Жануарлар классификациясы. Сабақтың мақсаты: Түр, туыс, тұқымдас, отряд, класс, тип туралы ұғымдар жайында, жануарлардың табиғи системасы жөнінде алғашқы түсінік беру.
Методтары: Табиғи құралдар. Көбелектердің және үлкен перломутровка жұлдызқұрттардың колекциясы. Суретпен бейнеленген құралдар. Бұрын аттары аталған көбелектердің суреті салынған атластар немесе таблицалар.
Сабақтың барысы: Қайталау және оқушылдар білімін тексеру. Мұғалімнің тақтаға шығарған оқушыларының біреуі өсімдіктер мен жануарлар белгілерінің ұқсастықтарын, екіншісі-олардың белгілеріндегі айырмашылқты жазады. Оқушылар білімі бірінші сабақтың соңында берілген сұрақтар бойынша тексеріледі.
Жаңа материалдарды оқыту. Мұғалім оқушыларға өткен сабақта олар зоологияның даму тарихымен танысқандардың естеріне түсіреді. Ол ғалымдардың жылма –жыл жануарлардың көптеген түрлерін тауып, анықтайтындығына ерекше көңіл аударады. Мұншама көп өсімдіктер мен жануарларды қалай тәртіпке салып, оларды бір жүйеге, системаға, қалай келтіру керек. Мұғалім өсімдіктердің қандай топтарға бөлінетін оқушылардан сұрайды. Оқушылардың жауаптарынан кейін мұғалім енді олардың жануарлар дүниесі системасымен танысатынын баяндайды.
Мұғалім сыныпқа мынадай сұрақ қояды: бұл көбелектер қайда кездеседі, олардың бір-бірінен айырмашылығы неде? Көбелектердің жұмыртқа салатынын, кейін олардан личинка жұлдызқұрттардың шығатынын ескертуге болады.
Оқушылардың столдарына какаймен көбелек траурницаның жұлдыз құрттарының коллекциясын таратып береді, осы көбелектер мен олардың личинкалары бейнеленген таблицаларды іліп қояды. Мұғалім бұл түрлеріндің ұқсақтықтарын белгілеуге ұсынады. Осыдан кейін калакай көбелектің салған жұмыртқасынан тек қана калакай көбелек дамып жетілетіні, ал траурницаның салған жұмыртқаларынан тек траурница дамып жетілетініне көңіл аударады. Бұл екі көбелекті шағылыстырудан будан пайда болмайды.
Жаңа материалды оқушылар жақсы түсіну үшін мұғалім жануарлар түрлеріне қосымша мысалдар келтіреді. Үй тышқанының түрі жайында баяндап беруге болады. Барлық үй тышқандар бір-біріне ұқсас келеді, үй тышқанының балаларынан, дала тышқаны немесе басқа тышқандар емес, сөзсіз үй тышқандары шығады. Алайда үй тышқанынан басқа егістікті, орманды мекендейтін және өздеріне тән ерекшеліктері бар тышқанның толып жатқан басқа түрлері белгілі.
Мұғалім түрдің анықтамасын береді, ал оқушылар оны дәптерлеріне жазады. Мұғалім тақтаға қарастырып өткен көбелек түрлерінің схемасын сызады. Сонан соңмұғалім бұл көбелек түрлерінің арасындағы өз ара айырма-шылықты түсіне, мінез-қылығына, қоректенуіне, жұлдызқұрттарының сыртқы құрылысына қарап оңай табуға болатындығына көңіл аударды.
Оқушылар көбелектермен жұлдызқұрттарды қарап көріп, оларды салыстырады, олардың белгілеріндегі жалпы ұқсастықтарды және айырмашы-лықтарды табады. Мұғалім оқушылардың назарын айқындалған ұқсастық белгілердің қарастырып отырған түрлер арасындағы туыстық байланысты көрсететіндігіне аударады. Ұқсас түрлер будан гөрі ірірек жануарлар топтарына-туыстарға біріктіріледі. Калакай көбелек траурница күндізгі емен көбелек-булардың бәрі ванесса туысының түрлері. Бір туысқа жататын жануарлардың арасында әрдайым туыстық байланыс болады. Мұғалім таблицадан немесе коллекциядан үлкен перламутровка көбелегін көрсетіп, оқушыларғаванесса туысына жататын көбелектің белгілеріндегі айырмашы-лықты табуды ұсынады. Бұл туыстардың арасындағы ұқсастықтар, бір туыстың ішіндегі түрлердің арасындағы ұқсастыққа қарағанда кем болады.
Классификациямен таныстыру барысында мұғалім ұқсас туыстардың бір тұқымдасқа біріктірілетінін айтамыз. Мысалы аңдардың ішінде-ит, түлкі, поляр түлкісі, қорқауқасқыр деген туыстары белгілі. Ежелгілерінің жалпы ұқсастығына қарай оларды ит тұқымдасына біріктірді.
Туысқан ұқсас тұқымдастар өзінше отрядқа біріктірілді. Мысалы ит тұқымдасы, мысық тұқымдасы, аю тұқымдастары жыртқыштар отрядына кіреді. Ұқсас отрядтар одан да ірірек топқа-класқа біріктіріледі. Мысалы, жартқыштар отряды, маймылдар отряды, кит тәрізділер отряды сүтқоректілер немесе аңдар класына жатады. Туыстық (ұқсас) кластар ірі топ-типтерге біріктіріледі. Классификацияны оқып түсіндіру барысында мұғалім тақтаға мынадай схема сызады
Калакай көбелек Күндізгі емен көбелек Траурница Т үрлер
Туыстар
Тұқымдастар
О трядтар
Кластар
Типтер
Мұғалім түрден типке қарай көтерілген сайын система топтарының арасындағы ұқсастықтар мен туыстық белгілер біртіндеп азая беретініне, ал айырмашылықтар арта беретініне ерекше назар аударды. Сонымен қатар жануарларды типтен бастап түрге дейін қарастырғанда ұқсас белгілері біртіндеп көбейеді де айырмашылықтары азаятыны болады.
Мұғалім оқулықтың форзацындағы суреттерді пайдалана отырып, классификация дегенінің не екенін, сондай-ақ осы күнгі система жануарлардың ғылыми классификациясы болып табылатынын және жануарлар дүниесінің қарапайым формасынан күрделі формасына қарай тарихи дамуын көзге елестететінін түсіндіреді.
Мұғалім жануарлардың әр тобының латын тілінде ғылыми аты болаты-нын баяндайды. Ғылымда латын тілі классияикациялық бірліктерді анықтау үшін халықаралық тіл ретінде қабылдаған. әрбір түрдің аты екі сөзден тұрады. Мысалы:
Түрі – Ванесса калакай көбклкгі