Жоспар І. Кіріспе



бет6/17
Дата14.12.2022
өлшемі254,5 Kb.
#57197
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Кәсіпорын экономикасы

ТДТ= Σ(Нt – Шt) / (1+Е) ,
Мұндағы: Ht – есеп айырысудың t – уақытындағы нәтижелер;
Шt – сол уақыттағы шығындар;
Е – есеп айырысудың уақыт кезеңі.
Инвестициялардың табыстық индексі (ТИ) келтірілген әсер жиынтығын инвестициялардың көлеміне бөлу арқылы анықталады:
ТИ= ТДТ / К,
мндағы: К – инвестициялар көлемі;
Егер ТИ= 1 немесе ТИ › 1, онда таңдап алынған вариант тиімді, ал егер ТИ ‹ 1 – тиімсіз деп есептелінеді.
Таза дисконтталған табысқа қарағанда (ТДТ), табыстылық индексі (ТИ) салыстырмалы көрсеткіш болып табылады.
Сондықтан да ТДТ – лары шамамен бірдей жобалардың ішінен біреуін таңдап алуда ол өте ыңғайлы және қолайлы.
Инвестициялар табыстылығының ішкі нормасы (ИТІН) – Е дисконтының, келтірілген әсердің көлемі мен келтірілген күрделі қаржылардың көлемінің тепе – теңдігін көрсететін нормасы.
Есептелінген табыстылық нормасының көлемі, инвестор талап ететін капиталға берілетін табыс көлемімен салыстырылады. Егер ИТІН қажетті табыс нормасымен тепе – тең болса, не болмаса одан көп болса, онда таңдап алынған вариант тиімді деп есептелінеді.
Инвестициялардың қайтарым мерзімі (Т қай) – инвестициялық жобаны атқаруды бастаған уақыттан ең аз мөлшердегі уақыт кезеңі, шектігінде интегралдық экономикалық әсер (ТДТ) пайдалы болып есептелінеді, яғни қайтарым мерзімі – инвестициялық жобаны іске асырудан бастап алғашқы инвестициялық қаржылар мен басқа да инвестициялық жобаға кеткен шығындар, олардың жиынтық нәтижелері арқылы жабыла бастаған уақыт аралығы.
Салыстырмалы варианттарды сапа жағынан талдағанда, әлеуметтік тиімділік факторларына көңіл аударылады.
Әлеуметтік тиімділік бойынша, инвестиция варианттарын таңдауда және талдау процестерінде, жұмыс жағдайын жақсарту және жеңілдету, оның қауіпсіздігін арттыру, кәсіпорын қызметкерлерінің мәдени – техникалық деңгейін өсіру сияқты факторларға көңіл аударылады. Кейбір жағдайларда, осы факторлар арқылы варианттар таңдау мүмкіншілігі туады.
Өндіріс тиімділігін әлеуметтік талдау жасаудың мақсаты – қолданушылар үшін жоспар варианттарының жарамдылығын анықтау.
Әлеуметтік тиімділікті талдау объектілері:

  • жоба бойынша, тұрғындардың мәдени - әлеуметтік және демографиялық сипаттамасын беру;

  • жобаны іске асыру ауданында халықты ұйымдастыру, жұмыс күшінің саны, ресурстарды бақылауды қадағалау;

  • жобаның жергілікті мәдениетке сай қолданылуы;

  • жобаның нәтижелерін қолданатын тұрғындар тобы мен ұйымдарды қажетті міндеттемелермен қамтамасыз ету стратегиясы.

Тиімділікті есептеудегі, өндірістің әлеуметтік нәтижелерінің негізгі түрлері:

  • аймақтағы жұмыс орындары санының өзгеруі;

  • жұмысшылардың үй – мәдени – тұрмыстық жағдайларының өзгеруі;

  • жұмысшылардың жұмыс жағдайының өзгеруі;

  • өндірістік персоналдың құрылымының өзгеруі;

  • халықты тауарлардың жеке түрлерімен қамтамасыз етудің сенімділігінің өзгеруі;

  • жұмысшылар мен жалпы халықтардың денсаулық деңгейінің өзгеруі;

  • халықтың бос уақытын үнемдеу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет