«Жол және станция құрылысы» пәнінен №1 курстық жобаға тапсырма


СТАНЦИЯ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ



бет8/11
Дата07.01.2022
өлшемі155,5 Kb.
#17069
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
КП№1.КАЗ

СТАНЦИЯ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Құрама пойызды қабылдау, пойыздан ағытылған вагондарды жүк фронттарына ауыстыру, тиелген немесе жүгі түсірілген вагондарды жөнелту және оларды құрамды пойызға тіркеу, вагондарды жүк фронттарына орналастыру және кірме жолдарға жөнелту жазылады.



Кірме жолдарға баратын маршруттарды қабылдау және оларды кірме жолдарға жөнелту, кірме жолдардан қабылдау маршруттарды станциядан жөнелту жазылады. Құрама пойыздармен орындалатын маневрлық жұмыстарды құрама пойыздің локомотиві орындайды. Құрама пойызбен орындалатын жұмыстарда ағытылатын вагондардың тобы 4 нұсқа бойынша орындалады.

  1. Пойыз құрама тақ – ағытылатын вагондар тобы пойыздің бас жағында;

  2. Пойыз құрама тақ – ағытылатын вагондар тобы пойыздың соңында орналасқан

  3. Пойыз құрама жұп – ағытылатын вагондар тобы пойыздің бас жағында

  4. Пойыз құрама жұп – ағытылатын вагондар тобы пойыздың соңында орналасқан.

  1. Тақ жақтан келе жатқан пойыз 1,3,5,15,13,11,17 бағыттама бұрмалары арқылы 5-ші жолға қабылданады, локомотивтің басында орналасқан 4 вагонды ағытып 6-шы жолға апару қажет. Т5 бағдаршамының көрсетілуімен 22,20,12,28,8-ші бағыттама бұрмалары арқылы 11-ші жолға қабылданады. 8,28,30,31-ші бағыттама бұрмалары арқылы 9-шы жолға қабылданады. Локомотив Т11 бағдаршамының көрсеткішімен 8,28,30,31 бағыттама бұрмалары арқылы 9 тиеу-түсіру жолына 4 вагонды әкеледі, 4 вагонды ағытады да локомотив 11-ші тартып шығу жолына жөнеледі, кейін 8,28,30,24,22 бағыттама бұрмалары арқылы 5-ші жолда тұрған құрамаға тіркеліп Т5 бағдаршамының көрсетілуімен 22,24,30,28,8,6 бағыттамалары арқылы жөнелтіледі.

  2. Тақ жақтан келе жатқан пойыз – 1,3,5,11,15,17 бағыттама бұрмалары арқылы 5-ші жолға қабылданады, локомотивтің соңында орналасқан 4 вагонды ағытып 9-шы жолға апару қажет. Т5 бағдаршамының көрсетілуімен 22,24,30,28,8 бағыттама бұрмалары арқылы 11-ші жолға қабылданады да локомотив Т11 бағдаршам көрсеткішінен 8,28,30,31 бағыттама бұрмалары арқылы 9-шы тиеу-түсіру жолына 4 вагондв әкеледі, 4 вагонды ағытады да локомотив 11-ші тартып шығу жолына қабылданады, кейін 8,28,30,24,22 бағыттама бұрмалары арқылы 5-ші жолда тұрған құрамаға тіркеліп Т5 бағдаршам көрсетілуімен 22,24,30,28,8,6,4,2 бағыттама бұрмалары арқылы жөнелтеді.

  3. Жұп жақтан келе жатқан пойыз 2,4,6,8,30,24,22 бағыттама бұрмалары арқылы 5-ші жолға қабылданады. Пойыздің басындағы 4 вагонды 9-шы тиеу-түсіру жолына беру үшін 22,24,30,28,8 бағыттама бұрмалары арқылы 11-ші тартып шығу жолына қабылдайды да 8,28,30,31 бағыттама бұрмалары арқылы 9-шы тиеу-түсіру жолға қабылдайды да 4 вагонды ағытып локомотив 23,21,19,17,15 бағыттама бұрмалары арқылы тартып шығу жолына келіп 15,17 бағыттама бұрмалары арқылы Т5 бағдаршамының көрсетілуімен құрамаға тіркеліп 17,15,13,11,5,3,1 бағыттама бұрмалары арқылы жөнелтіледі.

  4. Жұп жақтан келе жатқан пойыз 24,26,28,30,8 бағыттама бұрмалары арқылы 6-шы жолға қабылданады. Пойыздың соңындағы 4 вагон ағытылады да локомотив 24,26,30,28,8 бағыттама бұрмалары арқылы 11-ші тартып шығу жолына қабылданады да, локомотив 8,28,30,22,24 бағыттама бұрмалары арқылы 5-ші жолдан өтіп 10-шы тұйық жолға қабылданады да, 15,17 бағыттама бұрмалары арқылы ағытылған соңғы 4 вагонды локомотив өзіне тіркеп, 15,17,19,21,23 бағыттама бұрмалары арқылы 10-шы тұйық жолға қабылданып, локомотив құрамаға тіркеліп жұп бағыттан келген құрама 19,17,15,13,11,5,3,1 бағыттама бұрмалары арқылы перегонға жөнеледі.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет