Жойып, пайда келтіреді



бет33/37
Дата12.04.2023
өлшемі1,34 Mb.
#81899
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Тыныс алу Тыныс шығару
Оттек қанға өтеді Оттек қанға өтеді




Ауа қапшықтары Ауа қапшықтары


Құстың ұшқан кездегі тыныс алу схемасы.

Ауа қапшығындағы ауаның құрамы жағынан атмосфера ауасынан айырмасы болмайды. Құс қанаттарын түсіргенде тыныс шығарады. Еттері ауа қапшығын қысады, яғни басады, сөйтіп ондағы ауа арқылы өтеді және газ алмасатын болады.Оттектің маңызы орасан зор. Дене клеткаларында органикалық заттар тотығады да, мұның саладарынан энергия бөлініп шығады. Мұғалім оқушыларға ауа қапшығының тағы қандай маңызы бар екенін ойлауды ұсынады.


Ауа қапшығы ұшқанда дене салмағын жеңілдетеді де, құс денесінде жылу сақталуға жәрдемдеседі. Суда жүзгенде меншікті салмағын азайтады және органдардың өзара үйкелуін кемітеді.




Құстардың көбеюі .
Сабақтың мақсаты: Құстардың көбеюі және дамуы жайында ұғым беру.
Құстың күрделі организмі бірғана ұрықтанған клеткадан дамитынын атап көрсету .
Құстар мен бауырмен жорғалаушылар ұрықтарының ұқсастықтарына негіздей отырып бұл жануарлар топтарының арасында туыстық байланыстың бар екендігін белгілеу.
Методтары: Баяндау, әңгіме.
Құрал - жабдықтар: Табиғи объектілер. Құстардың ішкі құрылысы.
Сабақтың барысы: Сабақтың алдында мұғалім тақтаға сурет салады: жүрек қүрласының схемасын- қызыл түсті бормен , оның сол жақ жартысын ал көк түсті бормен оң жақ жартысын және ас қорыту органдарының схемасын ас қорыту бездерінсіз салады. Екі оқушы тақтаға шығып жауап береді. Біріншісі жүрек бөлімдерінің аттарын жазып көрсетеді, қақпашаларының суретін салады, стрелкамен жүректегі қанның жүру бағытын көрсетеді және мұны ауызша қан барлық органдарға кетеді, ал қан айналымының кіші шеңбері жүректің қай бөліміне басталады?- деген сұраққа жауап берулері керек.




Құс жүрегінің құрылыс схемасы.

Екінші оқушы ас қорыту органдарының схемасы мен аяқтайды, ас қорыту каналының бөлімдерінің аттарын жазады және ас қорыту органының маңызы жайында айтып береді. Осы уақытта мұғалім сыныпқа: құстың ішкі құрлысындағы қандай ерекшеліктер ұшумен байланысты ? Сендер құстан қандай рефлекстерді байқадыңдар? Құстардың зат алмасуының қандай ерекшеліктері бар?Бауырмен жорғалаушылар сирек кездесетін, температурасы төмен аудандарда да құстардың ұшырайтыны неліктен?-деген сұрақтар қояды.


Жаңа материалды оқыту : Мұғалім тақырыпты айтып және тақтаға жазып одан кейін құстың ұрғашы немесе еркектерінің сырттай қарағанда айырмасы бар ма?-деп сұрайды. Оқушылар құстардың еркектерінің реңі ашық түсті болатыны бірақ мұндай ерекшелік барлығында бола бермейтіндігін айтады. Құстардың ұрғашыларында бір ғана аналық без болатынын, онда жұмыртқа клетка бір-бірден ғана жетілетініне оқушылардың назарын аударады. Сондықтан құс бір ғана жұмыртқа табады құстың дене салмағын жеңілдететін мұндай ерекшелік ұшуға бейімделушілік болып табылады.
Мұғалім құстардың қатты қабықпен жабылған әжептеуір ірі жұмыртқа салуымен байланысты жамбастарының алдыңғы және төмеңгі жақтары ашық болатынын айтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет