Жоспар І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім



бет4/5
Дата23.11.2022
өлшемі12,79 Mb.
#52128
түріПрезентация
1   2   3   4   5
Байланысты:
физио 9 (копия

Адренокортикоидтар жасөспірімдерде қосымша жыныс белгілерінің қалыптасуына көмектеседі. Бірақ жыныс бездерінің гормондарына қарағанда әлсіздеу.
Бүйрек үсті безінің милы қабаты екі гормон бөледі: адреналин және норадреналин.
Адреналин жүректің жұмысын күшейтіп соғу ырғағын тездетеді, қозғалысын жақсартады, қантамырларын тарылтып, қысымды өсіреді. Дененің әр жеріндегі қантамырларының адреналинге сезімталдығы әртүрлі.
Адреналин ішек еттерінің тонусын төмендетіп, қозғалысын басады, бронх еттерін босатады, көздің қарашығын кеңейтеді, жүкті әйелдердің жатыр еттерін жиырады, тері түктерінің қапшықтарының етін жиырады (сондықтан күшті эмоция кезінде адамның шашы “тік” тұрады).
Көмірсутегінің, майдың алмасуына әсер етеді. Қаурт жағдайда бұлшық еттердің жұмысын күшейтіп, рецепторлардың сезімталдығын (көру, есту) күшейтеді. Сыртқы ортаның өзгерген жағдайларына бағытталған.
Сондықтан бүйрек үсті бездерінің майлы және қыртысты қабаттарының гормондарын бейімдеуші гормондар дейді.
Бүйрек үсті бездерінің гормондарының мөлшері гипофиздің АКТГ гормоны арқылы реттеледі. Оның үстіне қанның мөлшері азайғанда ондағы натрийдің мөлшері кеміп, калий көбейгенде қыртысты қабаттың гормон-дарының түзілуі артады.
Милы қабаттың гормондарының мөлшерін жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімі реттейді. Бұл бездердің қызметін жоғары дәрежеде гипоталамус, торлы қүрылым жөн е ми қыртысындағы нерв орталықтары реттейді.
Бүйрек үсті бездерінің жас ерекшеліктері.
Бүйрек үсті безінің салмағы, қызметі және қызмет белсенділігі тұрақсыз. Сонымен қатар бұл бездердің қызметі сыртқы ортаның әсеріне, баланың жейтін тамағына байланысты.
Жаңа туған нәрестенің қыртысты қабаты милы қабатынан көбірек болады.
1 жастағы баланың безінің қыртысты қабаты милы қабатынан 2 есе қалың.
10 жаста милы қабаттың ұлпасы тез өсе бастайды.
Қыртысты қабатының өсуі 11-12 жасқа дейін, милы қабатының өсуі 6-20 жасқа дейін созылады.
Милы қабаттың гормондары жетіспегенде, көбінесе 10 жасқа дейінгі балалардың миындағы жүйке клеткаларында қанттың жетіспеуінен талмауы ауруы байқалады. Сабақты көп оқығанда, ойнап жүгіргенде бала есінен танып қалады.
Мұндай жағдайда жиі-жиі тәтті тағамдар, суға еріткен бал, қант беру керек. 10 жастан кейін өзінен өзі қойып кетеді.
Бүйрек үсті бездерінің салмағының жасқа байланысты өзгеруі Жасы Бүйрек үсті бездерінің жалпы салмағы, г 1 айға дейін - 6,22г 2-12 ай - 3,35 г 1-5 жас - 4,60 г 6-10жас - 6,60 г 11-15жас - 8,63 г 16-20жас - 12,95 г 21-50жас - 13,71-13,84 г 51- 70жас - 13,36 -13.20 г
Жалпы алғанда бала туғаннан кейін оның безінің қыртысты қабатының ұрықтық кезде пайда болған ұлпаларының орнына жаңа клеткалар өніп, ескілері солып, жойылады.
Бездің салмағы 2-3 аптаның ішінде 2 ссе азаяды. Милы қабаттың безі Бұл кезде жетілмеген, дифференцияланбаған жеке-жеке клеткалар тобынан тұрады .
6 айға толғанда ұрықтық қыртысты заттар 3 есе кеміп, жаңа клеткалары көбейеді де, 7 жасқа дейін жетіледі. Милы қабаттың хромаффиндік клеткалары 3-4 жаста дифференциацияланады да тез өсе бастайды.
Осы мерзімнің ішінде милы қабаттың жалпы салмағының 28-29% қалыптасады. Содан соң 8 жасқа дейін өспейді де қалған мөлшері 8-10 жас арасында тез өсіп, одан әрі ақырындап, жалпы өсуі 16-20 жасқа дейін созылады. Бір жастағы балалардың хромаффин ұлпалары адреналинді жақсы өндіреді. 6-7 жаста норадреналин мен дофаминнің қанға шығуы күшейеді.
Ал қыз балаларда 9 жаста, ер балаларда 10-11 жаста адреналиннің мөлшері екінші рет үстем болады. 
Қыртысты қабаттың гипосекрециясында ұзақ уақыт гормондар жетіспегенде Аддисон ауруы дамиды. Бұл ауру ересек адамдарда көбірек, ал балаларда өте сирек кездеседі. Ауру баланың денесінде қоңыр дақтар пайда болып (ең алдымен көп үйкелетін жерлерде: шынтақ, сан, мойын, бел), тез шаршайды, қимылдары азаяды, немқұрайлық байқалады, жүдейді, қаны қоюланып, оның қысымы азаяды.
Аурудың денесінен натрий мен хлор шайылып, калий жиналғандықтан жүрек әлсіздігі пайда болады. Көмір сутегінің алмасуы бұзыл ады. Баланың асқа зауқы төмендейді, оның бұлшық еттерінде сіреспе пайда болып, кей кезде тыныс еттерінің сіресуінен шетінеп те кетуі мүмкін.
Кейбір балаларда туа пайда болған қыртыс қабатының гипертрофиясы байқалады. Бұл кемшілік тұқым қуалайды деген бірен-саран мәліметтер де бар. Аурудың белгілері ерте 2-3 жаста байқалуы мүмкін. Алғаш кезде жылдам өсе бастағанымен, кейіннен баланың өсу қарқыны баяулап, бойы аласа болып қалады, 2-3 жастан бастап ауру қыздардың қолтығында, шабында түктер өседі, бірақ емшектері өспейді, етек кірі келмейді. Ауру ер баланың сыртқы жыныс мүшесі тез өседі, эрекция пайда болады, сақал-мұрты, кеудесінде, қолтығында, шабында түктері қалың болып, ересек ер адамдарға ұқсай бастайды. Бұл ауру көбінесе бүйрек-үсті бездерінің ұрықтық мезгілдегі кемшілігіне байланысты.
Бүйрек үсті безінің милы қабатының гипертрофиясы ісікке байланысты байқалады. Қазіргі кезде оның ісіктері балаларда жиірек кездесетін боп жүр. Мұндай науқас бала тершең, көзі бақырайған, беті шырайсыз келеді., тіпті кішкентай 2-3 жастағы баланың өзінде қанның қысымы жоғарылайды.
Мұндай балалар жиі-жиі басының ауыратынын, жүрегінің айныйтынын, қағатынын айтады. Ісікті алып тастағаннан кейін аурудың белгілері жойылып, бала жазылып кетеді. Бүйрек үсті безін операция жасап сылып алып тастаса, жануарлар өліп қалады. Ондай жануардың (мысалы, иттің, қойдың) температурасы тез төмендеп, арықтап, қимыл-қозғалысы азаяды, қанның қысымы төмендейді, қаны қойылады, жүрегінің қызметі нашарлайды. Мұндай белгілер адамның бүйрек үсті безінің гормондарының гипосекрециясында да байқалады. 
Аурулардың белгілері 2-3 жаста байқалады. Балалардың өсу қарқыны баяулайды, 2-3 жастан ауру қыздардың қолтығында, шабында түктер өседі, бірақ емшектері өспейді, етеккірі келмейді.
Милы қабатының гипертрофиясы ісікке байланысты байқалады. Балалар тершең, көзі бақырайған, беті шырайсыз келеді, қан қысымы жоғарылайды. Ісікті алып тастағаннан кейін бала жазылып кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет