«Жол және станция құрылысы» пәнінен №1 курстық жобаға тапсырма



бет4/11
Дата07.01.2022
өлшемі155,5 Kb.
#17069
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
СТАНЦИЯ СҰЛБАСЫН АНЫҚТАУ

  1. АРАЛЫҚ СТАНЦИЯНЫҢ ТИПІН АНЫҚТАУ

Станция алаңшасының минимал ұзындығы

Кесте 2.1.

Жол

категориясы


Станция типі



Қабылдау-жөнелту жолдарының берілген ұзындығы, станция алаңшасының минимал ұзындығы



850

1050

1250

1

1

1



Бойлық

Жартылай бойлық

Көлденең


2500

2000


1400

2900

2200


1650

3300

2100


1850

Қабылдау-жөнелту жолдарының пайдалы ұзындығы 850 м болған жағдайда, станция алаңшасының ұзындығы бойлық типті станцияға 2500 м, жартылай бойлық типті станцияға 1450 болуы керек. Кестеде станция алаңшасының вертикал бұрылыстарының тангенсі есептелінген, бұл өлшем анықталып, кестеде берілген сандарға қосылады.

Тангенс мына формуламен есептеледі:

Тш – шығыстан = 7,5(∆i+0); м

Тб – батыстан = 7,5(∆i+0); м

Мұндағы, ∆i – вертикал бұрылыс шамасы

Шешімі: Тш =7,5(7+0)=52,5

Тб= 7,5 (4+0)=30

∑82,5

Станция алаңшасының ұзындығының тангенстерін есептегенде:

Бойлық типте 2500+82,5=2582,5 м

Жартылай бойлық типте 2000+82,5=2082,5 м

Көлденең типте 1450+82,5=1532,5 м


    1. ЖОЛАУШЫ ҒИМАРАТЫНЫҢ ОРНАЛАСАТЫН ОРЫНЫН АНЫҚТАУ

Аралық станцияларда жолаушыларға қызмет атқару мақсатында жолаушылар ғимаратын жобалайды. Жолаушыларға арналған ғимаратта жолаушыларға қызмет ету орынын, күту бөлмесін, тауар кеңсесін жабдықтайды. Жаңа жолаушылар ғимаратын типтік жобалар бойынша жабдықтайды және ол басты жол осінен 20 м қашықтықтан кем емес жерде орналасады, өйткені бұл жолаушылар ғимараты жағынан қосымша жол жабдықтауға мүмкіндік беру мақсатында қолданылады. Тапсырма бойынша елді мекен солтүстікте орналасқан, сол себепті жолаушылар ғимаратын солтүстік жақта орналастырады. Жолаушылар ғимаратының осылай орналасуы жолаушылардың станция жолдарымен жүрмеуін қамтамасыз етеді.





    1. ЖҮК АУЛАСЫНЫҢ ОРНАЛАСАТЫН ОРЫНЫН АНЫҚТАУ. СТАНЦИЯ СҰЛБАСЫНЫҢ ТИІМДІ НҰСҚАСЫН АНЫҚТАУ

Аралық станциядағы жүк құрылымдары, оның өлшемдері жүктердің көлемі мен сипатына байланысты болады. Жүк ағымдары аз станциялардағы жүк құрылғылары:



  1. жүк қоймасы;

  2. жабық платформа;

  3. ашық алаңша.

Жабық қоймалар құнды жүктерді сақтауға және атмосфералық өзгерістерден қорғау үшін пайдаланылады.

Жабық платформалар ақтарма жүктерді жаңбыр мен қардан сақтауға арналған.

Ашық алаңдар контейнерлерді, құрылыс материалдарын сақтауға арналған.

Жүк құрылымдарының орналасуын анықтар кезде ескертілетін жағдайлар:

А. пойыздар жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, станцияның өткізу қабілетін өсіру. Жергілікті жүгі бар вагондарды құрама пойыздарға тіркеп немесе ағытқанда вагондар басты жолдардан өтпеуі тиіс.

Б. жолаушыларға жүруге жағдай жасау және олардың қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ету.

В. болашақта станция мен жүк құрылымдарының дамуын қамтамасыз ету.

Жүк құрылымдарының жолаушылар ғимаратына қарама-қарсы орналасуы, оңтүстік жақтан осы талаптарды қанағаттандырады. Станция жұмысшыларының жүк ауласына қауіпсіз өтуіне ағаш төсемдер жолға төселеді.

Жүк құрылымдары және тартып шығу жолдарының орналасу нұсқалары:

Нұсқа 1 – оңтүстік батыстан;

Нұсқа 2 – оңтүстік шығыстан.

Тапсырма бойынша жобаланатын станцияға оңтүстік батыстан ауыл шаруашылық техникалық кірме жолдары жалғасады. Сол себепті кәсіпорындардың қоймалары кірме жолдар жалғасқан бетке орналасады, сондықтан болашақта 2 нұсқаны қолданған тиімді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет