Жолбарысты жуасыту



Pdf көрінісі
бет14/15
Дата03.03.2017
өлшемі1,34 Mb.
#6932
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

15 тарау
 
Полицияның қара автофургоны  Оксфордшир жазығымен зулап келеді. Менің 
қолдарым кісендеулі еді, сондықтан көліктің темір тормен қоршалған тар бөлігінде тіземді 
құшақтап отыруыма тура келді. Жан дүниемді ұят сезімі өртеп келеді. Мен кімге 
айналдым? Егер Майкл Райт мені қазір көретін болса не ойлайтын еді? 
 
Бір әннің сөздері ойымнан шығар емес. Бұл «Кінәні не шая алады?» гимні еді. Мен 
осы гимннің бір жолының терең мәні туралы ойландым: «Жанды күнәдан тек Исаның 
қаны ғана тазарта алады». Осы гимнді алғысқа толы жүрекпен айтып жүрген сәттерім 
есіме түсті. Осы гимннің сөздерінің шынайылығы жаныма қатты әсер етті. Көздерімнен 
жас парлай жөнелді. Өзімнің бүкіл саналы өмірімді қайта қарап шықтым. Мен бұған 
лайықта болмасам да, Құдай құтқарған және сақтап қалған күнәһар едім. Ал қазір мен 
бәрін жоғалтқан секілдімін. Қазір Құдайдың маған не істегені туралы айта алмай қалдым, 
Иса Мәсіх туралы куәлік айтуға сөз таппаймын. Енді мен қайтадан Құдайдың қаруына 
айналамын деп үміттене алар ма едім? Енді Ол туралы ештеңе айтпауға бел байладым. 
Жеке өз басым Құдайдан ешқашан бас тартпаймын. Мен үшін Ол дәлелдеуді қажет 
етпейтін шындық болатын және солай болып қала береді. Бірақ енді мен Иса Мәсіхтің 
атын атауға лайықты емеспін. 
 
Басымды көтеріп, алдымда отырған өзге тұтқынды көрдім. Автофургондағы 
тұтқындар тек екеуміз ғана едік. Ол қасына үлкен сақина іліп алған тақыр бас жігіт еді. Ол 
маған күлімсіреп қойды. Оның бұл күлкісі «саспа, достым, бәрі жақсы болады» деп 
тұрғандай болды. Ол ештеңе түсінбейтін еді. Мені мазалап келе жатқан түрме емес. Мен 
кез келген түрмеге шыдай аламын. Никосиядан кейін Баллингтонның түрмесі маған 
демалыс үйі секілді болып көрінді. Бірақ менің өз түрмем бар еді. Менің ұят пен күнәға 
батқан ар-ожданым түрмеге қамалды. Өзімді ешқашан дәл осындай жаман сезінген 
емеспін.
 

136 
 
Баллингдон түрмесі алдағы сегіз айға менің үйіме айналуы тиіс болатын. Түрмеге 
кірер кездегі барлық шараларды өте жайбарақат өткіздім. Тінту, суретке түсіру, саусақ 
таңбаларын алу... Мұның барлығы маған өте таныс болатын. Никосиядан айырмашылығы, 
бұл жер жарық екен және ешқандай жағымсыз иіс жоқ. 
 
Мен екі тұтқын отырған камераға түстім. Түрмешілер маған бұл жердегі тәртіпті 
түсіндіріп жатқан кезде тұтқындар оларға өз шағымдарын айтып үлгерді.
 

 
Камера емес, қоқыс тастайтын шұңқыр, – деді олардың бірі боқтанып. – Бізге 
теледидарды қашан әкеледі? Уәде еткендеріне жарты ай болды!
 
Оларға жыным келді. Сірә, олар өздерін демалыста жүрміз деп есептейді. 
Никосияның қасында бұл жерді балалар бақшасы деуге болады. Блокпен өтіп келе жатып 
тұтқындардың бильярд, үстел теннисін ойнап жатқандарын көрдім. Мұнда компьютерлер, 
теледидарлар, қысқасы, қажеттінің бәрі бар екен. Мен өз төсегіме шығып жаттым. Ол 
онша кең емес екен, бірақ оның есесіне мұнда қалың көрпе мен жамылғы бар екен және 
олардың бәрі тап-таза. 
 
Сара мен Этан жайлы ойлауға батылым бармады. Сірә, Сара қазір мені жек көріп 
жүрген болар. Оған істеген нәрсем үшін мен де өз-өзімнен жиренемін. Оған күйеу болып 
жетістірмедім. Бұл менің баламның бүкіл өміріне қара дақ болатын шығар. 
 
Сара маған күн сайын дерлік хат жазып тұрды. Киелі кітабымды және басқа да 
бірнеше кітаптар жіберді. Хаттарында Сара маған жігер беретін сөздер жазатын, бірақ 
оған жақсы болу үшін онымен кездесуді қаламайтынмын. Үкім бойынша ол жергілікті 
қайырымдылықпен айналысатын дүкенде жұмыс істей бастады. Әрине, баламен жалғыз 
қалған оған ауыр болды, бірақ ол ешқашан шағымданған емес. Этанмен бірге ол әзірше 
ата-анасының үйінде тұрып жатты және арзан пәтер іздестіріп жүрді. Бұл оңай шаруа емес 
еді. Мен түрмеде отырғандықтан, үкімет оған жақсы жәрдемақы төлеп тұрды, бірақ жақын 
маңдағы пәтерлерді жалдауға оның шамасы келмейтін еді. Мен Эссекстегі алғашқы 
жылдары өзіміз жұмыс жасаған бірнеше отбасын есіме алдым және Сара мен Этанға да 
соларға ұқсап қиыр шеттен жалғыз бөлме жалдауға тура келе ме деп қорықтым. 
 
Күндер өте берді, бірақ өз ойларыма беріліп кеткен мен ізгі хабар айту туралы 
ойламадым да. Өзімді «үлгілі» ұстағаным үшін мені жеке камераға ауыстырды. Енді мен 
аз да болса тыныштықтың рахатын көре бастадым. Аз да болса дейтін себебім, 
Баллингдонде ешқашан тыныш болып көрген емес. Әсіресе дәстүрлі емес сексуалдық 
бағытты ұстанатын тұтқындарды негізгі блокка шығарған кезде қиын болатын. Бұл 
аптасына екі рет болатын. Ол кезде өзге тұтқындарды камераларына құлыптап тастайды. 
Әлгі тұтқындарды түрмедегілердің бәрі жек көретін еді. Олар жас балаларды жыныстық 
қатынасқа мәжбүрлеушілер болатын. Әрине, өзге тұтқындарға мұның бәрі ұнамайтын. 
Олардың шуларынан менің құлағым бітеліп қалатын еді. Тұтқындар өз камераларының 
есіктерін тоқпақтап, бар дауыстарымен айқайлайтын, көбірек шу көтеріп, сол арқылы 
өздерінің оларды қаншалықты жек көретіндерін көрсету үшін қолдарына түскеннің бәрін 
шағатын. 
 

 
Шіркін, осы сұмырайлардың бірімен жеке кездесуге мүмкіндік берсе ғой, – деді 
Ленни қызбалана жұдырығымен алақанын соғып. 
 

 
Бұрын мен туралы да осылай дейтін, – дедім мен.
 

 
Жоқ, сен ол оңбағандар секілді емессің.
 

 
Ұқсаймын.
 

137 
 
Жалпы алғанда, мен Леннимен келісетін едім. Осы адамдар мен өз ұлым туралы 
ойлаған кезде аза бойым қаза болады. Мұндай адамдарға деген жеккөрініш маған түсінікті 
еді. Бірақ, екінші жағынан алып қарағанда мен және өзге тұтқындар олардан қаншалықты 
артықпыз? 
 
Мұндай көзқараспен келісу қиын, бірақ мен «... бәрі де күнә жасап, Құдайдың 
өздеріне белгілеген ұлылығынан құр алақан қалды» дейтін киелікітаптық ілімді білетін 
едім. Осы сәтте Майкл Райттың күнәні әппақ көйлекке жұққан бір тамшы сиямен теңеген 
сөздері есіме түсті. Бір ғана тамшы сия – кішкентай, зиянсыз өтірік – көйлекке тамған 
кезде, көйлек енді таза деп саналмайды. Ол ластанды. Мұндай көйлекті суға салатын 
болсаң, сия жайылып, үлкен даққа айналады. Мен өз жаным туралы ойладым. Қазір онда 
үлкен қара дақ бар ғой!
 
Камераның темір торларына қарап отырып, ойша Кипр түрмесіне оралдым және 
Майклдің кейбір кеңестерін есіме алдым. «Бұл дүние күнәні ешқашан жеңе алмайды», – 
деді ол бірде. Ол кезде біз кездесу бөлмесінде отырған болатынбыз. 
 

 
Біз күнәнің дәрежесін шамасын айқындауға тырысамыз және өзімізден 
жаманырақ деп есептегендерімізді қамап тастаймыз. – Майкл алға қарай 
ұсымынып, енді ақырынырақ сөйлей бастады. – Өзіне-өзі әділірек болып көріну 
үшін қоғам өзінің жауыздығын осындай мекемелерге жасырады, Тони, – деді 
ол. – Бірақ Құдай бір күнәһарлар мен екінші күнәһарлардың арасынан ешқандай 
айырмашылықты көрмейді. 
 

 
Барлығымыздың да бірімізден-біріміз өткен күнәһарлар екенімізге қарамастан, 
билік пен айналамыздағы адамдардың бізге қоқыс үйіндісіне қарағандай 
қарайтындарына күмәнім жоқ, – дедім мен оны қолдап. 
 

 
Иә, Тони. Құдайдың көз алдында біз дәл осылаймыз. Біз кез келгеніміз, мейлі, 
ол – қылмыскер немесе қылмыскер болмасын, Құдайдың алдында күнәһар және 
сондықтан Одан ажырап қалғанбыз. 
 

 
Бірақ кейіннен Иса келді ғой?
 

 
Сен ең бастысын түсіндің, – деді Майкл күлімсіреп. – Мәсіх Ғолғотада өлген 
кезде, Ол бүкіл дүниенің күнәсін Өзінің мойнына алды, өткендегі, қазіргі және 
болашақтағы күнәлардың бар ауыртпашылығын көтерді. Тек Исаның осы 
ерлігінің арқасында ғана біз кешірім алудан үміттене аламыз. Бізге 
күнәларымыз үшін өзіміз лайықты құн төлеудің немесе түрмеге отырып 
шығудың қажеті жоқ. Бәрі үшін Иса құн төледі. 
 
Майклдың өзінің ирландтық сөйлеу мәнерімен бұл туралы қалай қызбалана 
айтқанын есіме алып күлімсіреп қойдым. 
 

 
Дәл осы себептен қазір сен мен секілді азат адамсың, Тони, – деді Тони 
күлімсіреп. Ол менің өзін жақсы түсінетінімді білді. 
 
Сол кезде маған бәрі үлкен мағынаға толы секілді болып көрінді. Бір қызығы, 
мәсіхші болу кейін, еркіндікке шыққан кездегіден гөрі, Кипр түрмесінде оңайырақ болды. 
Ол кездегі менің бар қалайтыным – бұл маңайымдағыларға Мәсіх туралы әңгімелеу еді. 
Ал бұл тілегім қашан өзгеріске ұшырады? 
 
Бірде, камерамда Киелі кітапты оқып отырған кезімде маған Даррен Браун келді. 
Бұл Баллингдон түрмесіне менімен бірге жеткізілген жігіттің дәл өзі болатын. Мен дереу 
Киелі кітабымды жастықтың астына жасыра қойдым. 
 

 
Сен не оқып отырсың? – деп сұрады ол.
 

138 
 

 
Ерекше ештеңе емес, – деп жауап бердім мен құлықсыз.
 
Ол туралы айтқым келген жоқ. Даррен менің төсегіме жайғасып отырды. 
 

 
«Ерекше ештеңе емес» деген не? – деп сұрады ол. – Анайы суреттері бар кітап 
немесе соған ұқсас бір нәрсе ме?
 
Оның бұл сөзі менің ашуыма тиіп кетті.
 

 
Шын мәнінде бұл Киелі кітап, мен жай ғана Киелі кітапты оқып отырмын, – 
деді біршама дөрекі үнмен.
 

 
К-и-е-л-і к-і-т-а-п? – деді Даррен дауысын созып. – Сен не, діндарсың ба? Әлгі, 
қалай еді... мәсіхшілердің бірісің бе?
 

 
Жоқ, мен енді мәсіхші емеспін... Мен түрмеде отырмын.
 

 
Қойшы, бауырым, бәрі де қателік жасайды.
 

 
Бірақ мұны мен үнемі есімде ұстауға тиіс едім.
 

 
Киелі кітабыңнан не оқыдың? Қызық па, өзі? – Даррен маған сұрақтарды 
жаудыра бастады. 
 
Мен одан әрмен ашуландым. Ол неге мені жайыма қалдырмайды?
 

 
Шаруаң қанша? – дедім мен. – Бұл туралы сенімен сөйлескім келмейді.
 

 
Жарайды, ашуланба. Мен жай ғана сұрадым... – деді ол орнынан тұрып жатып.
 
Оған бекерден бекер тиіскенім басыма енді жетті. 
 

 
Жарайды, – дедім құлықсыз, – мен қазір ғана Жохан жазған ізгі хабардан 
өзімнің сүйікті аятымды оқыдым. Сегізінші тараудың отыз алтыншы аяты, онда 
мені азат еткен Иса жайында айтылады. 
 
Наразылығым дауысымнан әлі де білініп тұрған еді және Даррен мұны жақсы 
түсінді. Кетіп бара жатып ол маған былай деді:
 

 
Сабаңа түскен кезде теннис оайнауға кел, жарай ма?
 
Ол шығып кетті, ал мен торыға жұдырығымды түйдім. Менің сенімім... Ол туралы 
ешкіммен сөйлескім келмеді. 
 
Арада үш күн өткенде Даррен тағы да қонаққа келді. Екі езуі екі құлағына жете 
күлімдеген ол бұл жолы төсектің жиегіне тізе бүкті.
 

 
Не болғанын ешқашан таба алмайсың, бауырым!
 

 
Не жайында айтып тұрсың? – дедім мен күліп. Оның қуақы жымиысы менің 
қызығушылығымды тудырды.
 

 
Өткен жолы сенен кете салысыммен үлкен қолайсыздыққа тап болдым. 
 

 
Не болды?
 

 
Киелі кітап алу үшін мен бірден түрме шіркеуіне бардым. Сен Киелі кітаптан не 
оқығаныңды айтпай қойдың ғой, сондықтан оны өзімнің оқығым келді, – деді 
ол. 
 
Мен иегімді сипалап отырып оған мұқият қарадым. Қызық, ол не айтады екен? 
Даррен сөзін жалғады:
 

 
Мен діни қызметкерден Киелі кітап беруін өтіндім. Ал ол болса мен Киелі 
кітапты шылым орау үшін сұрап тұр деп ойлаған болуы керек. Әрине, ол маған 
ештеңе берген жоқ, бірақ ол теріс айналған кезде мен Киелі кітапты лып еткізіп 
ұрлап алып, кеудешемнің ішіне салып қойдым. 
 

 
Тек содан соң мені ұстап алды деп айта көрмеші.
 

 
Иә, мені үсті-басымды тінтті де, Киелі кітапты тауып алғаннан кейін бір 
тәулікке карцерге қамап қойды. 
 

139 
 

 
Ал керек болса!
 

 
Бірақ та ең қызығы, олар бәрін тауып алған жоқ! Тағы бір Киелі кітапты мен 
шалбарымның ішіне салып алған болатынмын, – деді ол көздері жайнап. 
 
Бұған күлмеу мүмкін емес еді. 
 

 
Сондықтан карцерде ішім пысқан жоқ, – деді ол. – Менің сен одан сен айтқан 
орынды тапқым келді. Бірақ оны қайдан іздерімді білмедім. Сенің кім туралы 
айтқаныңды есіме түсіруге тырыстым. Себебі мен Киелі кітапты бұрын 
ешқашан қолыма ұстап көрмеген болатынмын. Жақып па еді, Жохан ба еді, 
әлде, Джек пе еді...
 

 
Ол Жохан жазған ізгі хабар болатын, – дедім мен.
 

 
Қазір оны өзім де білемін, – деді Даррен күлімдеп. – Мен көрші камераның 
қабырғасын тықылдаттым:
 
«Әй, бауырым, сен Киелі кітаптан бір нәрсе білесің бе?» Ал ол маған былай деп 
жауап берді: «Иә, мен мәсіхшімін. Ал сенің не жайында білгің келеді?» Мен оған сенің 
өзіңді азат еткен Иса жайында айтқаныңды айтып бердім, сонда ол маған: «Жохан жазған 
ізгі хабарды қара», – деді. Мен кітаптың мазмұнына қарадым да, әлгі тарауды басынан 
бастап оқи бастадым. Басқа істейтін ісім де жоқ еді. Жиырма төрт сағат бойы төбеге 
түкіріп жатпаймын ғой, – деді Даррен күліп. Алғашында мен ештеңе де түсмінбедім, 
Тони. Әуел баста Сөз болатын, Сөз Құдайда болатын, Сөз Құдай еді... Құдды бір 
жаңылтпаш дерсің. Бірақ содан кейін түсінікті бола бастады... Иса суды шарапқа 
айналдырды және онда тағы біреу болды... әлгі... құдық басындағы самариялық әйел... 
Бірақ ол әйелдің күйеулерінің көп болғанын Исаның қайдан біліп қойғаны түсініксіз. 
Қызық қой, солай емес пе? 
 

 
Қызық болғанда қандай, – деп келістім мен жайбарақат, – бұл шынымен де 
қызық. 
 

 
Осылайша мен бүкіл кітапты оқып шықтым. Сен айтқан орынды да таптым, – 
«Сонымен егер Құдайдың рухани Ұлы сендерді азаттыққа жеткізсе, шынымен 
азат боласыңдар». Мен кітапты оқи бердім, оқи бердім, ал содан соң ойлана 
бастадым. 
 
Даррен менің пікірімді білгісі келгендей кідіріп қалды.
 

 
Мен түсінген секілдімін, достым. Мен бұл орынды шынымен де түсіндім, – деді 
ол. – Мен Иса туралы оқып шықтым және Оған сенім арттым. Тіпті, кеше 
кешкісін Онымен сөйлестім де. Сонда, енді мен – мәсіхшімін бе?
 
Аң-таң болған мен қаққан қазықтай болып тұрып қалдым. Мен Дарренді қуып 
жіберу үшін мүмкін болғанның бәрін жасадым, бірақ қарсыласқаныма қарамастан, Құдай 
мені Өзінің қаруы еткенді қалайтынын көрсетті. Ол маған: «Міне, қазір сен қайғырып, 
әлсіз болып жүрсің және Мен сен арқылы өз істерімді атқара аламын», – деп тұрғандай 
болды. 
 
Дарреннің:
 

 
Сен жылап тұрсың ба, бауырым? – деген үні ойымды бөліп жіберді. 
 
Мен асығыс дымқылданған көздерімді сүрттім. Оған тіпті не айтарымды да 
білмедім, бірақ оның сөйлескісі келді. Сөйтіп біз ұйықтайтын уақыт болғанша 
әңгімелестік. Даррен өзі туралы айтты. Ол Жетім өсіпті. Оны әр отбасы бір асырап алып 
жүріпті, ал өскен кезінде оның полициямен қиындықтары басталған. Түрме оның туған 

140 
 
үйіне айналған. Бұл оның осында бірінші рет отыруы емес екен. Бұл жолы оны құрбысын 
бір жігіттен қызғанып, оның басынан шөлмекпен ұрып жарып жібергені үшін соттапты. 
 

 
Осыдан кейін құрбым мені тастап кетті, – деді Даррен, – және қазір сонымен 
көңіл көтеріп жүргенге ұқсайды.
 

 
Кел, осы туралы мінажат етейік, – деп ұсындым мен.
 
Даррен қатты толқыды. Менімен бірге мінажат ету ол үшін қиын шаруа еді.
 

 
Мен қалай мінажат ету керектігін білмеймін, – деді ол. 
 
Мен басымды идім де, жаңа ғана Дарреннің маған сөйлегеніндей Құдаймен сөйлесе 
бастадым. Осыдан кейін Даррен екеуміз көп күндерімізді бірге өткіздік. Ол менен бірге 
мінажат етуді жиі өтінетін. Біз  
Киелі кітапты оқып үйрене бастадық. Мен Никосиядағы достарыммен өзімді осылай 
ұстайтынмын. 
 
Дарреннің өмірі оңай емес болатын. Ол есірткіге тәуелді еді. Ал түрмеде есірткі 
табудың еш қиындығы жоқ болатын. Тексерулер жиі жүріп тұратынына қарамастан 
түрмедегілердің көпшілігі есірткі қолданатын. Қандарынан есірткі табылған жағдайда 
нашақорлар рақымшылыққа ілігу, мерзімінен ерте босап шығу құқықтарынан 
айырылатын және тіпті қайтадан сотталып жататын. Бұл көптеген тұтқындардың өмір 
салттарына айналып кеткен. Даррен өзінің осы тәуелділігінен шын мәнінде азап шегетін. 
Гашиш оның миын кептіре бастаған. Нашаны он екі жасынан бастап шеге бастаған ол 
қазір күйзеліске ұшырап, көзіне қос көрінетін болған. Мен оны нашаны тастауға үгіттеп, 
есірткі сатқыштардан аулақ ұстауға тырыстым және оның сауығуы үшін мінажат еттім. 
Кейде ол бірнеше апта қатарынан есірткі қабылдамай жүретін. Бұл ол үшін үлкен табыс 
болатын. Мен оған көмектесуге барынша тырыстым. Себебі мені Құдаймен тиісті қарым-
қатынас жасауға қайта алып келген адам дәл сол еді. 
 
Онымен араласа жүріп мен Ізгі хабарды құпия ұстауға ешқандай құқымның жоқ 
екенін түсіндім. Маған Құдайдың мен арқылы әрекет жасауына ерік беру қажет еді. 
Мұның сыртында, мен бәрінің өз уақытында іске асуы тиіс екенін түсіндім. Енді ешқандай 
кең көлемдегі ізгі хабар тарату жұмысын жүргізудің қажеті жоқ. Өзіме, өз күшіме сенім 
арту да қажет емес. Мен басымды төмен салып, Құдайдың алдында тәубеге келуге тиіс 
едім. Менің мінажатым өмірім түбегейлі өзгеруі тиіс. Мен бұрын мінажатқа тиісті 
дәрежеде көңіл аудармағанымды түсіндім. Мұндай қызметке менің үнемі қолым жетпей, 
уақытым болмай жүрді. Мінажаттарым қалауларымның тізімін еске салатын. Мен оларды 
Құдайға қойып, содан кейін олардың орындалуын күтетінмін. Бір қызығы, осы уақыттың 
бәрінде Құдай менің тоқтап, жай ғана Оның қатысуында болғанымды қалады. Мен 
бәрінен де Құдайды тыңдап, уақытымды Онымен бірге өткізуге мұқтаж болғанымды енді 
түсіндім. 
 
Мен ұстараны алып, қағаздан айқыш ойып алдым да, оған өзендері, ағаштары мен 
шөптері бар таудың көрінісінің суретін салдым. Содан соң тіс шаятын пастамен оны 
терезенің әйнегіне жапсырып қойдым. Менің камерам бірінші қабатта болатын және оның 
терезесі тұтқындар жұмыс істейтін ішкі аула жақта болатын. Мен камерамды өте таза 
және жинақы ұстадым. Бұл ізгі хабар айтудың бәсең, қарапайым түрі еді. Тұтқындармен 
өзімде бардың бәрін бөлісуге серт бердім және олардың әрқайсымен ашық, достық 
көңілде болдым.
 
Біртіндеп адамдар менен кеңес сұрап келе бастады. Тұтқындарға да, түрмешілер 
мен түрме басшыларына да өзім туралы әңгімелеу оңай болды. Менің Баллингдонге қалай 

141 
 
келгенім туралы естігенде олардың көпшілігі қатты таңданатын. Олар жолда болған жай 
ғана бақытсыз жағдайдың осындай үкім шығаруға қалайша негіз болғанын түсінбейтін 
еді. Мені жиі «кінәсіз зардап шегуші» деп атайтын. Бұл менің мәсіхші екендігіме 
қарамастан қателіктер жасауға қабілетті екенімді мойындауыма жиі мүмкіндік беріп 
отыратын.
 

 
Менің ойымша, бұл нағыз менің орным, – дейтінмін мен. – Осында келуіме 
кезекті сабақ беру үшін Құдай жол берді. 
 
Арада көп өтпей бәрі мені «бағушы», ал кейде «үміт сатушы» (түрмедегі «есірткі 
сатушыларға» қарама-қайшы) деп атай бастады.
 
Қырық минутқа созылатын ауладағы күнделікті таңертеңгілік жаттығу кезінде мен 
Мәсіх туралы куәлік айтуға мүмкіндік алатынмын. Бірде адам өлтіргені үшін жазасын 
өтеп жатқан Найджел Питерс жаныма келді. Ол жасы отыздар шамасындағы тақыр бас, 
таза қырынып жүретін адам болатын. Ол ешқашан шылым шекпейтін және күнделікті 
жүгірудің арқасында өз денесін жақсы қалыпта ұстайтын. Біз асықпай қатарласа жүріп, 
бір-бірімізге өз өміріміз жайлы әңгімеледік.
 

 
Мен сенің өзгелерге ұқсамайтыныңды байқадым, – деді ол. – Өзгелердің бәрі 
жасаған қылмыстарын айтып мақтанып жатады. Ал менің естуім бойынша сен 
тек Құдай туралы ғана айтасың. 
 
Мен оған қарап жай ғана күлімсіреп қойдым. 
 
Екі күннен кейін мен жаттығу залынан шығып келе жатқан Найджелмен кездесіп 
қалдым. Оның бетінен тер моншақтап ағып тұр. 
 

 
Қалай, жақсы жаттықтың ба? – деп сұрадым мен одан.
 

 
Шынымды айтсам, бәрінен шаршадым, – деп жауап берді ол. Маған ол 
шынымен де шаршаулы және көңілсіз болып көрінді. 
 

 
Менің түрмеде отырғаныма он төрт жыл болды, Тони. Қажетсіз жерге ешқашан 
басымды сұқпайтынмын. Ал енді менің кімге айналғанымды қарашы.
 
Нейджелді Баллингдонге жақында ғана өзге түрмеден әкелген болатын. Ол жердің 
тәртібі мұндағыға қарағанда босаңдау болыпты. Онда ол аптасына бір рет демалыс алып 
тұрыпты, бірақ кейін блогындағы нашақорлармен болған қолайсыздықтардың кесірінен 
жеңілдіктерінен айырылыпты. 
 

 
Бірде кешкісін солардың бірімен сөйлесе қалып едім, бітті – бар 
жеңілдіктерімнен айырылдым, – деді ол. – Сонда жынданып кете жаздадым. 
Сондықтан мені осында ауыстырды. Мерзімім біткенше демалыс алудан еш 
үміт жоқ, ал бұл әлі үш жарым жыл ешқайда шықпай қамалып отыру дегенді 
білдіреді. 
 
Біз біраз уақыт үнсіз жүрдік. 
 
Кенет ол күтпеген жерден:
 

 
Осындай нәрселер болып жатқан кезде дүниеде Құдай бар деп қалай айтуға 
болады? – деді.
 
Мен біраз ойланып тұрдым да, содан соң:
 

 
Кел, мен саған бір астарлы әңгіме айтып берейін, – дедім.
 

 
Жарайды, айт, тыңдайын.
 

 
Бір кеме су асты тастарына ұрынып, апатқа ұшырайды. Кемедегі адамдардың 
ішінен тек біреуі ғана аман қалады. Ол қандай да бір жолдармен адам тіршілік 
етпейтін аралға кез келеді және өзінің қандай қиын жағдайға тап болғанын тек 

142 
 
сонда ғана түсінеді. Сонда ол Құдайға жалбарына мінажат етеді, бірақ ештеңе 
болмайды.
 

 
Егер ешқандай Құдай жоқ болса, ол нені күтеді? – деді Нейджел менің сөзімді 
бөліп. 
 

 
Сонда ол күн мен жауыннан қорғану үшін лашық жасап алады, – дедім мен 
әңгімемді жалғастырып. – Бірде азық іздеп кеткен ол қайтып оралған кезде 
лашығының өртеніп жатқанын көреді. Түсте күн қатты қызған кезде шатырын 
жапқан сабан тұтанып кетсе керек. Бейшара адам жанып жатқан соңғы үмітіне 
қарап тұрған ол қатты қапаланады. «Құдайым-ау, бұған қалайша жол бердің?» – 
дейді ол көкке қарата жұдырығын түйіп. Сол түні суықтан және үрейден 
қалшылдаған күйі ағаш астына түнеп шығады. Таңертең ол адамдардың 
дауысынан оянып кетеді. «Мені қалай таптыңдар?» – деп сұрайды ол таңданып. 
«Біз түтінмен берілген белгіні көрдік», – деп жауап береді әлгілер. 
 
Мен әңгімемді аяқтаған кезде Нейджел тек мырс етіп қана қойды. 
 

 
Кейде Құдайдың сүйіспеншілігі бізге Оның жек көргені сияқты болып көрінеді, 
– дедім мен. – Біз Оның өз өмірімізде кейбір жаман жағдайлардың болуына неге 
жол беретінін үнемі түсіне бермейміз. Оның мені неге осы түрмеге түсетіндей 
етіп жасап қойғанын мен де түсіне алмадым. Өзіңнің жеңілдіктеріңнен неге 
айырылып қалғаныңды қазір сен де түсінбей тұрсың. Бірақ та маған сенің соңғы 
үмітің – бұл сенің түтінмен берілген белгің секілді болып көрінеді.
 

 
Мүмкін, мүмкін... – деп жауап берді Нейджел.
 

 
Тыңда, Киелі кітаптағы Римдіктерге жолдаудың сегізінші тарауының жиырма 
сегізінші аятында мынандай сөздер бар: «Тағы да мынаны білеміз: барлық 
жағдайларда Құдай Өзін сүйетіндердің игілігі үшін әрекет етеді, себебі Ол бізді 
өз мақсатына сай таңдап алды». Яғни, Құдайды сүйетін адамдардың 
өмірлерінде болып жатқан нәрселердің бәрі олардың пайдасына қызмет етеді. 
Егер сен Иса Мәсіхке сенім артатын болсаң, қазір басыңа түскен ауыр 
жағдайдың өзінде сен зиян шекпейсің. Осы жағдайлар, дәл осы қазір Құдай 
сенің пайдаң үшін әрекет етіп жатыр. 
 
Нейджел қалшиып тұрып қалды. Маған бұл сөздер оның жүрегіне қозғау салып 
кеткендей болып көрінді. 
 

 
Ол сені жақсы көреді, Нейджел, Ол сенің қамыңды өз баласының қамын 
ойлағандай ойлайды. 
 
Нейджел маған қарап:
 

 
Астарлы әңгімең үшін рахмет, – деді де, ақырын басып бұрылып кетті. 
 
Келесі күні ішкі ауламен келе жатқан кезімде Нейджел артымнан қуып жетті. 
 

 
Тони, кешегі сен айтқан астарлы әңгіме ойымнан кетер емес, – деді ол. – 
Өзіммен ештеңе істей алар емеспін. Өзіңнің Құдайың туралы тағы да айтып 
берші.
 
Мен Мәсіх және Оның Ізгі хабары туралы куәлік айттым, бірақ мен оған тек 
құтқарылу туралы айтып қана қоймауға тиіс екенімді жақсы түсінетін едім. Мен 
мәсіхшілік өмірдің қиындықтары туралы өте жақсы білетінмін. 
 

 
Құдай сені азаптарыңнан арылтпайды, – дедім мен Нейджелге. – Бірақ Ол сені 
дәл осы қайғы-қасірет кезінде жақсарта алады. Жағдайы жақсы болып тұрған 
кезде адамның Құдайға үміт арта қоймайтынын мен өз өмірімнен жақсы 

143 
 
білемін. Мен мұны үлкен қиындықпен түсіндім, Найджел, бірақ бәрібір Оның 
мені осында алып, келіп, осы шындықты түсіндіргені үшін Құдайға күн сайын 
алғысымды айтамын. 
 

 
Менің бойымда сенімнің бар екеніне күмәндімін, Тони...
 

 
Күмәнданба, достым, – дедім мен оған қарсы болып. – Тыңда. Сен бүгін 
таңертең ұйқыңнан ояндың. Ауамен тыныстадың және немен тыныстап 
жатқаның туралы ойлаған да жоқсың. Біз ауаны көре алмаймыз! – Найджел 
күлімсіреп қойды, ал мен әңгімемді әрі қарай жалғадым. – Орындыққа отырар 
кезде сен оны айналдырып қарап, оның өзіңді көтере алатынын тексеріп 
жатпайсың ғой. Жоқ, сен олай істемейсің. – Осы тұста Найджел күліп жіберді. – 
Құдаймен де дәл осылай, – дедім Найджелдің көздеріне тура қарап. – Ол 
осында, саған тек осыған сену қажет. 
 
Найджел көздерін көкке тігіп отырып қалды. 
 

 
Бірде бір балақай аспанға қағаздан жасалған жыланды ұшырды, – дедім мен 
оған. – Күн бұлыңғыр болатын. Оның жанына атасы келіп: «Мұнда не істеп 
жүрсің?» – деп сұрады. «Қағаздан жасалған жылан ұшырып тұрмын». «Мен 
ешқандай жылан көріп тұрған жоқпын», – деді атасы оның қытығына тимек 
болып. Басын жоғары көтерген бала да оны көре алмады. Азырақ ойланып 
қалған бала атасына былай деді: «Иә, сен дұрыс айтасың. Жылан көрінбейді, 
бірақ ол анық сонда. Мен оның сонда екеніне сенімдімін. Себебі мен жіптің 
қалай тартылып жатқанын сезіп тұрмын ғой». – Найджел, егер сен Мәсіхке 
сенім артатын болсаң, онда Онымен осы байланысты сезінетін боласың. 
 
Сол күні кешкісін Найджелге хат жаздым. Онда мен серуен кезінде оған 
айтқандарымның бәрін жаздым және Киелі кітаптан аяттар қосып, оған көмегін тигізе 
алатын тұстарын оқуға кеңес бердім. Менің хатымды алғаннан кейін арада көп өтпей 
Исаға деген берік сенімге ие болды. Мен Баллингдон түрмесінен босап шыққаннан кейін 
оны Челмсфордке ауыстырды. Мен оған сонда әлі күнге дейін барып тұрамын. 
 
Тұтқындардың ішіндегі ең бірбеткейлері Балла мен Фергюсон болатын. Бірақ арада 
көп өтпей-ақ олар да ішкі аулада бізбен бірге серуендейтін болды. Балла Лондонның ең 
кедей батыс бөлігінен шыққан еді. Ол өте қайратты жігіт болатын. Сыртынан қарағанда 
оның мойны жоқ секілді болып көрінетін. Құдды бір ауыр салмақты боксшы дерсің! 
Еркіндікте жүрген кезінде ол қарыздарды қайтарумен айналысатын агент болып істеген, 
ал түрмеге өзге ұлт өкілдеріне қатігездік көрсеткені үшін түскен. Оның бүкіл отбасы 
фашистік идеяға көзсіз сенетін. Бұл әдеті оған ана сүтімен сіңді десе де болады. 
 
Балламен ешкімнің байлнаысқысы келмейтін, сондықтан оған ешкім 
қолайсыздықтар туғызған жоқ. Есесіне бәріне, әсіресе қара түстілер мен аралас қанды 
тұтқындарға ол күн көрсетпейтін. Оған тоқтау салуға тырысқан түрме қызметшілерінің 
бірі оған менің құжаттарымнан кейбір мәліметтерді жеткізеді. Бұл құпия ұсталуға тиісті 
ақпарат, бірақ түрме қызметкерлері өз пайдалары үшін оларды жиі өздері таратып 
отырады. Олар менің кун-фудан үш дүркін әлем чемпионы болғанымды білетін және олар 
Халықаралық полицядан мен туралы мәліметтер ала алатын.
 

 
Мұнда оны Бағушы деп атайды, бірақ бұл жігіт бүкіл дүние жүзіне әйгілі. Ол 
сенің мойныңды жалаңаш қолымен-ақ бұрай салады, – дейді әлгі қызметкер 
Баллаға. 
 

144 
 
Балла мені көруге құмартады. Сірә, оған менің таза қанда ақ нәсіл еместігім маза 
бермесе керек. Бұған қоса оның кун-фу туралы көбірек білгісі келеді. Менің өткенім 
туралы сыбыстар түрмеге лезде тарап кетті. Мен өмірімнің бұл бөлшегі туралы айтқанды 
ұнатпайтынмын, бірақ тұтқындардың көпшілігі, әсіресе Балла секілді дүлейлер мені осы 
үшін құрметтейтін. Сірә, олар мен секілді адам неге өз тамағымен бөліседі, өзге 
тұтқындардың хат жазуларына көмектеседі және неге тілек білдірген әркіммен бірлесіп 
мінажат етеді деп таңданатын болса керек. 
 

 
Қара, мен кун-фуды үйреніп алған секілдімін, – деді ол бірде аула ішінде 
серуендеп жүрген кезімізде маған соқтығып. Сөйтті де ол аяқ-қолдарын сермеп, 
соққылар жасаған түр көрсете бастады. 
 

 
Несі бар, Будда маған ұнайды. Мен аса діншіл емеспін... бірақ сен үшін оның 
өте маңызды екенін білемін. Менің де мұнымен жақын танысқым келеді – 
буддизм бе еді, әлде, шамандық па?
 
Мен тоқтап, оның көздеріне тура қарап:
 

 
Иә, сен ең бастысын аңғара біліпсің, достым, – дедім нық үнмен.
 
Балла аздап сасып қалды.
 

 
Сенің айтып тұрғаның тұманды нәрсе, өзге ештеңе де емес! Діннен ешқандай 
пайда жоқ. Өңшең өтірік.
 

 
Сабаңа түс, Тони.
 

 
Жоқ, маған құлақ сал. Таразының бір басында Құдайға деген сенім, ал екінші 
басында – әлемнің бүкіл діндері. Мен жалғыз Жаратушы Құдайға және Оның 
Ұлы – Иса Мәсіхке сенемін. Өзі туралы тек Иса ғана: «Жол, шындық және 
шынайы өмір Менмін. Мен арқылы болмаса, ешкім де Әкеге бара алмайды», – 
дейді. 
 

 
О-о, бұл аздап тәкаппарлау естіледі екен!
 

 
Бұл тәкаппарлық емес, шындық. Киелі кітапта, Қорынттықтарға бірінші 
жолдаудың сегізінші тарау, алтыншы аятында бәрінің бастауы бізге бәрін 
беретін Құдай Әке және Иеміз Иса Мәсіх екендігі жайында айтылады. Балла, 
сен шындықпен таласуға және оны адамдар ойлап тапқан ілімдермен 
араластырып, бұрмалауға тиіс емессің. 
 
Біз қайтадан қатарласа жүрдік. Бір кезде Балла:
 

 
«Миллуолл» мен үшін қандай болса, сенімің сен үшін дәл сондай екен, – деді. 
 

 
Не жайында айтып тұрсың, Балла?
 

 
Тыңда, «Миллуолл» - ең мықты команда, солай ма? Жалғыз және қайталанбас 
команда. Ал өзгелері – жәй, болмашы нәрселер.
 

 
Жалғастыра бер, – дедім мен. – Не айтады екенсің, естиік.
 

 
Сен үшін бұл сeнің сенімің және Исаң. Ал мен үшін – «Миллуолл» футбол 
клубы. Түсіндің бе?
 
Уақытымды бекерге өткізіп жатырмын деп ойладым, бірақ онымен бірге мен де 
күлдім. 
 

 
Жоқ, жоқ, сен ештеңе түсінбедің...
 

 
Нені түсінбедім?
 

 
Мен үшін Иса ермек немесе пайда әкелетін іс емес. Мені Исаға сенің футболға 
немесе өзге біреудің шахматқа, не биге берілгені секілді берілген деп айтуға 
болмайды... Мен үшін Иса – бәрі. Ол жақсы дос қана емес. Ол – менің өмірімнің 

145 
 
негізі. Ол – өмірдің өзі. Мұның қабылдау немесе қабылдамау – сенің шаруаң, 
бірақ бұл солай. Аспанның көк екеніне, ағаштардың – жасыл екеніне қалай 
сенімді болсам, бұған да дәл солай сенімдімін. Бұл ойымнан мені ешкім немесе 
ештеңе де айныта алмайды. Бірақ мен мұны басқалардың да білгендерін 
қалаймын. Бұл өмір мен өлімнің мәселесі. 
 

 
Сенің сүйікті тақырыбыңды тауып алғаныңды көріп тұрмын! Солай-ақ болсын, 
сен бұған сенесің, бірақ бұл сенің сенімің. 
 

 
Менің ғана емес, сенімге қадам жасап, өздері үшін шындықты ашқан 
миллиондаған өзге де адамдардың сенімдері.
 

 
Иә, бірақ олардың ішінде мен жоқпын...
 

 
Жарайды. Сен достарыңмен бірге бір дәмханада үлкен футбол жарысын 
тамашалап отырсың дейік. Төреші айып добын белгіледі, бірақ дәл осы сәтте 
сенің дәретханаға барғың келіп кетті. Сен шығып кетуге мәжбүр болдың, ал бұл 
арада қақпаға соққы жасалды және сендердің қақпашыларың допты ұстап алды. 
Сен жүгіріп келген кезде достарың айқайлап, бір-бірлерін құшақтап қуанысып 
жатты. Олар жаңағы соққыны және қақпашының допты қалай қақшып алғанын 
көрді. Бұл өте тамаша көрініс болды. Ондайды сен ешқашан көрген емессің. 
Қақпашы бүкіл команданы құтқарып қалды! Мұндай көріністі жіберіп алғаныңа 
қатты өкініп тұрсың. Бірақ сен бұған күмәнданасың ба? Әрине, жоқ! Өзің 
көрмесең де, бұған сенесің. Достарың тек осы туралы айтып жатқандықтан, сен 
бұған сенесің. Сен бұл жерде болған жоқсың, бір қақпашы бүкіл команданы 
құтқарып қалған ең керемет көріністі көре алмай қалдың. Бірақ достарың мұны 
көрді, сондықтан да сен бұған сенесің. 
 

 
Енді түсінікті. Менің өз көзіммен көрмегендігім мұның олай еместігін 
білдірмейді. Сен Исаның бар екенін айтасың, Оны көрмесем де, мұның солай 
екені рас шығар.
 

 
Дұрыс айтасың. Мен саған айқышта сен және мен үшін өлген кезде Исаның 
бізге құтқарылу сыйлағаны туралы айтамын. Бір адам осы жайында айтқан 
кезде мен бұған сендім. Енді мен Исаның құтқартынына сенемін, бұған өзімнің 
көзім жетті. Мен құтқарылғаныма өмірімнің ақырына дейін қуанып өтемін. 
 

 
Менің әлі дәретханада отырғанымды айтқың келе ме?
 

 
Жоқ, Балла, мен саған Иса туралы айтқан кезде сен ол жерден шықтың. Енді 
саған сөреге жақындап, тегін сыраны алу қажет. 
 

 
Міне, бұл енді басқа әңгіме! Ақыры сен адамша сөйледің-ау!
 

 
Иә, онда саған саптыаяқ дайындап қойды, – дедім мен күліп. 
 
Балла мені түсінді. Одан кейін де біз жиі кездесіп, әңгімелесіп жүрдік. Мен оның 
шындықты табуы үшін әлі күнге дейін мінажат етемін. 
 
Фергюсон да дәл сондай «қатты жаңғақ» болатын. Қара нәсілді жігіт, Балланың 
билік жолындағы бақталасы. Ол ас дайындайтын блокта жұмыс істейтін. Бірде ол да маған 
келді:
 

 
Ей, Тони. Мен сені мәсіхші деп естідім. 
 
Мені аяқпен бір тебейін деген ойы бар ма деп қауіптеніп, сәл кідіріп қалдым. Оның 
соққысын қалай жақсырақ қайтарсам екен?
 

 
Иә, солай, – дедім мен оған қорқынышымды сездірмеуге тырысып. 
 
Оның әрекеті мені бір шама таңдандырып тастады. 
 

146 
 

 
Қазір ғана менің әйелім қайтыс болды, – деді ол. 
 
Мен дереу бойымды жиып алдым. Сонымен, ол бар ашуын менен алғысы келеді. 
Бір секунд өтті... екі... үш... Мен оның қолын иығыма қойғанын сездім. 
 

 
Ол үшін мінажат етесің бе? – деп сұрады Фергюсон.
 

 
Әрине, мінажат етемін, – дедім мен, – бірақ мен сондай-ақ Құдайға сен үшін де 
мінажат ететін боламын, себебі Ол сені тірі қалдырды ғой.
 
Біз әңгімелесе бастадық. Ол балаларына қатысты өз қорқыныштары мен 
уайымдарын айтты. Менің қолымнан бар келетіні, бұл онымен бірлесіп мінажат ету еді. 
Фергюсон мұны ризашылықпен қабыл алды.
 
Осы оқиғадан кейін Фергюсон өзі кезекші болған кезінде маған үнемі қосымша 
тамақ әкеліп жүретін болды. 
 
Тұтқындардың барлығы істеуге ұмтылатын жұмыс – бұл «қызыл шүберекпен» 
жұмыс болатын. Оларға аптасына бес фунтқа дейін ақша төлейтін. «Қызыл шүберектерге» 
блоктан тыс аумақтарды тазалау жұмысы сеніп тапсырылатын. Олар ешқандай 
бақылаусыз барып-келіп жүре беретін. Бастықтар тұтқындарды бұл жұмысқа қойған кезде 
айырықша сақтық жасайтын. Түрме айнала биік қабырғамен қоршалған болатын, бірақ 
одан өтіп кету аса үлкен қиындық тудырмайтын еді. Бұл жұмыс мен үшін Құдайдың сыйы 
іспетті еді. Оның жеңіл және таза жұмыс деп айтуға келмейтін, бірақ мен таза ауада оңаша 
жұмыс істеуден үлкен ләззат алатынмын. Сыпырғыш пен қалақшаның көмегімен мен 
күніне тек өз бөлімімнен ғана жиырма қапқа дейін қоқыс жинайтынмын. Баллингдон «В» 
дәрежелі, яғни, қатаң режимдегі түрмелердің қатарына жатады. Бірақ бір таң қаларлығы, 
бұл жердегі адамдар қалаған нәрселерінің бәріне қол жеткізе алатын. Екі қабатты 
түрменің терезелері аулаға қарап тұрады. Тұтқындар терезелерден аулаға бір рет қана 
қолдануға арналған инелер, мүшеқаптар, шіріген жемістер, шөлмектер, газеттер және 
кейде өз нәжістерін лақтырып тастайтын. Адамдардың кейбірі өздерін айуаннан да әрмен 
ұстайтын. 
 
Менің алып жүрген жеңілдіктеріме қызғана қарайтындар да табылатын. Ондайлар 
маған терезеден қолдарына түскен нәрселерді лақтыратын, кейде қайнап тұрған суды да 
шашып жіберетін. Мұндай нәрселерден сақтану қиын еді, сондықтан да мен жұмыс істеп 
жүрген кезде үнемі мінажат ететінмін. Уақыт өте келе мен төменгі қабаттағы 
тұтқындардың басым бөлігімен таныс болып алдым. Арада көп өтпей олардың әрбіріне 
түрлі жолдармен Құдай туралы куәлік айта бастадым. Бір камерада Анджей және Болек 
атты екі поляк жігіті отыратын. Олар қатігез, кәсіпқой ұрылар еді. Екеуі де ұзақ мерзімге 
түрмеге кесілген. Олардың бірі ағылшын тілінде шала-шарпы сөйлей алатын, бірақ та 
олармен сөйлесу оңай емес еді.
 
Бірде мен Құдай туралы түсіндіру үшін оларға қарапайым ағылшын тілінде хат 
жаздым. Оларға түсініктірек болар деген оймен грек тілінде де бір-екі ауыз сөз жаздым. 
Бірнеше күннен кейін олардың терезелерінің алдын сыпырып жүрген кезімде Анджей 
маған:
 

 
Хатың үшін рахмет, Тони. Бірақ біз бір нәрсені түсіне алмадық, сен не, полякша 
білесің бе? – деді. 
 

 
Не? – дедім мен таңданып.
 

 
Хатыңды айтамын... Тамаша поляк тілінде жазылған, – деді ол күлімсіреп. – 
Үлкен рахмет.
 
Мен таңданып қалдым, себебі полякша бір де сөз білмейтін едім.
 

147 
 

 
Бұл мүмкін емес, – дедім мен. – Хатты мен ағылшын және грек тілдерінде 
жаздым. 
 
Абдырап қалған Анджей полякша бір нәрселерді күбірлеп, терезеден көрінбей 
кетті. Терезеден енді қолына хат ұстаған Болек көрінді. 
 

 
Иә, иә. Тамаша поляк тілі, – деді екі езуі екі құлағына жете күлімсіреген ол.
 
Бұл жерде кереметтің орын алғаны менің басыма енді жетті. Бұл жерде де Құдай 
әрекет етті.
 
Мен Оған алғысымды білдірдім де, мінажат етіп, жұмысымды одан әрі 
жалғастырдым. Жұмысымды аяқтағаннан кейін мені негізгі блокқа қайта кіргізулері үшін 
қоңырауды бастым. Күзетшілер мен туралы жиі «ұмытып» кететін. Мен олардың 
осылайша маған көк шөптің үстінде отырып Киелі кітапты оқуыма немесе түрмені айнала 
көлбеп жатқан жоталарды тамашалауыма мүмкіндік беретіндерін түсіндім. 
 
Бірде жоғарғы қабаттағы камералардың бірінен:
 

 
Әй, Бағушы! Білесің бе, Иса өліп қалған, – деген дауыс естілді.
 
Мен бірден бойымды жидым. Бұл тұтқын маған бұрын да соқтыға беретін. Ол 
терезеден шөлмек лақтырып, мені аузына келгенін айтып балағаттайтын. Бірақ оның түрін 
ешқашан көрген емеспін. Оны басынан бір ұрғым келгендей, мен еріксіз күректің сабынан 
шап бердім. Бірақ менің орнымда Исаның не істеуі мүмкін екені жайында ойлап, дер 
кезінде есімді жидым және оған ешқандай назар аудармауға бел байладым. Бірақ ол қояр 
болмады. Өзін өте дөрекі ұстаған ол енді есі ауысқан адамдай қарқылдап күле бастады. 
Маған бір нәрсе істеу қажет еді. Бойымды ашу керней бастады. Бірақ мен берік шешім 
қабылдадым ғой.
 

 
Жоқ, сенікі мүлдем дұрыс емес, – дедім барынша сыпайы сөйлеуге тырысып. – 
Иса тірі. Мен мұны білемін, себебі Ол менің жүрегімде өмір сүреді, сондықтан 
да сені кешіремін. Саған Құдай жар болсын!
 
Бір сәтке тыныштық орнай қалды. Мен мұның артынан не болатынын түсіндім. 
Тоқтап, басымды төмен салдым да, жиырма екінші зәбүрді айта бастадым...
 
Қап-қараңғы шатқалда жүрсем де мен, қорықпаймын ешбір қауіп-қатерден. Себебі 
Өзің менің қасымдасың, жігер береді сойылың мен таяғың... 
 
Үстіңгі қабаттан үстіме ыстық су шашылды. Мен тұрған орнымда қалшиып тұрып 
қалдым. Үстімдегі киімдерімнен бу шыға бастады, бірақ неге екені белгісіз, су маған 
ыстық емес, тіпті аздап салқын секілді болып көрінді. Денемде ешқандай күйіктің орны 
қалған жоқ. Мен аң-таң болып біраз тұрып қалдым да, содан соң әлгі тұтқынды 
шақырдым:
 

 
Ей, терезеге келші! – Жауап ретінде тек қарқылдай күлген дыбыс естілді. – 
Немене, қорқасың ба? – деп айқайладым мен. Тыныштық. Енді не істесем екен? 
Оны тағы шақыруыма тура келді. – Сен кім болсаң да, мынаны білгеніңді 
қалаймын: мен арызқой емеспін, сондықтан сенің үстіңнен шағым жасамаймын. 
Мен тіпті сені іздемеймін де. Мәсіхші болмағанымда, мен сенің миыңды аузыңа 
түсіретін едім, бірақ олай істемеймін, себебі мен Исаны сүйемін. Мұнда мен өз 
күнәларым үшін отырмын және ол үшін қатты ұяламын. – Ешқандай дыбыс 
жоқ. Мен сөзімді әрі қарай жалғадым: – Сені Иеміз Иса Мәсіх үшін 
кешіретінімді білгеніңді қалаймын. Құдай саған жар болсын!
 
Болып жатқан жағдайды көпшілігі көріп және естіп тұрды.
 

148 
 

 
Тони, оның сазайын бер, – деп кеңес берді олар маған. – Судың қай жерден 
төгілгенін айтсаң болды, оны өзіміз тауып аламыз.
 

 
Жоқ, олай істемеймін, – деп жауап бердім мен. Тұтқындардың бәрі мені 
есінен адасты деп ойлады. Блокқа қайтып оралған кезімде күзетшілер болған жайды естіп 
алыпты. 
 

 
Оның кім екенін айтшы, Тони. Біз тиісті шара қолданамыз, – деді олар.
 

 
Жоқ, айтпаймын. Мен оған сөз бердім.
 

 
Мұны бұлай жазасыз қалдыруға болмайды, – деді олар қарсы болып. 
Күзетшілердің бірі менің қолымнан ұстап, асықпай түсіндіре бастады: – 
Тыңдашы, біз ештеңені көрмеген боламыз. Жоғарыға бар да, оның жазасын бер. 
Ал біз сенің артыңнан барып, тағы сазайын тарттырамыз. 
 

 
Мен бұлай істей алмаймын, – деді оларға. – Мен қазір басқа жолдамын. 
 
Күзетшілер қатты таңданды. Мен оларға:
 

 
Білесіңдер ме, менің ол адамды жай ғана кешіргім келеді. Кешірімнің күші 
еркіндік береді. Кешірім кек қайтарудан жоғары, – дедім.
 
Оларға мерейтой жылдары ханзадалар патшалар түрмедегілерді еркіндікке 
шығарып, барлық қарыздарды кешіретін көне яһудилік дәстүр жайында айтып бердім.
 

 
Иса Мәсіхке сенім арту – дәл осындай азаттық алумен бірдей, – дедім мен. 
Кешірім адамдардың жүректеріне шынайы азаттық пен бақыт алып келеді. Ал 
жек көрушілік өмір бойына түрмеге қамайды. Ол адам кім болса да, оны 
кешіруге тиіс екенімді білемін. 
 
Күзетшілер бір-бірлеріне қарап, иықтарын қозғасты. Тіпті олардың бірі менің 
арқамнан қағып:
 

 
Сен менен гөрі жақсы адамсың, Бағушы, – деді. 
 
Мен әлгі адамнан ақыры кек қайтарған жоқпын, бірақ кейінірек төменгі қабаттағы 
достарымның судың қай камераның терезесінен төгілгенін анықтағандарын естідім. 
Қолайлы сәт туа салысымен олар жоғарыға көтеріліп, әлгінің жазасын беріпті. Осыдан 
кейін ол маған қайтып соқтықпайтын болды.
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет