Зоология – жануарлар жайындағы ғылым, оның даму тарихы. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды зоолоия ғылымының мазмұнымен таныстыру және оның шығу мен даму адамның қажеттілігіне байланысты екендігін көрсету. Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы негізгі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды тауып көрсету.
Методтары: Баяндау, әңгіме.
Құрал-жабдықтар: Табиға құралдар. Тірі табиғат мүйісінен тірі балықтар мен басқа жануарлар. Суретпен бейнелеген құралдар. Құрттар, моллюскалар, насекомдар, балықтар, бауырмен жорғалағыштар, сүт қоректілерді бейнелейтін таблицалар.
Сабақтың барысы: Зоология ғылымының анықтамасы. Мұғалім сабақты оқушылардан: қандай биологиялық пәнді оқып бітірдіңдер? Ботаника ғылымы нені зерттейді?-деп сыныпқп сұрақ қоюдан бастайды.
Мұғалім оқушылардан осы сабақтан бастап зоологияны оқып үйренетін-дерің айтады. Мұғалім тақтаға «зоология» деген сөзді жазды да, оның қазақ тіліндегі мәнін (жануарлар жайындағы ғылым) түсіндіреді.
Өсімдіктер мен жануарлардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар жайындағы әңгіме. Мұғалім оқушылардан жануарлардүниесінен өздеріне белгілі өкілдердіатауды талап етеді. Әдетте оқушылардың көпшілігі сүт қоректілер өкілдерін атайды.
Кезекшілер мұғалімнің сұрауы бойынша кутты, молюсканы, балыкты, кусты жэне баска да жануарларды бейнелейтін таблицаларды іледі. Мұғалім тек денесін түк басқан, төрт аяқты аңдар ғана емес, құрттар да, улу да, насекомдар да, балықтар да, құстар да т.б. жануарлар деп аталатындығын түсіндіреді.
Бұдан кейін мұғалым оқушыларға осы алуан түрлі организмдердің арасында қандай ұқсастықтардың болатындағын және не себепті олардың барлығы жануарларда жатқызатынын, жаңа ғана оқып өткен өсімдік организімдерінен бұлардың қандай айырмасы бар екенін ойлауды ұсынады.
Қойылған сұраққа жауап беру үшін оқушылар ең алдымен өсімдіктер мен жануарлардың тірі организімдерге жататындықтарын естеріне түсірулері керек. Демек, өсімдіктер мен жануарлардың қандай белгілері жалпы ортақ екендігін таба білу қажет.
Оқушылар өсімдіктиерге де, жануарларға да ортақ белгілерді атайды да, олардың мұғалім тақтаға: қоректену, тыныс алу, өсу, көбею клетка құрылысы деп жазады.
Одан кейін мұғалім оқушылардан өсімдіктер мен жануарлар арасындағы айырмашылық белгілерді атауды, жасыл өсімдіктер немен және қалай қоректенетініне, жануарлар немен және қалай қоректенетініне жауап берулерін талап етеді.
Оқушылардың жауабынан қоректену процесіне айырма бар екендігі белгілі болады: жасыл өсімдіктер органикалық емес заттармен қоректенеді, олардан хлорофилдің жәрдемімен органикалық заттар түзеді. Жануарлар органикалық емес заттардан органикалық заттар түзе алмайды, олар дайын органикалық заттермен қоректенеді.
Мұғалім оқушылардан өсімдіктердің арасында дайын органикалық заттрмен қоректенетіндері болатынын, болмайтындығын сұрайды.
Оқушылар саңырауқұлақтар мен бактериялар жайында естеріне түсіреде. Сонда мұғалім жануарлар мен саңырауқұлақтардың қоректену процесіндегі айырмашылықты анықтай түсу үшін оқушылардан: жасыл емес өсімдіктер мен жануарлар организімдерінің қоректену процесіндегі айырмашылықтар неде? Саңырауқұлақтар қалай қоректенеді? – деп сұрайды.
Қайтарылған сұрақтардан соң мұғалімдер жануаарлардың өсімдіктерден айырмашылығы-олардың көп жағдайда қорегін қармап алып, жұтатындығын да және астың қорытылуы жануар денесінің ішінде болатындығында екендігіне ерекше көңіл аударады. Ас қорту былай болады: ас қорту сөлдерінің әсерінен еритін қоректік заттар түзеді, ал қорытылмаған қалдықтар сыртқа шығарылып тасталады.
Мұғалім оқушыларға: өсімдіктер мен жануарлардың арсында қандай елеулі айырма бар? – деген сұраққа жауап беруді ұсынады.
Өсімдіктер мен жануарлардың арасындағы елеулі айырма әртүрлі тәсілмен қоректенуінде, -деп оқушылар өздігінен қорытынды шығарады. Одан ары өсімдіктер мен жануарлардың арасында басқа да айырмашылықтардың бар екендігі, атап айтқанда: жауарлардың көпшілігін қозғалу органдары, нерв системалары және сезім органдары болатыны белгілі болды.
Әңгіменің нәтижесінде мұғалім тақтаға, ал оқушылар дәптерлеріне өсімдіктер мен жануарлардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қоректенетін таблица құрады.
Өсімдіктер мен жануарлардың ұқсастық және айырмашылық белгілері.