Жоспар І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім



бет2/5
Дата23.11.2022
өлшемі12,79 Mb.
#52128
түріПрезентация
1   2   3   4   5
Байланысты:
физио 9 (копия

Гипофиз.Бас сүйегінің “түрік ершігі” деп аталатын сүйегінде орналасқан.
Жаңа туған сәбидің гипофизінің салмағы 10-15 мг, 10 жасқа дейін 30 мг-ға дейін өседі, жасөспірімдерде ересектердікіндей 50-65 мг болады.
Гипофиз үш бөліктен тұрады: алдыңғы, ортаңғы және артқы. Алдыңғы және ортаңғы бөлігін аденогипофиз, артқы бөлігін нейрогипофиз деп атйды.
Алдыңғы бөлігі 75%, ортаңғы – 1-2%, артқы – 18-23% құрайды.
Соматотропин немесе өсу гормоны (СТГ) – бүкіл дененің өсуі мен дамуына әсер етеді.
Жаңа туған сәбиде өсу горомонының мөлшері өте көп (60 ммкг/мл), 3 айда 16 ммкг/мл, ересек балаларда 10,8 ммкг/мл, ал ержеткенде 0,55 ммкг/мл болады.
СТГ гиперсекрециясында баланың бойы ұзарып (2 м-ден асып кетеді) алыптық, ал гипосекрециясында баланың бойы қысқа ергежейлік байқалады.
Жыныстық жетілуден кейін СТГ көбейіп кетсе акромегалия байқалады, яғни адамның бет, қол-аяқ, жақ сүйектері күшті өсіп ұзарады.

Аденогипофиз

Нейрогипофиз

Алдыңғы бөлігі

Ортаңғы бөлігі

Артқы бөлігі
  • Соматотропин немесе өсу гормоны (СТГ);
  • Тиреотропин (ТТГ);
  • Адренокортикотропин (АКТГ)
  • Гонадотропиндер (лютейіндеуші, лютеотроптық, фоликулстимулдеуші горомондар)

1. Меланотропин (МТГ)
  • Вазопрессин;
  • Окситоцин

Меланотропин (МТГ)адам терісінің түсін реттейді. Мөлшері көбейіп кетсе дене терісі сүттей ақ, ал азайып кетсе қоңыр дақ пайда болады.
Окситоцин жатырдың жиырылуын қамтамасыз етеді, әйел босанып жатқанда баланың сыртқа шығуына көмектеседі.
Вазопрессинді антидиурездік гормон деп те атайды. Ол бүйрек каналшаларында судың қанға қайта сіңуіне әсер етеді.
Гиперсекрециясында – қантсыз диабет ауруы пайда болады (тәулігіне бірнеше литр несеп бөлінеді).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет