Жойып, пайда келтіреді



бет14/37
Дата12.04.2023
өлшемі1,34 Mb.
#81899
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37
Моллюскалар типі.
Оқу - тәрбиелік міндеттенрі: Оқушылар жануарлар дүниесінің алуан түрлілігі жайындағы ұғымдарын көнейте түсу, оларды моллюскалар типіне жататын жануарлардың ерекшеліктерімен таныстыру. Моллюскалар мен құрттардың туыстық байланыстарын табу олардың жалпы ортақ тектен шыққандығының дәлелі екендігі. Шаруашылық саласындағы адам қызметі үшін моллюскалардың маңызын айқындайды.
Биологиялық ұғымдар: Эвалются туралы, систематика туралы ұғымдарды қалыптастыруды одан әрі жалғыстыру.


Жүзім ұлуы (немесе тоспа ұлуы)
және шалаңаш шырыштылар
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды бауыр аяқты моллюскалардың өздеріне тән ерекшеліктерімен таныстыру
Методтары: Баяндау, әңгіме. Өздігінен істелетін жұмыстар.
Құрал-жабдықтар: Табиғи құралдар. Тірі объект жүзім ұлуы (немесе тоспа ұлуы), жалаңаш шырыш. Бауыр акяқты моллюскалардың бақалшақтарының жиынтығы. Суретпен бейнеленген құралдар. Моллюскалар типінің өкілдері бейнеленген таблица. Шыны пластинкалар, сапталған инелер, ұсақтап кесілген сәбіз.
Сабақтың барысы: Оқушыларға мұғалім құрттардың өздеріне тән ерекшеліктерін және құрттардың типтерін атауды ұсынады. Осымен қатар мұғылім оқушыларға моллюскалардың мекен ететін жерлері жайында түсіндіреді. Оқушылар жалпы моллюскаларға тән белгілерді, әртүрлі пішінді және әр көлемдегі сыртқы бақалшақтарының болуын, бақалшақтың ішінде жұмсақ денесінің болуын, осыдан олардың екінші аты былқылдақ денелер деп аталуын. Қимылдау органы – аяғының болуын ескертіп өтеді.
Таратып беретін материалдармен жұмыс істеу. Тұщы суларда кездесетін бауыр аяқты моллюскалардың бос бақалшақтарын (шалшық ұлуы, тоспа ұлу, қошқар мүйіз), оқушылар үстелдеріне таратып береді. Оқушылар: осы жәндіктердің барлығына не ортақ? Бақалшақ пішіні қандай болады? Олар қайда тіршілік етеді?-деген сұрақтарға жауап қайтарулары керек. Содан кейін мұғалім таблицадан жүзім ұлуын және оның спиральша ширатылған бақалшағын көрсетеді, бақалшақ заттары қалай түзілетінін түсіндіреді, моллюска денесінің құрылысын баяндап береді, мұнда моллюсканың қимыл органы – аяғы-денесінің бауыр жақ (құрсақ жақ) бөлігі болып, көбінесе (тоспа ұлуында, шалшық ұлуында, қошқар мүйізде) табан пішіндес болып келетінін айтады. Бұл бауыр аяқтылар кластарының өкілдеріне тән сипат.
Осыдан соң мұғалім моллюсканың басндағы органдары: қармаулауыштары, көздері, ауыз тесігі жайында баяндайды. Тыныс алу процесі жайында баяндағанда ұлудың құрлықтағы түрлері (жүзім ұлуы және бақ ұлуы) мен суда мекендейтін түрлері (тоспа ұлуы, қошқар мүйіз) өкпесімен тыныс алатынын, алайда желбезегімен тыныс алатын моллюска да бар, мысалы (шалшық ұлуы) екенін айтады. Бауыр аяқты моллюскалардың көпшілігі уылдырықтар арқылы көбейеді, дегенмен тірі туатындары да бар, мысалы шалшық ұлуы.
Өздігінен істелетін жұмыстар: Өдігінен істелетін жұмысқа даярлық. Оқушылардың столдарына шыны пластинканың бетіндегі жүзім ұлуларын таратып береді (жүзім ұлуларын таратып беруден 1-2 минут бұрын жылы суға салып алу қажет.
Сабықтың қорытынды бөлімі: Мұғалім оқушыларға бауыр аяқты маллюска-лардың өкілдерін және олардың өздеріне тән ерекшеліктерін атап шығуды ұсынады.
Үйге тапсырма беру: Жалаңаш шырыштың күндіз емес, түнде әрекетшіл болу неліктен екендігіне (яғни жемін түнде аулау), жауап беру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет