Ленталы құрттар. Мақсаты: Ленталық құрттар паразитті түрде өмір сүруі мен құрылысымен, Бұқа жабысқағын мысалға ала отырып таныстыру.
Жоспар: 1. Бұқа жабысқағы құрылысын планаридін құрылысымен салыстырып таныстыру.
2. Жалпақ паразит құрттардың қоректену ерекшеліктері.
3. Бұқа Жабысқағының дамуы және көбеюі.
4. Оқу материалын қорыту. «Бұқа жабысқағы» кинофильмін көріп, оны талқылау.
5. Кішкентей жабысқаты лупа арқылы қарау.
6. Үй тапсырмасын түсіндіру.
Құрал-жабдықтар: 1. Қабырға сызбалары: ақ планари бұқа жабысқағы, бауыр сорғышы.
2. Бұқа жабысқағының ылғалды препараты.
3. Кішкентай жабысқатың фиксаждалған препараты.
4. Мектеп лупалары.
Сабақтың барысы:Сабақтың бастапқы кезеңінде өтілген сабақтар жайлы айтылады. Мұндай еске түсіру кзінде оқытылып жатқан жануарларға тән эвалюциялық белгілерді айқындау мақсатында салыстырулар жүргізіледі. Оқушыларға сұрақ қойылады. Ақ планари қай жерлерде кездеседі және оның өмір сүруі.
Жауап тыңдалғаннан кейін, оқытушы бұқа жабысқағы бейнеленген сызбасын және оның ылғалды препаратын көрсету арқылы оның өмір сүру ерекшеліктерімен таныстырады. Таныстыру барысында бұқа жабысқағының неге бұлай аталатындығы айтылып, планаридін сыртқы құрылыстарынан оның айырмашылықтары көрсетіледі. Ылғалды препарпт жеткіліксіз болған жағдайда, оқытушы өзі ол препаратты әр партаға қойып, (өйткені препарат құртылуы мүмкін), оның басының кішкене болатындығына және соңғы, ортаңғы мөлшеріне көңіл бөлінеді. Препаратты бақылау барысында бас құрылысына, жабысқақтың жалпы мөлшеріне, бунақты мөлшері, дене тұрқына түсініктеме беріледі. Асқорту механизіміне тоқталғанда олардан асқорту органдары болмайтындығы және олар дайын асты бұкіл денесімен соратындығы жайлы айтылады. Планаридін асқорту жүйесі мен және оның қызметі еске түсіріледі. Бұқа жабысқағында неге асқорту жүйесі болмайды?
«Бұқа жабысқағының дамуы» сызбасын көрсету арқылы оқытушы жалпақ құрттардың дамуы мен көбеюі жайлы әңгімелейді. Бұл құрттардың жануарлар организіміне ену жолдары (ірі қара малдарға), личинкалардың пайда болуы және олардың таспа құрт личинкасына айналуы (финна), булардың жануар бұлшық еттерінде орнығып, финозды ет арқылы адам организіміне енуі туралы айтылады. Осыдан кейін ақ планаридің көбеюі еске түсіріліп, бұқа жабысқағының көбеюімен салыстырылады. Оқушылардың жауабынан кейін, оқытушы, басқа да жалпақ құрттарғы тоқталып ит, мысық сияқты үй жануарларында кездесетін кішкене жабысқақты лупа арқылы қарауды ұсынады. Сонан соң жануармен қатынас жасау кезіндегі қоғамдық және жеке гигиенаны сақтау маңыздылығына жете мән беріледі.
мына сұраққа жауап беру ұсынылады: Өз организіміңді, әртүрлі паразит-құрттарды жұғынуынан қалай сақтауға болады.
Оқу материалын қорытындылау барысында, халық денсаулығын мақсатындағы үкімет қамқорлығына аса мән беріледі (жануарлар тек мемлекеттік қасапханаларда сойылады, ет комбинаттарымен сауда жүйесіндегі санитарлық қызмет және т.б.). Бұл түсіндіру кезінде Қазақстан Республикасы Конституция материалдары қолданады.