В анесса туысы Түрі- Ванесса күдізгі емен көбелек
Түрі – ванесса траурница
Қосарынан атау ыңғайлы, өйткені бірден әрбір жануарлардың қай туысқа, қай түрге жататынын көрсетеді. Оқушылар жануарлар классификациясын оқып үйрену процесінде, өсімдіктер дүниесі сияқты, жануарлар дүниесінің де соншалықты орасан көп түрлі екенін байқайды. Әр түрлі жануарлар алуан түрлі тіршілік жағдайында мекендеуге бейімделген. Мұғалім жануарлардың өздері тіршілік ететін орта жағдайына бейімделетіндіктері соншалықты, тіпті олардың басқа ортаға кез болатында жойылып кететініне, мәселен, балық ауада өліп қалса, құрлықта кез келген жануары суда өліп қалатынына ақ аюлар мен пингвиндер полярдын мәңгі мұзында тамаша тіршілік ететін болса, арыстандар мен маймылдар тек климаты ыстық жерде мекендейтініне тоқталып өтеді.
Мұғалім сыныпқа: біз көтеріп отырған жануарлар дүниесі әрдайым осындай болған ба?-деп сұрақ береді. Оқушылардың жауабынан кейін мұғалім қазба жануарлар жайында баяндайды, және Жер бетінде жануарлар дүниесі өзгеріп – дамып отыратынын баса айтады. Ғылым жануарлар дүниесінің өзгермейтіндігі туралы діни тұжырымдардың жалғандығын мәлімдейді.
Оқушылар білімін пысықтау. Мұғалім оқушылардан жануарлар классификациясының қандай маңызы бар екенін, сондай-ақ жануарлардың осы күнгі системасы нені бейнелейтінін сұрайды.
Дара клеткалы (торшалы) жануарлар. Қарапайымдылар түрі. Жануарлар әлемін оқу, қарапайымдылар түрімен танысудан басталады. Жануарлардың бұл тобы шығу тегі жағынан ежелгі және морфологиялық, анатомиялық құрлымы жағынан өте қарапайым. Жануарлардың бұл түрлері, барлық организмнің қызметін орындайтын бір ғанаклеткадан тұрады. Ботаника курсы бойынша оқушыларға осы тәріздес бактериялар, балдырлар және бір клеткалысаңырауқұлақтар белгілі. Жануарлар мен өсімдіктер әлемінің биологиялық жағынан ұқсас болуы, органикалық дүниенің шығу тегінің бір екендігін көрсетеді. Сондықтан бір клеткалы жануарлар мен өсімдіктерді өмір сүру ерекшеліктері мен құрылымдарын салыстырып түсіндіру қажет. Мұндай талдау ботаника ережелерін зоология материалдары мен қайта талқылап, оқу арқылы жасалады.
Зоологиялық материалдарды өту кезінде бір клеткалы жануарларға ғана тән ерекшеліктерге (дайын органикалық заттармен қоректеу қозғалу, құрылым күрделілігі) баса мән беру керек. Өйткені оқушылар бір клеткалы жануарлар мен өсімдіктерді бір –бірімен шатастыруы мүмкін. сонымен қатар қарапайым жануарлар, қарапайым өсімдіктер тәрізді планетамыздың алғашқы организімдерінің бірі: Бұл тақырыпты оқыған кезде жануарлар әлемінің, сонымен бірге бүкіл органикалық әлемнің тарихи дамуына түсініктеме берілді.
Қарапайымдар тобына әр жерде жағдайларда кездесетін түрлерге бай. Бұлардың кейбіреулері адам жоғарғы топ жануарлар организімінде кездесетін-діктен оқушыларға жалпы және жеке гигиенаның алатын орнына тоқталып өту қажет.
Безгек паразиті секілді қарапайымдаларға түсінік беру барысында республикамыздағы безгекке қарсы күресу жұмыстары жайлы айтылады.
Нозема споровигімен жүйелі түрде жұмыс жүргізетін отандық жібек шаруашылығымен айналысатын мамандар ғана таныс. Ал Ауғаныстан, Турция, Пакистан т.б. шығыс елдерінде бұл жібек құрты жібек шаруашылығына едаәуір шығын келтіреді. Бұл тақырыпты талдауға 5 сағат бөлінген. І және 5 сабақ тақырыптарына методикалық өндірулер ұсынылады.