Бүйрек үсті бездері – қос мүше. Оң және сол бүйректердің жоғары жағында орналасқан, салмағы 6-12 г. Әрқайсысы қыртысты және милы қабаттан тұрады. Қыртысты қабатының салмағы 4,5-10 г., милы қабаты 1,2 –2,4 г.
Егер жануарлардың екі безін сылып алып тастаса жануарлар 1 аптаның ішінде өліп қалады. Милы қабатты қалдырып қыртысты қабатын сылып алып тастаса да жануарлар өліп қалады. Ал милы қабатты алып тастап қыртысты қабатты қалдырса өзгеріссіз ұзақ өмір сүре береді. Себебі милы қабатты құрайтын хромаффин клеткалар кейбір ірі қантамырларының бойында, ганглияларында кездеседі.
Адренокортикотропин (АКТГ)бүйрекүсті бездерінің қыртыс қабатының горомондары глюкокортикойдтар мен адренокортикойдтардың өнуіне әсер етеді және көмірсутегінің алмасуына әсер етеді.
Гонадотропиндер (лютейіндеуші, лютеотроптық, фоликулстимулдеуші горомондар)жыныстық жетілу кезінде маңызы арта бастайды.
Ерлер сперматогенезін күшейтеді, әйелдер етеккірін мезгілінде келтіреді, емізетін әйелдің сүтінің келуін реттейді.
Бүйрек үсті безінің қыртыс қабаты 10 астам кортикостеройдтар тобына жататын гормондар түзеді.
Кортикостеройдтар қызметіне қарай 3 топқа бөлінеді:
1) глюкокортикостероидтар;
2) минералокортикостероидтар;
3) адренокортикостероидтар.
Глюкокортикоидтардың ықпалынан барлық ұлпалардың, белоктың ыдырауы күшейеді, бауырдың мочевина бөлу қызметі артады. Осы әсерлерге байланысты бала организмінің салмағы азайып, өсуі нашарлайды.
Канадалық ғалым Г.Селье алғаш бүйрек үсті бездерінің гормондары организмге қаурт жағдайда өте қажет екенін көрсетті. Ол адамның қатты күйзеліс кезіндегі тітіркендіргіштерді стрессор деп атады (ағыл. стресс – қатты күйзелу, абыржу). Бүйрек үсті безінің қыртыс қабатының гормоны азайса, стресс жағдайында организм өліп кетуі мүмкін.
Глюкокортиоидтардың қабынуға аллергияға қарсы тұру қабілетін арттыруға маңызы ерекше.
Минералокортикоидтар – тер, сілекей бездерінде су мен тұздардың алмасуын реттейді.