Жолбарысты жуасыту



Pdf көрінісі
бет11/15
Дата03.03.2017
өлшемі1,34 Mb.
#6932
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

12 тарау
 
Жұдырығымды түйіп, қабырғаны бар күшіммен ұрып қалдым. Кеуіп кеткен 
сылақтар жарылып, жерге шашылып түсті. Басымды камерама қарай бұрып қараған 
кезімде мені қоршап тұрған тұтқындардың барлығы біреу пәрмен бергендей екіге 
жарылды. Мен мінажат ететіндей жағдайда емес, өте ашулы едім. Аяусыз соққыға 
жығылған досым және Мәсіхтегі бауырым жайлы ойлап сағаттар бойы ұзын дәліздің 
бойымен әрі-бері жүрумен болдым да, ақыры өз камерама келіп, төсектің үстіне сұлай 
кеттім. Көп күндері бойы Құдаймен күрестім. Киелі кітапты оқып жүрдім, бірақ ашудың 

103 
 
бұғауында қала бердім. Құдайдан Шейн үшін кек алуға мүмкіндік беруін сұрадым. Менің 
Алькапониді өлтіріп тастағым келді және Құдайға бұл туралы ашық айттым. Мен 
Алькапониді ешқашан кешіре алмаймын және оның көзін құртпайынша тыным 
таппаймын... Ал енді Шейнге келетін болсақ, мен енді ол ешқашан сауықпайтын болар 
деп қауіптендім. 
 
1990 жылдың 3-мамырында өз өмірімді Исаға арнаған кезімде азат адамға 
айналдым. Бұрынғысынша темір тордың арғы жағында болсам да, мен жаңа, рухани 
азаттыққа ие болдым. Бұл тәндік бостандықтан әлдеқайда жоғары еді. Бірақ 
Алькапонимен тіресуім маған бірнеше аса маңызды сабақ болуға тиіс болатын. Арада көп 
өтпей өзімді менен де артық білетін құдіреті күшті Құдайдың алдында қорқышышпен 
және құрметпен тізе бүгу күтіп тұрған еді.
 
Алькапони менің ізіне түсіп жүргенімді білді. Бір-бірімізбен жан аянбас айқасқа 
түсер сәтімізді екеуміз де күтіп жүрдік және бұл айқас арада екі апта өткенде, түрменің 
елсіз дәлізінде болды. 
 
Никосияның Орталық түрмесінің тас қабырғаларын сонау заманда осман түріктері 
қалаған екен. Ол заманда түрмедегі адамдардың денсаулығы, қауіпсіздігі, өмірлері олар 
үшін түкке де тұрмайтын еді. Бұл жерде бос қалған ғимараттар көп болатын. Жан 
дүниемді билеп алған қара түнек мені дәл осы жерлерге алып келді. Мен қаңырап қалған 
осы жерлерге бой тасалап, бойымдағы ашу-ызамен күрестім және бұл азғыруды жеңуге 
шамам жетпей, кек алудың жоспарын құрастыра бастадым. Бұл жоспарымның ішінде 
Құдайға орын жоқ еді. Бойымды жайлап алған жындармен мен тағы да жалғыз қалдым. 
 
Кенет бос дәлізді жаңғырта боқтаған дауыс естіліп, қараңғылықтан Алькапонидің 
сұлбасы көрінді. Ол қайдан шыға келді? Осылай ойлап үлгергенімше ол мені жағамнан 
шап беріп ұстап, қабырғаға тақап алды. Оның жүзіне қадала қараған мен өзім іздеген 
рахаттан сезініп күлімсіреп қойдым. Міне, Алькапонидің көзін жоятын мүмкіндік! Енді 
мен Шейннің кегін қайтаруыма болатын. Есеп айырысып, мына айуанның қанын суша 
ағыза аламын. Аузыма өзіме таныс кермек дәм келді және мен оның зәрінен ләззат алып 
тұрдым. Ци қуатын жинақтап, кун фу ұрыс өнерінің тұжырымдарына сай қарсыласымның 
денесінің салмағы мен ұстанып тұрған қалпын, оның қалай қозғалу мүмкіндіктерін бірден 
бағаладым. Есебім дұрыс болатын. Алькапони менің тамағыма тақап тұрған, бірақ қазір 
мұның ешқандай мәні жоқ еді. Маған өмір ме, өлім бе – бәрібір болатын. Бірақ алдымен 
ол өлуге тиіс. Мәселе басқада еді: өлмес бұрын ол барынша азап тартуға тиіс.
 
Оның қанының дәмін татуға асықтым. Мен оның бетінен, аузынан, мұрнынан, 
көзінен, құлағынан соққы жасауға дайын едім. Иә, Алькапонидің оң жақ құлағы ұруға өте 
ыңғавйлы болып тұр...
 
«Иса оған: 
      
— Достым, сен не үшін келдің? — деді. Сонда жасақшылар жақындап келді 
де, Исаға тап беріп, Оны ұстай алды. Кенеттен Исаның қасындағыларының біреуі 
семсерін суырып алып, бас діни қызметкердің малайына қарай сілтеп қалып, оның 
бір құлағын шауып түсірді.
 
Ал Иса оған: «Семсеріңді қынабына сал! — деп 
бұйырды. — Семсеріне сенген семсерден өлер.
 
Мен қазір Әкемнен сұрасам, Ол 
Маған дереу он екі әскери бөлімнен астам періштелерін жібереді! Әлде солай 
болмайды деп ойлайсың ба?» (Матай 26:50-53).
 
Бүгін таңертеңгісін ғана Исаның Ғетсиман бағында қалай тұтқынға алынғаны 
жайлы киелікітаптық әңгімені оқыған болатынмын. Осы оқиға есіме кенеттен түсе кетті. 

104 
 
Кун фу ұрыс өнерінің жолына сай мен күшімді жинақтауымды еріксіз түрде жалғастыра 
бердім, бірақ осы сәтте Ол менің тікелей өзіме сөйлеп тұрғандай болып Исаның сөздері 
санама сап ете қалды: «Жол... Менмін. Жол... Менмін. Жол... Менмін. Жол... Менмін». 
 
Жақыннан тым ірі болып көрінген Алькапонидің жүзіме бетіме тақалған кезде 
менің бойымда ашуым әлі қайнап тұрған болатын. Мен оның бетінен аққан терінің кермек 
дәмін сезіндім. 
 
«Жол... Менмін. Жол... Менмін», – деген сөздер санамда әлі жаңғырып тұрды. 
 
«Мұны дәл қазір істе! Міне, оның құлағы, тістеп жұлып ал! Оны адам танымастай 
ет!» – деді ішкі дауысым.
 
«Семсеріне сенген...»
 
«Шейн үшін кек ал... Болсаңшы... неге тұрсың тұрсың... Шейн үшін кек ал...»
 
«Жол, шындық және шынайы өмір...»
 
Кенет, мен өзім де күтпеген жерден сөйлей бастадым. Мен өз сөздерімде сырттан 
тыңдап тұрғандай болдым. Қатты үрей мен түңілу сезімдері жоғалып кетті. Сөйлей 
бастаған кезімде Алькапонидің қанын ішуді аңсауым жоқ болып кетті. Күтпеген жерден 
сабама түстім, бірақ аузымнан шыққан сөздердің күшіне өзімді қатты қысып ұстап тұрған 
оңбағаннан кем таңданған жоқпын:
 

 
Саған Иеміз Иса Мәсіхтің атымен бұйырамын – мені жайыма қалдыр!
 
Мен сол сәтте-ақ қабырғаға сүйеніп төмен қарай сырғи бастадым. Содан соң 
жүрелеп отырдым да, шынтақтарымды тізелеріме қойып, басымды қысып отырып 
қалдым. Алькапони жоқ болып кетті. Мен оның қайтып келуін күткендей болып отыра 
бердім. Бірақ уақыт өте берді, ал ол келер болмады. Қысылып әрі абдырап отырған мен 
біртіндеп өз-өзіме келе бастадым. Құдай маған ғажайып жолмен көрінді. Мен бұл туралы 
сұрамасам да, Ол менің өмірім мен денсаулығымды сақтап қалды. Ол кезде мен ештеңе 
жайлы мінажат еткен жоқпын, бірақ сол жерде айтқан сөздерімді аузыма Құдай салды. 
Мұны түсіну үшін мен бәрін бір жерге жинақтауға талпындым. Құдайға мен өз өмірімді 
тапсырып, Оның ұлына айналдым. Құдай менің көмек сұраған өтінішімді қажетсінген 
жоқ: Ол іске Өзі араласып, мұны қалаған не қаламағаныма қатыссыз мені құтқарып қалды.  
 
Болған оқиғаға мен дәл Құдайдың күші мен билігіне көздерін жеткізген кездегі 
шәкірттеріне ұқсап қатты қатты қайран қалдым. Елшілердің істері кітабының бірінші 
тарауында Исаның жолын қуушылардың Иерусалимде Оның бұйрығы бойынша Киелі 
Рухтың күшінің көрінуін күткені жайында баяндалады: Онда былай делінген: «Иса 
осылай деді де, олардың көзінше жоғары көтеріліп кетіп, бір бұлт Оны көзден таса қылды.
 
Олар аспанға қадала қарап тұрған кезде, кенеттен ақ киімді екі жігіт қастарында пайда 
болды...» Мен отырған сұрықсыз бос дәлізді Құдай толтырып тұрды және мен 
періштелерді көруім мүмкін сияқты болды.
 
Құдіретті Құдайдың күшінің жебеуімен аяңдап негізгі блоққа қайтып оралдым. Бұл 
күш айқын сезіліп тұрды. Болған оқиғаға қатты қайран қалдым. Алькапониге ағылшынша 
сөйлегенім анық есімде. Ал ол болса өз тілінде әзер сөйлейтін және ағылшынша бір сөз де 
білмейтін еді! Өз камерама жетіп, айқыш секілді болып тұрған терезе торының 
көлеңкесіне көз тастадым. «Жол, шындық және шынайы өмір Менмін...» Мен бұл сөздерді 
қайта-қайта қайталай бердім және өмірімді сақтап қалған мүлде ци қуаты мен кун фу ұрыс 
өнері еместігін түсіндім. Үлкен қауіптен мені Иса және Құдайдан берілген сенімім қорғап 
қалды. Осылайша Құдай маған алғашқы сабақты берді және бұл сабақтың күшті болғаны 
сондай, мен оның өмір бойына есіме сақтап қалдым. Енді мен ағару және кун фу ұрыс 

105 
 
өнерінен бас тартып, Құдайдың жетегіне толықтай сенім артатын уақыттың келгенін 
түсіндім. 
 
Бұл оқиғаны өмірімдегі шешуші сәт ретінде ұзақ жылдар бойы есіме алып келдім. 
Адамдардың: «Мінажат көмектеседі», – деп жатқандарын жиі естуге болады. Мен бұған 
үнемі қарсылық айтамын. Мінажат емес, Құдай көмектеседі. Марқа жазған Ізгі хабардың 
он бірінші тарауында шынайы мінажаттың құпиясын Иса былай ашады: «Құдайға 
сеніңдер! Сендерге шындығын айтайын: біреу мына тауға «Орныңнан көтеріліп, теңізге 
лақтырыл!» деп, айтқан сөзінің іске асатынына жүрегінде еш күмәнданбай сенсе, сол 
өтініші орындалады.
 
Сондықтан сендерге былай деймін: Құдайға сиынып (Оның еркіне 
сай) не сұрасаңдар да, соны қабылдадық деп сеніңдер! Сонда ол орындалмақ». 
Алькапонимен айқаста мен тек өзіме ғана үміт арттым және өз тәжірибем мен 
дайындығымның арқасында оны жеңген болар едім, бірақ Құдай менің жағдай 
шиеленісіп, шегіне жеткен кезде Ол маған өз күшіме сенуден бас тартып, тек Өзіне ғана 
сенім артуыма күш сыйлады. 
 
Сол кезде мен өзімнің Мәсіхтің жолын қууға бел байлағаным жайлы қытайлық 
туыстарыма айтатын мезгіл жеткенін түсіндім. Өз сөздерімнің шынайы екендігіне 
толықтай есеп бере отырып, Лоусиге хат жаздым. Ұрыс өнерінен бас тарту арқылы мен 
атамның өсиетін бұздым. Бабаларымыздың мұрасынан бас тартып, кун фудың жолын 
жалғастыруға деген қасиетті келісімді бұзған болар едім. Өзімнің жаңа, құтқарушы 
сенімім жайлы айтсам болды, Лоуси бәрін түсініп, мені кешіреді және ешқандай түсінік 
беруді талап етпейді деп үміттендім. Бірақ та жүрегімнің терең түкпірінде мұның артынан 
не болатынын түсінікті еді. Менің басым үшін сыйлық тағайындайды көзімді жоймай 
тыным таппайды. Мен мұны бұрын да білетінмін. Көне дәстүрлер бойынша тәрбиеленген, 
бірақ одан бас тартқан немесе олардың түпкі мақсатын бұрмалаған әркім жауапқа 
тартылатын. Мен қытайлық отбасымның мені бетімнен қайтарып, жаңа сенімнен бас 
тартқызуға және өздерінен кешірім сұрауға мәжбүрлеу үшін жиналыс ашатындарын 
білдім. Содан олар маған мен онымен шайқасқа түсіп, өзімнің деңгейім мен беделімді 
дәлелдеуім үшін бір кун фу шеберін жібереді. Жекпе-жектен бас тартқан жағдайда менің 
соңыма түседі және бағынуға мәжбүр етеді. Тіпті, өлтіріп тастаулары да мүмкін. 
 
Хатыма жауапты бірнеше апта күтуіме тура келді. Оны жамағайын қарындасым Си 
Куон жазыпты. Хат суық және қатал тілде жазылған. Ол атамыздың қайтыс болғанын 
жазыпты. Оның жасы тоқсан беске келген болатын. Әрі қарай Си Куон менің атамды 
жерлеу рәсіміне келмей, Су әулетінің абыройына нұқсан келтіргенімді айтыпты. Содан 
кейін ол бүкіл отбасының атынан менің мәсіхшілік сенімімнен бас тартып, ата-
бабаларымыздың ізгілікті жолына қайта оралуымды талап етіпті. Өйткені Чжэн Ли Су 
әулетін жалғастырушы жалғыз мен болғандықтан, отбасымымыздың ендігі абыройын тек 
мен ғана қорғуым керек. Ойлағанымдай-ақ, хаттың соңында мен келіспеген жағдайда жаза 
тартатыным жайында ескертіліпті. 
 
Лоусидің қазасы жайлы хабар мені қатты жабырқатты. Тіпті не ойларымды да 
білмедім. Өмірімнің басым бөлігінде мен атамды жек көріп келдім, бірақ соған қарамастан 
менің жан дүниемді үлкен із қалдырған дәл соның өзі болатын. Дербес өмір сүруге 
қабілеттілікті менің бойыма дәл сол сіңірді. Енді мен оның өлімімен әлдебір нәрсенің 
менен мәңгілікке кеткенін түсіндім. Мұның үстіне, қытайлық туыстарымның талаптарын 
орындаудан бас тарту арқылы олармен байланысымнан да мәңгілікке айырылдым. Мұның 
артында шын мәнінде не тұр? Мен үнемі жан-жағыма жалтақтап өмір сүремін бе? 

106 
 
Менімен есеп айырысу үшін туыстарымның «Триада» қанішерлерін жалдайтындарына 
күмән жоқ. Бұл бір жағынан. Ал екінші жағынан, мен жаңа өмірімнің, жаңа сенімім мен 
Құдайдың қорғанысының Лоуси үйреткендерден әлдеқайда шынайы және маңызды екенін 
түсіндім. Таңдау жасалды, шегінетін жер жоқ! Атамның бейнесін ойша көз алдыма 
елестетіп, онымен өткізген жақсы күндерімді және соңғы кездердегі оған деген құрметімді 
есіме түсіруге тырыстым. Бірақ Жан дүниемде ештеңе селт еткен жоқ. 
 
Алькапонидің менен қашқаны және менің кун фу ұрыс өнерінен бас тартқаным 
жайлы хабар блогымызға тез тарап кетті. Қаныпезерлердің кейбірі соңғы жағдайды өз 
пайдаларына жаратуға талпынып көрді, бірақ Құдай мені таң қаларлық жолдармен аман 
сақтап қалып жүрді. Сондай-ақ мен ақыл-естері түзу тұтқындардың көңілдеріне жаға 
бастаған секілдімін. Сірә, мінез-құлқымдағы өзгерістер көзге анық көрініп қана қоймай, 
олардың қызығушылықтарын да оятса керек. 
 
Бірнеше жыл бұрын чикаго газеттері банкке бес доллар ақшаны ұсақтатып әкелуге 
жіберілген қытай мейрамханасының жас жұмыскерімен болған оқиға жайында жарыса 
жазған болатын. Мейрамханаға екі жүз елу доллар монетпен және соншалықты сома бір 
долларлық қағаз ақша қажет болады. Кассир қыз қателесіп, оған екі жүз елу доллар 
монетпен және жиырма бес мың доллар қағазбен беріп жібереді. 
 
Мейрамхана жұмысшысы әрине, мұны бірден байқайды бірақ күтпеген олжа 
туралы ешкімге жақ ашпайды. Банктен шыққан ол ақшаны туыстарының бірінің үйіне 
жасырып қояды. Жолым болды деп ойлаған ол содан кейін мейрамханаға қайтып оралады.
 
Ақшаның жетіспейтінін байқаған кезде кассир қыз өзі жүз долларлық ақшадан екі 
жүз елуін санап берген адамды есіне түсіре алмайды. Бірақ та ол сол адамның үстінен 
аңқып тұрған иісті есінде сақтап қалады! Сол иістен қыз оның қытай мейрамханасында 
жұмыс істейтінін түсінеді. Ол иісті есіне түсіріп қана қоймай, оны әлгі жас жігіт жұмыс 
істейтін қытай мейрамханасымен байланыстырады. Қыз полицияға арызданып, қытай 
мейрамханасын табады және сондағы жас жігітті көрсетеді. Осылайша ақша өзінің заңды 
иесіне қайтарылады.
 
Бұл оқиғаны мен Киелі кітапты оқып отырып, Мәсіхтің жолын қуудың нені 
білдіретіні туралы ойланған кезімде есіме алдым. Елші Пауыл былай дейді: «Себебі 
құтқарылу жолындағылар арасында да, тозаққа қарай бара жатқандар арасында да Құдай 
үшін Мәсіхтің хош иісі іспеттіміз» (2Қорынт. 2:15). Бұл жерде елші біз мұрнымызбен сезе 
алатын иіс туралы айтып тұрған жоқ. Бұл хош иісті күн барысында бізбен жолыққан 
адамдардың барлығы алтыншы сезімдері арқылы сезінеді. 
 
Жалпы, иіс адамның кәсібінен хабар береді. Кун фу ұрыс өнерін үйреніп жүрген 
кезімде менен тердің иісі аңқып тұратын. Сарымсақты жақсы көретін адамдардан 
сарымсақтың иісі шығады. Егер сізге иіс су сеуіп жүру ұнайтын болса, онда 
айналаңыздағы адамдар сіздің сүйікті хош иісіңізді сезінеді. Дәл осы секілді, егер сен 
Исаға қызмет етсең және мұны сүйіспеншілік пен мойынсұну рухында атқаратын болсаң, 
онда сенен Мәсіхтің хош иісі аңқып тұратын болады. 
 
Мен күн сайын дерлік жаңа тұтқындармен және тіпті күзетшілердің де кейбірімен 
араласып тұрамын. Көпшілігі маған сұрақтарына жауап іздеп немесе қиындықтарын айту 
үшін келеді. Бірі түрлі жағдайлардың кесірінен нашақорға айналса, енді бірі отбасындағы 
қиындықтарға төзе алмай, әлсіздік танытқан. Осындай адамдарға көмектесу үшін мен 
даналыққа үйрендім және мұның өзі керемет еді. Мен олардың кейбірімен Киелі кітапты 
бірлесіп оқып, Киелі Жазба арқылы Құдайдың біздің әрқайсымызға не айтатынын 

107 
 
түсіндірдім. Жаңа келгендердің әрқайсысын Майклмен кездесуге үгіттеуден жалыққан 
жоқпын. Себебі бір кезде маған көмектескеніндей, оның бәріне көмектесетініне сенімді 
болатынмын. 
 
Бірде Майклдан жаман хабар жазылған хат алдым. Түрме әкімшілігі оның 
тұтқындармен кездесуіне тиым салыпты. Бұған дейін Майкл ерлер блогындағы ондаған 
тұтқынмен, ал қауымның өзге мүшелері әйелдер блогындағылармен кездесулер өткізген 
болатын. Майкл біздің бағыт ұстайтын мұнарамызға, өмірлік жолымызға айналды. Бізді 
мықты болуға шақырғанынан қарамастан, хатының сарынынан мен оның қатты ренішті 
екенін сезіндім. «Мінажаттарыңды тоқтатпаңдар, – деп жазыпты ол, – Құдайдың нақты 
жағдайлар арқылы не айтқысы келетінін түсінуге тырысыңдар. Егер бұған Құдайдың еркі 
болатын болса, онда сіздермен жұмыс жасауға қайта әкелуін сұрап мінажат етіңдер». Мен 
Майклдың бізге бар ынтасымен көмектесіп жүргенін білетін едім. Әрбір кездесуге екі 
сағат жол жүріп келу мұндай ыстыққа үйренбеген тұманды Альбион тұрғыны үшін өте 
қиынға түсетін. Сыртқа шығып, аздап демалып алу үшін қайтар жолда оның жол жиегіне 
бірнеше рет тоқтауына тура келетін. Әрбір кездесуден ол өзі қазір ғана кездескен 
тұтқындардың ауыртпалығы өз иығына түскендей болып, бүкірейіп кетіп бара жататын. 
Бірақ Құдайға деген сенімінде нығая түскен Майкл өз қызметінен бас тартқан жоқ. 
 
Өз өмірім үшін мен Майклға қарыздар едім. Егер мен онымен кездеспегенімде, Иса 
Мәсіх туралы Ізгі хабарды естімеген болар едім. Хатты оқып шыққаннан кейін мен бірден 
мәсіхшілер тобын жинадым. Біз нан үзу рәсімін жасап, жасаған құрбандығы үшін Исаға 
алғысымызды білдірдік, содан соң тізерлей отырып, Құдайдан Майклды біздің түрмеге 
қызмет жасауға қайта жіберуін сұрап мінажат еттік. 
 
Осы мінажатымыздан және мен түрме әкімшілігіне бастықпен кездестіруді сұрап 
өтініш жазғаннан кейін арада екі күн өткенде мені Майклмен кездесуге қатысты 
әкімшілікке шақырды.
 

 
Сен туралы маған тек жақсы жағынан баяндайды, Тони, – деді бастық. – 
Күзетшілердің бәрі бір ауыздан Тони Энтонидің қалай өзгеріп кеткені туралы 
айтады.
 

 
Иә, қазір мен мәсіхшімін. 
 

 
Яғни, «жоғарыдан қайта туылдыңыз ғой» – сіздерде бұл осылай аталады емес 
пе? – деді бастық мысқылдай сөйлеп. 
 

 
Дәл солай, – деп жауап бердім мен. 
 
Менің оған көбірек нәрселер айтқым келді, бірақ ол менімен тышқанмен ойнаған 
мысық секілді ойнап отыр еді. Мен оның өзімді торына түсіруге тырысып отырғанын 
жақсы түсіндім. 
 

 
Бастық мырза, Майкл Райтпен кездесу тұтқындардың көпшілігіне көмегін 
тигізеді, – дедім мен тәуекелге барып.
 
Бастық беторамалымен маңдайын сүртті де, маған жалғастыра бер деген белгі 
берді. Б блогындағы жағдайдың қалай жақсарғаны жайлы күзетшілердің сізге 
баяндағанына сенімдімін. Тұтқындар қазір сіздерге қолайсыздықтар туындатпайды. Бір-
бірлеріне зорлық көрсету де азайды. 
 

 
Иә, мұның солай екені рас. Бұл жайында маған үнемі баяндап тұрады, бірақ...
 

 
Онда сізден өтінемін, Майклдың тұтқындармен кездесуіне рұқсат етіңізші, – 
дедім мен іштей Құдайдан бастықтың жүрегін жібітуін жалбарына өтініп 
тұрып.
 

108 
 
Екі аптадан кейін Майкл тұтқындармен кездесуге қайтадан рұқсат алды және біз 
бәріміз Құдайға мінажатымызға оң жауап қайырғаны үшін алғысымызды білдірдік. Бұл аз 
десеңіз, Майклдың тұтқындармен кездесуіне рұқсат етілгеніне қоса, оның түрме 
кітапханасында киелікітап сабақтарын өткізуіне ерік берілді. Бұл сабақтарға Ричард Нокс 
те қатысатын, ол өзінің кернейімен біздің әндерімізді сүйемелдейтін еді. Мен бұл 
кездесулерімізді ешқашан ұмытпаймын. 
 
Бірақ бұл кездеулеріміздің құны оңайға түскен жоқ. Менің үш жылдық мерзімімнің 
екі жарым жылға жуық уақыты өтті. Бәрі мені жақын арада рақымшылық бойынша 
босатады деп күтіп жүрді. Бір күні бастық мені тағы да шақыртып алды.
 
Оның езуінде сол баяғы таныс мысқыл күлкі ойнап тұр.
 

 
Сен туралы бұрынғысынша жақсы айтады, Тони. Тұтқындар да сіздің әлгі 
Майкл Райтыңызбен кездесуге мүмкіндік алды.
 

 
Иә, бастық мырза, сізге алғысымды айтамын. – Қызық, ол неге менің азаттыққа 
шығуым туралы сөз қозғамайды? – Бастық мырза, – дедім мен тәуекелге бел 
буып, – менің рақымшылыққа ілінуім туралы жарлық қашан шығар екен деп 
күтіп жүрмін. Мен шынымен де рақымшылыққа ілінгендердің тізіміне 
ілінбеймін бе? 
 
Бастық зәрлене күлімсіреді:
 

 
Саған қалай жақсы қарайтынымды білесің ғой, уағызшыңның келуіне де рұқсат 
бердім, бірақ... – Ол менің алғыс айтуымды күткендей кідіріп қалды. Ал мен 
оның бетіне үнсіз қараған күйімде отыра бердім. – Басшылық саған қалай 
қарайтынын өзің де жақсы білесің ғой.
 

 
Бастық мырза?
 

 
Мұның бәріне сенің киелікітаптық сабақтарың кінәлі... Сен діннен азуды 
уағыздап жүрсің, сондықтан да рақымшылыққа ілінген жоқсың. Үш жылың 
толықтай өтелгенше отыратын боласың. 
 
Әрине, бұл өкінішті еді, бірақ бұған таңданған жоқпын. Майкл маған грек 
православтық шіркеуінің тарапынан болатын қауіп туралы ескерткен болатын. Бірақ мен 
ашуланған жоқпын – бұл мәсіхшіге лайық нәрсе емес. Түрме Құдай айтқан «оруға дайын, 
пісіп тұрған егістіктің» бірі болатын және бұл жерде атқаратын іс жеткілікті еді, оның 
үстіне, Майклдың мұнда келуіне кез келген уақытта тиым салулары мүмкін. 
 
Әр күні таңертеңгі тыныштықта Құдаймен сөйлесетінмін. Мен олардың аты-
жөндерін атай отырып көптеген тұтқындар үшін сиынатынмын. Мінажаттарымның 
кейбіріне Құдай бірден жауап қайыратын, бірақ күн өткен сайын жүрегім жабырқай берді. 
Жүздеген тұтқындар құтқарылуға мұқтаж болатын. Кейде мен әдеттегі адамдарды 
қанішерлерге, зорлықшылар мен ұры-қарақшыларға айналдыратын жан жаралары мен 
қайғы-қасіреттер туралы ойлаған кезде жүрегім сыздап кететін. Осында, Никосияның 
Орталық түрмесінде күнәлары шын мәнінде жандарына батып, өмірден әбден түңілген 
адамдар жатқан болатын. 
 
Түрме ішінде ағаш шеберханасы мен баспа цехы бар еді. Қолдарынан іс келеді 
деген тұтқындар сол жерлерде жұмыс істейтін. Біздің арамызда сенделіп бос жүретіндер 
болған жоқ, жұмыс бәріне де табылатын. Әдетте маған айналаны тазалау мен ас тарату 
тапсырылатын. Бізде Газанта атты араб жігіті бар еді, ол ағаш шеберханасының ішінде 
тұтқындардың сақал-шаштарын алумен айналысатын. 
 

109 
 

 
А, Тони, достым! Кел, отыра қал, – деді ол екі езуі екі құлағына жеткенше 
күлімсіреп. – Әдеттегідей сақалыңды алып берейін бе?
 

 
Иә, достым, бүгін мен батырмын, бірақ сонда да байқа, ұстараңмен не алып 
жатқаныңды есіңнен шығарма.
 

 
Бүкіл Никосияда сақалды менен артық алатын адамның жоқ екенін білесің ғой.
 
Әзілдей жүріп Газанта өзінің ісіне кірісті. Жарықшақтар түскен кішкентай айнадан 
мен ағаш кесетін шеңбермен жұмыс істеп жатқан тұтқындарды көріп отырмын. Айнала у-
шу болатын, станоктар жұмыс істеп тұр, адамдар бір-бірлерімен айқайлай сөйлесуде. 
Кейбіреулері ән салып жүр. Менің назарым Кириакос атты тапал грекке ауды. Ол үнсіз 
ағаш кесетін станоктың алдында тұр. Мен біраз уақыт оны сырттай бақылап отырдым. Ол 
арбалған адамдай айналып жатқан шеңберге қарап тұрып қалыпты. Айналадағылардың 
бәрі өз шаруаларымен болып, ешкім ештеңеге назар аударар емес. Газанта әңгімесін 
айтып, жұмысын жалғастыруда. Кенет мен бір түрлі мазасызданып, Крикакостан көз 
алмай қарап қалдым. Міне, бір кезде ол қатты жылдамдықпен айналып жатқан шеңберге 
қолын апарды да, ара оның саусақтарын бірінен кейін бірін кесіп түсіре бастады. 
Саусақтар еденге домалап-домалап түсті. Кириакос еш дыбыс шығарған жоқ, тек иықтары 
селк-селк етеді. Мен орнымнан қарғып тұрдым да, жүгіріп жанына бардым. 
 
Менің шалт қимылымды көрген өзгелер де жұмыстарын тастап, станоктың жанына 
жинала бастады. Не болғанын көрген кезде гректер мен арабтардың көпшілігі 
қорыққандарынан қатты айқайлап, үстілеріндегі киімдерін жырта бастады. Кириакос 
қолын жоғары көтеріп, қозғалмаған күйі әлі қалшиып тұр. Айналып тұрған араның 
жүзінен аққан қан айналадағылардың киімдеріне шашырап жатыр. Адамдардың бәрі не 
істерлерін білмей қалды. Көздерінен жас тамшылаған Кириакос ыңырсыған күйі тас 
еденге құлап келеді. Шеберхана ішінде тұрған бастық оның белінен шап беріп ұстап 
қалды да, адамдарды көмекке шақырды. У-шудың арасында мен Кириакостың 
саусақтарын тауып алуға тырысып, қанға малшынған ағаш үйінділерінің арасын ақтара 
бастадым. 
 
Бұл өте қорқынышты көрініс еді. Түрме кез келген адамды есінен адастырады. 
Кириакос әйелінің жеңіл жүріске салынғаны туралы естіпті. Мұның сыртында, жақында 
оны кейбір жеңілдіктерінен айырып, бояулары мен қағаздарын алып алған болатын. 
Осының бәріне ол төзе алмады. Өз-өзін осылайша әдейілеп жарымжан ету оқиғалары 
түрмеде жиі кездесіп тұратын. 
 
Түрмедегі зорлық-зомбылық – бұл әдеттегі көрініс, бірақ қазір мен бұрын өзім еш 
мән бермейтін қантөгістерге тойып біттім. Түрме – бұл сезімдерді ширықтырып жіберетін 
орын, әрі жарылғыш дәрі салынған бөшке сияқты. Өкпе лезде оталдырғыш жіпке 
айналып, сен бір нәрсені түсініп үлгергенше блокта жарылыс болып, яғни, қырғын 
төбелесте басталып кететін. Ондай кездері мен камерамнан шықпай қоятынмын. Жүйкеме 
тиген тұтқындарға тап берген кездерім болған. Тұтқындардың бәрі де осылай істейтін. 
Төбелес олар үшін ширығуды басудың құралына айналады. Мұндай қақтығыстар 
қантөгіссіз аяқтала қоймайтын еді, сондықтан мен ондай істерге араласпауға 
тырысатынмын. 
 
1992-жылдың жазы өте ыстық болды және бұл тұтқындардың онсыз да пәс көңіл-
күйлерін одан әрмен жабырқата түсті. Адамдар себепсізден себепсіз ашуланып, ұрынарға 
қара таппай жүретін. Олардың көпшілігі гректер мен палестиндіктердің арасында бұрқ ете 
қалуға дайын тұрған үлкен жанжалды күтіп жүрді. Бұл жанжал ақыры болды. Сол кезде 

110 
 
көптеген адамдар жапа шекті. Осыдан кейін әдеттегідей оларды бір-бірлерінен ажыратып 
тастады. Бірде мен оқшау камераларда отырған палестиндік достарыма бардым.
 

 
Тергеу басталды, – деп сыбырлады Иэн Дэвидсон мен тамақ таситын арбамды 
итеріп жанына келген кезімде. 
 
Сол күні кезекшілікте «жақсы» күзетшілер болатын. Бізді жақсы білетін олар ұсақ-
түйекке назар аудара бермейтін. 
 

 
Не болды? – деп сұрадым мен. 
 

 
Әлдебір гректі ажал құштыра жаздапты. Жарақаты өте ауыр, аман қалуы 
екіталай деседі. 
 

 
Солай де. Бірақ неге осыншама шу көтерілді? Бұл бірінші рет емес қой? 
 

 
Ол беделді тұлғалардың бірі болса керек. Біздің ойымызша әлдеқандай 
саясаткер сияқты. 
 
Мен Иэнге жағымсыз иісі аңқып тұрған піскен жұмыртқа мен уақыты өтіп кеткен 
бір табақ қызанақты ұсындым. 
 

 
Біз бұл быламықты қашанғы жей береміз деп ойлайсың, Тони? – деді Иэн 
күлімсіреп.
 

 
Мен сендердің сыра мен балыққа берген тапсырыстарыңды жеткіземін, 
сондықтан оны ертең алып қалуларың мүмкін, – дедім мен қалжыңдап.
 

 
Осында бір-екі тілші тіміскіленіп жүрді деп естідім.
 

 
Содан?
 

 
Өздерін шенеуніктер ретінде көрсетпек болған, бірақ олары сенімсіздеу болып 
шығыпты. 
 

 
Онда не тұр? Сыртқы әлемнің бізді әлі ұмытпағандары жаман ба?
 

 
Жалпы – жоқ, бірақ нақты осы жағдайда – онша емес. Біз туралы мүлде 
ұмытқандары жақсы болар еді. Біздің есімдеріміздің тағы да газет беттерінде 
жүргені қажет емес. 
 

 
Бірақ оларға сұхбат беруді қалаған ешкім болмапты ғой?
 

 
Бір көк ауыз табылыпты деген сыбыс бар. Оның кім екенін білсек қой...
 
Осы сәтте күзетші бізге қарай беттеді.
 

 
Уақытымыз бітті, достым, – дедім мен арбамды кері айналдырып жатып. – Сау 
бол.
 

 
Джон Смиттің балығы мен сырасы бәрінікінен жақсы екені есіңде болсын, – 
деді Иэн көзін қысып. 
 
Бірнеше күннен кейін мен Иэннің жақтасы Адлимен әңгімелестім. Адли 
палестиндіктердің басшыларының бірі болатын. Кезінде ол Ясир Арафаттың 
оққағарларының арасында болған және Палестинаны азат ету ұйымының беделді мүшесі 
еді. Бұл адаммен араласудың қауіпті екенін білсем де, біз екеуміз жақсы қарым-қатынаста 
едік. Мен оған тамақ құйып жатқан кезде Адли бір жапырақ қағазға бір нәрселерді жазып 
жатты. Содан қағазды тордың арасынан маған қарай созып, көздеріме қадала қарады.
 

 
Бұл сол, Тони, – деді ол жан жағына ұрлана көз тастап. 
 

 
Кім?
 

 
Әлгі көк ауыз, тағы өзі палестиндік, – деді ол жерге бір түкіріп.
 

 
Палестиндік? Қалайша?
 

 
Солай, – деді ол сыбырға көшіп. – Бірақ ол біздің топтан емес. Ондай адамның 
Никосияның Орталық түрмесінде жазаларын өтеп жатқан Палестинаны азат ету 

111 
 
ұйымындағы серкелердің арасында болуы мүмкін емес. Ол көк езуді бәрі жек 
көреді, Тони. Түсінемісің, біз оның жазасын беруге тиіспіз.
 

 
Адли, сен менің ондайға бармайтынымды жақсы білесің ғой...
 

 
Қойшы, Тони, – деді ол сөзімді бөліп. – Біз жолдас адамдармыз ғой. Бұл жерде 
отырған бәріміз бір арқанмен матаулымыз. Ал оған жақсылап сабақ беру 
қажет...
 
Қуанышқа орай, осы кезде күзетшілер маған тамақты тездетіп таратуды бұйырды. 
Мен қағазды қалтама салдым да, арбамды итеріп асүйге қарай беттедім. Қағазға жазылған 
есімге қарамаған күйі апарып отқа тастадым. 
 
Оны тәубесіне келтірудің маған еш қажеті жоқ еді. Бірақ көбінің менен дәл осыны 
күткендерін білгенімде жақсы болатын еді!
 
Бірнеше күннен кейін мен ішкі аулада серуендеп жүрдім. Ауа тазарып қалыпты. 
Бұл бірнеше айға созылған аптап ыстықтан кейінгі жанға жағымды өзгеріс еді. Жанымнан 
екі палестиндік – Хуссейн мен Юсеф өтіп бара жатты. Мен оларға ешқандай мән берген 
жоқпын. Өзіммен сәлемдескен оларға күлімсірей жауап қайырдым да, ойға берілген 
күйімде әрі қарай жүре бердім. Ауланың шетінен кері айналып, оларға қарсы жүре берген 
мен қаққан қазықтай болып тұрып қалдым. Ол не істеп жатыр? Тұтқындардың жастауы 
екіншісін шашынан ұстады да, арқалығы бар орындықтың үстіне лақытырып жіберді. 
Содан соң оның үстіне мініп алып, бет-аузынан ұра бастады. Мен оның қолына ұстара 
ұстап алғанын байқадым. Осы сәтте Хуссейн Юсефтің етін ұстарамен тілгілей бастады. 
Юсеп жұлқынып, оның құрсауынан босап шығуға тырысты. Екеуінің де үсті-бастары 
қызыл ала қанға боялды. 
 

 
Тоқта! – деп айқайлап, оларға қарай тұра ұмтылдым. Бірақ мен жеткен кезде 
Хуссейн ізін суытып үлгерген еді. Юсеф сәкінің үстінде шала-жансар күйде 
жатыр. Бетінің сау-тамтығы қалмаған. Мен Юсефті жерге жатқыздым және 
оның тыныс алмай жатқанын тек сол кезде ғана түсіндім. Осы кезде алғашқы 
дәрігерлік көмек көрсету сабақтары есіме түсті. Юсефтің бетінің талқан болып 
кеткені сондай, мен оның аузын әрең тауып:
 

 
Құдай, оны тірілте гөрші! – деп мінажат етуімді тоқтатпастан оған дем бере 
бастадым. 
 
Оқиға орнына түрме күзетшілерінің жүгіріп келіп жатқан дыбыстары естіліп 
тұрды. Юсеф дір ете қалды да, менің үстіме құсып жіберді. 
 
Маған көмекке ұмтылған күзетшілерге:
 

 
Тоқтай тұрыңдар, – дедім де, құсығына қақалып қалмауы үшін палестиндікті 
қырынан жатқыздым. 
 
Бір-екі минөттен кейін дәрігерлердің қарасы көрінді. Сол кезде денем тітіркеніп 
кетті. Мен адам өмірін сақтап қалдым, бірақ ол сауығып кетер ме екен?
 
Осындай қатігездіктер мен зорлық-зомбылықтың арасында мен Құдайдың жаңадан 
тәубеге келген мәсіхшілерді қалай қорғаштайтынын айқын сезіне бастадым. Біздің 
әрқайсымызды кез келген уақытта Юсефке ұқсатып ұстарамен тілгілеп тастаулары мүмкін 
еді; естерінен адасқан тұтқындар себепсізден себепсіз бетке қайнақ су немесе ыстық май 
шаша салатын. Түрмеде Құдайға үміт арту оңай! Біздің Құдайдың қорғанышына 
күмәндануға ешқандай негізіміз жоқ болатын. 
 
Менің еркіндікке шығатын күнім де жақындап келе жатты. Мерзімімді толықтай 
өтеген мен Құдайдың маған дәл осындай жолды дайындап қойғанын түсіндім. Тони 

112 
 
Энтониге қатысты Оның өз жоспары болды. Мен жүрегімнің түкпірінде өзімнің 
өткеніммен мәңгілікке қоштасуға тиіс екенімді білдім. Бұрынғы байланыстарымнан бас 
тартып, Өзіне толықтай тәуелді жаңа өмірді бастауым үшін Ол маған бар үмітімді Өзіне 
артуға бұйрық берді. 
 
Құдай маған қамқорлығын арада көп өтпей-ақ көрсетті. Ол менің алдымнан пайда 
болған кедергілерді жоюға көмектесті. Уақыты өтіп кеткен төлқұжатымның мерзімін 
создырту үшін маған ақша қажет еді. Еркіндікке босатылғаннан кейін де тұтқындардың 
көпшілігі отандарына қайтуға ақшалары болмағандықтан түрмеде қала беретін.  
 
Майкл Райт пен Ричард Нокс менімен соңғы рет кездесу үшін Никосия түрмесіне 
келді. 
 

 
Келесі жолы сенімен темір тордың сыртында кездесеміз, – деді Майкл 
күлімсіреп. 
 

 
Біз британ елшілігімен байланысып, саған жаңа төлқұжатқа тапсырыс бердік, – 
деді Ричард. – Бұған қоса, түрме әкімшілігіне сенің атыңа алынған билет тастап 
кеттім. Екі құжатты да саған сәрсенбі күні береді.
 
Мен оған алғысымды қалай айтарымды білмедім. Біз біраз уақыт үнсіз отырдық. 
Майкл әдеті бойынша күлімсіреп, қуаныштан жүзі жайнап отырды. 
 

 
Құдай саған көмектеседі, Тони, – деді ол. 
 
Алда өзімді не күтіп тұрғанын білмесем де, оған бас изеп жауап қайырдым. 
 

 
Мен досым Кор Брейнспен сөйлестім, – деді Ричард. – Біз онымен Ливанда 
бірге ізгі хабар айтқанбыз. 
 
Мен осы голландтық бауырымыздың есімін Ричардтан бұрын да естіген 
болатынмын.
 

 
Кор Брейнстің қызы Кэролайн Англияға келген кезіңде сені қабылдап алуға 
дайын екенін айтты. 
 
Ричард қалтасынан кішкентай конверт алып шықты. Ішінде Брейнстің отбасының 
суреттері бар екен. 
 

 
Мынау Кэролайн мен оның күйеуі Джон, – деді Ричард суретті көрсетіп. – Ал 
мыналар олардың балалары екі жасар Анна мен кішкентай Джошуа.
 
Бұл адамдардың отбасылық қарым-қатынастарының кіршіксіз әсемдігін көріп, 
өзімді өте жалғыз сезініп кеттім. Ричард Брейнс отбасы туралы әңгімесін 
жалғастырды:
 

 
Олар Нью-Молденде тұрады, жергілікті баптистер қауымына барады...
 

 
Ал олар мен туралы біле ме? – дедім мен ыңғайсызданып. Ричард күлімсірей 
жауап қайырды:
 

 
Есіңде болсын Тони, «...Енді Иса Мәсіхпен тығыз байланыстағы адамдарға 
Құдай жазалау үкімін шығармайды. (Олар өздерінің ескі күнәкар болмысының 
емес, Құдайдың Киелі Рухының қалауына сай өмір сүреді.)» Брейнстер – 
тамаша мәсіхшілер отбасы. Олар сені айыптамайды, сенің никосия түрмесінен 
шығып келетініңді біледі. Дәл осы себептен сені әуежайдан күтіп алып, өз 
үйлеріне алып бармақшы.
 
Ричард тағы да конвертті ашып, ішінен хат алып шықты. Ол Кэролайн мен 
Джоннан екен. Олар біздің кездесуімізді асыға күтетіндерін және өздерінің шағын бірақ 
жайлы үйлері маған ұнайды деп үміттенетіндерін жазыпты. Маған таныс емес бұл 

113 
 
адамдардың мейірімі мен үшін әдеттен тыс нәрсе еді сондықтан да бұл мені қатты 
таңдандырды.    
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет