2.3 Өндірістің тиімділігін арттырудың негізгі жолдары
Еліміз нарық экономикасының орнауы әртүрлі тауарлар мен қызметтерді өндіру, сату және тұтыну процестерін реттейтін механизмдердің пайда болып, дамуына жағдай жасайды. Экономикалық іс - әрекеттің төлем қабілетті сұранысы мен талаптарына сай келетін, өндірістің оңтайлы инфрақұрылымын құру, ұлттық нарық пен өзгеріп отыратын нарық жағдайларына байланысты тауар өндіріп, қызмет атқаратын кәсіпорындар мен экономика секторларының жағдайлары нарықтың тұтыну құрылымына, оның бағытына, оны бағдарлау мүмкіншіліктеріне байланысты.
Республиканың «Мемлекеттік өнеркәсіп саясатының 1999-2003 жылдар аралығындағы негізгі бағыттарына» сәйкес, өнеркәсіптік саясат өндірістің тиімділігін арттыру жолында мақсатқа жетуде, жаңа жұмыс орындарын ашуға, тауар нарықтарында ұлттық өнеркәсіптің үлесін арттыруға бағытталған.
Қазіргі Қазақстан экономикасының бір қалыпсыз дамуы, өндіру, сату көлемдерінің ауытқуы, өндіріс қарқынының төмендеуі жағдайында, кәсіпорындардың өндіріс тиімділігін арттыру жолындағы мынадай тактикаларды кездестіруге болады:
Қорғаныс тактикасы – оперативтік қорғану шараларын жүргізуге бағытталған, негізгі нышаны - өндіріс пен сатуға, негізгі қорлар мен персонал ұстауға кеткен шығындарды азайту, сонымен бірге ішкі резервтерді анықтау, кадрлар ауыстыруды жүргізу, тәртіпті нығайту, кемшіліктерді жою және т.б. шаралар. Бұл тактика, бүкіл экономикалық жүйенің бір қалыпсыз даму жағдайында, көптеген кәсіпорындарға тән. Бірақ, сонымен бірге бұл тактика, өйткені қорғаныс тактикасын жаппай қолдану ұлттық экономиканы крезиске ұшыратуы мүмкін, себебі көп жағдайларда крезистік ситуациялардың себептері кәсіпорыннан тыс болады.
Ал басып алу тактикасы тиімдірек саналады. Мұнда стратегиялық шаралар жүргізіледі – маркетингтік зерттеулер, сатудың жаңа нарықтарын табу, жоғарырақ баға қою, модернизациялау арқылы өндірістің дамыту шығындарын көбейту, негізгі қорларды жаңарту, жаңа технологияларды енгізу.
Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттырудың негізгі факторлары болып ғылыми – техникалық прогресс саналады. ҒТП – ның негізгі бағыттары:
жаңа прогрессивті – мембрандық, плазмалық, лазерлік, жоғарғы қысымды технологияларды кеңінен игеру;
өндірісті автоматтандыру – робот техникасын, роторлық, роторлы – конвейерлі линияларды, автоматтандырылған жүйелерді қолдану;
метал өнімдерінің, пластымассаның, метал ұнтақтарының, керамиканың және де басқа прогрессивті конструкциялық материалдардың жаңа түрлерін шығарып, қолдану.
Өндірістің экономикалық тиімділігін арттырудың келесі бір факторы – үнемдеу режимі, яғни материал, шикізат, отын, энергия ресурстарын, еңбек, қаржы ресурстарын үнемді қолдану, жоғары тиімді аз қалдықсыз технологиялық процестерді қолдану. Сонымен қатар қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыратын факторларға:
өндіріс процесінде негізгі қорларды қолдануды жақсарту;
экономиканың құрылымын дамыту, оңтайлы инвестициялық саясат;
ұйымдық – экономикалық факторлар;
басқару;
өндірістік әлеуметтік инфрақұрылымды әрі қарай дамыту;
өнімнің сапасын арттыру және т.б. жатады.
Кәсіпорынның даму жоспары мынадай бөлімдерден тұрады:
Өнеркәсіп өнімін шығару жоспары (өндірістік бағдарлама) – негізгі бөлім болып саналады. Бұл бөлімде әртүрлі өнімдерді құндық және табиғи өлшемдерде шығару жоспарланады және өнім сапасын арттыру қарастырылады. Сонымен бірге кәсіпорындарды мамандандыру, шоғырландыру, жинақтау, құрамдастыру жоспарланады.
Ғылым мен техниканы дамыту жоспары. Бұл бөлімнің негізгі маңызы – ғылыми – техникалық прогресті жылдамдату, ғылыми – зерттеу жұмыстарын жоспарлау, таза өнімдерді шығаруды жоспарлау, прогрессивті технологияларды қолдану, өндіріс процесін автоматтандыру, автоматтандырылған басқару жүйесін қолдануды жоспарлау, еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру. Бұл бөлімге стандарттандыру мен метрологиялық өлшемдерді жоспарлау да жатады. Ғылым мен техниканы дамыту жоспарының көрсеткіштері: өндірісте жаңадан шығарылған өнім, еңбекті механикаландыру және автоматтандыру деңгейі, жұмысшылардың санын салыстырмалы түрде азайту, өндірістің техникалық жағдайын жақсарту арқылы еңбек өнімділігін арттыру және тауар өнімінің өзіндік құнын азайту, өнімнің сапасын арттыру, құрал – жабдықтарды, материал сыйымдылығын, табиғи өлшемдегі еңбек өнімділігін қолдану және т.б. жатады.
Өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру жоспары. Бұл жоспарда өндірістің экономикалық тиімділігін арттырудың жалпы көрсеткіштері – нақты еңбекті, негізгі қорларды, айналым қорларын, күрделі қаржыны, материалдық ресурстарды қолдану көрсеткіштері беріледі. Бұл бөлімнің негізгі көрсеткіштері – жалпы және таза өнімді өндіру қарқыны, ортақ тұрақтылық, еңбек өнімділігінің өсу қарқыны, қор сыйымдылығы, айналым қорларының айналысы, капитал сыйымдылығы және материал сыйымдылығы.
Күрделі қаржы және күрделі құрылыс жоспары.Ол жаңа кәсіпорындар салуды, кәсіпорындарды кеңейту және қайта құруды, ірі цехтар мен объектілерді кеңейтуді, өнеркәсіпті техникалық қамтамасыз етуді, өндірістің технологиясын дамытуды; механикаландыру мен автоматтандыруды қамтиды. Негізгі көрсеткіштері - өндірістегі негізгі қорлар мен өндірістік қуаттарды іске қосу, жеке объектілер мен өндірістік базаларды салу, өндіріс қуатының өсімі, күрделі қаржылардың көлемі, құрылыс – монтаж жұмыстарының көлемі, аяқталмаған өндірістің көлемі.
Материалдық – техникалық қамтамасыз ету жоспары. Оған өнеркәсіп өнімдерін шығаруға кеткен шығындарды есептейтін материалдық есептеулер жүйесі жатады.
Өндірістік өнеркәсіпке қажетті материалдық ресурстарды нормалар мен нормативтерді қолдану арқылы есептеп шығарады. Бұл жоспарда шикізат, материал, отын, энергия және т.б. үлестік шығындарын азайтудың жолдары қарастырылады.
Еңбек және кадрлар жоспары. Бұл жоспар өндіріс көлемі ұлғаюының және оның тиімділігін арттырудың негізгі белгісі ретінде еңбек өнімділігін жүйелі түрде ұлғайтуды қарастырады.
Еңбек өнімділігінің көрсеткіші салыстырмалы бағадағы нормативтік таза өнімнің жылдық көлемін өндірістік жұмысшылардың орташа санына бөлу арқылы анықталады.
Бөлімнің негізгі бір көрсеткіші – жалақы қоры. Мұнда жұмысшылардың орташа еңбекақысы анықталады. Осы жоспар арқылы жұмысшы кадрлар саны мен қосымша өндіріске қажетті жұмысшылар саны белгіленеді.
Өндіріс шығындары жоспары. Бұл жоспардың мақсаты - өндіріске кететін шығындардың көлемін анықтап, осы арқылы өндірістен алынатын пайданың көлемін табу және материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалы түрде қолдану.
Қаржылық жоспар (қаржы). Қаржы жоспарында мынадай көрсеткіштер көрсетіледі – айналым қорларын есептеу, олардың айналымын тездету; кәсіпорынның мемлекеттік бюджетпен қарым – қатынасы; негізгі өндіріс қорларын салу және қолдану; пайданы есептеу.
Қаржы жоспарының маңызды бөлімі – несие жоспары.
Кәсіпорын ұжымының әлеуметтік даму жоспары. Жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын, демалысын ұйымдастыруда жоспарлау шаралары қарастырылады.
Табиғатты қорғау және табиғат ресурстарын пайдалы қолдану жоспары. Су ресурстарын, жер ресурстарын, материалдық ресурстарын және әуе бассейінін сақтау мен дұрыс қолдану жатады.
Сонымен бірге аз қалдықты және қалдықсыз технологиялық процестерді ұйымдастыру, құрамдастырылған өндірісті дамыту, табиғи ресурстар, шикізат және материалды кешенді түрде қолдануды жоспарлайды.
Достарыңызбен бөлісу: |