__________ Әдебиеттің эстетикалыц негіздері_________ 51
52
Мдмбетов Жолдасбек
етулері
Жалпы
сұлу екенін жақсы түсінеміз. Солай бола тұрса да
біз оның анықтамасын нақты айтып бере алмаймыз.
Нақты айтқанда біз әсемдік дегенді өзіміз үйренген
қарапайым түсініктер шеңберінде сөзбен бейнелеп
бере алмаймыз. Сондықтан да әсемдік туралы қатып
қалған анықтаманы іздеудің қажеті жоқ. Мына дүниеде
бізбен қатар өмір сүріп келе жатқан және адам өмірінде
аиқындалған
Ма
хаббат, бақыт, қайғы, қасірет, сүйіспеншілік деген
ұғымдарды адамдар қанша жерден байыптап, бақылап,
анықтама бергісі келгенімен ешқашан да олар ретті
бір жүйеге түсіп, нақты тануға мүмкіндік берген емес.
Ол ұғымдарды әрбір жеке адам қалай түсінсе, қалай
қабылдаса солай болып қалатынын байқаймыз. Оған
бас қатырып анықтама бергісі келген ойшылдар көп
болған. Бірақ әрқайсысының пікірі әр түрлі. Солардың
бірі қазақтың ұлы ақыны Мүқағали Мақатаев өзінің
бақыт туралы ойын былайша сабақтайды:
Ьақыт деген сешң бала күндерің,
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің,
Бақытын да басқасын да білмеуің
Бақытсыз-ақ ойнағаның, күлгенің.
Бақыт жайлы менің мынау білгенім.
Бақыт деген - бірде шаттық, бірде мұң,
Бақытты сол - тәрк етіп түндерін,
Бақыт іздеп азаптанса, кімде-кім.
Бақыт деген - әркімдерде бір арман,
Сол арманның шыққан жері құмардан.
Ал сен үшін бақыт деген - дәл қазір,
Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң.
Әдебиеттің эстетикалык неггздері
53
Бақыт іздеп мал бақ, мейлі, тас қала,
Бірақ, балам. мынаны естен тастама:
Бақыттысың бақыт іздеп сорласаң,
Бақьпты боп сорлап жүрсең масқара!
Бақытың - мен, бақытым деп біл мені,
Мені білсең, бақьпыңды білгенің.
Ал мен үшін ең бақытты күндерім -
Балам, саған бақыт іздеп жүргенім! [18.11 б.]
Иә, біз, адамдар бақыттың бар екенін білеміз. Бақ
пен сордың қарама-қайшы қүбылыстар екенін де
анық ажыратамыз, бірақ соның қашан келіп кететінін,
қандай болатынын тап басып, дәл ажыратып беру
қиынның қиыны. Біз бақыттың басымыздан өткенін
білмедік десек өтірік айтқан болар едік, бірақ соның
түрі мен түсі қандай болатынын, мазмүны мен пішіні
неге үқсайтынын іштей түсінгенімізбен, оны сөзбен су-
реттеп, нақты анықтама бере алмаймыз.
Әсемдік те дәл сол сияқты дәл анықтама беруге
көнбейтін қүбылыс. Яғни әсемдікті де рационалды
түрде, логикаға сай тура түстеп тани алмаймыз. Онда
да бақыт сияқты тілмен түсіндіріп бере қоярлықтай
нақтылық жоқ. Оны тек қана сезіну керек. Мәселен ма-
хаббат та бақьгг сияқты көзбен көріп, қолмен үстауға
келмейтін ерекше қүбылыс. Бірақ адамға тән сезім
арқылы тануға, түсінуге болады. Мысалы, тек сүйе
алатын жүрек қана әсемдіктен шын ләззат ала ала-
тынын адамдар ерте кезден-ақ байқаған. Орыс эстеті
С.П. Швыров XIX ғасырдың өзінде-ақ «әсемдікті, әде-
мілікті бәріміз де үнатамыз, егер оны бар болмысымыз-
бен жақсы көрмесек әсемдіктен шын ләззат ала алмас
едік», - деп жазған болатын. Вагнер де «Тек махаббат-
пен ғана сүлулықты сезіне аласыз, тек сүлулықтан ғана
өнер туады», - деген екен.
Әсемдікке нақты анықтама беру мүмкін емес екен,
бірақ оны суреттеуге, сипаттама беруге болатынын
54
М эмбетов Жолдасбек
ғылым жоққа шығармайды. Әсемдіктің ерекше сипат-
тары мен белгілеріне сүйене отырып ол туралы толық
мәлімет беруге болады. Ондай мәліметті неден және
қайдан аламыз деген сүрақтың тууы заңды. Ең бірінші
ол жағымды көңіл-күйге (эмоцияға) байланысты ту-
атын көрінеді. Мәселен, әсемдік, әдемілік әрдайым
жағымды көңіл-күй туғызады, рахат сезімге бөлейді.
«Эстетикалық ләззат алу, эстетикалық рахаттану» де-
ген түсінік бар. Бүл сезім адамда ғана болатын, тек қана
әсемдіктің, сүлулықтың әсерінен болатын ләззатты
көңіл-күй. Керемет ғажайып сурет немесе мүсін өнері
туындысын көргенде, мазмүнды спектакльді немесе ки-
ноны тамашалағанда, ғажайып сөз өнері шығармасын
оқығанда ерекше сезімге бөленіп, қуанышты күйді
басымыздан кешіреміз. Ал қуаныш адам сезімін әсем-
ДІкке апаратын жол. Қуанышқа әншейін нәрсе деп
үстірт қарауға болмайды, ол бір сәттік өтпелі сезім ғана
емес. Философтар «шалқыған шаттық» (высокая ра-
дость) деген ұғымға бекер мән бермесе керек. Әр кезде
әр алуан оқиғаларға байланысты әсемдікті қабылдауда
біздің сезіміміз күрделі өзгерістерге түседі. Ол сезім
жанымызга жагымды, ұнамды болуы тиіс.
Халық ауыз әдебиетінде кең тараған әдеби қаһар-
манның бірі Қожанасыр бейнесі. Біз оның қылық-
тарына күле отырып, кейде мұңға да батамыз. Сол
мұңның астарында өзіндік тұлғасымен, ерекше міне-
■
зімен дараланатын адамның әрекетіне, сөздеріне
сүйсінеміз, оның өзіміз тәуекел ете алмайтын ерекше
істеріне таң қаламыз. Ол туралы әрдайым ойланып
жүреміз. Оның бойындағы әсем қасиеттердің өзін
түсінбеген қайшылыгы мол қоғамда бағаланбайтынын
да анық аңғарамыз. Бірақ Қожанасыр бейнесі қайта
сол қоғамның шындығын көрсете алуымен мазмұнды,
ол сол қоғамда бірге өмір сүрген тоғышар топтың
арасынан өз қылықтарымен, әрекеттерімен дарала-
нып шыққан даналығымен сұлу болып көрінеді. Яки
>ның өзі, түрі сүлу емес, оның әрекеті, мірдің оғындай
өздері сұлу. Сондықтан да біздің санамызды торлаған
іұң шьшайы адамгершіліктен туған мұң, күллі саналы
І
ідамға ортақ жарқын сезім. Ол мұң бізді ойлантады,
;уантады және асқақтатады. Әсемдік, сұлулық бізді
ірдайым асқақтыққа жетелейді.
Әсемдіктің аса маңызды белгісінің бірі оның бү-
індігі. Әсемдік бізғе жартылай, бөлек-салақ күйінде
•мес бүтін күйінде ұнамды. Сұлулықты тануда біз оны
ек көзбен көріп, құлақпен естіп қана қоймаймыз,
іқылмен де танимыз, бар болмысымызбен сезінеміз.
Эсемдікті тануда, оны қабылдауда сезім мен ой бірге
;атысады. Әсемдікті бағалауды ең жоғары бағалау,
Зүтіндей бағалау дейтініміз де сондықтан.
ӘсемдіКті қабылдаудың сапасы регінде оның таза-
іығы мен бүтіндей өзіндік болмысын айтуымыз ке-
эек. Біздің әсемдікке деген сезіміміз барьгаша риасыз,
?шқандай қоспасыз таза. Канттьщ «әсемдік табиғаты
ддамның бөтен ештеңеге қызықпауымен тығыз байла-
гысты» дегенінде қалай десек те шындық бар. Мысалы,
5із аш болсақ, онда көзіміз көріп тұрған жеміс бізге
пиқашан да әдемі де әсем болып көрінбес еді, біз оны
гезірек жеп, аштығымызды басуды ең басты мақсат
зтіп қоямыз.
Сол сияқты сурет галереясының иесі сол ғимаратқа
«инақталған әрбір суреттен эстетикалық ләззат алады
десек қателесеміз, өйткені оның ойы, сезімі риясыз, тек
<,ана эстетикал ық сұлулықты қабылдауға бағыттал маған,
эның ойьгаьщ астарында сол галереяға қойылған басқа
гуреттерді де иемденсем деген коммерциялық мүддегё
яегізделген өзімшілдік ой жатады. Яки бұл жердегі
эстетикалық сезім, оны қабылдау таза деп айта алмай-
мыз. Егер ол адам сурет галереясының иесі болмаған
Золса, аталған суреттерден таза рахат сезімін ала алар ма
гді деген сұрақ туады? Бұл жеке адамның эстетикалық
ганымына, сезіміне байланысты мәселе.
_________
Әдебиеттің эстетикалық неггздері
_________ 55
56
М эмбет ов Ж олдасбек
Мысалы А. Чеховтың «Шие бағы» деген пьесасы
бәрімізге де таныс. Аталған пьесадағы кейіпкер Лапа-
хин пайда табу үшін бақтағы шиені түгелдей шауып,
отап тастауды бұйырады. Ол шие бағының қаншалықты
сұлу, әдемі екенін сезінбейді. Ал сол бақтың сұлулығын
қарапайым да бейшара Раевский мен Гаева сезінеді, сол
бақта махаббаттарын тапқан, жалпы жұрттың қамын
жеген Петя Трофимов пен Аня үшін де ол бақ риясыз
сұлу, әсемдік әлемі ретінде оеинеленген.
I. Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Құлагер
тұлпар Ақан үшін, жалпы халық үшін әсем де сұлу.
Ал ішіне қызғаныш енген Батыраштың ол әсемдікті
қабылдауы риясыз таза емес. Сондықтан да ол күллі
халық қадыр тұтқан сұлулыққа балта жұмсады. Елдің
қарғысына ұшырады. Бұл жерде әсемдікті қабылдай
отырып біз оның пайдасы туралы ойламаймыз.
Әрине әсемдікті таза күйде қабылдағанымызбен
оның мүлдем пайдасы ж оқ екен деген ой тумауы керек.
Әсемдікті қабылдау, оны сезіне білу пайдалы, бірақ ол
тура мағынасында емес. Оны үстүрт, жеңіл түсінуге бол-
майды. Эстетикалық ләззат алу, әсемдікпен рахаттану
пайданы жоққа шығармайды, ол туралы ойды қайта
кеңейтеді, қара бастың пайдасынан гөрі әлдеқайда
жогары дәрежеге көтереді, қоғамдық деңгейдегі пайда-
ны түсінуге жол ашады. Әсемдік және онан ләззат алу
дәл сол сәтте пайда әкелмесе де біртіндеп, уақыт өте
келе пайда әкеледі, адамның және қоғамның әсемдікке
қызыгушылығын оятады, әсемдікке, әдемілікке деген
сезімін тәрбиелейді.
Сонда әсемдіктің пайдасы неде деген сұрақтың
тууы заңды. Оны әртүрлі жағдаймен, әр алуан сипат-
та түсіндіруге болады. Мысалы, әсемдіктің пайдасын
Шиллер пәк сезімдегі сұлулықтың адамның моральдық
өміріне әсер етуімен түсіндіруге тырысқан. Әсемдік
пен жақсылықты қатар қойып, теңестіргісі келгенде
Сократ та осы ойдан аулақ болмаған сияқты. Қалай де-
сек те, өмірдегі және өнердегі әсемдіктің адамгершілік
тұрғысында тек қана жақсылыққа бастайтынына
ешқандай да күмән жоқ.
Адамзат баласы саналы ғұмыр кеше бастаған
кезеңнен бері сөз өнерін мұрат тұтқан ақын-жазушы-
лардың барлығы да адамның моральдық болмысын
қалыптастырудағы әсемдікгің маңызы туралы талмай
айтып та, жазып та келеді. «Әлемді сақтап қалатын -
әсемдік» дегенді де сол қалам ұстаған қауым өкілдері
айтқан. Қазақтың данышпан ақыны Абай Құнанбаев:
Адамды сүй, Алланың хикметін сез,
Не қызық бар өмірде онан басқа?! -
дейді [19. 233 б.].
Адамды сүю, оған қызмет қылу ақынның басты
арманы. Ал ондай қасиет ақынға үлкен ізденістен,
дүниенің сұлулығын сезінуден, содан ләззат алудан
кейін туғандығын жоққа шығара алмаймыз.
Қалай десек те, өмірдегі және өнердегі әсемдік
атаулы адам баласына тек қана жақсылық әкелетіні
қапысыз шындық. Оны жарты ғасырдан бері талай
ұрпаққа рухани азық болып келе жатқан академик
3. Қабдоловтың «Сөз өнері» кітабындағы мына бір
мысалдан анық аңғарамыз: «Глеб Успенскийдің «Тез»
деген әңгімесі бар. Мұнда шын мағынасындағы өнер
туындысының адамға әсері, адамның көкірегінде
күн орнатқандай ішкі дүниесін жайнатып, рухтан-
дырар ғаламат эстетикалық күші, адамның мінез-
құлқындағы, ұғым-нанымындағы қисаю, қайысу мен
майысу атаулыны тура тезге салғандай түзеп, тіктеп
жіберер «магиялық» қасиеті соншалық нәзік, терең
және сұлу суреттелген.
Ауыр тұрмыс еңсесін түсіріп, еркін алып, бар
тағдыры «умашталған қолғаптай» бір уыс болған
бір Тяпушкин дейтін бейшара мұғалім өзінің бай
_____ \
Әдебиеттің эстетикалыц негіздері
57
58
Мәмбетов Жолдасбек
қожайындарымен бірге Парижге сапар шегіп барып,
бір күні таңертең бойы дел-сал, басы мең-зең шаршаған
қалпы, өздері жатқан мейманханадан шығады да, бет
алды сенделіп жүріп, ойда-жоқта Луврға кіріп, әлемге
әйгілі Милос Венерасының қарсы алдында қалай
қалшиып тұрғанын өзі де аңғармай қалады:
«Музейге кірген бетте ... түк те түсінгенім жоқ, тек
шаршағанымды ғана сездім, құлағым шулады, шекем
зіркілдеді, содан соң кенет тағы да аң-таң, неге екенін
тағы да түсінбеймін, әдеттен тыс ақыл жетпес бір
ғаламат әсермен Милос Венерасының маңдай алды-
на келіп тоқтағаным бар емес пе... оған қараймын да,
өзіме-өзім: «Маған не болған, маған не болған?» - деп
күбірлей беремін. Ә дегеннен, стаіуяны көрген сәттен
өзімнен өзімнің сұрағаным осы болды, өйткені дәл
осы мезеттен өзімнің үлкен қуанышқа кез болғанымды
сездім. ...Осынау тас жұмбаққа көз алмай қарап тұрып,
өзімнің осы халге қалай түскенімді іздеумен болдым.
Бұ не, бұл? Менің мынау мығым, сарабдал, шарт
бітімімнің құпиясы қайда, себебі неде, қайтіп түстім
бұл күйге?... Қой, мынау тас мүсіннің, адам жанын
құлпырту құпиясын түсіндірер сөз адам тілінде жоқ
шығар...» [20.19 б.].
Бұл үзіндіде автордың
«құпия»
деп
отырғаны
- адамның өнер туынды-
сынан алар эстетикалық
әсері
Осындай
жан
тебірентер, адамды баурап
алар әсем әсер жоқ жерде
шын мағынасындағы өнер
туындысы да болмағаны
деп білу керек.
Бұл
шынаиы
сезім
шырғалаңы, бұл адам басынан өткен ғаламат құбылыс
қайдағы бір Тяпушкиннің емес, соны жазып отырған
> * * * ^ Д И И д И
Г. Успенскийдің өз басынан кешкен эстетикалық таны-
уіы
деп түсінгеніміз абзал. Аталған шағын мысалдан
эстетиканың өмір мен өнерде тек қана биік мақсаттарға
<ызмет етіп, кез келген адамның өмірін жақсы жаққа
<,арай, биік мақсаттарға бағыттап, өзгерте алатынын,
эзінің саналы адам ғана тани алатын күші арқылы
герең ой мен сезімге жетелейтінін аңғарамыз.
Әсемдік сезімінің тек жеке адамға тән сипатынан
Зөлек оның қоғамдық сипатының да ерекше орынға
ие екендігін білеміз. Сүлулыққа қүштарлық күллі
[адам баласы үшін, жалпы қоғам үшін әрдайым ашық
және қолжетімді сезім. Сүлулық, әсемдік сезімінің
қоғамдық, таптық сипаты туралы кезінде марксистік
көзқарастағы философтар көптеген еңбектер жазып,
әр алуан пікірлер қалдырған. Мысалы, орыстың он
тоғызыншы ғасырда өмір сүрген философ-ғалымы
1Н. Чернышевский «Өнердің ақиқат шындыққа эстети-
калық қатынасы» деген диссертациясында әйел сүлу-
лығы деген түсінікті халықтың әр түрлі тап өкілдері
қалай пайымдайды дегенге былайша жауап береді.
«Қарапайым орыс шаруасы үшін сүлу әйелдің екі
бетінің үшы қып-қызыл, дене бітімі толық, тығыз
болуы шарт екен. (Бүл жерде ауылдағы шаруаның
ауыр жүмысқа мойымайтын, дені сау, төзімді әйелді
сүлу деп қабылдайтынын айтып отыр). Керісінше,
қаладағы ақсүйектер танымындағы сұлу әйел қолдары
мен аяқтары кішкентай және нәзік, бет әлпеті солғын
ақшыл, тек сән-салтанатты жиын-тойларда ғана көрінсе
болды деген арманнан туғандығы байқалады. Ал
оқыган зиялы қауым үшін басты нәрсе әйелдің көзінің
әдемілігі, оның түңғиық тереңдігі. Әйелдің жәудіреген
аялы түнық көздері оның ақыл-ойы мен терең сезімінің
айнасы деген түсінік сол заманда зиялылар арасынДа
қалыптасқан пікір болса керек» [21. С. 197-199].
Өнердің басты міндетінің бірі - заттар мен қүбылыс-
тардың сыртқы сүлулығының астарына жасырынған
Әдебиеттің эстетикалык, негіздері
_________ 59
—
—
—
—
—
—
—
'
. ____.—
—
і^
—
—
60
М әмбетов Ж олдасбек
арамдықты, пасықтық пен бейшаралықты, қаскөйлік
пен дөрекілікті әшкерелеу. Сондықтан да кейбір шы-
ғармаларда кездесетін сырттай көріксіз суреттелген
адамдардың шығарма сюжетінің дамуы барысында
өзгеріп, жағымды бейнеге айналып, оқырман жүре-
гіне жылы шуақ ұялататынын теріске шығара алмай-
мыз. Оған дүние жүзі әдебиетінен көптеген мысалдар
келтіруге болады. Ондай образдар өте ерте замандар-
дың өзінде-ақ халық санасында орын алып, шеберлік-
пен сомдалғанының куәсі боламыз. Осыдан төрт мың
жыл бұрын Вавилон династиясы тұсында дүниеге кел-
ген «Көрмегені жоқ адам туралы дастандағы» Гильга-
меш патшаның досы құдай жөні түзу ұсқын бермеген
Энкиду бұл пікіріміздің нақты мысалы бола алады.
Адамдар сол дәуірдің өзінде адамның сыртқы тұлғасы
мен ішкі жан дүниесінің арасындағы қайшылыққа на-
зар аударып, өздерінше ой түйіп, нақты шешім шығара
алған. Осыдан мыңдаған жылдар бұрын-ақ адамның
әсемдігі тек оның сыртқы болмыс-бітімінде емес, ішкі
жан дүниесінде, адамгершілік қасиетімен тікелей бай-
ланысты екендігіне назар аударған.
Жоғарыда айтып өткеніміздей әсемдік өмірде де,
өнерде де қатар өмір сүреді екен. Оның өмір мен
өнердегі атқаратын қызметі де бірдей деуге болады.
Солай дей тұрғанмен де өмірдегі әсемдік пен өнердегі
әсемдіктің арасында елеулі айырмашылықтар да бар.
Мысалы, біз шалғыны жайқалған кең жазира далага
қарап тұрып оның әсем бейнесіне, сұлулыгына таң
қалып, тамсанамыз. Бұл жерде біз ол сұлулықты
даланың өзіне гана тән сипат екендігін сезінеміз, ол
мазмұны жағынан да, пішіні жағынан да әсем де әдемі.
Сол сияқты өмірдегі барлық заттар мен құбылыстардың
әсемдігін әсем деп мойындаймыз, ал көріксіз, нашар
болса оның да нақты бағасын береміз.
Ал өнерде өнебойы олай бола бермейді. Көркем
өнердегі әсемдікті бағалауда кейде өмірдегі көзқарас-
Әдебиеттін эстетикалык негіздері
61
арға керағар мәселелер де көрініс тауып жатады. Ол
аңды да. Мысалы, Ә. Нүрпейісовтің «Қан мен тер»
рилогиясындағы басты образдарды алып қарайық.
Іламан, Ақбала, Сүйеу қарт, Қален, Мөңке - бұлар
стеген іс-әрекеттері мен қылықтары жанымызға жақын,
ідал адамдар. Аталған кейіпкерлердің әрқайсысының
іолашағы үшін алаңдап, іштей уайым жеп отыраты-
іымыз да рас. Ал Қара Шодыр, Тәңірберген, Судыр Ах-
деттер ше... Бүларға тән қасиеттер арамдық, ешкімді
іе аямайтын қаскөйлік, өзімшілдік т.б. Іштей жек көріп
тгыратынымыз рас. Егер олар өмірдегі тірі адамдар
Золса, олардың бойынан әсемдік қасиеттерді іздеудің
эзі күлкілі болар еді. Бірақ оларды өнер тілінде керемет
лебер сомдалған образдар деп мақтап жатады... Олар
:ол шығарманың өңін кіргізіп, мәні мен мазмүнын
ашып түрған негізгі кейіпкерлер. Сондықтан да ол об-
эаздар өнер туындысы ретінде әсемдік категориясын
лелене алады. Олар қаламгер жасаған өнер туындысы.
Зымияндық, зүлымдық, оның астарлы сипаты жайлы
эл кейіпкерлерсіз біз ештеңені де түсіне алмаған бо-
лар
едік. Сондықтан да «Абай жолы» эпопеясындағы
эң сүлу сомдалған образдың бірі ғана емес бірегейі -
Қүнанбай образы. Ол өз заманына тән күллі қулық
пен сүмдықты, қаталдық пен зүлымдықты бір басына
жинақтаған, алдын кеңінен болжай алатын ақылымен
дараланып түрған әсем де сүлу образ. Бүл жердегі
әсемдік деген анықтауыш сипат өмірдегі Қүнанбайға
қатысты емес, жазушы сомдаған образға қатысты.
М. Әуезов оның образын сомдағанда тарихи шындықты
көрсетуді мүрат түтқан жоқ, ол сүлу да әсем образ жа-
сауды басты мақсат етіп үстанған. Яки әлі күнге шейін
Әуезов шығармасынан тарихи түлғаның шынайы бол-
мысын іздеуіміз біздің эстетикалық сауатымыздың тө-
мендігін көрсетеді. Шығармашылықтағы әсемдік пен
шығармашылықтағы ақиқат шындық бір-бірінен бөліп
алуға келмейтін бірегей үғымдар. Өнердегі шындық
62
Мәмбетов Ж олдасбек
суреткердің шеберлігі мен талантына ғана қатысты
дүние емес, ол оның көзқарасына, керек десеңіз батыл-
дығына қатысты дүние.
|
Өнердегі шындық суреткердің биік адамгершілік
қасиетіне де байланысты. Автор жалғандықтың, өті-
ріктің сырын ашу үшін алдына саналы түрде мақсат
қойып, өз өнері арқылы мәнін тереңге жасырған ақиқат
шындықтың шынайы болмысын ашып танытуға тыры-
сады. Мүндай жағдайда өнердегі ақиқат тек оқырман
мен көрермен үшін ғана әсем болып қабылданбайды, ав-
тордьщ өзі үшін де биік эстетикалық идеалға айналады.
Нағыз суреткердің міндеті әрдайым ақиқат шын-
дықты көлегейлеп түрғанның бәрін «жүлып тастау»,
барлық затіар мен қүбылыстардың бет пердесін сы-
пырып алып, оның терең астарындағы шынайылықты
көрсету. Ол барлық таланты мен ақыл-ойын сырттайғы
әсемдікті, бүтіндікті ғана көрсетуге емес, оның қалың
қатпарына жасырынған ақиқат бейнені, сырты жыл-
тыраған жалғандықпен бүркемеленген зымыстан
ойдың шынайы бейнесін танытуға жүмсайды. Абай-
дың, М. Жүмабаевтың, М. Әуезовтің, Ғ. Мүсіреповтің,
Ғ. Мүстафиннің, т.б. қазақ қаламгерлері шығар-
маларының өміршеңдігі де сол ақиқат шындықты
ашып көрсете алуларында. Мына өмірдегі адамдар
арасындағы қарапайым қатынастардың өзінен те-
рең сыр түйе білулерінде, сол сырдың әлеуметтік,
қоғамдық, философиялық сипатын көркем жинақтап
корсете алуларында деп сеніммен айта аламыз.
Эстетика ғылымында әсемдік үғымына мағынасы
мен мазмүны жағынан жақын сүлулық, көркемдік де-
ген түсініктер қалыптасқан. Көбінесе біз оларды си-
ноним сөздер ретінде пайдалана береміз. Бірақ бүл
ұғымдар мағыналық жағынан ұқсас болғанымен бірін-
бірі дәл қайталай алмайды.
Біз көзімізбен көріп, қүлағымызбен естігенімізді
сұлу екен деп жатамыз. Ал әсемдік дегеннің мағынасы
эған қарағанда әлдекайда терең, әлдеқайда күрделірек
ікенін екінің бірі дүрыс
пайымдай
бермейді.
Сұлулықтан әсемдіктің басты айырмашылығы оны
5із тек көзбен көріп, құлақпен естіп қана қоймаймыз,
сезіммен, іштейгі түйсікпен пайымдап, санамен
қабылдайды екенбіз. Кез келген адамның түр келбеті
мен дене бітімі немесе бояумен салынған керемет сурет
өнері туындысын, әншінің әдемі даусын сұлу екен деп
айта береміз. Ал сөз өнеріне ол анықтауышты пайда-
лана алмаймыз. Сол сияқты мінезі жақсы адамды да
сұлу адам деуден гөрі (әсем) көркем мінезді адам деу
әлдеқайда айқынырақ болатыны сөзсіз.
Әсемдік сөзі көбінесе көзге көрінетін сұлулықтың
ең жоғары дәрежесіне ғана айтылатынын байқаймыз.
Сондықтан да «әсемдік» деген сөздің мағынасынан
«сұлулық» деген сөздің мағынасына қарағанда руха-
ни және этикалық элементтердің басымырақ көрініс
беретіні аңғарылады. Яки әсемдік сұлулықтың, көр-
кемдіктің ғана биік өлшемі емес, жақсылық пен рухани-
лықтың да жоғары деңгейін өз мағынасына қоса сиды-
рып тұрған ұғым екен. Бұған қарап біз әсемдік деген
ұғымның сұлулық деген ұғымға қарағанда әлдеқайда
кең, мазмұнды болатынын пайымдаймыз. Соған
қарамастан сұлулық ұғымы әсемдіктің бір құрамдас
бөлшегі ретінде танымдық тұрғыда қатар өмір сүре
беретін эстетикалық түсінік болып қала береді.
Әсемдік және сұлулық деген ұғымдар қатар өмір
сүре береді және сонымен бірге аталған екі ұғымның
объективті және субъективті мағыналары да бар.
Әсемдік пен сұлулықтың объективті сипаты кейбір зат-
тар мен құбылыстар тек бір адамға ғана әдемі болып
көрінбейді, көптеген адамдар оны әсем де сұлу деп
қабылдайды, кейде тіпті барлық адам бір ауыздан әсем
деп тануы мүмкін.
Ал әсемдіктің субъектив гі сипаты оны жеке адамның
сезім мен сана арқылы өздерінше қабылдауына бай-
Достарыңызбен бөлісу: |