132
Мэмбетов Жолдасбек
Үлкенді сыйлау, ағаға кешіріммен қарау, оның
айтқанына көну шығыс халықтарының менталитетіне
төн қасиет. Соның ішінде қазақ халқы бұл дәстүрді
күні бүгінге шейін ұстанып келеді. Артынан қуып
келген бойындағы бес қаруы сай Қарт Қожақтың жай
жүрмегенін Тарғын да сезеді. Бірақ ежелден келе
жатқан дәстүрден, ата-баба жолынан ауытқымайды.
Өйткені ол кездегі дүниетаным сондай, сөзге тоқтау де-
ген тағы бар. Сондықтан Қарт Қожақ та сол дәстүрден
жаңылмаиды:
Сені қорқақ демен-ді,
Әуелгі кезек менікі,
Соңғы кезек сенікі,
Қалаған жерден атамын,
Айнымайтұғын ер болсаң,
Кезегімді бер енді
Сонда Тарғын сөйлейді
Толғай мойнын бұрады
Әңгіме дарқан құрады
Жаннан қорқар ер емес
Кезегін баба алсын деп
Қарт қояндай қасқарып
Қарсы қарап тұрады [40.115 б.]
баяндалады
қалғанда
қорамсақтағы ж үз алпыс кез оғын күлпара қылып
уатып кетеді. Сонан соң Тарғын кезегің болды ма деп
қылышын суырып Қожаққа дүрсе қоя береді. Қожақ
айтты: - Тоқта, менің кезегім біткен жоқ, - деді, - мен
сені аяғаннан өзіңді атпай, оғыңды атып едім, өзімнің
ерлігімді білдірмек үшін. Егер ақылы болса менің
аяғанымды білер де қызды тастар да ж үре берер деп.
Сен менің аяғанымды білмедің, ендеше барып тұр,
жаңадан өзіңді тура атамын, - дейді. Сонда Тарғын
!
Әдебиеттің эстетикалъщ негіздері
133
1 ойлайдьі, мұның аяғаны рас екен, менің өзімді бай-
] лап атса таудай өзіме, таудай атыма тигізбей ме, мен
1
мұның қадірін білейін, - деді де қызды тастады да жүре
I берді» [40.165 б.].
Көріп отырғанымыздай, көшпелілер әйелге деген
махаббаттан ер намысын жоғары қойғанға ұқсайды.
«Бала белде, әйел жолда» деген мақалдың мәні де сол
жаутершілік заманның дүниетанымынан туындаған
болса керек.
Әрине, адам тәрбиесінде ұлттық дүниетанымның
орны алаботен. Бірақ жеке тұлғаны қалыптастыруда
өмірлік тәжірибенің орны ерекше. Адамдардың
ғасырлар бойы омірден жинақтаған тәжірибесі адам
тәрбиелеуде зор маңызы бар құрал болып саналады.
Солай дей тұрғанмен де, өмірлік тәжірибенің өзі
өнермен салыстырғанда аясы тар, шамасы шектеулі
екенін ескергеніміз жөн. Ал өнер болса ол күллі адам-
зат баласының тәжірибесінен ғана емес, ой-арманынан,
қиялы мен ақыл-парасатынан пайда болған көркем об-
раздар жүйесі.
Өнер өмір құбылыстарын шынайы бейнелей оты-
рып, адамдардың өмір тәжірибесіне қайшы келмейді,
қайта оны толықтырып байыта түседі. Сойгіп, өнер
өмірдің оқулығы секілді қызмет етеді.
Өнер адамдарды әсемдікті, сұлулықты қабылдауға
ғана үйретіп қоймайды, сол әсемдікгің гікелей
көмегімен адамдарды жаңа танымдарға, өзгеше мінез
қалыптастыруға жетелейді. Бұл оның эстетикалық си-
паты болып саналады. Өнер арқылы болатын кез кел-
ген толғаныс - ол эстетикалық толғаныс, оның соңы
міндетті түрде эстетикалық ләззат алуға әкеліп соғады.
Бір өнер туындылары болады, өзінің мәні мен
маңызын қай дәуірде болса да жоғалтпай, ылғи да жаңа
қырынан танылып, ғасырлар бойы адамзат баласының
рухани қажеттілігін қанағатгандырып келеді. Қанша
ұрпақ алмасып, қоғам озгеріп жатса да ол туындыларға
134
Мәмбетов Жолдасбек
деген рухани сұраныс ешқашан да суымаиды, қайта
қоғам дамуына күні кеше туған шығармадай қызмет етіп,
өмірдің әсемдігін, сұлулығын жырлаудан жалықпайды.
Мысалы, ұлы Абай шығармалары біздің халық үшін,
тек қана қазақ халқы емес адамзат баласы үшін өз
маңызын жоймайтын, ешқашан ескірмейтін үлкен ру-
хани құндылық. Оны араға уақыт салып қайта оқыған
сайын жаңа бір мазмұньга ашқандай, бұрын беймәлім
болып келген соны бір қырын танығандай боламыз.
Себебі ұлы ақын адамзат санасында мәңгі ескірмейгін,
мәні терең философиялық мәселелерді сөз еткен.
Абай өмір сүрген уақыт бізден жүз жылдан аса
уақытты араға салып тұрса да, оның шығармаларынан
дәл сол тұстағы ұлттық, халықтық, адамзаттық пробле-
маларды анық аңғарғанымызбен, данышпан ақынның
өткен дәуірде қозғаған мәселелері бүгін де өзекті, қазір
де біз үшін аса құнды рухани азық болып келеді.
«Өмірді өмірдің өзіндей етіп бейнелеу» өмірді тіке-
лей көшіру емес, сол өзіміз өмір сүріп отырған әлем-
нің ақиқат шындығын таныту. Ғылым тілінде көбімізге
түсінікті бола бермейтін құбылыстарды суретті бейне
арқылы жеткізу. Өмірде ғылымның сан алуан саласы
бар. Сол ғылым салаларының әрқайсысының өзіне тән
ерекшеліктері болатыны да рас. Мәселен, химиямен
айналысып жүрген адамға этнография ғылымы жақын
таныс деп айта алмаймыз немесе медицина саласын-
да жүрген адам үшін музыкатану да тосындау сала
екені шындық. Көпшілік қарапайым жұмысшылар
мен шаруалар үшін де ғылым мен өнер салаларының
көптеген ерекшеліктері жұмбақ болып қалатынын да
жасыра алмаймыз. Ал осыдан бір ғасыр бұрынғы қазақ
қоғамы үшін қоғамтану заңдары, ондағы терминдердің
мүлдем түсініксіз болғандығы рас. Қазақ даласы-
на кеңес өкіметі орнап, олар өздерінің ел болашағын
қандай негізге сүйеніп, қалай жасақтайтынын кең
көлемде насихаттай бастады. Бірақ ел арасында әр
Әдебиеттің эстетикалъщ негіздері
________ 135
алуан алып-қашпа әңгімелер тарап кетті. Біреулер
үжымдық (коллективті) шаруашылықты халықты топ-
тап алып, жеке тұлғаны түгелдей теріске шығаратын
құбылыс ретінде түсіндіреді. Қазақтың танымал жа-
зүшысы Б. Майлин өзінің шығармаларында аталған
мәселенің қыры мен сырын терең ашып көрсетті.
Оның қай шығармасын алмайық жиырмасыншы
ғасыр басындағы қазақ коп түсіне қоймайтын ғылыми,
саяси ұғымдар мен түсініктерді өмірлік суретке ай-
налдырып, жалпы жүртшылықтың санасына сіңіре
алды. Мысалы, сол кездегі ең өзекті мәселелер артель
ұйымдастыру, колхоз қүру, конфискациялау, т.б. оның
шығармаларының негізгі арқауы болды. Қарапайым
шаруаның Ленин еңбектерін оқып түсіне алмасы
белгілі, ал бірақ сол саяси ойды өнер тіліне көшірген
Б. Майлин шығармалары жалпы халыққа түсінікті бо-
лып шығатын. Оның «Құлақ» деген әңгімесіндегі мына
бір диалогқа назар аударсақ та сол жиырмасыншы
ғасыр басындағы қазақ кедейінің таным-түсінігін нақты
танығандай боламыз: «Есеп алынды. Әкімдер жүретін
болды.
- Қарақтарым, мені қайтесін? - деді Ысқақ.
- Мынаны зарлатпай бірдеңе қылсаңдаршы, - деп
ауылнай күңк ете қалды.
- Бұған қайдан тауып береміз?
- Бірер байдан ал да бер. Ең таба алмасаң, осы үйден
әпер.
- Ойбай, айта көрмеңдер, Ысқақты асырауым жет-
кен, - деді үй қожасы Бекен.
- Тағы асыра.
- Е, ол ненің ақысы?
- Ол - құлақ болғаныңның ақысы, - деді ауылнай
шиқыл-шиқыл күліп.
- Қой, шырақтарым, елдегі жалғыз қүлақ мен емес
қой. Басқасынан да алынар. Жұртпен бірге берермін.
136
Мэмбетов Жолдасбек
- Сөзді қойыңыз, отағасы. Мына Ысқаққа 10 пұт би-
дай бер, - деді Қайранбай.
- Әкіреңдеме, шырағым, 10 қарасы бар жалғыз мен
емес қой...
\ ЯВ
- Бересің бе, бермейсің бе?
- Бермегенде қайтесің?
- Протокол жасап, сотқа берем.
Қой протоколыңды, қолымнан бергенше түрмеңде
шіриін. Қайранбай Бекенді сыртқа шығарып әкетті.
Осы елде саған дос ж оқ қой.
Ас үйден қатыны келді:
- Әлгілердің «қүлақ» деп жатқаны кім еді?
- Мені айтады.
- Сен қүлақ па едің? Қара шешей ашуланғанда:
«қаңғырған телеу» дейтіні қайда? Осы сенің руың
күніне бір өзгере ме? Бекен мырс етіп күліп жіберді.
- Айт-ау, «қүлақ» деген ру емес, «бай» деген сөзі.
- Солай ма еді? «Қаңғырған телеу» деген сөзін та-
стай беріп, қара шешей «қүлақ» деп мазамызды ала
ма деп қорқып едім» [41. 76 б.]. Бүл жерде Б. Майлин
ғылыми әдебиеттерде қолданылатын «феодал», «ку-
лак», «тап тартысы» деген үғымдарды білмей отырған
жоқ, қүлақ дегенді әдейі қазақ шаруасының таным-
түсінігіне жақын, түсінікті болу үшін пайдаланған.
Жазушының «Даудың басы Дайрабайдың көк си-
ыры», «Күлтай болыс», «Сары тон» т.б. әңгімелері мен
«Он бес үй», «Раушан коммунист», т.б. повестерінде сол
түстағы саяси-өлеуметтік мәселелер қарапайым адам-
дар санасына түсінікті тілмен өте шебер баяндалған.
КӨРКЕМДІК ӘДІС ТАБИҒАТЫ
К
өркемдік әдісдеген ұғымды орыс ғалымы
Ю. Борев эстетика категорияларының
қатарына жатқызады. Оның пайда бол-
ғанына да бар-жоғы бір ғасырға жуық уақыт болды.
Көркемдік әдіс деген ұғым алғаш рет негізінен кеңес
әдебиетінің сынында пайда болған. Сондықтан да ол
әлі күнге дейін қазіргі ТМД елдерінің эсгетикалық ой-
лау жүйесінде сақталып отыр. Ал көркемдік әдіс деген
терминді ежелгі грек ойшылдары да, Батыс Еуропаның
эсгетиканы зерттеген ғалымдары да, керек десеңіз он
тоғызыншы ғасырдағы орыстың атақты сыншылары да
пайдаланбаған.
Көркемдік әдіс дегеннің өзі алғаш рет жалпы
өнерді зерттеуге байланысты философиялық әдіс
ретінде пайда болған. Бірақ өнер мен философияның
өзіндік ерекшеліктері бар екенін саралай келіп, өнерге
тиесілісін көркемдік әдіс деп атауды айналысқа енгізген.
Негізінен, көне Грекияның өзінде өнерді зерде-
леудің әдісі туралы пайымдаулар болған. Мысалы,
Аристотель: «Ақиқат - шындыққа еліктеуден туады,
ол шьшдық қалай болса дәл солай, жұрт ол туралы
қалай ойлап, қалай айтса дәл солай, оның өзі қалай
#
болуы керек болса нақ солай болады», - деп өнердеп
«мемезистің» үш түрін атап көрсеткен.
«Әдіс туралы толғам» (1637 ж.) деген философиялық
трактатында Рене Декарт адамдардың күллі танымдық
әрекетін реттеуші канондар мен ережелерді жасауды,
білімді қатаң жүйелеу талабын қоюды рационализмнің
негізгі принципі ретінде үсынған. Аталған принцип-
тер классицизмнің көркемдік әдісінің негізі болып
қаланды. Ал Эмиль Золяның өнердегі эксперимен-
талды әдіс туралы жазғаны мәлім. Мұнан көркемдік
әдіс деген термин кейін пайда болғанымен, оның мәні
Әдебиеттің эстетикальщ негіздері
________ 137
138
Мэмбетов Жолдасбек
мен мазмұны туралы әңгіме ерте кезден-ақ сөз болып
келгенін аңғарамыз.
Көркемдік әдіс табиғаты қандай? Бұл мәселе төңі-
регіндегі дау-дамай күні бүгінге дейін толастаған емес.
Бағзы заманның бір ойшылдары оны көркемдік тәсіл-
дер мен құралдар жиынтығы ретінде түсіндірсе, енді
бір ғалымдар одан өнердің ақиқат шындыққа эсгетика-
лық қатынасын байқағанын жазады, ал үшіншілері
оны жалпы дүниетанымдық және идеологиялық прин-
циптер жүйесі регінде танитынын тілге тиек етеді.
Жалпы көркемдік әдіс пен өнердегі әр алуан
ағымдардың да бір-бірінен алшақ жатқан түсініктер
емес екенін аңғаруға болады. Ағым өнерді белгілі
қоғамдық санаға бейімдеуші, алдындағы ағымдар
мен әдістерді сарапқа салып, оның қажеттісін алып,
қажетсізін
шығарып
тастауға
орайластырылған
көзқарастар жиынтығы.
XX ғасырдағы көптеген мәдениеттанушылар мен
өнертанушылар XX ғасыр онерін дағдарысқа ұшыра-
ған, барлық берерін беріп болған, одан әрі дамуының
болашағы жоқ деп жазды. Көркем шығармашылықтың
жасандылығы, өнердің өз мәнін жойғандығы жай-
лы Еуропаның белгілі ойшылдары О. Шпенглер,
Адор
XX
іуралы
жаңа мәдениеттің әлі аяғынан тұрып кете қоймаған
жастығынан деген дәлел келтірді. Әр қилы қарама-
қайшылықтары мен тосын пікірлеріне қарамастан ол
аталған кезеңді жанталасқан ізденістер дәуірі, жаңа
тәжірибелер уақыты, мәдениетте жаңаша рухтьщ пай-
да болған гасыры деп бағалады.
Расында да, XX ғасыр адамзат мәдениетінде түбе-
гейлі өзгерістер мен жаңалықтар дәуірі ретінде
есте қалады. XX ғасырдың басында-ақ біз адамзат-
I
Әдебиеттің эстетикалъщ негіздері
________ 139
тың көркемдік санасының дамуында бұрынғы өнер
түрлеріне қарағанда әлем бейнесін өзгеше пайым-
даудың пайда болғанын аңғарамыз. Ол пайымдаулар
бұрыннан қалыптасқан өнердегі дәстүрге мүлдем
сәйкеспейтіндігімен ерекшеленді. Ондағы көркемдік
ізденістердің бастьгерекшелігі сонда, әр текті көркемдік
ағымдар бұрьшғыдай бірінен кейін бірі дамыған жоқ,
олар бәрі бірдей бір мезгілде қос қабат (параллельді)
дамып отырды және олардың бәрі де тең дәрежеде
қабылданды. Сол ағымдар түгелдей жинақтала келе
өнерде XX ғасыр адамының бейнесін сомдады.
Негізінен, XX ғ. басындағы мәдениет пен онердегі
ұлы тоңкеріс өзінен-өзі пайда бола қалған жоқ. Оның
түп-тамыры XIX ғасырдағы романтизм, реализм
I бағыттарымен және символизм, импрессионизм және
I натурализм сияқты ағымдардағы коркемдік ойлармен
I ұштасып жатқанын байқау қиын емес.
|
Шынайы өмірдегі заттылықтан арылу, оны жаңа
принциптер бойынша талдап қорыту, кескіндеу және
әдебиеттегі құрылымдық озгерістерге сәйкес өнер-
дің ішкі ресурстарын жинақтап жеткізу П. Пикас-
со, В. Кондинский секілді бейтаныс бейнелер мен
Д.
Джойс, М. Пруст сияқты тылсым тілмен сипаттау,
сол арқылы дәуір тынысын таныту, расында да өнердің
өзгеше соқпақпен беталғанын көрсетеді. Өнердің
бұлай жаңа сапада көрініс беруі жай ғана тәжірибеден
туған жаңалық емес еді, ол сол тұстағы объективті
жағдайлармен де толық сәйкес келегін шығармашылық
ізденісгердің жемісі болып саналады.
Ескі әлем бейнесін қиратып, жаңаша пайымдау
өнердің барлық саласында орын алып жатты. Себебі
ғылымда мәні орасан зор жаңалықтар ашылып, ол
қоғамдық санаға, сонымен қатар көркемдік санаға
да оз әсерін тигізбей қалмады. Физикада ядроның
бөлшектензлі, ықтималдық теориясының пайда болуы,
психоанализдің дамуы, уақыт пен кеңістікке қатысты
140
М ғмбетов Жолдасдек
жаңа.іықтардың ашылуы өнердегі адам маселесін
қайта қарауға алып келді.
Бұрынғы роман, драмалардың жазылу сипатында
классикалық дәстүр қатаң сақталатын. Қаламгерлер
өзі сомдаған кешпкерлерге сенетін, оларды тірі адам-
дар сияқты сомдауға тырысатын. Бальзак, Стендаль,
Толстой, Лостоевскийлердің әрқайсысы өз кейіп-
керлерін барынша аялап, олардың арасындагы тар-
тыстың шынайылыгы үшін бар ойлары мен қиял-
дарын сарп етті, ол образдардың оқырманға әсер
ету жағын да әрдайым естерінен шыгарган емес.
Реалистік шыгармаларда ешқандай кемшілік болмай-
тын. Реалистік өнер туындмларында «қаһарманның
бешпетіндегі кішкентай күміс түймеден бастап,
мұрнындагы елеусіз меңге дейін» қапысыз сл-рет-
телетін. Уақыт өте келе біртіндеп классикалық реа-
листік кейіпкерлер өздерінін бойларындагы нақтылық
пен заттылықтан арыла бастады. Оқырман түгілі
қаламгерлердің оздері де бұрынгы коркем шығармада
жасалган ақиқат шындыққа күдікпен қарайтын болды.
Жаңа өмірдің мазмұны ретінде козбен керіп, қолмен
ұстауға қиын омірдің беймалім, тылсым құбылыстары
алына бастады. Олар бұрынгы кейіпкерлер секілді
қалыптасқан дәстүрмен емес, қиялмен, ишарамен,
сан алуан модальдық ұғымдармен сомдалатын бол-
ды. Көркем әлемді ор алуан өлшеммен игерудің
өзі бұрыннан қалыгітаскан, озімізге жақсы таныс
образдардан бас тартуга, олардың бұрын жалпы
жұртшылық коріп байқай бермейтін, тереңдеп ене ал-
майтын қырларын ашып көрсетуге деген құштарлық
оянды, оны өнер тілімен бейнелеуге деген талгіыныс
күшейді. Жаңашылдар өздерінін алдарындагыларды
«копсөзділіктері» «қүрғақ баяндауга құмарлықтары»
үшін сынады.
Жаңа жолдагылардың шыгармалары бұрынгы дәс-
гүрді ұстанатындардыншыгармаларына қараганда қай
Әдебиеттін эстетикалык негіздері
141
сипатта
\
оқырман үшін модернистер көркемдіктің тек қана
бетін қалқып алғандай әсер қалдырды. Бұрынғы
шығармаларда жан-жақты ашылатын өмір шындығы
енді түсінуге қиын бұлдыр бірдеңеге айналды, бұрын
арпалысқан күрес арқылы танылатын ақиқат шындық,
әдеби қаһарман бейнесі енді оқырман қалай ойласа,
сол бола салатын күйге түскендей әсер қалдыратын
болды. Белгісіз тылсым алдындағы қорқыныш, түп
негізі түсініксіз жаңа сурет алдындағы үрей, барлық
дүниенің бір-бірімен былығып араласып кетуі өнердің
сыртқы ұқсастықтарынан саналы түрде бас тартып,
қабылдап түйсінуге қолайлы «бетін ғана қалқитын»
тәсілмен шектелуге жол ашты.
Ақиқат шындықтағы тартыс пен оның мәні көркем
ойға қарағанда әлдеқайда маңызды деп таныл-
ды. Оқырман үшін үлкен әсерге бөлену - реалистік
өнердегі адамды сипаттаумен жалықтыратын сурет-
темелерді ауыстыру арқылы жүзеге асты. Оқырмандар
Фрейд, Пруст, Джойс шығармаларындағы ішкі
монологтың өзгеше сипатымен танысқаннан кейін,
бейсаналылықтың әлі ашылмаған жақтарын оқыған-
нан соң бүрын өзі байқамаған жаңа әлемге еніп кет-
кендей күй кешетіні рас. Оқырман өзінің бұрыннан
қалыптасқан дәстүрлі өнер шекарасынан қалай шы-
ғып кеткенін өзі де аңғармай қалады. Бүрынғы көр-
кемдік нарратив әдістері өздерінің берерін беріп бол-
ды, бұрынғы көркемдік уақыт интриганы (көркем
әрекеттің өрістеуін) алға итермелеуші қарқынынан ай-
тұңғиық тереңге батып кетті
баяулығы
Ф
іуларын өзгертті.
классикалық емес түрлерінің
баса-көктеп кіруі алғашында өнердің күні жеткен
қазасы ретінде қабылданғаны да рас. Көркем шығар-
142
Мэмбетов Жолдасбек
машылықтың жаңа фазасының өзіне тән ерекшелігі
сол - ол өзінің алдындағы барлық өнер түрлерінің
мүмкіндіктері мен мақсаттарын қайта сараптауға
(ревизиялауға) кірісті.
РОМАНТИЗМ
омантизм француздың -
готапіізте
- де-
ген сөзінен шыққан. Еуропа мәдениетінде
ХУІП ғасырдың басы мен XIX ғасырда
өркендеп дамыған өнер мен ғылымның барлық сала-
сын қамтыған, тарихи-әлеуметтік және ішкі коркемдік
ізденістер себебінің жиынтығынан пайда болған
идеялық коркемдік қозғалыс. Оның омірге келуіне ұлы
француз революциясының да әсері зор болды. Аталған
тәжірибелер коркемдік шығармашылық принциптерді
қайта қарап, жаңаша пайымдауды талап етті. Роман-
тизмнің көптеген идеялары озінің даму барысында
көптеген эволюциялық озгерістерге түсті, бірақ негізгі
дүниетанымдық ұстанымдары бір эстетикалық арна-
да осіп-оркендеп, әр алуан мектеп окілдері тарапынан
қолдау тауып отырды. Романтикалық қозғалыстың
негізгі орталығы Германия болды. Ағылшын, француз,
орыс романтиктері романтикалық идеяларды неміс
ақындары мен философтарының шығармаларынан
үйренді. Романтизм дәуірі өзі ауыстырған ағарту дәуірін
көп жағынан теріске шығарды. Бірақ романтизмнің
өзі сол ағартушылық мәдениеттің бесігінде туып, пай-
да болғанын жоққа шығара алмаймыз. «Веймарлық
классицизм» ақындары Гете, Шиллер, Лессинг, Гердер
және Винпельман романтизмнің тууына тікелей ықпал
еткен суреткер ойшылдар еді. Ағартушылық эстетика-
сынан қол үзбей тұрып-ақ романтизмді жақтаушылар
оның осал тұстарын дәл танып, сын тезіне сала білді.
Олар бәрін тек қана ақылмен пайымдап, көркем
әрекетсщ
формальды
сәттерін
абсолюттендіруге
қарсы шықты. Кейін романтиктер ағартушылардың
шығармашылық принциптеріндегі сынды одан әрі
жетілдіре отырып, өнерді шығармашылық тұлғаның
сан алуан қабілеттеріне еркіндік беру, өзін жан-жақты
танытуына мүмкіндік ашу ретінде қарастырды. Бүл
философия мен филологияда, тіпті жаратылыста-
ну ғылымдарында да романтикалық сипаттың бар
екендігін, романтизмнің эстетика мен өнер теориясы
мәселелерінің барлығына да ортақ мәселе екендігін
жаппай насихаттаған кезең болды. Романтикалық
эстетика мен өнер философиясының белсенді өкілдері
ағайынды Шлегельдер, Новалис, Шеллинггер бол-
ды. Олар гендік романтизм кезеңінің, атап айтқанда
бұл бағыттың эволюциялық даму кезеңінің алғашқы
жарқын кезеңін қалыптасгырушылар еді.
Романтизм өкілдері суреткердің рухани шығар-
машылық өмірінің еркіндігіне мән берді, олар шектен
шыққан құштарлық пен ерекше мінез сомдауды ба-
сты мақсат тұтты. ХҮШ ғасырда өмірден тыс сипаттағы
барлық ерекше құбылыстар мен фантастикалық
нәрселердің бәрін де романтикалық деп атау әдетке ай-
налды. Ағартушылар үшін ақыл-ой культі бірінші орын-
да тұрса, романтизм табиғат культін бәрінен де жоғары
қойды. Дәл осы романтизм дәуірінде адам мен табиғат
біртұтас деген көзқарасқа сай туризм, альпинизм және
пикник феномендері қалыптасты. Романтизмнің басты
образының бірі - жаны таза, өркениетке тән қулық-
сұмдықтан ада, халық даналығын бойына жинаған бек-
зат, мәрт жабайы адамның образы пайда болды.
Романтизм дәуірі философиясына тән негізгі сипат-
тар агнотицизм (Кант), иррационализм (Шопенгауэр),
патеизм (Гегель, Шеллинг) және қаһарман тұлғасы
культі (Ницше, Карлейль) еді.
1819 жылы Артур Шопенгауэрдің «Мир как воля и
представление» («Дүние біздің ұғымымыз бен еркін-
'. _____
Әдебиеттің эстетикалык, негіздері
________ 143
|