Жоспар: Қазақстанның алғашқы мұрағаттары


 Тәуелсіз Қазақстанның мұрағаттар тарихы



бет3/5
Дата17.10.2023
өлшемі36,87 Kb.
#117047
түріРеферат
1   2   3   4   5
2. Тәуелсіз Қазақстанның мұрағаттар тарихы
2.1.Қазақстан мұрағатының тағдыры 
Қазақстан мұрағатының даму, өркендеу тарихы күрделі кезеңдерді бастан кешірді. Қазақстан мұрағатының қалыптасу тарихын бұрынғы КСРО мұрағатының даму тарихынан бөле қарауға болмайды. Мұрағат ісі ғылым, мәдениет және басқару аппаратының бөлінбес бөлігі.
Сондықтан да мұрағат ісінің даму және қалыптасу кезеңдерінің тарихын зерттеген көптеген кеңестік ғалымдар мұрағат істері қалыптасуын хронологиялық кезеңге бөліп қарастырды. Кеңес Одағындағы мұрағат ісінің қалыптасу тарихын зерттеген А.В. Чернов, В.В. Максаков, В.И. Вяликов, В.В. Сорокин, В.Н. Самошенко т.б. ғалымдар болды .
Аталған ғалымдардың еңбектері сол кезеңдегі одақтас республикалардағы мұрағаттардың құрылуы және мұрағат істерінің қалыптасу тарихын қысқаша, қасаң баяндалуымен ерекшеленеді. Мұрағат ісінің қалыптасу және даму тарихы арнайы ғылыми сала ретінде тарих ғылымынан кенжелеп қалды. Оған дәлел өткен ғасырдың 60 жылдарының аяғына дейін кеңестік кезеңде мұрағат тарихы туралы жазылған еңбек 1940 жылы баспадан шыққан А.В. Черновтың еңбегі болды. Кеңестік кезеңде А.В. Чернов мұрағат тарихына қатысты алғашқы оқу құралын жазды.
Тек 1960 жылдардың аяғында аталған мәселеге тікелей байланысты В.В. Максаковтың монографиясы және В.И. Вяликов, Г.А. Дремина, В.В. Сорокин және В.Е. Корнеевтің оқулықтары жарық көрді.
Аталған авторлар өз еңбектерінде Кеңестер Одағының мемлекеттік орталық мұрағатының тарихына кеңінен тоқталды. Мұрағатшы ғалымдардың алдында зерттеуін күткен өзекті мәселелердің бірі мұрағат тарихының даму дәуірінің хронологиялық кезеңін нақтылау күн тәртібінде көтерілді.
Кеңестер Одағы кезеңіндегі мұрағат ісі мен органдарына қатысты ғылыми жұмыстардың көпшілігі маркстік-лениндік теория мен методологияға негізделген болатын.
Еліміздің тәуелсіздік алып, дербес сыртқы саясат жүргізуі мен нарықтық экономикаға көшуі, мемлекеттің осы бағыттардағы қызметінің нәтижесі тарих ғылымына да жаңадан тың серпіліс туғызуда. Қазақстанның қоғамдық өмірін демократияландыру мұрағат саласын да қамтуда.
Г. Сексенбаева, М. Құдияр, А. Шангереева, М. Жылысбаева, Г.А. Терекова, С. Дильманов т.б. мақалаларынан әр аймақтағы және орталық мұрағаттар тарихына қатысты мәліметтерді атап өтуге болады .
Мұрағат жөніндегі, оның халық өміріндегі мәні мен қасиеті, сыры мен мазмұны, өткен тарихы мен қазіргі жайы жөнінде салиқалы ойлар айтатын сүбелі еңбектің бірі С. Байжановтың «Архив-айғақ» кітабы болып табылады . Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде мұрағат тарихына қатысты еңбектер жарық көре бастады.
Р.Х. Сариеваның«Мұрағат және тарих» атты мақалалар мен баяндамалар жинағында мұрағат ісінің дамуы, құжаттық тарихи-мәдени мұраны сақтау және көбейтудегі мұрағаттар қызметінен, еліміздің тарихы туралы жазба ескерткіштер, оқиғалар мен фактілерден мол мағлұмат беріледі. Сонымен қатар Р. Сариева мен А. Абдуллинаның мұрағат тарихына байланысты очерк кітабын атап өтеміз. Бұл еңбек Қазақстандағы мұрағат ісінің ұйымдастырылу, қалыптасу кезеңдерінің 1918-1945 жылдар аралығын қамтиды. Еңбек Орталық мұрағат қорындағы мұрағат тарихына қатысты қордан алынған материалдарға ғана негізделген.
1995 жылы 25-29 қыркүйекте Алматы қаласында Қазақстанның мұрағат ісінің 200 жылдығына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Конференцияның маңыздылығы еліміздің мұрағатының екі ғасырлық жазбаша шежіресі туралы бүкіл әлем хабардар болды және Қазақстандағы мұрағат ісіне қатысты халықаралық ғылыми практикалық конференциялар өткізілді. Тарихшылар, мұрағатшылар қатысқан «Мұрағаттар: халық бірлігі және ұлттық тарих жылы» Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда мұрағат ісі мен тарихына қатысты өзекті мәселелер көтерілді.
Қазіргі таңда елімізде 3 республикалық, 14 облыстық, Астана және Алматы қалаларында - 2, облыстық мемлекеттік мұрағатының 34 бөлімшесі, 158 қалалық және аудандық деңгейдегі мемлекеттік мұрағаттар жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет