157 Көркемдік тұрғыдан сауатты болу деген сөз - ол
көркем мәдениетті танып, біліп, өзіңді эстетикалық
жағынан тәрбиелеу деген сөз.
Эсгетикалық тәрбие, біріншіден, өскелең ұрпақ
үшін, өмірге деген көзқарастары енді қалыптасып келе
жатқан жастар үшін керек. Себебі, кез келген тәрбиені
адам бойына жаС күнінде ғана еге аламыз. Ал жас
кезінде санасына сіңірген тәрбие ол адамға өмір бойы
рухани азық болады, ешқашан ұмытылмайды.
Эстетикалық білім мен тәрбиені жастайынан бойы-
на сіңірген адамның адамгершілік қасиеті жоғары бола-
ды, әдепті де сыпайы болып қалыптасады. Эстетикалық
деген ұғымның өзі әрдайым қуанышты көңіл-күймен
тығыз байланыста болып келеді. Әсемдікті сезіну
ылғи да асқақ бола бермейді, сонымен қатар ол
қуанышты сезіммен қатар өмір сүретін құбылыс. Біз
сұлулыққа тамсана тұрып, ләззатты сезімнен күлкіге
кенеле бермейміз, керісінше жанымызды рахатқа
бөлейтін терең толғанысқа еніп, тазара түсеміз. Мұны
эстетикалық толғаныс деп атаймыз. Оның тәрбиелік
мәні де зор болмақ. Бірақ біз өзіміз көп жағдайда
эстетикалық толғаныс арқылы келген тәрбиені тікелей
сезіне алмауымыз мүмкін, дей тұрғанмен оның адам
санасына әсері бізге байқалмаса да орасан үлкен,
әлдеқайда күшті екенін ғылым дәлелдеп отыр.
Эстетикалық тәрбие - біртекті құбылыс емес, күр-
делі үдеріс. Себебі оның астарында сұлу да сырлы сезім
мен талғамға тәрбиелейтін, әсемдік туралы білім мен
оның заңдылықтарына үйрететін қасиеттер бар.
Әсемдік пен өнердің заңдылықтарын терең түсіну
адамдардың эстетикалық сезімдері мен талғамдары-
ның дұрыс қалыптасуына да зор ықпал етеді, неміс
ақыны Шиллердің сөзімен айтқанда талғам «біздің
қуанышымызды көл-көсір етіп қана қоймайды, ол со-
нымен бірге өзімізді де өркениетті болуға жетелеп,
тәрбиелейді», - деген екен.
158 Мәмбетов Жолдасбек Мына өмірде бәрі де бір-бірімен шырмауықтай ма-
тасып, араласып жататын көрінеді. Күнделікті өнерде
қолданылып жүрген көркем тәжірибе, эстетика егер
тереңіне үңілер болсақ, әсемдік туралы ғылымның
теориялық танымдарымен, эстетика туралы ғылыммен
қат-қабат байланысып жататынын аңғарамыз. Өнер
заңдылықтарын білу, терең түсіну, оның озіне ғана
тән ерекшелігін тану оның астарлы мазмүнын дүрыс
пайымдау, әсемдік пен көркем бейненің мәнін ашуға,
оны дүрыс бағалауға мүмкіндік береді. Теориялық
білімі жоқ оқырман үшін қызықсыз, үғынудың езі
ауыр кейбір шығармалар дайындығы бар оқырманның
(көрерменнің) қабылдауында басқаша сипатқа ие бо-
лып жататыны да сондықтан.
Эстетикалық тәрбие мен білімге көптеген халықтар
ерте замандардан бастап-ақ үлкен мән беріп, өз үрпақ-
тарын сан алуан өнер түрлеріне баулитын болған.
Ежелгі гректер өз балаларын музыка, би, поэзия
арқылы тәрбиелеудің әр түрлі әдістерін ойлап тау-
ып, нақты тәжірибеде іске асырып отырған. Мыса-
лы, Пифагор өз шәкірттерін тәрбиелеуде музыка мен
биді кеңінен пайдаланған деген деректер сақталган.
Пифагордың өзі музыка мен басқа да өнер түрлерінде
адамгершілік және тәрбиелік күш бар деп түсінген.
Ол ән салу мен басқа да музыкалық ойындар жастар-
ды ерлікке ғана оаулып қоимаи, әділдікке де үиретеді
деп сенген. Бүл
пікірді Платон да қуаттап одан әрі
дамытқан.
Жаңғыру дәуірі мен ағартушылық кезеңнің ойшыл-
дары да, одан кеиінп замандардағы өнер қаираткерлері
мен ғалымдар да эстетикалық тәрбиенің маңызы тура-
лы қызықты да қисынды пікірлер жазып қалдырған.
Француздың философ-жазушысы Дени Дидро «өнер-
дің, ақиқатты көркем бейнелеудің негізінде әрдайым
эстетикалық сезім, адамгершілік идеал жатады»,
- деп сенген. Сол идеал суреткерді жетелеп отыра-
Әдебиеттің эстетикалық негіздері 159 ды, окырманға ой салып, ерекше әсер етеді деген
қорытьХндыға келген.
Өнердің барлық түрінде тек қана адамға тән қасиет,
адамға тән мінез суреттеледі. Соның ішінде музыканы
алар болсақ онда да дәл сөз өнері секілді адам көңіл-
күйі, адам сүйіспеншілігі, қуанышы мен қайғысы
нәзік әуен толқындары арқылы бейнеленеді. Музыка
оны түсінетін кез келген адамның кеудесіне қуаныш
үялатып, бұрын өзі байқамаған дүние сырын ашады.
Ол мейлі бала болсын, тіпті ересек адам болсын сезімін
шалқытып, жанын рахат күйге бөлейді. Айналаңның
бәріне жақсылық жасағың келіп, рухыңды асқақтатады.
Өткен тарихымызды еске алар болсақ, әр күрделі
кезеңнің өзінің әні мен күйі болған. Шыңғыс хан
жорығынан «Ақсақ құлан» күйі қалса, Ақтабан шұ-
бырындыдан «Елім-ай» әні қалды.
Ал сан ғасырлық қазақтың тәуелсіздік жолындағы
күресінің символы ол «Менің Қазақстаным» әні.
1986 жылы азаттық үшін сол кездегі астана Алма-
тының алаңына шыққан жастардың да «Менің
Қазақстанымды» шырқауы кездейсоқтық емес еді.
Аталған әннің әлеуметтік мәнін түсінген елбасымыз
Н.Назарбаев ол әнді тәуелсіз Қазақстанның әнұраны
етіп бекітті. Бұл өте дұрыс шешім болатын. Өйткені
«Менің Қазақстаным» жай ғана ән емес, ол біздің асқақ
ұлттық рухымыздың символы, ол келешек ұрпақты
отаншылдыққа тәрбиелеудің құралы.
Өнер сұлулыққа сырттай ғана сүйсіну емес - ол
әсемдікті жақсы көруге, жамандықтан жирену-
ге жетелейтін жалынды махаббат. Адамның жаны
сұлулыққа қаншалықты құмар болса, ол өмірдегі өз
әрекетін әрдайым батыл бастап, өз мақсатына тез же-
туге тырысады. Эстетикалық тәрбие тек от басы, ошақ
қасының ғана міндеті емес, ол жастар тәрбиесін дұрыс
жолға қоюды мақсат ететін мемлекеттік маңызы бар іс.
160 Мәмбетов Жолдасбек ПАИДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Серікцалиев 3. Дүниетану даналығы. - Алматы: Білім, 1994. 2. Күлсариева А.Т. Эстетика: оқу құралы. - Алматы: Қазақ университеті, 2003. 3. Байтүрсынов А. Әдебиеттанытқыш. Ақ жол / құраст. Р.
Нұрғали. - Алматы: Жалын, 1991. 4. Нүргалиев Р. Сөз өнерінің эстетикасы. - Астана: Елорда, 2003. 5. Ривкин Б.И. Өнердің ықшам тарихы... Антик өнері. - Ал- маты: Өнер, 1988. 6. Платон. Соч.: 3 т. - Москва, 1968. - Т.1. - С. 138, 7. Бес ғасыр жырлайды. Үш томдық. 2-т. - Алматы: Жазушы, 1984. 8. Хара Даван Э. Чингис-хан как полководец и его наследие. - Алматы: Наука, 1993. | Н ! | 9. Дәдебаев Ж . Атыңнан айналайын Әулиеата: тарихи- филологиялық зерттеулер. - Алматы: Қазақ университеті, 1998. 10. Махамбет. Жорық жырлары. - Алматы: Халықаралық Абай клубы, 2007. 11. Аристотелъ. Об искусстве поэзии. - Москва: Гослитиз- дат, 1957. ■ ^ 12. Аессинг Г.Э. Лаокоон, или о границах живописи ипоэзии. - Москва, 1957. 13. Гомер. Илиада. Песнь третья. - Санкт-Петербург: Свет- лячок, 2001. 14. ТолстойА.Н. Анна Каренина. - Москва: Художественная литература, 1981. 15. Әуезов М. Абай жолы. Роман-эпопея. Бірінші кітап. - Алматы: Жазушы, 1989. 16. Кривцун О.А. Эстетика. - Москва: Аспект Пресс, 2003. 17. Пико Делла Мирандола. Речь о достойнстве человека // Эстетика ренессанса. - Москва, 1981. 18. Мак^атаев М. Бақыт деген... Өлеңдер, поэмалар. - Алма- ты: Жазушы, 1982. 19. Күнанбаев А. Екі томдық шығармалар жинағы. Бірінші том. Өлеңдер мен поэмалар. - Алматы: Жазушы, 1986. 20. Кабдолов 3. Сөз өнері. - Алматы: Қазақуниверситеті, 1992. 21. Чернышевский Н.Г. Полн. собр соч. Эстетические прой- зведения. - Т.2 - Москва: Гос. Издат. Художест. Литер, 1949.
22. Қазақ әндері. 3 томдық. 1-т. Халық әндері. - Алматы: Жа- зушы, 1968. 23. Жүмабаев М. Шығармалары. 3-томдық. 1-т. - Алматы: Білім, 1995. 24. Борев Ю.
Эстетика. - 3-е. издан. - М.: Политиздат, 1981. 25. Леон-Портилъя М. Философия наіуа. Исследование ис- точников. - Москва: Наука, 1961. 26. Найманбаев Ә. Қазақ әндері. 3 томдық, 1-т. - Алматы: Жа- зушы,1968. \ щ 27. Есмагамбетов Ы. Әдебиет теориясының мәселелері. - Ал- маты: Қазақ университеті, 2011. 28. Мүсірепов Ғ. Таңдамалы шығармалар. Үшінші том. - Ал- маты: Қазақ мемлекетгік көркем әдебиет баспасы, 1956. 29. Күнанбаев Л. Екі томдық шығармалар жинағы. Екінші том. Аудармалар мен қарасөздер. - Алматы: Жазушы, 1986. 30. Матъе М.Э. Древнегреческие мифы. - М.,Л., Акад наук СССР, 1956. 31. Махамбет. Ереуіл атқа ер салмай. Өлеңдер. - Алматы: Жазушы, 1989. 32. Әуезов М. Әдебиет тарихы. - Алматы: Ана тілі, 1991. 33. Шортанбай. Толғаулар, айтыстар, дастан. - Алматы: Айқап, 1993. 34. Тауасарүлы Кдзыбек бек. Түп-тұқияннан өзіме дейін. - Ал- маты: Жалын, 1993. 35.
Лсан цаты. Қ азақты ң ата заңдары . Қ ұж аттар, деректер
жэне зерттеулер. 1-т. Бағдарлама жетекшісі: С. Зиманов. - Алматы:
Жеті жарғы, 2004.
36.
Белинский В.Г.
Жолайырықта. - Алматы: Рауан, 1995.
39. Кдзақ халык әдебиеті. Көп томдьпс 2-т. - Алматы: Жазушы, 1986.
40. Қазақ халык әдебиеті. Көп томдық. 3-т. Батырлар жыры. - Ал-
маты: Жазушы, 1987.
41.
Майлин Б.
Көп томдық шығармалар жинағы. 1-т. - Апматы:
Қазығұрт, 2004.
42. К. Маркс и Ф. Эшелсъ. Об искусстве. В 2-х т. - Москва, 1976. Ч £ ^_______ Әдебиеттің эстетикалъщ негіздері ________ 161
МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ...............................................................................................3 ЭСТЕТИКА ТАРИХЫ...................................................................... 7 ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ЕУРОПАДАҒЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАР................................................................................. 35 ЖАҢҒЫРУ ДӘУІРІНДЕП КӨРКЕМДПС ИДЕАДДАР............ 42 ХУІІ-ХУШ ҒАСЫРЛАРД АҒЫ КӨРКЕМ ОЙЛАУ ЖҮЙЕСІ.... 45 ӘСЕМДІК.............................................................................................49 АСҚАҚТЫҚ........................................................................................ 64 ТРАГЕДИЯЛЫҚ................................................................................. 71 КОМИКАЛЫҚ................................................................................... 82 ЖАҒЫМСЫЗДЫҚ............................................................................ 91 ОПАСЫЗДЫҚ....................................................................................94 СҰМДЫҚ.............................................................................................95 ЭСТЕТИКАДАҒЫ ӨНЕР ЖӘНЕ ӨМ ІР.......................................100 ӨНЕР ТҮРЛЕРІ...................................................................................110 КЕЙБІР ӨНЕР ТҮРЛЕРІНІҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛЖТЕРІ..... 120 ӨНЕРДІҢ ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРДЕП РӨЛІ...................................126 КӨРКЕМ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДҮНИЕТАНЫМ....... 129 КӨРКЕМДІК ӘДІС ТАБИҒАТЫ.................................................... 137 РОМАНТИЗМ.....................................................................................142 РЕАЛИЗМ .............................................................. ............................ 145 МОДЕРНИЗМ.....................................................................................149 ПОСТМОДЕРНИЗМ........................................................................ 151 ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................156 ПЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................... 160