Жоспар: Қазақстанның алғашқы мұрағаттары


Қазақстан мұрағаты даму жолында



бет4/5
Дата17.10.2023
өлшемі36,87 Kb.
#117047
түріРеферат
1   2   3   4   5
2.2. Қазақстан мұрағаты даму жолында
Қазақстаннның тәуелсіздігін алғаннан кейінгі құжаттар мемлекеттік құрылыс, басқару аппараттарының құрылуы және жаңа сатыға көтерілуі, жергілікті өкілетті, атқарушы билік органдарының құрылуы, экономика, мәдениет, білім, денсаулық сақтау салаларының дамуы, этникааралық бірлік пен қоғамдық тұрақтылықтың дамуы туралы сатыларды бейнелейді. Мемлекеттік биліктің жергілікті органдарының қорларында ҚР Конститутциясын қабылдау референдумдарын, ҚР Президентін, ҚР Парламенті депуттарын, жергілікті маслихаттарға сайлау өткізу жөніндегі мәліметтер бар.
Қазақстан мұрағаттарның үлкен байлығы-жеке тұлғалардың құжаттары. Жеке тұлға мұрағат қорын сөз еткенде, ең алдымен Исатай Таймановтың жеке мұрағатының болғандығын мақтаныш етуге болады. Көтеріліс кезінде ол мұрағат Исатайдың үйінен алынып, Орынбор мұрағатында сақталған. Өкінішке орай ол қазір қолда жоқ. Егерде ол мұрағат табыла қалса Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағат қорының жеке тұлғалар мұрағатының басы болатына сөзсіз.
Дегенмен еліміздің 1000-ға тарта коғам, мемлекет қайраткерлері мен ғылымға, мәдениетке, әдебиетке, өнерге, халық шаруашылығының салаларына ерен еңбегі сіңгендердің өмірі мен шығармашылығына, қызметіне қатысты 130 мыңға жуық істер мемлекетіміздің тарихын толықтыратын мол мұра мұрағат қорында сақтаулы. Олардың қатарында еліміздің тұңғыш академигі, Қазақ ССР Ғылым Академиясын ұйымдастырушы Қ. Сәтбаев, Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте алған Т. Бигелдинов, Кеңес Одағының Батыры, аты әлемге аңыз болып тараған қолбасшы Б. Момышұлы, Социалистік Еңбек Ері, жазушы Ғ. Мүсірепов, Социалистік Еңбек Ері, сахна саңлағы С. Қожамқұлов, тарихшы Е. Бекмаханов, архитекторлар М. Меңдіқұлов, Г. Герасимов, қылқалам шеберлерлері Ә. Қастеев, А. Ғалымбаева, қоғам, мемлекет қайраткерлері I. Омаров, Ө. Жәнібеков, ақын О. Сүлейменов, композиторлар М. Төлебаев, Е. Брусиловский, т.б. құжаттары құнды шежіре.
Қазақстан мұрағатының соңғы жылдардағы дамуына Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Бағдарламасы және 1997 жылдың «Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы», 1998 жылдың «Халық бірлігі және ұлттық тарих жылы» деп жариялаған Жарлықтары елеулі әсер етті.
Орталық мұрағат органы саяси қуғын-сүргінге ұшыраған А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, Х.Досмұхамедов, М.Тынышбаев, С.Сейфуллин, М.Шоқай, т.б. ардагерлердің өмір мен шығармашылығы жөнінде көрмелер ұйымдастырып, ақпарат құралдарында материалдар жариялады.
Соңғы уақытқа дейін Қазақстан мұрағат органдары КСРО Үкіметінің мұрағат органдарына арналған заң актілерін басшылыққа алып келді. КСРО өз өмірінде 350-ден астам заң актілерін шығарғанмен мұрағат ісі туралы заң қабылдамаған.
Бұрынғы КСРО тарағаннан кейін тәуелсіздік алған Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттер мұрағат ісі туралы арнаулы заң қабылдап үлгірді. Ал бізде бұл мәселе кешеуілдеп келеді. Бұл мұрағат ісін ұйымдастыру, дамытуға елеулі қиындық туғызуда.
Ең бастысы Мемлекеттік мұрағаттар мен республика тарихының бірден бір көзі - ведомстволық мұрағаттарды дамыту, ұйымдастыру және сақтаудың тиімді жолын айқындайтын заң ауадай қажет.
Екіншіден, шет мемлекеттердегі Қазақстан тарихына қажетті құжаттарды айтпағанда, ТМД мемлекет басшыларының 1992 жылғы келісімі бойыншаҚазақстан аймағындағы космосты игеру, геологиялық ресурстар, табиғи ортаны қорғау, геодезия, картография, киноматография саласындағы құжаттар мен негізгі өнімдер бұрынғы Одақтық ведомстволық архивтерде қалды. Бұл занды. Бірақ олардың көшірмелерін мемлекетімізге алу мәселесі күн тәртібінен түспейтін күрделі іс.
Ұлттық мұрағаттыұйымдастыру, дамыту және пайдалануды жақсарту мәселесі халықаралық, мемлекетаралық қатынасқа да тікелей байланысты екені сөзсіз.Өркениетті елдерде мұрағат ісі, барлық мұрағат қоры және құжаттама басқаруаспектісі мемлекеттік қызметтің дербес саласы болып табылады.
Сонымен, Қазақстандағы мұрағат істерінің қалыптасу жылдарындағы қиыншылықтар мен жетістіктерді саралай келіп, мұрағат ұлт тарихының бай қазынасы екендігіне көз жеткіземіз.
Бүгін де, ертең де, келер ғасырларда да толыға беретін, жазыла беретін тарихтың қайнар көзі. Мұрағатқұжатынсыз тарихтың жазылуы мүмкін емес. Мұрағат- өмірі таусылмас, қоймасы ортаймас, тарих көшімен баяғы заманнан бүгінге дейінгі өмірдің қатпар-қатпар кезеңдеріндегі еліміздің шаруашылығын, экономикасын, тыныс тіршілігін кең түрде айқындайтын, тарихи, мәдени ескерткіштерін, жеке тұлғалардың өмірін мәңгі жасататын ұлттық тарихи мұраның көзі.
1921 жылы 5 сәуірде Қазақ Өлкелік Бас архиві ұйымдастырылды. 1998 жылы 22 желтоқсанда Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы Қазақстан Республикасының заңы бекітіліп бұл заң Қазақстан Ұлттық мұрағаттары мен мұрағат қорының тарихының жаңа кезеңі басталғанын дәлелдеді. Осы тарихи кезеңнен бастап біз архив деген сөзді мұрағат деген сөзбен ауыстырып қолдана бастадық. Кеңестік дәуірде жүйелі қалыптасқан мемлекеттік мұрағаттарда құнды құжаттардың орналасуының принциптері белгіленіп, нақты жүйеге келді. Әсіресе 50-ші жылдары КСРО Бас мұрағат басқармасының өкімімен қорларды шоғырландырудың ортақтыландыру принципіне сәйкес орталық және бірқатар облыстық мұрағаттардан құнды тарихи қорлар Одақтық орталық мемлекеттік мұрағаттарға алынды. Қазақстан мұрағаттары тарихы кезеңдердің қиындықтарына қарамастан Қазақстанның мұрағат қорларында қазіргі таңда 15 миллионнан астам істі құрайтын құжаттар сақталуда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет