Жоспар: Қазақстанның алғашқы мұрағаттары


Қазақстандағы кеңестік дәуіріндегі өлкелік мұрағаттық қорлар



бет2/5
Дата17.10.2023
өлшемі36,87 Kb.
#117047
түріРеферат
1   2   3   4   5
1.2. Қазақстандағы кеңестік дәуіріндегі өлкелік мұрағаттық қорлар.
Кеңестер Одағы кезеңіндегі мұрағат ісі мен органдарына қатысты ғылыми жұмыстардың көпшілігі маркстік-лениндік теория мен методологияға негізделген болатын.
Еліміздің тәуелсіздік алып, дербес сыртқы саясат жүргізуі мен нарықтық экономикаға көшуі, мемлекеттің осы бағыттардағы қызметінің нәтижесі тарих ғылымына да жаңадан тың серпіліс туғызуда. Қазақстанның қоғамдық өмірін демократияландыру мұрағат саласын да қамтуда.
Мұрағат жөніндегі, оның халық өміріндегі мәні мен қасиеті, сыры мен мазмұны, өткен тарихы мен қазіргі жайы жөнінде салиқалы ойлар айтатын сүбелі еңбектің бірі С. Байжановтың «Архив-айғақ» кітабы болып табылады . Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде мұрағат тарихына қатысты еңбектер жарық көре бастады.
Мұрағатта кеңес дәуіріне дейінгі кезеңнің барлығы 770-тен астам қорлары сақталуда. мұрағаттың ең көне құжаттары Семей кедені қорында сақтаулы 1732 жылғы құжаттан басталады және қор құжаттарында Жоңғар, Қытай және Орта Азиялықхандықтармен сауда қатынасының тарихы орын алған. Кеңес дәуіріне дейінгі кезең құжаттарының хронологиялық шегі XVIII ғасырдың аяғынан 1917 жылға дейінгі кезеңді қамтиды.
Қараусыз қалған революцияға дейінгі тарихи құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мұрағаттардың негізгі міндетіне алынды. Ұлттық мұрағат қоры ұлттық құндылық ретінде бекітілген заңмен мойындалған тарихи, әлеуметтік, ғылыми, экономикалық, саяси және мәдени маңызы бар барлық мұрағаттардың, мұрағат қорларының және документалды ескерткіштердің жиынтығы болып табылады. Себебі тарих қана ұрпақтар үндестігін жалғастырып, уақыттар арасындағы өзара байланыстар мен өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді. Бөкей хандығы тарихымен тығыз байланысты алғашқы ұлттық құндылықтардың ошағына айналған мұрағаттар бірнеше дәуірлік сан қилы тарихты бастан өткерді.
Төңкеріске дейінгі дәуірде Қазақстан тарихына қатысты шашыраңқы тарихи маңызды құжаттар негізінен ведомстволық мұрағаттарда орналасты. Кеңестік дәуірдің алғашқы жылдарындағы саяси жағдайлар бірқатар маңызды тарихи құжаттардың Қазақстанмен шекаралас республикалар мен облыстарда қалып қоюына себеп болды.
Мұрағат құжаттарын пайдалану мәселесінде мұрағаттардың кеңестік дәуірде алдымен Коммунистік партияның мүддесіне қызмет атқарып, тек кеңестік жүйе ыдырығаннан кейін барлық пайдаланушыларға бірдей қызмет ете бастағаны белгілі. Бүгінде еркін қол жеткізуге болатын мұрағат құжаттарын кез келген пайдаланушы өз мақсатына ашық пайдалана алады. мемлекеттің аса құпия мағлұматтары бейнеленген құжаттарды оның қауіпсіздігін қорғау мақсатында пайдалануға шек қойылған. Мұрағат құжаттарымен жұмыс істеуде арнайы қабылданған ережелерді, яғни ақпаратты іздестіруде анықтамалық аппаратты пайдалануды, көне мәтіндерді оқи білу қажет. Р.Х. Сариеваның«Мұрағат және тарих» атты мақалалар мен баяндамалар жинағында мұрағат ісінің дамуы, құжаттық тарихи-мәдени мұраны сақтау және көбейтудегі мұрағаттар қызметінен, еліміздің тарихы туралы жазба ескерткіштер, оқиғалар мен фактілерден мол мағлұмат беріледі. Сонымен қатар Р. Сариева мен А. Абдуллинаның мұрағат тарихына байланысты очерк кітабын атап өтеміз. Бұл еңбек Қазақстандағы мұрағат ісінің ұйымдастырылу, қалыптасу кезеңдерінің 1918-1945 жылдар аралығын қамтиды. Еңбек Орталық мұрағат қорындағы мұрағат тарихына қатысты қордан алынған материалдарға ғана негізделген. Мұрағат деректерімен жұмыс жасау әдістемесі жөнінде Г.А. Сексенбаеваның әдістемелік-құралдарын атап өтеміз.
1995 жылы 25-29 қыркүйекте Алматы қаласында Қазақстанның мұрағат ісінің 200 жылдығына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Конференцияның маңыздылығы еліміздің мұрағатының екі ғасырлық жазбаша шежіресі туралы бүкіл әлем хабардар болды және Қазақстандағы мұрағат ісіне қатысты халықаралық ғылыми практикалық конференциялар өткізілді. Тарихшылар, мұрағатшылар қатысқан «Мұрағаттар: халық бірлігі және ұлттық тарих жылы» Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда мұрағат ісі мен тарихына қатысты өзекті мәселелер көтерілді.
1954 жылы Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 24 шілдедегі Жарлығы бойынша Ішкі Істер Министрлігі бөлімдерінің жойылуына байланысты қалалық, аудандық мұрағаттар тиісінше атқару комитеттерінің қарауына берілді.
Мұрағат басқармасының құрылымына 1965, 1967 жылдары аздаған өзгерістер енді.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың 1995 жылғы 19 қазандағы Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті мұрағаттар мен құжаттама Бас Басқармасы болып қайта құрылды.
1997 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағаты деп қайтадан аталды. Басқару жұмысы жаңа арнаға түсті. Мұрағат мекемелерінің құрылымы, штат кестесі едәуір ықшамдалды.
Қазақстан мұрағатының тарихы да «мың өліп, мың тірілген» өз халқымен тағдырлас. Әсіресе, 1917-1919 жылдар арасында мұрағат құжаттары жау мүлкіндей тоналды, тағдыр тәлкегіне түсті.
Сонымен қатар, Қазақстанға қатысты мұрағат құжаттарына жаны ашымай, оны ел, мемлекет тарихы деп қарамаушылықтан көптеген құжатты деректер буда-будасымен сатылғанын айту ләзім. Себебі 1922 жылы 8-ші желтоқсанда ҚазАССР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы С.Сейфуллин Мұрағат құжаттарын сатуға, жоюға тиым салу туралы барлық кеңестік мекемелерге шұғыл хат жазды.Соған қарамастан Ғұбайдуллин, Ғалиасқаров дегендерге Орынбор округтік архивбюро 1923 жылы қазақ тарихына қатысты 1913-1917 жылдардағы 375 кітапты, 24 наурызда Орынбор және Самар губернесі генерал-губернаторының және Шекара комиссиясының Торғай басқармасына қатысты 28 пуд, 12 шілде 1923 жылы Орынбор губернесі бойынша 1897 жылы өткен Бүкілресейлік санақ материалдарынан 106 пуд, әртүрлі мекемелердің архивінен 110 пуд архивті, 2231 кітабын сатқан. Мұндай актілер саны жүздеп саналады. Қазақстан тарихына қатысты мыңдаған пуд архив деректері әртүрлі әрекетпен жойылған. Ал онда қандай құжаттар кетті? Ол тізбені оқысаң жаның ауырып, жүрегің сыздайды. Оған көз жеткізу үшін тілге тиек етер деректің санаулылары мыналар: ".. .генерал-губернатордың 1888, 1890, 1893, 1894, 1899, 1900, 1911-1913, 1915 жылдардағы есебіне Торғай облысы бойынша қосымшалар А.Е. Алекторовтың "Торғай облысының халық ағарту саласындағы очерктері" (1744-1898 жылдардың шежіресі), "1912, 1915 жылдардағы Торғай облысы туралы шолулар", "Торғай облысы бойынша 1871 жылғы село саны", "1865, 1869 жылдары Қырғыздарды (қазақтарды) ығыстыру", "Қырғыз (қазақ) үйлері туралы т.б. қазіргі күні іздесең таптырмайтын құнды деректердің тізімін оқисың. Сонда осынша құңды деректердің бағасы қандай болды? - дегенге зер салсаң, жүрекке ине шаншылғандай әсерде қаласың. Мысалы: "Орынбор губернесіндегі елді мекендердің тізімі" деген кітап он тиынға, жоғарыда аталған А.Е. Алекторовтың очеркі 10 тиынға, 1912 және 1915 жылдарғы Торғай облысына шолулар 70 тиынға сатылған. Таңғаларлық емес пе? Бірақоларды сатуға Бүкілресей архив басқармасы рұқсат берген.
Одан кейін, Қазақстан астанасының Орынбордан Қызылордаға, одан Алматыға көшуі кезінде көптеген құнды деректі құжаттар бүлінген, жоғалған . Оның басты себебі алдын ала мұрағат құжаттарын сақтайтын, оларды жайғастыратын орынды дайындап алмай, тек әкімгершілік бұйрықпен орындалғандығы.
1928 жылы 8 қазанда Қазақстан Орталық мұрағаттың уақытша бастығы Ибрагимов мекемелерді Алматыға көшіру жөніндегі үкімет комиссиясына "... ең болмаса 1929 жылдың сәуір айына дейін көшуді тоқтатуды сұраймын, -деп хабарлағаны назарға алынбады. Ибрагамовтың бұл жанайқайы көрегендік болды. 1928 жылы желтоқсан айының басында Қордайда бір тең, үш жәшік мұрағат құжаттары жоғалып кетті. Мұндай жағдай Орынбордан Қызылордаға мұрағат құжаттарын көшіру кезінде де болған. Әрине, оны Орынбор Губархив қызметкерлерінің өздері ұйымдастырды.
Келесі жағдай, республикаларды әкімшілік аймаққа бөлу Қазақстан тарихына қатысты құжаттарды тартысқа түсірді. Қабылдаған шешімге қарамастан Мәскеу, Ленинград, Астрахань, Ташкент мұрағат басшыларының Қазақстан тарихына қатысты құжаттарды жасырып, бермей қалуға жасаған құйтырқы айлаларын айтпағанмен, 1926 жылы Омбы губмұрағатынан уақытша пайдалануға алған 196 іс тарихы назар аударарлық.
Ол қандай құжаттар еді? Қазақстан Орталық мұрағатының ғылымиқызметкері Д. Гусевтің қорытындысына қарағанда, олардың бәрі де тікелей Қазақстан тарихына қатысты құнды құжаттар. Атап айтқанда: 1822-1833 жылдар арасыңда Ор тауынан Троицкіге дейін 5000000 десятина, Елек бойынан 600000 десятина құнарлы жерді Ресей отарлаушыларының қазақтардан тартып алғандығы туралы, Қайыпқали Есімов, Есет Қөтібаров, Исатай Тайманов, Кенесары Қасымов басқарған қозғалыстарға қатысты, 1916 жылғы ұлт-азаттық, көтерілісіне қатысты, патша үкіметінің қазақтарға жасаған қысымшылығын көрсететін, Ақмола облысына жер аударылып келгендер туралы, Қостанай уезіндегі 1919 жылғы көтеріліс жөніндегі (2 іс) құжаттар. Бірақ Омбы губархиві мен Сібір өлкелік және РСФСР мұрағат басқармалары 196 істің барлығын да РСФСР мүлкі деуден танбаған. "...Сібір ғалымдары Кенесары көтерілісін зерттеп, Сібірге белгілі бір беллетрист осы дәуірге байланысты роман жазу үстінде. Оның бұл істі пайдалану құқығынан айыруға ешқандай мүмкіндігім жоқ , - деп жазды № 326/333 хатында Сібір өлкелік мұрағат меңгерушісі В. Вегман 18.ІУ.27 жылы Қазақстан мұрағат меңгерушісі А.Л. Мелковқа.
Ақырында олар Қазақстан Орталық мұрағат басшылары А.Л. Мелковты, оның ғалым архивисі В. Гусевті, Ақмола губархив меңгерушісі Красноперцевті "Аздаған тар шеңбердегі патриотизм болуға ұмтылушылық, - деп кінәлауға дейін барды.
Бұл даулы құжаттар жөнінде 1928 жылы 5 маусымда Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің Президиумы "...Уақытша пайдалануға алған мұрағат материалдарын Омбыға қайтару Ақмола Аткомына ұсынылсын, - деп алған қаулысы 196 істің тағдырын құрдымға итеріп жіберді. Бұл қаулының заңсыз алынғанын дәлелдеп республикалык, мұрағат меңгерушісі Болотников заң орындарына, Қазақстанның, РСФСР- дың басшы органдарына шағым жасады, заңсыз Қаулыны өзгертуді талап етті.Ал Жетісу, Сырдария губкомдары Қазақстанға өткеннен кейін Ташкендегі Қазақстан тарихына қатысты мұрағат құжаттарын алу да шырғалаңға түсті. Олар "...қазіргі кезде экономикалық жағынан аудандастыру мәселесі жоспарлануда, 3-5 айдан кейін аудандар, округтер құрылу толық ( аяқталғаннан кейін мұрағаттарды көрсетілген органдар алуға тиісті", - деп бір шығарып салса, 1927 жылы 19 қарашада "...Бұл материалдарды Ташкент университетінің профессорлары мен студенттері пайдаланады, - деп екінші рет түлкі бұлтаққа салды. Ал Ресей мұрағат басшылары құжаттарды Қазархивке қайтару хабары шығысымен мұрағат материалдарын жасыру үшін оның тізімдемелерін қайта жазды. Істің тақырыптарын өзгертті. Бұл тәсіл де кезінде көптеген материалдардың мұрағат қызметкерлерінің назарынан тыс қалуына себептің бірі болды.
Бір сөзбен айтқанда Қазақстан тарихына қатысты мұрағат материалдарын бөлудің, жинаудын дауы 1925 жылдың 26 маусымынан басталып, 1940 жылға дейін созылды.
Бірақ бұл Қазақстан тарихына қатысты материалдар толық жинақталды деген ұғымды туғызбайды. Оған бір ғана дәлел: Астрахань облыстық мұрағатынан Орал облыстық мұрағатқызметкерлерінің Қазақстан тарихына қатысты 80 мыңнан астам құжаттың жатқандығын анықтап отырғанын айтсақ та жеткілікті.
Ең соңғы мәселе кадрге байланысты. 1925 жылы республикадағы бүкіл мұрағаттағы 41 қызметкердің екеуінің жоғары білімі, жетеуінің орта білімі, қалған отыз екі адамның, оның ішінде Қостанай, Жетісу мұрағат бюросы меңгерушілерінің білімі төмен болды. Сондықтан мұрағат құжаттарын жинақтаған, сұрыптаған, тәртіпке келтірген кезде мұрағат қызметкерлерінің білім деңгейі төмендіктен ғылымның барлық саласындағы мұрағаттың бірнеше пуд құнды құжаттарды қоқысқа есептеліп, ескі-құсқы қабылдайтын жерге тапсырылды.
Қазақстан аймағында 1921- 1923жылдар арасында 9 губмұрағат болса, қазір әртүрлі дәрежедегі 220 мемлекеттік мұрағат бар. Республика орталығының жаңа қонысқа көшуіне байланысты Астана қаласында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатының өкілдігі ашылды.
1919 жылы Қазақстанның мұрағатында небәрі 13 қор, 100-ге жетер-жетпес іс болса, қазір мұрағат қоры 55 мыңнан асып, 14 миллионға жетті. Бұл мұрағат деректерінен жүзден астам құжаттар жинағы, бірнеше ондаған ғылыми зерттеу еңбектер, кионфильм, көркем шығармалар жарық көрді.
Олардың ішінде А.Ф.Рязановтың «Исатай Тайманов көтерілісі», Г.Сербариновтың «Бөкей Ордасындағы халықтардың толқуы: Сырым батыр, Бекет батыр» т.б. күрделі еңбектер мұрағат құжаттары негізінде жазылды. Мұрағаттың тарих көзі болатындығын жоғарыдағы деректердің өзі-ақ дәлелдей алады. Қазақстан мұрағаты қорындағы құжаттар тек тарих, әдебиет, кино саласында ғана емес, халық шаруашылығына, саясат мәселесіне де қызмет етті1954 жылы Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 24 шілдедегі(№ 667) Жарлығы бойынша Ішкі Істер Министрлігі бөлімдерінің жойылуына байланысты қалалық, аудандық мұрағаттар тиісінше атқару комитеттерінің қарауына берілді.
Мұрағат басқармасының құрылымына 1965, 1967 жылдары аздаған өзгерістер енді.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың 1995 жылғы 19 қазандағы Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті мұрағаттар мен құжаттама Бас Басқармасы болып қайта құрылды. 1997 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағаты деп қайтадан аталды. Басқару жұмысы жаңа арнаға түсті. Мұрағат мекемелерінің құрылымы, штат кестесі едәуір ықшамдалды.
Қазақстан мұрағатының тарихы да «мың өліп, мың тірілген» өз халқымен тағдырлас. Әсіресе, 1917-1919 жылдар арасында мұрағат құжаттары жау мүлкіндей тоналды, тағдыр тәлкегіне түсті.
Сонымен қатар, Қазақстанға қатысты мұрағат құжаттарына жаны ашымай, оны ел, мемлекет тарихы деп қарамаушылықтан көптеген құжатты деректер буда-будасымен сатылғанын айту ләзім. Себебі 1922 жылы 8-ші желтоқсанда ҚазАССР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы С.Сейфуллин Мұрағат құжаттарын сатуға, жоюға тиым салу туралы барлық кеңестік мекемелерге шұғыл хат жазды.Соған қарамастан Ғұбайдуллин, Ғалиасқаров дегендерге Орынбор округтік архивбюро 1923 жылы қазақ тарихына қатысты 1913-1917 жылдардағы 375 кітапты, 24 наурызда Орынбор және Самар губернесі генерал-губернаторының және Шекара комиссиясының Торғай басқармасына қатысты 28 пуд, 12 шілде 1923 жылы Орынбор губернесі бойынша 1897 жылы өткен Бүкілресейлік санақ материалдарынан 106 пуд, әртүрлі мекемелердің архивінен 110 пуд архивті, 2231 кітабын сатқан. Мұндай актілер саны жүздеп саналады. Қазақстан тарихына қатысты мыңдаған пуд архив деректері әртүрлі әрекетпен жойылған. Ал онда қандай құжаттар кетті? Ол тізбені оқысаң жаның ауырып, жүрегің сыздайды. Оған көз жеткізу үшін тілге тиек етер деректің санаулылары мыналар: ".. .генерал-губернатордың 1888, 1890, 1893, 1894, 1899, 1900, 1911-1913, 1915 жылдардағы есебіне Торғай облысы бойынша қосымшалар А.Е. Алекторовтың "Торғай облысының халық ағарту саласындағы очерктері" (1744-1898 жылдардың шежіресі), "1912, 1915 жылдардағы Торғай облысы туралы шолулар", "Торғай облысы бойынша 1871 жылғы село саны", "1865, 1869 жылдары Қырғыздарды (қазақтарды) ығыстыру", "Қырғыз үйлері туралы т.б. қазіргі күні іздесең таптырмайтын құнды деректердің тізімін оқисың. Сонда осынша құңды деректердің бағасы қандай болды? - дегенге зер салсаң, жүрекке ине шаншылғандай әсерде қаласың. Мысалы: "Орынбор губернесіндегі елді мекендердің тізімі" деген кітап он тиынға, жоғарыда аталған А.Е. Алекторовтың очеркі 10 тиынға, 1912 және 1915 жылдарғы Торғай облысына шолулар (екі кітап ) 70 тиынға сатылған. Таңғаларлық емес пе? Бірақоларды сатуға Бүкілресей архив басқармасы рұқсат берген.
Одан кейін, Қазақстан астанасының Орынбордан Қызылордаға, одан Алматыға көшуі кезінде көптеген құнды деректі құжаттар бүлінген, жоғалған . Оның басты себебі алдын ала мұрағат құжаттарын сақтайтын, оларды жайғастыратын орынды дайындап алмай, тек әкімгершілік бұйрықпен орындалғандығы.
1928 жылы 8 қазанда Қазақстан Орталық мұрағаттың уақытша бастығы Ибрагимов мекемелерді Алматыға көшіру жөніндегі үкімет комиссиясына "... ең болмаса 1929 жылдың сәуір айына дейін көшуді тоқтатуды сұраймын, -деп хабарлағаны назарға алынбады. Ибрагамовтың бұл жанайқайы көрегендік болды. 1928 жылы желтоқсан айының басында Қордайда бір тең, үш жәшік мұрағат құжаттары жоғалып кетті. Мұндай жағдай Орынбордан Қызылордаға мұрағат құжаттарын көшіру кезінде де болған. Әрине, оны Орынбор Губархив қызметкерлерінің өздері ұйымдастырды.
Келесі жағдай, республикаларды әкімшілік аймаққа бөлу Қазақстан тарихына қатысты құжаттарды тартысқа түсірді. Қабылдаған шешімге қарамастан Мәскеу, Ленинград, Астрахань, Ташкент мұрағат басшыларының Қазақстан тарихына қатысты құжаттарды жасырып, бермей қалуға жасаған құйтырқы айлаларын айтпағанмен, 1926 жылы Омбы губмұрағатынан уақытша пайдалануға алған 196 іс тарихы назар аударарлық.
Қазақстан Орталық мұрағатының ғылымиқызметкері Д. Гусевтің қорытындысына қарағанда, олардың бәрі де тікелей Қазақстан тарихына қатысты құнды құжаттар. Атап айтқанда: 1822-1833 жылдар арасыңда Ор тауынан Троицкіге дейін 5000000 десятина, Елек бойынан 600000 десятина құнарлы жерді Ресей отарлаушыларының қазақтардан тартып алғандығы туралы, Қайыпқали Есімов, Есет Қөтібаров, Исатай Тайманов, Кенесары Қасымов басқарған қозғалыстарға қатысты (58 іс), 1916 жылғы ұлт-азаттық, көтерілісіне қатысты (10 іс), патша үкіметінің қазақтарға жасаған қысымшылығын көрсететін (25 іс), Ақмола облысына жер аударылып келгендер туралы (82 іс), Қостанай уезіндегі 1919 жылғы көтеріліс жөніндегі (2 іс) құжаттар. Бірақ Омбы губархиві мен Сібір өлкелік және РСФСР мұрағат басқармалары 196 істің барлығын да РСФСР мүлкі деуден танбаған. "...Сібір ғалымдары Кенесары көтерілісін зерттеп, Сібірге белгілі бір беллетрист осы дәуірге байланысты роман жазу үстінде. Оның бұл істі пайдалану құқығынан айыруға ешқандай мүмкіндігім жоқ , - деп жазды № 326/333 хатында Сібір өлкелік мұрағат меңгерушісі В. Вегман 18.ІУ.27 жылы Қазақстан мұрағат меңгерушісі А.Л. Мелковқа.
Ақырында олар Қазақстан Орталық мұрағат басшылары А.Л. Мелковты, оның ғалым архивисі В. Гусевті, Ақмола губархив меңгерушісі Красноперцевті "Аздаған тар шеңбердегі патриотизм болуға ұмтылушылық, - деп кінәлауға дейін барды.
Бұл даулы құжаттар жөнінде 1928 жылы 5 маусымда Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің Президиумы "...Уақытша пайдалануға алған мұрағат материалдарын Омбыға қайтару Ақмола Аткомына ұсынылсын, - деп алған қаулысы 196 істің тағдырын құрдымға итеріп жіберді. Бұл қаулының заңсыз алынғанын дәлелдеп республикалык, мұрағат меңгерушісі Болотников заң орындарына, Қазақстанның, РСФСР- дың басшы органдарына шағым жасады, заңсыз Қаулыны өзгертуді талап етті.Ал Жетісу, Сырдария губкомдары Қазақстанға өткеннен кейін Ташкендегі Қазақстан тарихына қатысты мұрағат құжаттарын алу да шырғалаңға түсті. Олар "...қазіргі кезде экономикалық жағынан аудандастыру мәселесі жоспарлануда, 3-5 айдан кейін аудандар, округтер құрылу толық ( аяқталғаннан кейін мұрағаттарды көрсетілген органдар алуға тиісті", - деп бір шығарып салса, 1927 жылы 19 қарашада "...Бұл материалдарды Ташкент университетінің профессорлары мен студенттері пайдаланады, - деп екінші рет түлкі бұлтаққа салды. Ал Ресей мұрағат басшылары құжаттарды Қазархивке қайтару хабары шығысымен мұрағат материалдарын жасыру үшін оның тізімдемелерін қайта жазды. Істің тақырыптарын өзгертті. Бұл тәсіл де кезінде көптеген материалдардың мұрағат қызметкерлерінің назарынан тыс қалуына себептің бірі болды.
Бір сөзбен айтқанда Қазақстан тарихына қатысты мұрағат материалдарын бөлудің, жинаудын дауы 1925 жылдың 26 маусымынан басталып, 1940 жылға дейін созылды.
Бірақ бұл Қазақстан тарихына қатысты материалдар толық жинақталды деген ұғымды туғызбайды. Оған бір ғана дәлел: Астрахань облыстық мұрағатынан Орал облыстық мұрағатқызметкерлерінің Қазақстан тарихына қатысты 80 мыңнан астам құжаттың жатқандығын анықтап отырғанын айтсақ та жеткілікті.
Ең соңғы мәселе кадрге байланысты. 1925 жылы республикадағы бүкіл мұрағаттағы 41 қызметкердің екеуінің жоғары білімі, жетеуінің орта білімі, қалған отыз екі адамның, оның ішінде Қостанай, Жетісу мұрағат бюросы меңгерушілерінің білімі төмен болды. Сондықтан мұрағат құжаттарын жинақтаған, сұрыптаған, тәртіпке келтірген кезде мұрағат қызметкерлерінің білім деңгейі төмендіктен ғылымның барлық саласындағы мұрағаттың бірнеше пуд құнды құжаттарды қоқысқа есептеліп, ескі-құсқы қабылдайтын жерге тапсырылды.
Қазақстан аймағында 1921- 1923жылдар арасында 9 губмұрағат болса, қазір әртүрлі дәрежедегі 220 мемлекеттік мұрағат бар. Республика орталығының жаңа қонысқа көшуіне байланысты Астана қаласында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатының өкілдігі ашылды.
1919 жылы Қазақстанның мұрағатында небәрі 13 қор, 100-ге жетер-жетпес іс болса, қазір мұрағат қоры 55 мыңнан асып, 14 миллионға жетті. Бұл мұрағат деректерінен жүзден астам құжаттар жинағы, бірнеше ондаған ғылыми зерттеу еңбектер, кионфильм, көркем шығармалар жарық көрді.
Олардың ішінде А.Ф.Рязановтың «Исатай Тайманов көтерілісі», Г.Сербариновтың «Бөкей Ордасындағы халықтардың толқуы: Сырым батыр, Бекет батыр» т.б. күрделі еңбектер мұрағат құжаттары негізінде жазылды. Мұрағаттың тарих көзі болатындығын жоғарыдағы деректердің өзі-ақ дәлелдей алады. Қазақстан мұрағаты қорындағы құжаттар тек тарих, әдебиет, кино саласында ғана емес, халық шаруашылығына, саясат мәселесіне де қызмет етті.
Көптеген мекемелердің мұрағат қоры жауапсыздық пен салғырттықтың нәтижесінде жарамсыз жағдайға жетті. Қазақ АКСР Халық Ағарту Комиссариатының мұрағат қорлары тышқандар мен егеуқұйрықтарға жем болса, ал Қаржы Халық Комиссариаты мен Қазақ мемлекеттік Сауда Кеңесінің мұрағаттары Қызылордадан Алматыға көшу кезеңінде күтімсіз, қараусыз қалдырудың барысында көпшілігі жыртылып жоғалған. Аталған мекемелердегі мұрағат қорын сақтауға міндетті қызметкерлер қарапайым мұрағат істері жөніндегі ережелерді білмеуінің салдары осындай сорақылықтарға жеткізді.
Ел астанасы Қызылордадан Алматыға көшу мәселесі шешілген тұста, Орталық өлкелік басқармасы да мұрағат қорларын тасымалдаудың тиімді жолдарын қарастыруға ұмтылды. Кезінде Орынбордан Қызылордаға көшу барысында мұрағат қорларын тасымалдау күрделі жағдайда жүргізілгенін қатерге алды.
Мемлекеттік мұрағаттардағы қорларда ғасырлар бойы сақталған миллиондаған тарихи құнды құжаттарды жойылудан сақтап қалу үшін 1941 жылдың 24 маусымда КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі мен БКП(б) Орталық Комитетінің шешімімен эвакуациялық Кеңес құрылса, 27 маусымда үкімет «Адамдар мен құнды мүліктерді тасымалдау тәртібі» туралы қаулы қабылдады. Осы қаулының нәтижесінде Қазақстан және Шығыс аудандарға мемлекеттік мұрағат қорларындағы 14 млн астам құнды істер жедел түрде көшіріле бастады. Мұрағат қорларындағы құжаттарды эвакуациялау мәселесіне жан-жақты зор саяси мән берген Кеңес үкіметінің басшылығы майданнан алыс жатқан аудандарға көшіре отырып алдарына бірнеше міндеттер қойды.
Кеңес Одағы мемлекеттік мұрағат қорларын құру жылдарында өте қиын жолды бастан кешірді, көптеген мұрағаттар бірінші дүниежүзілік соғыста, азамат соғысы жылдарында өртеліп, тоналып, жойылып кеткені белгілі.
1970-1980 жылдары Қазақ КСР Орталық мұрағатында млн-ға жуық құжаттар сақталса, ал облыстық мемлекеттік мұрағаттар мен олардың филиалдарында 3 млн астам құжаттар сақталды. Мемлекеттік мұрағаттарда 150 мыңнан астам фотоқұжат, кинофильмдер, дыбыс жазбалар және графикалық материалдар жинақталды .




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет