2. Әлеуметтік құндылықтар: әлеуметтік орны, дәрежесі, байлық, мамандық, от басы, сабырлылық, кәсіпқойлық, тәртіп, тәуекелге бел байлаушылық, әлеуметтік теңдік, жыныс теңдігі, үлкенге немесе болашаққа бағытталғандық, ұлттық теңдік.
Байлық. Материалдық байлықты мойындамау бағыты кез-келген қоғамда кездесе бермейді, тек қана арнайы ниеттестіктен өткен және қанағат етерлік өмір кешуге қалыпты бағыт алған қоғамда кездеседі.
Бұл жағдайда, артық байлықтың жоқтығы, одан бас тартумен толықтырылған. Мұндай байлықтан бас тартатын әдет-ғұрыпты потлач деп атайды. Мысалы, кейбір тайпаларда көп жылдар бойы жинаған артық заттарды өртеп жіберу салты бар.
3. Саяси құндылықтар: сөз еркіндігі, азаматтық, бейбітшілік.
4. Моральдық құндылықтар: жақсылық, игілік, махаббат, борыш, намыс, шыншылдық, адал ниеттілік, парасаттылық, берілгенділік, өзара көмектесу, әділеттілік, үлкенге ізеттілік және балаларға әлеуметтік ілтипаттылық.
5. Діни құндылықгар: құдай, сенім, кұтқарылу, рахат, рәсім, мешіт.
6. Қоғамды қадірлеу: еңбекқорлық, патриотизм, қол жеткізе білу қабілеттілігі, қоғам өміріне белсенді қатынасу, жоғары локальдық (мемлекеттің интернациональдылық) бағытталу.
7. Эстетикалық құндылықтар: әсемдік (немесе эстетикалық сиықсыздық), идеал, стиль, үйлесімдік, дәстүрге бағыну, жаңалық, ерекше мәдениет, сырттан енгізілген модаға еліктеу.
Білім — қоғамның рухани өмірінін негізгі элементтерінін бірі. Білімнің көптеген түрлері қызметі жағынан өмірдегі іс-әрекеттердің белгілі типтерімен, деңгейімен арақатыста болады. Білімнің ол түрлері мыналар: практикалық білім, рухани білім, эмпириялық білім, теориялық білім, экзотериялық білім.
Практикалық (тәжірибелік) білім адамның қарекетпен шұғылдануының нәтижесінде қалыптасады және оның шеберлік дағдысымен біте қайнасқан. Ол тәжірибеге белгілі бір түрде қызмет етеді (жер өңдеу, жас балаға қарау, малға қарау, үй салу, балаларды тәрбиелеу ауруларды емдеу, механизмдермен, ақпараттармен жұмыс істеу және т.б), былайша айтқанда, рефлексия деңгейіне жеткен, бірақ нақты қарекеттермен тығыз байланыста өмір сүреді. Кейінірек тәжірибелік қарекеттер өзінің күрделі түріне көшкенде білім ноухауға айналады, өйткені ол қарекеттің барлық салаларында жоғарғы технологияны іске қосуды қамтамасыз етуді қажет етеді.
Рухани білім, қатынас туралы білімнің жиынтығы және адамдардың қарым-қатынасын (отбасының, этникалық, ұлттық, таптық, ұжымдық) реттейді. Оның ұлан-ғайыр әр түрлі құралдары бар, оның ішінде мифтер, аңыздар, тарихи ескерткіштер, көркемөнер туындылары, бейнелер, аруақты мәтіндер және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |