Жоспар: Қазақ халқының қалыптасуының тарихи алғышарттары


атымен мемлекетке ат берсе



бет3/3
Дата27.11.2023
өлшемі37,15 Kb.
#128674
1   2   3
Байланысты:
Қазақ халқының қалыптасуы

атымен мемлекетке ат берсе , онда ол «политоним» терминімен анықталады (моғолдар Моғолстан мемлекетінің халқы, ноғайлар – Ноғай Ордасының халқы), яғни бұл этносаяси ұғым. Тарихи-этнографиялық әдебиетте тарихи – этнографиялық өңірде құрылған мемлекеттің тұрғындарын этносаяси қауымдастық деп атайды. Халық этникалық және саяси жағынан да тұтас болу үшін ең алдымен өзінің тәуелсіз мемлекеті болу керек. Біртұтастыққа ұмтылған тайпалар саси жағынан Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай ордасы және Моғолстан сияқты мемлекеттерге бөлшектенді. Алайда осы мемлекеттер қазақ мемлекеттілігінің құрылуына, өзіндік этникалық кеңістіктің қалыптасуына негіз болды. Қазақ тайпалары мен рулары әр мемлекеттің құрамына кеткенімен, олар бір тілде сөйледі. Қазақ халқының рулық – тайпалық құрамына келсек, ол үш жүзден және төмендегідей тайпалардан тұрды. Ұлы жүздің тайпалық құрамы: Жалайыр, Дулат, Албан, Суан, Қаңлы, Шапырашты, Сары үйсін, Ошақты, Ысты. Орта жүздің тайпалық құрамы: Арғын, Найман, Қыпшақ, Қоңырат, Уақ, Керей. Кіші жүздің тайпалық құрамы: Жетіру, алты ата Әлімұлы, он екі ата Байұлы. Сонымен қатар Қазақ халқының құрамына төрелер мен қожалар кіреді. Қазақ халқының қалыптасуы XY ғ. екінші жартысы мен XYI ғ. бас кезінде, тәуелсіз Қазақ хандығы қалыптасқан кезде аяқталды. Сөйтіп, халықтың қалыптасуының тағы бір жағдайы - өз мемлекетінің аты қалыптасты. 50 Қазақ хандығында біртіндеп ру-тайпалық сана әлсіреп, жалпы қазақтарға тән этникалық сана күшейді. «Қазақ жері», «қазақ мемлекеті», «қазақ елі» деген түсініктер кең өріс алды. Этникалық тарихи-хронологиялық қалыптасудың үш түрі бар: ру-тайпа, халық, ұлт. Бұл әр бірлестікте өзіндік этникалық сана болады. Этникалық сана - бұл адамның өзін белгілі этникалық бірлестіктің мүшесі деп санауы. Халық болып қалыптасуының алғашқы кезеңінде қазақтарда халықтық этникалық сананың орына ру-тайпалық сана басым болды. Мысалы: «Сен қай рудансың?» деген сұраққа жауап беруші ең алдымен өзінің руын, сосын тайпасын, сосын жүзін айтатын болған. Олар өзін қазақпыз деп елден тыс шыққанда ғана айтады. «Қазақ» (этноним) деген атаудың шығуы туралы көп пікір бар. Ғылыми тұрғыдан жазба әдебиетте «қазақ» атауының пайда болуы туралы толық тұжырым жоқ. Енесейде табылған YIII ғасырдағы түрік ескерткішінде «қазғақ ұғылым» - «қазақ ұлым» деген сөз тіркесі кездеседі. IX-X ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды мекендеген үш қарлық тайпаларының жалпы «хасақтар» деген аты болған. Қарлықтардың қазақ этногенезіне тікелей қатысы болғаны белгілі. X-XI ғасырларға қатысты араб құжаттарында, сонымен бірге орыс жылнамаларында Қара теңіздің солтүстік шығыс жағалауындағы Касаг қаласы туралы, касагтар елі туралы деректер бар. Кейбір ғалымдардың пікірінше бұл жерде қазақтардың үлкен қонысы болған, олар бірігіп, XI ғасырда Дон мен Днепр жағалауына орныққан. X ғасырда билік құрған Византия императоры Константин Багрянородныйдың айтуы бойынша Кавказдың солтүстік– батысында «қазақтар елі» бар. Азербайжанның батысында бүгінгі күнге дейін Қазақ ауданы бар. Ең алғаш “Қазақ” сөзі мұсылман жазба деректеріндегі авторы белгісіз түркі-араб сөздігінде кездеседі. Ол сөздік мамлюктік Қыпшақ елінде құрылған деген болжам бар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет