Жоспар: Қазақстанның алғашқы мұрағаттары



бет5/5
Дата17.10.2023
өлшемі36,87 Kb.
#117047
түріРеферат
1   2   3   4   5
Қорытынды
Мұрағаттану пәнінен дайындаған мұрағат ісінің Қазақстанда құрылуы тақырыбы бойынша курстық жұмысымды екі тарауға бөлу арқылы кеңінен қарастырдым. Қазақстанның алғашқы мұрағаттары деп алып, Қазақстандағы кеңестік мұрағаттық ұйымдар, Қазақстандағы кеңестік дәуіріндегі өлкелік мұрағаттық қорлар бөлімдеріне толығырақ тоқталып, мұрағат жұмыстарының жүргізілу барысын аштым. Қазақстанның мұрағаттар тарихы  деп екі бөлімге бөлдім. Қазақстан мұрағатының тағдыры, Қазақстан мұрағаты даму жолында деп бөлімге бөліп қазіргі Қазақстанның даму тарихы туралы ашып көрсеттім.
Өз кезегінде бұрынғы КСРО-ның мемлекеттік мұрағат қорының құжаттары еліміздің көп ғасырлық тарихынан көрініс тапқанымен де құнды. Мұрағаттағы қорлар, саяси, халық шаруашылығы, ғылыми, әлеуметтік-мәдени тарихи маңызы бар құжаттардың жиынтығы. Мемлекеттік мұрағат қорына республика көлеміндегі кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың негізгі қызметінде пайда болған құжаттар-өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және экономиканың, ғылыми және мәдениеттің басқа салалары мекемелерінің, ұйымдары мен кәсіпорындарының құжаттарынан құрылады.
Негізінен алғанда, Қазақстандағы мұрағат ісінің ұйымдастырылуы, мұрағат ісін басқару ұйымдарының, мұрағаттық мекемелер жүйесінің және мұрағат қорының жинақталуы кеңес үкіметі тұсында толық қалыптасып, халық шаруашылығының барлық салаларын дамытуда ерекше рөл атқарды.
Қорыта келгенде кеңестік кезеңде Қазақстанда мұрағат ісін басқару органдары толықтай қалыптасты дей аламыз. Жоғарыдан төменге қарай қалыптасқан мұрағат ісін басқару жүйесі республикалық, облыстық, аудандық мұрағаттық мекемелерді құрып, олардың қызметін байланыстырды. Соның әсерімен мұрағат қорлары жинақталды, бірізге түсірілді.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.Сариева Р.Х. Мұрағат және тарих: (мақалалар, баяндамалар). -Архив и история (статьи, выступления). - Алматы : Арыс, 2004. -292 б.
2.Архивисты биографический справочник. -Алматы. 2005. - 92 с.
3.Жылысбаева М. Орталық мемлекеттік мұрағат-қазақ халқы тарихы беттерінің қайталанбас мұралар шаңырағы // Қазақстан мұрағаттары. 2009. - № 2(10). -143 б.;
4.Президенттің 2003 жылғы 4 сәуірдегі Қазақстан халқына жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық мұрағат қорын сақтау мен толықтырудың өзекті мәселелері республикалық семинардың материалдары. -Алматы, 2003. -112 б.
5.Іс жүргізу және мұрағат ісі терминдер мен анықтамалар. -Астана. 2001. -22 б.
1.Назарбаев Н. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарлама болуы тиіс // Егемен Қазақстан. - 2003. - 29 қараша.
2.Алдамжар З. Тарих: пайым мен тағылым. -Алматы: Арыс, 2002. - 288 б.
3.Байжанов С. Архив-Айғақ. - Алматы: Қазақстан , 1988. -240 б.
4.Сариева Р.Х. Мұрағат және тарих: (мақалалар, баяндамалар). -Архив и история (статьи, выступления). - Алматы : Арыс, 2004. -292 б.
5.Хасанаев М.Ж. Архивное строительства в Казахстане в первые годы советской власти (1920-1922 гг). -Алматы. 1996. - 22 с.;
6.Сариева Р., Абдулина А. Очерки по истории организации архивного дела в Казахстане (1918-1945). -Алматы: Арыс, 2006. - 324 с.
7.Алферов А.В., Матлин Е.М. Средства тиражирования документов. – Радио и связь, 1990
8.«Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 22 желтоқсан 1998 жыл.
9.Мемлекеттік мұрағатты жинақтауға негіз болушы қор көздерін анықтауға байланысты ұсыныстар.Алматы 1999.
10.Мемлекеттік мұрағатты жинактауға негіз болушы ұйымдар мен мекемелертізбесі. Алматы 1999.
11.Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу(мемлекеттік және ресми тілдер іс қағаздарын жүргізудің үлгілері)6-шы басылымы,толықтырылған.Алматы,2008.
12. Мемлекеттік ұйымдар қызметінде жасалатын,сақтау мерізімдер көрсетілген тұрапатты қүжаттар тізбесі.Астана ,2005.
13. Қазақстан Республикасы мемлекеттік ұйымдастырында құжаттау мен құжаттаманы басқарудың тұрапатты ережелері

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет