76
М эмбет ов Ж олдасбек
да болған, кездейсоқ қайғы-қасіретті де трагедия дей
алмаймыз. Неміс философы Шеллинг «трагедияда
кездейсоқтыққа орын жоқ» деген болатын. Тек қана
тартыстың барынша қиыншылықпен шешімін табуы,
мінездің барынша терең, әр қырынан нақты танылуы
ғана трагедиялық халдің толық сипатын ашып бере
алады.
Щ
Трагедияның пайда болуы, шешілуі қиын тарихи-
объективті жағдайлардың адамның іштейгі қалауы,
тілек-талабы қаншалықты күшті болса да іске аспау-
ына тікелей байланысты. Алдына қойған мақсатының
орындалмауы өзіне байланысты болмаса да, оның
жүзеге аспауына қарама-қарсы күштер кесірін тигізіп,
кедергі келтіргенімен, оны жеңуге күш-қуаты мен
ақыл-айласының жетпейтінін біле түрып, барлық
кінәні өз мойнына алуы трагедиялық күйдің басты
ерекшелігі болып саналады. Трагедиялық жағдайға
байланысты туындаған, трагедиялық қаһарман се-
зінген бүл күйді (халді) эстетикада «трагедиялық
кінә» деп атайды. Бүл әлем әдебиетіндегі көптеген
үлы трагедиялық шығармаларда көрініс беретін
трагедиялық қаһармандарға тән бірегей сипат.
Трагедиялық тартыс пен «трагедиялық кінәнің»
мазмүны мен пішіні адамзат қоғамының дамуына
орай, соған сәйкес онер тарихының дамуымен бірге
біртіндеп өзгерістерге үшырап келеді. Ертедегі гректер
трагедиялықхалді өз заманында Шекспир қалай түсінсе
дәл солай түсініп еді деп айта алмаймыз. Олай бол-
са олардың трагедия туралы үғым-түсініктерін біздің
қазіргі замандағы пайымдауларымызбен салыстыра
қарастырудың өзі орынсыз талап болып шығатыны
белгілі. Көне гректердің амфитеатрларда қойған тра-
гедиялары негізінен жазмыш, тағдыр трагедиясын
корсетумен ғана шектелген. Оны антикалық дәуірдегі
трагедияның атасы болып саналатын Софоклдың
«Эдип патша» трагедиясынан байқауымызға болады.
Әдебиеттің эстетикалык; негіздерг
77
іұл шығармадағы трагедия сюжетіне таяу шығыс пен
ректерде ежелден айтылып келе жатқан Эдип патша
ү о а л ы
миф арқау бйлған. Онда болашақ патша Эдип
умай тұрып-ақ оньщ пешенесіне өзінің әкесін өлтіріп,
інасын әйелдікке алатыны жазылып қойылады. Оны
ілдын-ала сәуегейден естіген болашақ патшаның
жесі мен шешесі бала туа салысымен оны орманға
кыртқыш аңдарға жем болсын деп апартып тастайды.
■
эірақ оны апарған құлдары баланы орманға тастап ке-
гуте қимай, көрші патшалықтың адамдарының қолына
гүсуіне жағдай жасайды. Сөйтіп Эдип көрші елдің пат-
тта сарайында басқа ханзадалардан кем болмай ата-ана
мсахаббатьша бөленіп, жақсы тәрбие алады. Өзінің асы-
эанды екенін де білмей өседі.
Бірде ер жетіп, етек жиған Эдип ханзада нөкерлерін
эртіп, ел мен жер көру ұшін алыс сапарға шығады. Жол-
да бөтен елдің патшасының керуеніне кездесіп қалады.
Екеуінің арасында кикілжің туып ақыры соғысып,
ол ханзаданың көрші елдің патшасын өлтіруімен
аяқталады. (Ол трагедияның соңында Эдиптің әкесі
болып шығады). Одан әрі саяхаттай жүріп бір елге
қорлық көрсетіп отырған айдаһармен соғысады. Оны
жеңіп бір қалаға келсе қала тұрғындары мен патшай-
ымы оған риза болып жауыз айдаһардан құтқарғаны
үшін оған не қаласа да орындалатынын жеткізеді.
Егер қаласа жақында ғана ері қаза тауып, жесір қалған
патшайымның өзі де оған күйеуте шьпуға дайын
екендігін білдіреді. Сұлу патшайымды көрген Эдип
оған үйленбеймін деп айта алмайды. Сөйтіп адамдар
қанша жерден жазмыштан қашып құтыламын десе де
ол ойлары жүзеге аспайды, ертеректе айтқан сәуегейдің
барлық айтқандары орындалады. Бұл қазақтың «жаз-
мыштан озмыш жоқ» деген көнеден келе жатқан
мақалымен толық сәйкес келеді. Қанша жерден қашып
құтыламын десе де адам маңдайына жазылған тағдыр
талайынан асып кете алмайды деген ой түйіндейді.
Адамзат дамуының алғашқы кезеңіндегі шығарма-
ларда пешенеғе жазылған тағдыр адамдардың жақш-
лыққа деген ұмтылыстарьшан әлдеқайда басым түсіп жа-
тады. Әділеттілік, жақсылық үшін күреске шыққан, сол
жолға басын бәйгеге гіккен адам бәрібір түбінде жеңіліске
үшырайды. Аталған трагедиядағы бәрібір болмай қой-
майтын, әйтеуір түбінде болуы тиіс алғы шарт «жаз-
мыш» трагедиясының классикалық дәстүрлі үлгісі бол-
ды. Мүнан біз тек сол кездегі автордьщ жеке көзқарасьш
ғана емес, сонымен бірге ерте дәуірдегі гректердің өмір
іуралы дүниетанымдарын да нақты тануымызға болады.
Жалпы трагедиялық деген үғымньщ астарында белгілі
бір халыққа, белгілі бір дәуірге тән адамдардың дүниеге
деген философиясы, көзқарасгар жиынтығы жататыньш
жоққа шығара алмаймыз.
Күллі түркі халықтарына ортақ Қорқыт ата туралы
аңызда да тутанда пешенеңе не жазылды одан қашып
Ш г
қүтыла алмайсың, басқаша болуы мүмкін емес, тағдыр
жеке адамның тілек-талабына, қалауына көне бермейді
деген ойды одан әрі дамыта түседі. Соған қарағанда,
жазмыш, тағдыр туралы түсінік ертедегі халықтардың
барлығының да дүниетанымдарында болған деген бол-
жам жаса)пга болатын секілді.
Ал қайта өрлеу дәуірінде өмір сүрген У. Шек-
спир трагедияларындағы тартыстьщ сипаты мүлдем
басқа. Онда да қайшылық бар, бірақ ол ертедегі грек
трагедияларындағыдай адам мен тағдыр арасындағы
қайшылық емес, адамның іштейгі болмысындағы
қайшылық, сезім, ақыл, ой тартысы. Біз Гамлет пен Ко-
роль Лирді көріп отырып адамдар арасындағы мінез
қайшылықтарын, көзқарастар тартысын аңдаймыз.
Жеке адамның мінезі оның болашағын, тағдырын
айқындайды деген қорытынды жасайды.
Көріп отырғанымыздай, уақыт өтуіне қарай траге-
дия туралы бүрынғы ескі түсінік түбірімен өзгеріске
үшыраған. Біздіңше оған таң қалудың керегі жоқ, себебі
78__________________
М эмбет ов Ж олдасбек
____________
4
рагедиялық ұғым да басқа эстетиканың категорияла-
)Ы іспетті өмірмен, тарихи шындықпен тығыз байла-
іыста дамып, өркендейді. Трагедиядан трагедиялық
;аһарман ұғымын бөліп қарастыра алмаймыз. Бұл
>кеуі бірінсіз-бірі өмір сұре алмайтын құбылыстар.
Трагедиялық қаһарман болу ұшін бақытсыздыққа
/шырау, азап көру, керек десеңіз құрбан болудың озі
кеткіліксіз. Ол басқа кейіпкерлерден ерекше, оның
>рекетінің, мінезінің асқақтықпен астасып жатуының
:ыры да осьшда.
Мьшау өмірде кейбір бірін бірі жақсы көрген
кастардың ата-аналарының қарсы болғандарына
іаразылық көрсетіп биік ұйдің шатырынан секіріп
эпат болғандарын бұқаралық ақпарат құралдарынан
эқып та, көріп те журміз. Бірақ оларды трагедиялық
қаһармандар қатарына жатқыза алмаймыз. Ал Қозы
Көрпеш I Баян Сұлудың адал махаббат үшін өмірден
этуі нағыз трагедия, екеуін де трагедиялық қаһарман
ретінде танимыз. Неге? Себебі Қозы мен Баянның бір-
оіріне деген сүйіспеншіліктері, ойлары, армандары,
жалпы адамдық қасиеттері орасан зор, қарапайым
адамдарға тән сезімдерден әлдеқайда биік.
Егер театр сахналарында классикалық трагедия
қаһармандарын коріп жүрген болсаңыздар, олар еш
уақьггта да күйкі тіршіліктегі әрекетпен, тұрмыстық
сипатта көрермен алдына шықпайды. Олардың
мінездерінің өлшемі тұрмыстың қарабайыр әрекеттері
емес, керісінше аса биік асқақтық қасиеттер болмақ.
Біздер үлкен сахналардан тамашалайтын Гамлет не-
месе Король Лир, Федралар трагедияның жазылмаған
заңдарына байланысты еш уақытта да түшкірмейді,
жөтелмейді, арзан күлмейді, ашқарақтанып тамақ
жемейді. Ондай ұсақ қылықтар комедия үшін орынды
болғанымен, трагедия үшін орынсыз болып саналады.
Өнердегі трагедиялық туралы айтқанда, траге-
дияның мазмұны мен пішіні арасындағы маңызды
______
Әдебиеттің эстетикалык; негіздері
_________ 79
80
М эмбетов Жолдасбек
байланыс туралы айтуды естен шығармаған жөн.
Өйткені трагедияның мазмұны мен оның қаһарманы
ғана биікке котеріліп қоймай, оның тілі де асқақ бо-
луы тиіс. Дүние жүзі әдебиетіндегі ұлы трагедиялық
шыгармаларды оқып байқасаңыз олардың көпшілігінің
өлеңмен жазылғанын көреміз. Неге десеңіз поэзия
тілі прозалық тілге қарағанда әлдеқайда сұлу, асқақ 1
ұғымдарды жеткізуге ыңғайлы келеді екен. Оны мыса- 1
лы, Мұхтар Әуезовтің әлем әдебиетінен аударған тра- '
гедиялары мен өзінің ақ өлең үлгісімен жазылған тра-
гедияларын оқысақ та айқын байқаймыз. «Еңлік - Ке-
бек», «Айман - Шолпан», «Қарагөз» бәрінде де ақ өлең
үлгісі қолданылған.
ф ]
Трагедиядағы өлең жай ғана шығарманьщ сыртқы
сұлулығы үшін жазыла салатын мазмұны тайыз дүние
емес, ол шығарманың күллі ішкі болмысымен аста-
сып жататын, әрбір ырғағы мен дауыс екпіні белгілі
бір құбылыс пен әрекетті толық айқындайтьш, нақты
сюжетті сипаттайтын мәні терең поэзиялық шығарма
болуы тиіс. Поэзияның мұндай терең қасиетін ак- і
тер гана сезініп қоймай, оны жалпы көрермен қауым
жогары деңгейде қабылдауы керек.
Қальщ оқырман қауым арасында трагедиялық ка-
тегорияны пессимистік тұрғыдан түсіндіруге тырыса-
тындар да кездеседі. Нағыз трагедиялық шығарма еш
уақытта да үмітсіздікке бой алдырып, пессимизмге жол
бермек емес. Бұлайша түсіну үлкен қателік болып са-
налады. Ол көбінесе трагедиялық шығарманың соңғы
шешімінің қайғы-қасіретпен аяқталуына байланысты
туындайтьшьш да жасыра алмаймыз. Біздіңше олай
тұжырым жасаудың басты себебі трагедияның мәнін
терең және дұрыс пайымдай алмаудан деп ойлаймыз.
Өмірдегі трагедиялық пен өнердегі трагедиялықтың
соңғы нәтижесі барлық уақытта бірдей бола бермейді.
Оларды салыстыра қарастырудың өзі білімсіздік болып
саналады. Мәселен, Ғ. Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш
Әдебиеттің эстетикалык негіздері
81
I
Баян Сұлу» трагедиясындағы бір-біріне ғашық
Ц
іолған екі жастың бірі үшін екіншісінің жанын қиюы
I ;өрермен үшін амалсыз жасалған бос әрекет емес,
■
иынайы
махаббат жолында құрбан болған ақ өлім
■ эетінде бағаланады. Баянның озін-озі олімге қиюы пәк
■ гезімінің, өз сүйгеніне деген адал махаббатының дәлелі
■ зетінде қабылданады. Олардьщ бір молада жерленуі екі
I ашықтың мына жалған омірден отіп, мәңгілік өмірге
■ іяқ басқанын аңғартады. Сондықтан да халық олардың
■ 5ұл әрекеттерін қолдады, жырға қосты, өзгелерге үлгі
■ лті.
і
$
%
І
■
Бұл сюжетті қазақтьщ біртуар ақыны, әнші Әсет
КНайманбаев озінің махаббат туралы ғажайып әніне
*
В
арқау
втті:
■
Қозы менен Баяндай,
■
Бір молада өлсем-ай, -
Ідеген асыл арманнан туған ән сөзі бұл ойымызды
■ толық растайды [26. 173 б.]. Баян өлімі өнердегі траге-
I дия, асқақхықтың үздік үлгісі, өйткені оны күллі халық
I солай қабылдады және дәл солай түсініп келеді.
I
1863 жылы орыс ақыны Некрасов «Қызыл шұнақ,
I сары аяз» («Мороз, Красный нос») поэмасын жазып
I аяқтады.Ондакүйеуіжақындағанақайтысболғаншаруа
I әйелі Дарья орманға отынға барады. Аталған шығарма
I ақын өзі мақтаныш еткен, оқырман да сүйсініп жанына
I жақьга тұтқан бас кейіпкердің қазасымен аяқталады.
I
Некрасов шығармашылығын зерттеушілердің айту-
І
ынша, бастапқы жазбаларында ақын Дарьяны өлімге
қимай, аман алып қалғысы келгенге ұқсайды. Отынға
I барған әйел тоңғанымен, тірі қалған нұсқасы сақталған.
I
Бірақ соңғы нұсқасында автор ол ойынан айнып, по-
I
эманы Дарьяның үсіп өлуімен аяқтаған. Себебі, Не-
I
красов өнердің жазылмаған заңдылығын оқып біліп
I қана қоймай, нақты сезінген, егер бас қаһарман ажал-
мен бетпе-бет айқаста өлімге душар болса, оқырман
көкейінде оның бейнесі бұрынғыдан да әсем, тірі
қалған күйінен де әсерлі із қалдыратынын терең
түсінген. Дарьяның өлімі жай көптің бірінің өлімі
емес, ол ерлік өлім, асқақ өлім. Лессинг кезінде «траге-
82
М эмбетов Ж олдасбек
1
тудырмау
бойындағы
оятуы
деген болатын. Оның мақсаты адамды адамгершілік
тұрғыдан тазарту, үлкен әрекеттер жасауға ұмтылдыру, .
трагедиялық қаһармандарды қолдауға тәрбиелеу, *
әсемдік үшін күресуді насихаттау.
4 I
Өнердегі трагедияның маңызы адамдар өмірін қи- <
ған, сол жолда талай қиыншылықтар көрген идеалға
жету сенімін ниғайтумен ғана шектелмейді, сол идеал- I
дарды іске асырудың жолдарын көрсетеді, үлкен істер ■
үшін қиылған жаны босқа кетпейді, болашақта әйтеуір
бір өз жемесін береді дегенге сендіреді. Трагедиялық
қаһарман олсе де оның жарқын болашақ үшін жасаған
ісі өлмейді деген философиялық ой түюге жетелейді.
Өнердегі трагедиялық тура мағынасында писси-
мизмнен де оптимизмнен де ада. Ол жоғарыда аталған
түсініктерге қатыссыз өмір сүретін секілді. Оның негізгі
мақсатының өзі өмірдегі ерлікті, батырлықты өнердегі
қаһармандық арқылы таныту деп ойлаймыз. Ол адам
бойындағы барлық мүмкіндіктерін аша отырып, оның
ең биік адамгершілік қасиеттерін, ар-намасын үлгі етіп
ұсынады. Сол арқылы саналы адам баласының рухани
сұранысын қанағаттандырады.
КОМИКАЛЫҚ
іздің бәріміз комикалық дегенді естісек
ойымызға күлкілі деген ұғым келеді.
Бірақ мұны барлық уақытта солай бола
береді екен деп ойлауға болмайды. Комедияның
<улкі тудыратыны рас, бірақ күлкінің бәрі бірдей
сомедидлық әрекеттен туады десек қателесеміз. Де-
енмен күлкі адамның айналадағы комедиялық
___, ______
Әдебиеттіц эстетикалык, негіздері
_________ 83
<,үбылыстарға деген көңіл-күиішң көрініа, ол күлкішң
адамға қатыстылығын, субъективті сипатын ғана
зңғартып қоймайды, жеке адамның комедиялыққа
қатынасын да айқьшдайды.
Расында да комикалық деген шын мәнінде не өзі?
Комикалық дегеннің мәні - қарама-қайшылыққа толы
комизм - алауыздықтың, текетірестің, қарама-қарсы-
лықтың нәтижесі: Аристотелыые - сұрықсыздық пен
эсемдіктің, И. Кантше - бейшаралық пен асқақтықтың,
Жан Поль мен А. Шопенгауерше - ақымақтық пен
ақылдылықтың, Гегельше - жалғандық, негізсіздіктің
ақиқаттылыққа, маңыздылыққа қайшылығынан пайда
болады дейді. Бірақ бұл анықтамалар да комедияның
шынайы мәні мен мазмүнын ашып бере алмайды.
XIX ғасырдың бірінші ширегіндегі француз қоғамы-
ның өмірін суреттейтін О. Бальзактың атақты роман-
дар сериясын автордың өзі «адамзат комедиясы»
деп атаған. Бірақ ол романдарды тек қана күліп оты-
рып оқимыз десек қателескен болар едік. Сол сияқты
орыс жазушысы А. Чехов та өзінің атақты пьесасы
«Шие бағын» комедия деп атаған. Бірақ оны көріп
отырып біз жай ғана күлмейміз, бұрын өзіміз байқай
қоймаған, бірақ бізбен бірге қатар өмір сүріп келе
жатқан тоғышарлық пен келеңсіздікке ой жібере оты-
рып күлеміз, сонымен қатар кейде мұңайып, іштей
уайым жеп қайғыға берілетін кездеріміз де болады.
Яки комедияның шақыратын күлкісі арзан күлкі емес,
ойлы күлкі екенін аңғарамыз.
Трегедия секілді комедия да өмірдегі қарама-қай-
шылықты сипаттайды, ескі мен жаңаның арасындағы
тартысты суреттейді. Бірақ трагедиялықтан ерекшелегі
сол - комедиялық ескінің әлсіздігін, оның өсіп өркендеп
84
М эмбетов Ж олдасбек
келе жатқан жаңа дамумен сәйкеспейтіндігін, ақиқат
өмірдің мүмкіндіктері мен талаптарымен үйлес-
пейтіндігін, оның әсемдікке қарсы күресте берекесіздік
танытып жеңіліске үшырайтынын өнер арқылы
көрсетеді. Комикалық деген
9
ол бүрынғы жаңаньщ
ескіріп, адамзат мүмкіндіктеріне сәйкес келмесе де,
өмір ағымынан қалғысы келмей, аяққа оралғы болып,
өзінен кейін пайда болған жаңаға кедергі келтіруі, сол
арқылы әсемдік талаптарының өлшемін бүзуы. Ал
оның күлкі шақыратыны, ескінің жаңаны жеңуге күші
жетпейді, ескінікі әділетті күрес емес, керісінше ты-
раштану ғана. Трагедиялық пен комедиялықтың басты
айырмашылығы да олардың бірінде әсемдіктің, яғни
жаңаның әлсіз (трагедия), ал екіншісінде (комедия),
керісінше, сол жаңаның күшті, үстем болуында деп ой-
лаймыз.
.?!
Комедияның шығу тегі мен даму, қалыптасу кезең-
дері туралы белгілі ғалым Есмағамбет Ысмайлов өзінің
1940 жылы шыққан «Әдебиеттеориясының мәселелері»
деген еңбегінде біршама толығырақ мәлімет береді.
«Комедияның өзі ең алғашқы уақытта гректе
шыққан.
1
Космос - карнавал, ода - өлең деген сөз (яғни кар-
навал өлеңі). Бертін келе комедия деген ат алған. Ко-
медия - бүл күлкілі өлең мен мимиканьщ түйісуі.
Әуелде Афинаның түрған халықтары өсімдік қүдайы
Дионистің қүрметіне ойын жасап, күлдіргі хор айтады
екен. Комедия осыдан шығады.
Грек әдебиетінде комедия жанрын бастаушылар
Катрин мен Аристофан болған. Біздің эрадан бүрынғы
ІІІ-ІҮ ғ. характер, интрига комедиясы шыға бастай-
ды. Тилемон, Менандр сияқты комедия жазушылары
шығады.
Комедия кейіннен рим әдебиетінде де шығады.
Атақты Плавт, Теренци грек жазушыларына еліктеп,
римнің адамдарына гректің киімін кигізіп атын береді.
’им империясы құлауымен комедия жоғалады. Орта
I асырда комедия осіп өрши алмайды.
Тек қана XV ғ. Италияда грек комедиясына еліктеген
омедиялар туады, бірақ сатиралық кекеу, мұқату
<ағы жоғалып жай коңіл котеру сипаты ғана алынады.
XVI ғ. Шекспирге дейін бұл комедия тұрақты
,алыпқа тұсіп, бір қаладан, екінші қалаға көше береді
іе, өсе алмай қалады. Комедияны осіріп жетілдіруші
Пекспир болды.
Бертін келе комедия Испанияда оседі. Бірақ, Испан
:омедиясы басқа жолмен кетеді. Испан комедиясында
сомедия мен трагедияның элементі аралас, әрбір үш
іерделі сюжетті драманы комедия деп атаған.
Бұл комедияда күлдіріп, сықаққа түсетін шаруа,
<ұл адамдары болады. Бұл Испанияда комедияны
эсірген атақты Лопе де Вега және Кальдерон.
Ағылшын комедиясы да осы испан комедиясына
^қсас, өз алдына жолы жоқ.
Комедйя XVII ғ. французда өсіп шығады. «Мінез-
<ұлықты күлкімен түзету» деген буржуазияның
жаңа котеріліп келе жатқан ұраны болды. Француз
комедиясының атасы Молиер болды. Ол, өткен дәуір-
дегі әдебиеттің барлық тәжірибесін пайдаланып ха-
рактер комедиясының жоғарғы сатысын жасады. Ол
кейінгі шыққан ағылшынның - Конгривіне, Испанның
- Моратинніне, Италияның —
Галдонине, орыстың Фон-
физин, Грибоедовіне әсерін тигізді.
Соның артын ала француз буржуазиясы күлкіден
жалығып, сентименталдық комедияға кошеді, сенти-
менталдық комедия драманың бірінші адымы бола-
ды; бірақ, комедия ең ақырғы рет революция алдында
Бомаршеішің атымен байланысты бір көтеріліп барып
сөнеді.
Бомаршеннің «Фигароның үйленуі» деген комедия-
сы халықты ескі омірге қарсы күресуге шақырды. Герма-
нияда французға еліктелінген комедия ақсүйектердің
Әдебиеттің эстетикалык; негіздері
_________ 85
86
М эмбетов Жолдасбек
Түу-түу!.. Мына бетті қараңдар
(Қар
Қа
байғұстар
Қонқайдың тойына барамыз деп аттанды-ау, ә? Мына
думанда қызып кетіп, біреуіне тілім тиіп кетіп жүрмесе
-
қолындағы қүралы болды. Осылардың қолынан тар-
тып алу жөнінде Лессинг немістің үлттық комедия-
сын жасау керек деген үран тастады. Орыс әдебиетінде
I
комедияның әдемі түрлерін шығарған Грибоедов, ]
Гоголь, Островский болды. Бүлар комедиясында ірі
әлеуметтік мәселені көтереді.
Островский комедияның өзін драмаға айналдырды.
Мүның драмасы нағыз реалистік драма еді» [27. 75 б.].
Ал қазақ комедиясының басында Ж. Аймауытов
(Сылаң қыз), Б. Майлин (Майдан), М. Әуезов (Түнгі са-
рын, Айман | Шолпан), Ғ. Мүсіреповтер түрды. Олар
қазақ қоғамының арғы бергі тарихындағы оқиғаларды,
өздері өмір сүрген түстағы келеңсіздіктерді күлкіге
айналдыра отырып, қоғамдық қатынастардың ақиқат
шындығын ашып берді.
-
Мысалы, Ғ. Мүсіреповтің «Ақан сері, Ақтоқты» дра-
масындағы Ақтоқтының әкесі Қоңқайдың монологы-
нан оның қызының бақытын емес, лүние мен жалған
қолпашқа еліпп, шолақ оилаитын тоғышарлығьш
көреміз.
I
«Қоңқай. Солай болдың Қоңқайым! Төре түқымына
қүда болдың, Қоңқай атың қүранға да түсті...
Тәңірі деген, далаға шығып, желпініп бір алма-
сам, тіпті үйге сыя алар емеспін. Күні кеше екі кісі
бас қосса, әркімнің аузына бір қарап, түгіне түсінбей,
қайтып келіп қатынынан сүрайтын Қоңқай! Міне кім
болдың бүгін! Кім болдым дейім саған! Байқашы өзіңді
өзің: кімнің қолы батар екен қабырғаңа? Уа, қайда ж үр
әлгі Сердәлі? Көкшетау дуанының көзі сүрінетін той
жасағалы отырғанымда, жаман неме, қатын-қалаштың
Әдебиеттін эстетикалык, пегіздері
87
| / <арар еді... Тоба де Қонқай, тоба де!.. Бәрі де хазіреттің
I
рқасы! Кісі деп жарықтық хазіретті айтсаңшы. Аузын-
а алласы отырса, көңілінде мен сияқты бір жазған тағы
үрады. Шыңғыс тұқЫмының сауырынан басып-басып
щ іайқады да, бір марқасқасын «Мә, Қоңқай!» деп ұстата
Ц
алды! Ертең Ақтоқтыны ұзатып апарғанда атым-
Щ і,ы байлап жатқан біреуіне - «Уай, сен төре тұқымы
I іолғанда қайсысының баласы едің?» деп сұрасам, со-
■ іан арғының керегі де жоқ маған... «Үлкен құданың
Цэзін
тарт, өзін тарт!» деп, шаңыраққа аса жөнелғенде
■ міп кетсем де мейлі!» [28. 242 б.].
■
Әлі қолы жетпеген жалған байлық пен алдамшы
■ ^ұрметке мас бейшара адамның шалағай ойының
I сүлкі шақыратыны рас. Бірақ бұл тек қана Қоңқайдың
I Засындағы кұй емес, жазушы тек қана бір Қоңқайды
I сүлкі етіп отырған жоқ, ол сол қоғамдағы өз баласының
■ Зағын саудаға салған талай Қоңқайлардың тоғышар ой-
I дары мен арсыз әрекеттерін келемеждеп отыр. Ескінің
I қалдығы ретінде көрінетін Қоңқай әрекеті, оның шолақ
В арман-қиялы комедиялық құбылыс. Ал ондағы күлкі
I эмірі өткен шарасыз әрекетке негізделген, оның бәрібір
■ жеңіске жете алмайтынына сенімнен туған күлкі.
■
Комедияның да трагедия сияқты пайда болып,
I өмір сүретін ортасы - адамзат қоғамы болып са-
Іналады. Мынау өмірде күлкіні тудыратын да, оған
■ күлетін де адам ғана. Кейбір зерттеушілердің басқа
I табиғат құбылыстарынан күлкі іздеуі қателік. Мәселен
I итгің еркелеп арсалаңдауы, маймылдың түрі мен
I әрекеттеріндегі күлкілі жайттар, түлкінің қулығы
I мен аюдың ебедейсіздігі адам көзімен көріп, адам са-
I насымен бағалағанда ғана күлкілі. Бұл жерде адам-
Достарыңызбен бөлісу: |