«Жол және станция құрылысы» пәнінен №1 курстық жобаға тапсырма



бет6/11
Дата07.01.2022
өлшемі155,5 Kb.
#17069
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
КП№1.КАЗ

L=e*N; м

Мұндағы, e жоларалық, метр



N – айқаспа таңбасы
Бағыттама бұрмаларының центрінен шектік бағанға дейінгі қашықтық, бағдаршамға дейінгі қашықтық, жолдың ұзындығы анықталады.

Бағыттама бұрмалары центрінен шектік баған мен бағдаршамға дейінгі қашықтық.

Кесте 3.3.

Қашықтық

Жоларалық

Берілген айқаспа таңбалары бойынша бағыттама бұрмаларының центрлері арасындағы қашықтық

1/9

1/11

1/18

1/22

Шектік бағанға дейін

4,8

5,3


6,5

43,4

43,4


43,4

53,11

46,86


43,86

78,48

48,48


78,48

92,27

92,02


92,02

Діңгекті бағдаршамға дейін

5,3

6,5


56

47


63

56


103

92


124

112


Ергежейлі бағдаршамға дейін


4,8

5,0


5,3

6,5



50

47

47



47


57

57

52



51


-

-

-



-


-

-

-



-

Басты жолдарға жаңа типті рельс Р65, 1 км жолға 1840 шпал пайдаланылады, шпал астында балластты шағылтастың қалыңдығы 0,35 м құмды қабат қалыңдығы 0,2 м.

Қабылдау-жөнелту жолдарына Р50 типті рельс, 1 км-ге 1600 шпал пайдаланылады. Тиеу-түсіру, тартып шығу, тұйық жолдарға Р50 типті рельс, 12 км жолға 1440 ағаш шпалдары салынады.


    1. ЖОЛАУШЫЛАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУГЕ АРНАЛҒАН ҚҰРЫЛҒЫЛАР

Жолаушы құрылғыларының санына жолаушы ғимараты, жолаушы платформасы, бір немесе әр түрлі деңгейдегі өтпелер, багаж қоймасы, перрондық әжетханалар, өрт бөлімі, вокзал алдындағы алаңшасы кіреді.

Типтік вокзалдардың негізгі көлемдері 3.4 кестеде көрсетілген.

Кесте 3.4




Есептік сиымдылық (адам)

Вокзалдың ұзындығы, м

Вокзалдың ені, м

50

18

12

100

42

12

Жолаушы ғимараты жақын арадағы басты жолдың осінен 20 м қашықтықтан жақын емес, ал жүрдек жолаушы пойыздары қатынайтын желіде 25 м жақын емес қашықтықта орналасады. Вокзал алдындағы алаңшаның көлемі 5000 м² кем болмайды.

Жолаушы платформасын станцияның сұлбасына қарай, жолаушы қозғалысының көлеміне және жолаушыларға ыңғайлылық деңгейіне байланысты орналастырады. Оның ұзындығы жолаушы құрамының ең ұзын ұзындығына байланысты және 400 м кем емес, 500 м –ге дейін ұзартуға болатындай алады. Негізгі бүйір платформаның ені 6 м кем емес болады, аралық платформаның ені алғашқы деректер бойынша таңдалады.

Аласа жолаушы платформасын рельс шүйдесінен 200 мм қашықтықта, биік платформаны 1100 мм қашықтықта орналастырады (платформаның түрі тапсырмада көрсетіледі).

Негізгі және аралық аласа платформалар рельс шүйдесінен жоғары деңгейде өтпелдермен жалғануы керек, ал биік платформалар рельс шүйдесімен бір деңгейде немесе әр түрлі деңгейде жалғануы керек.

Негізгі және аралық платформаны қосу үшін, платфороманың әр 100 м сайын ені 3 м кем болмайтын өтпелер орнату керек.

Пойыздар қозғалысы 120 км/сағ асатын желіде платформалар арасындағы өтпелерді тек қана әр түрлі деңгейде орнатады.

Жүргіншілер көпірінің ені 2,25 м кем емес, көпірден түсу бөліктің ені 2 м кем емес болуы керек.

Биік платформада әр түрлі деңгейдегі өтпелер болмаған жағдайда, бүйір типті түсу жолдарын ұйымдастыру керек. Түсу жолдарының ені 2,5 м кем болмауы тиіс.


    1. ЖҮК ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ

Жүктің түрі мен көлемі тапсырмамен белгіленбегендіктен, жалпы қолданбалы орындардағы жүк операцияларын орындау үшін жабық қойма мен жалпы ұзындығы 30 м кем болмайтын платформасымен жабдықталған қосылған типтік секцияны құрастыру қарастырылады.

Жабық платформа мен қойманың ені 18 м, алаңша ені автомобиль жақындауы жақтан – 1,5 м, теміржол жақтан – 3 м болуы керек.

Тиеу мен түсіру орындары қоршалуы тиіс, өртке қарсы құралдармен, байланыс құралымен, жарықпен, су бұрғыш құрылғылармен жабдықталуы тиіс.

Жүк ауласына жақындау жағынан ені 8 м болатын асфальтталған автожақындау тас жолы ұйымдастырылған. Автомобильдердің өтуі ыңғайлы және ағынды болуы үшін, олар бұрылғанда тиеу-түсіру жұмысына кедергі болмау үшін, көрші ауданда ені 20 м болатын тұйық өтпел қолданылады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет