Жалпақ құрттар типі. Тақырыптың білімдік маңызы: Жалпақ құрттар типіне мыналар жатады. Түкті құрттар ақ планариді мысалға алуарқылы танысамыз. Сорғыштар класы (бауыр сорғыш) жалпылама оқытылады. Лента құрттар класы (сиыр цепені) жабысқақ. Құрттар ішек қуыстарға қарағанда морфологиялық және анатомиялық құрылымы күрделі екі жақты симметрялы, дамыған бұлшық ет анық көрінетін органдар жүйесі және жыныстық көбею бұл типке тән құбылыс. Бұл ерекшеліктер жалпақ құрттардың органикалық дүниенің эволюциялық даму сатысындағыорнын анықтайды. Көптеген жалпақ құрттар паразиттік түрде адам, жануарлар организімінде өмір сүреді. Олардың регенерацияда көрінетіндей, қоршаған ортаға бейімделуі қызық-ақ. Бұл тақырыпты өту барысындакүрделі биологиялық түсініктерқалыптасып, қоғамдық және жеке гигиенаны сақтау қамтылады. Біздің еліміздегіденсаулық сақтау және медицина дамуы жайлы мәліметтерді қолдануға болады.
Бұл тақырыпты оқуға 4 сағат берілді.
Түкті құрттар. Мақсаты: Жалпақ құрттарға жалпылама сипаттама беріп, бұл типтің басым көпшілігі паразитті түрде өмір сүретіндігіне, құрылысы күрделігіне аса мән беру. Ақ планариді мысалға алу арқылы, оларды ішек қуыстылармен салысстыра отырып морфологиялық, анатомиялық құрылымы күрделілігін көрсету.
Жоспары: 1. Ішек қуыстылармен салыстыру арқылы қысқаша сипаттамаберу.
2. Планаридін сыртқы сипатымен танысу. Лупамен және дәптермен өз бетінше жұмыс істеу.
3. Планаридін сыртқы және ішкі құрылысы.
4. Тақырыпты қорытындылау. Планари құрылысын суретін дәптерге салу.
5. Үй тапсырмасын түсіндіру.
Құрал-жабдықтар: 1. Планари, бауыр сорғышы, бұқа жабысқағы, қос жынысты өсімдік гүлі бейнеленген қабырға сызбалары.
2. Планари бейнеленген диапозитивтер.
3. Диапроектор.
4. Фиксаждалған немесе тірі планарилер.
5. Мектеп лупалары.
6. Препаровалданған инелер.
Сабақтың барысы: оқушы жаңа тақырыппен таныстырып, сызбаларды қолдану арқылы жалпақ құрттарды ішек қуыстарымен салыстыра отырып, олардың құрылысын күрделілігіне жете көңіл бөледі.
Салыстыру үшін мына сұрақтарға жауап береді: Ішек қуыстылығы сипаты қандай?. ішек қуыстылар типінің көп түрлі болуы неліктен?. Ішек қуыстыларының табиғатта, дам өміріндегі маңызы қандай?. (Ішек қуыстылар бейнеленген сызбаларды көрсету). Оқушылар жауап бергеннен соң оқытушы жалпақ құрттар паразиттік түрде өмір сүретіндігіне жәнежануарлар мен адамдарда ауру туғызатындығына жете мән бере отырып түсіндіреді. Бұл сұрақты талқылау барысында сорғыштар класына да тоқталып өткен дұрыс (бұл класпен танысуға арнайы сағат бөлінбеген дегенмен оқушылар бұл жануарлар туралы жалпылама мағлұмат алуы тиімді.
Жалпылама сипаттама беріп болғаннан кейін, оқытушы планаридін фиксаждалған препаратын лупа арқылы, оның дене тұрқына көңіл бөліп су жыланмен салыстыра отырып қарауды ұсынады. Оның ерекшеліктерін, түктерін, көзі арқылы бас жағын табуды тапсырады. Тірі планаримен жұмыс істегенде, мұқият препаровалды инемен жануарды түртіп, оның қарсы реакиясына көңіл бөлінеді (дененің жиырылуы нерв жүйесі мен бұлшық етінің жақсы дамығандығын көрсетеді).
Оқушылар өз беттерінше жұмыс істеп болғаннан соң мына сұрақтарға жауап береді. Планаридін су жыланмен салыстырғанда дене тұрқы қандай? Планаридін сыртқы құрылысы қандай (Сызбаларды көрсету). Тірі планаридін реакциясы нені көрсетеді?.
Соңғы сұрақ тірі планаримен жұмыс істегенде қойылады, ал мұндай жұмыс істеу мүмкіндігі болмаған жағдайда оқытушыоларды түрткен кездегі реакциясын толықтырып, жалпылама түсіндіріледі. Ішек қуыстылардың радиалды симметриялы болып келетіндігінен өзгеше бұл типтерге екі жақты симметриялы, шеңбер тәрізді бойлық бұлшық етті және бұлшық ет талшықты болуы қасиеттері арқылы қозғалады.
Су жыланның бұлшық ет жүйесі планаридін бұлшық ет жүйесімен салыстырылып түсіндіріледі.
Ары қарай организімнің ішкі құрылысы және көбею процесі жайлы айтылады. Органдар жүйесі бейнеленген қабырға сызбалары қолдану арқылы әр органдар жүйесі ішек қуыстылармен салыстырылып, ұқсастықтары мен күр-делілігіне жете көңіл бөлінеді. Көбею процесін түсіндіру кезінде гермафродитизм деп аталатын жаңа биологиялық терминге түсініктеме беріледі. сонымен қатар, тағы қандай организмдерде қос жаныстылық құбылысы байқалғандығы еске түсіріледі (гүл бейнеленген сызба қолданы-лады). Жаңа оқу материалы түсіндіріліп болғаннан соң оқушылар дәптерлеріне органдар жүйесі суретін салады. Сурет салу үшін тақтаға «Ақ планаридін» ішкі құрылысы деп аталатын сызба ілінеді, оқушылар өз еріктерімен ас қорту жүйесі туралы айтады. Осыдан соң сызба суретін теріс қаратып, оқушылар естерінде сақтауы бойынша сурет салады. Бұл жұмысты орындауға уақыт жетпеген жағдайда, жұмысты уақытша тоқталып келесі сабақта осы оқу материалы бойынша алған білімін тексеру кезінде немесе үйде орындауға болады.