Өсімдіктер
|
Жануарлар
|
|
Ұқсастықтары
|
1
|
Қоректенуі
|
Қоректенуі
|
2
|
Тыныс алуы
|
Тыныс алуы
|
3
|
Өсуі
|
Өсуі
|
4
|
Көбеюі
|
Көбеюі
|
5
|
Клеткалық құрылысы
|
Клеткалық құрылысы
|
|
Айырмашылығы
|
1
|
Органикалық емес қоректенеді. Хлорофилдің жәрдемі мен жарық бар жерде сумен көмірқышқыл газдан органикалық зат түзе алады.
|
Органикалық заттар мен өсімдіктерді немесе басқа жануарларды жеп қоректенеді.
Қозғалу органдары, нерв системасы және сезім органдары болады.
|
Қорыта келгенде, оқушылар дәптеріне өсімдіктер мен жануарлар жөнінде олар біртұтас органикалық дүниені құрайтын, өзара ұқсастықтары бар бір-бірімен тығыз байланысты тірі организімдердің екі тобы екендігін қортынды-лап жазады. Өсімдіктер мен жануарлардың арасында ұқсастықтар олардың екеуі де өте ертеде жалпы ортақ бір ата-тектен тарағанын көрсетеді. Олардың арасындағы айырма біртіндеп келіп шыққанда, қазіргі уақытта ол елеулі дәрежеге жеткен.
Осы айырмашылықтарына негізделе отырып, тірі организімдердің біреулері - өсімдіктерге, ал екінші біреулері – жануарларға жатады.
Оқушылардың оқып зерттемек болып отырған ғылымы жануарлардың құрылысын, организімдерден өтетін процестерді, тіршілігін, даму процестерін қарастырады.
Зоологияның шығуы мен дамуы жайында баяндау. Мұғалім зоология ғылымы өте ертеде адамның қажеттігіне байланысты келіп шыққанын айтады. Микроскопты ойлап шығарудың өте үлкен маңызы болғанына көңіл аударады. Зоологияның дамуына діннің қандай кертартпа әсерінің болғанын атап көрсетеді.
Оқушылар білімін пысықтау. Оқушыларға мынадай сұрақтарға жауап беру ұсынылады: зерттейді? Органикалық дүниені қандай тірі организімдердің топтарын құрайды? Қандай белгілеріне қарап бір тірі организімдерді өсімдіктерге, екінші біреулерін жануарларға жатқызады? Өсімдіктер мен жануарлардың арсындағы ұқсастықтар нені білдіреді? Зоология ғылымның шығуы ненмен байланысты.
Үйге тапсырма беру. Оқушыларға үйге тапсырма беруден тұрын мұғалім оқушыларды зоология оқумен таныстырады, оқулықтың мұқабасын формасын қарап, авторларын естеріне сақтап, мазмұнын оқып шығуды тапсырады.
Мұғалім үйге берген тапсырманы орындағанда тиісті парагрфтарды оқумен қатар, суреттерін де қарап көру және парагрфтың соңындағы сұрақтарға жауап бере білу қажет екенін айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |