белгілері бойынша ұрғашысы мен еркегі қалай ажыраты-лады? Ауыз қуысы құрылысының ерекшеліктері қандай? Аскариданың қоректенуінің жабысқақ қоректенуінің айырмашылығы неде? Аскариданың даму және көбею жолдарының, жабысқақ дамуы мен көбеюінен айырмашылығы? Аскариданың адам организіміне тигізетін зияны қандай және оның қалай алдын алуға болады? Бұл сұрақтарға жауап берілгеннен соң ылғалды препараттар таратылады, оқушылар өз беттерінше жұмыс істейді. Препараттар жеткіліксіз мөлшерде болған жағдайда оқытушы сыныпты аралап, көрсетеді. Ылғалды препаратты қрау оқушылардың осы тақырып бойынша алғын білімдерін жетілдіреді, қорытындылайды. Уақыт жеткілікті болған жағдайда, оқушылар дәптерлеріне тип суретін салады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет