Жоспар: Қазақ халқының қалыптасуының тарихи алғышарттары


Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы



бет2/3
Дата27.11.2023
өлшемі37,15 Kb.
#128674
1   2   3
Байланысты:
Қазақ халқының қалыптасуы

Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы Халықтың қалыптасуы өте күрделі және ұзақ үрдіс болып табылады. Халық болып қалыптасу үшін төмендегідей жағдайлар қажет: 1. Белгілі деңгейдегі мәдениеттің дамуы; 2. Шекаралары белгіленген территория; 3. Белгілі деңгейде қоғамдық – этникалық сананың қалыптасуы; 4. Біртұтас қалыптасқан ортақ тіл; 5. Этникалық өкілдердің көпшілігіне тән белгілі сипаттағы сыртқы пішін; 6. Этностың негізгі этносаяси немесе тарихи-географиялық белгілерін көрсететін мемлекеттің атауы. Қазақ халқының қалыптасу үрдісін оқып-үйренген кезде Қазақстан жерін мекендеген ертедегі тайпалардың өмір тарихына көңіл аудару керек. Дәстүрлі түрде Қазақстан жерін мекендеген тайпаларды зерттеу қола дәуірінен басталады. Біздің заманымызға дейінгі 2-1 мыңжылдықтарда Қазақстан және оған шекаралас жерлерді мекендеген тайпаларды олардың мәдениетіне қарай андроновтықтар дейді. Андроновтықтар туралы толық мәлімет жоқ. Алайда ғалымдар қазақ этносы өзінің расалық-генетикалық бастауын осы қола 49 дәуірінен алады деп есептейді. Оны қазақтың ұлттық мәдениетімен андроновтықтардың мәдениетінің ұқсастығы дәлелдейді. Мысалы, андроновтықтардың қыштан істелінген заттарындағы өрнектер қазіргі қазақ кілемдеріндегі өрнек нақыштарымен сәйкес келеді. Отқа, ата-баба рухына табыну, көптеп қой, жылқы малдарын өсіру және оны тамақ ретінде пайдалану андроновтықтар мен қазақтардың өмір салтының ұқсастығының белгісі болып табылады. Қазақстан жерін мекендеген үйсін, сақ, ғұн, қаңлы және сармат тайпалары қазақтардың арғы тегі болып табылады. Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша үйсін тайпалары мен кейінгі қазақ этносының арасында тікелей этногенетикалық байланыс бар
Сұрақ:Қазақ неше жүзге бөлінді ?
Жауап:

Сұрақ:Қазақ мемлекетінің территориясы қазіргі?


Жауап:

Тарихи жағдайға талдау


XIY-XY ғғ. Қазақстан және оған шекаралас аймақтарда Ақ Орда, МоғолстанӘбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасы деген мемлекеттер болғаны белгілі. Ол мемлекеттер тұрғындарын өзбектер, өзбек-қазақтар, моғолдар және ноғайлар деп атаған. Бұл атауларда өзіндік этникалық және саяси мән болған. Егер де «халық» деген түсінік этникалық құрылым тұрғысынан қаралса, онда оны «этноним» терминімен белгілейді (өзбектер, қазақтар, қырғыздар). Халық өзінің 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет