Жоспар: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім


Академик М.Әуезов «І. Жансүгіровтің ірі поэмалары



бет10/10
Дата06.01.2022
өлшемі52,37 Kb.
#13403
түріПоэма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Академик М.Әуезов «І. Жансүгіровтің ірі поэмалары - («Күй», «Күйші», «Құлагер») лирикалық, философиялық оқиғалы, сюжетті поэма үлгісі. Осы үш поэма тұсында қазақтың Абайдан кейінгі поэмасы аса биік, ірі сапа табады. Бұлардағы дүниені көрер көз, сезіну сыры, жалпы дүние тану қалпы, ақындық сыр, өмірге қараған көзқарас барлығы да бұрынғы қазақ поэзиясы тудырмаған тың жаңалықты аңғартады...» дейді.

Ілияс шығармашылығын зерттеуші М. Дүйсенов: «Ілияс «Күй», «Күйші», поэмалары арқылы қазақ поэзиясында жаңа сөз айтты, тың үлгілер ұсынды, өз мектебін ашты», - деген пікірі орынды.

Қазақ поэзиясының «Құлагері» әлі күнге дейін ойнақшыған асау да әсем ырғағымен көзі қарақты оқырманды сүйсінтумен келеді.



Ілияс зерттеген домбыра мен қобыздың сайраған тілі, күйдің сазы тарих қойнауында қалған халық тұрмысындағы шындықты білуімізге, сар даланың сарынын қазіргі өмірімізбен салыстыруымызға көмектесті.

Ілиясты ылғи да ән-күйдің әсерінен туған, өзіне ғана мағлұм күшті сезімдер булықтырып жүретін болса керек. Ол соларды сарқа, ақтарыла, біресе құйқылжыта, біресе нөсерлете жырлайтындай тәрізді. Осы жолдағы оның асқан бір айтулы белесі - өзінің қазақ күйлерін жетік білетінін, олардың сыры мен сипатын нәзік сезініп, оларды өздеріне лайықты бояумен, құлпырған тілмен суреттеп бере алатын ерекше талант екенін танытты.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

  2. Рымғали Нұрғали. Жаратылар жұлдыздар шоғырымен. Зерттеулер. Астана, 2009. 455 бет.

  3. Сыдықов Т. «Хан сарайынан күйшінің қараша қосына дейін немесе І.Жансүгіровтің «Күйші» поэмасына жаңаша көзқарас» // Жетісу. – 2006.

  4. Сыдықов Т. «Қара қобыздың киесі немесе «Күй» поэмасына жаңаша көзқарас» // Жетісу. – 2008. - 25 мамыр.

  5. Т.Нұртазин, М.Қаратаев, Х.Әдібаев. "Заман және әдебиет". Классикалық зерттеулер 30-том.

  6. І.Жансүгіров, Таңдамалы шығармалар жинағы, Алматы, 2012ж

  7. Қажым Жұмалиев, «Замана жыршысы, күй жыршысы» infoportal.kz/ru/content/zamana-zhyrshysy-kuy-zhyrshysy










Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет