Жоспар: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім


«Күй», «Күйші» поэмаларындағы сар даланың сарыны



бет4/10
Дата06.01.2022
өлшемі52,37 Kb.
#13403
түріПоэма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
2.2. «Күй», «Күйші» поэмаларындағы сар даланың сарыны
Қазақ поэзиясында бүгінге дейін өнер жайында көп жазған және көркемдіктің шыңына жеткізе жазған І. Жансүгіровпен теңдесер қаламгер жоқ. Ілияс қазақтың ән, музыка өнерін аса асқақтата жырлаған. Ақын осыны бар жан тәнімен түсінген де, мейірі қанғанша сусындап өседі.

Сонау ХХ ғасырдың 20-жылдарының бас кезінде өмірге келген "Әнші" өлеңінен басталған бұл тақырып тек қазақ әдебиетінде ғана емес, қазіргі әлемдік поэзиядағы айтулы туындылар санатындағы "Күй" мен " Күйші " сияқты классикалық поэмаларға ұласты. Ақынның осы екі аралықтағы шағын көлемді, бірақ керемет суретті, екпіндеп ескен желдей көтеріңкі лепті туындылары талай талданды. 

Ілияс  лирикасының  асқар шыңы атақты “Күй” поэмасы. “Күй” поэмасында ғасырлар  бойы  халқымызбен  бірге  жасасып, атадан  балаға  мирас  болып, уақыт  сынынан  сүрінбей  келген, бір  ғасырлық шежіренің  куәсі  болған, жас кезінен Ілиястың  құлағына  сіңісті,  жүрегінің  төрінен  орын  алған, жазуға  түрткі  болған қасиетті қобызшылық  дәстүр жайлы  сыр  толғап,  күйшілік  өнерді  дәріптейді. «Күй» поэмасы Молықбай күйшінің өнері жайлы сыр шертеді.

Ілиясты ылғи да ән-күйдің әсерінен туған, өзіне ғана мағлұм күшті сезімдер булықтырып жүретін болса керек. Ол соларды сарқа, ақтарыла бір, құйқылжыта, нөсерлете бір жырлауға біртіндеп жақындай берген тәрізді. Осы жолдағы оның асқан бір айтулы белесі - өзінің қазақ күйлерін жетік білетінін, олардың сыры мен сипатын нәзік сезініп, оларды өздеріне лайық көп бояқты құлпырған тілмен суреттеп бере алатын ерекше талант екенін танытты. Поэманың басты кейіпкерін:

  Қобызшы Малқыбай шал Матайдағы

Матайда Кенже, Тұңғат, Сақайдағы

Қазақта қобызшының қалғаны сол,

Жорға еді маймаңдаған бақайшағы, -

  деп таныстыруынан-ақ күй құдіретіне елтіп, шарықтаған   шабыттың екпіні сезіледі. Осы "жарықшақ үні тозған қаңсыған", "еңкейіп екіндідей күні кеткен" шалыңыз кім десеңіз:                                                            

Қобызшы ол "Ақ көбікті" аңыратқан



Боздатып "бозінгенді" күңіренткен.

Оның жаңа қаламгерлік сапасының кемелденген шеберлігінің бір үлгісі ретінде 1929 жылы жазылған «Күй» поэмасы бес тараудан тұратын шығарманың басынан аяғына дейін біртұтас тартылған оқиға жүйесі жоқ. Сюжетті әрекет пен лирикалық толғаныс қатар келіп отырады.

Бірінші тарауда «жар қабақ, сида, ырсақай, саршұбар, қобызшы шал Молықбайдың еңкейіп екінтідей күні кестеде», «Екі көзі іріңдеп, аузынан тісін аршып қолы дірілдеп» отырса да аңыратып, күңірентіп, дүрілдетіп күй тартатын шебер өнерпаздық дарыны жырланады.

«Ақ көбік», «Көк көбік» « Бозінген» «Ер Әлінің дүлділі» секілді қазақ халқының басынан өткен небір тарихи кезеңдері музыкалық шығармалар үлгісінде, қобыз тілінде сөйлейді.

Лирикалық кейіпкер – ақын заманында алтынмен аттап, күміспен күптеген, қазір көнерген қоңыр қобыздың шанағынан төгілген дыбыстардың біресе «Жарым да сен, жаным да сен» деп үздіккен үнін біресе балқаштың ұйқы –тұйқы толқынын, біресе жау тиіп, айқай - ұйқайы шығып жылқысы үріккен ауылды көргендей болады. Поэмада көп қайғылы, мұңды күңіренген күйдің бірі - «Бозінген».

Екінші тарауда Молықбай қобызшы күй аңызын тартып айтады. Малын Арқаға оттатып, асқар тауларды жайлап, құмды күзеп, қыстауын Амударияға салған Бағылан байдың тіршілігінде ертегілік сипат бар. Келесіндегі бір бозтайлақ барлық малының құтындай көрініп, соның қайымағанын қайғы көрген бай балгерге бал аштырып, бақсы ойнатып, құмалақшы шақырады.

Үшінші тарауда Бозінген басы алтын, құйрығы күміс боталағанмен, ұры қолына түседі. Ботасы бір жаққа, енесі бір жаққа кетеді. Шерлі қобыз осы күйді зар еңіретіп тартқанда, адамның сай - сүйегін сырқыратады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет