Жоспар І. Кіріспе


Өндірістік бағдарлама және оның негізгі көрсеткіштері



бет8/17
Дата14.12.2022
өлшемі254,5 Kb.
#57197
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
2.4 Өндірістік бағдарлама және оның негізгі көрсеткіштері

Кәсіпорынның даму жоспарының ең негізгі бөлімі - өнім шығару жоспары немесе өндірістік бағдарлама. Өндірістік бағдарламаның көрсеткіштері – тауар өнімдерін өндірудің өсу жолдары, шығарылған өнімнің сапасы, өнім шығаруды арттыру.


Жоспардағы құн өлшемдегі өнім көлемін анықтау үшін өнім шығару жоспарының табиғи өлшемдегі көрсеткіші қажет. Табиғи өлшемдерге – тонна, метр, квт/сағат, дана, комплект жатады. Өлшем бірліктері өндірістік ерекшеліктерін, жоғарғы сапалы және экономикалық тиімді өнімдерді шығару жолдарын, материал, еңбек, қаржы ресурстарын үнемдеу жолдарын қамту керек.
Жоспарда берілген өлшем бірліктер жоспарлау мен өндірісті ұйымдастырудың барлық бөлімдері үшін міндетті түрде сақталу керек. Бұл өндірістік бағдарламаны белгілеген ассортиментте келісім бойынша жабдықтау жоспарын орындауға және өндірістік бағдарламаны өнімнің сапасы көрсеткіштерімен байланыстыруда аса қажет.
Өнім шығару жоспарының маңызды бір бөлімі - өнімнің сапасын арттыру. Өнім сапасы өзінің техникалық – экономикалық көрсеткіштерімен, еліміздегі және шетелдердегі техниканың жоғарғы жетістіктеріне сай болуы керек. Өнім шығару жоспарында өндірістегі ескірген, қазіргі заман талабына сай емес, тұрып қалған өнімдерді шығаруды тоқтату жолдары қарастырылады.Сонымен қатар шығарылатын өнімдердің стандарттарына сай болу қарастырылады.
Өндірістік бағдарламаның құн көрсеткіштеріне:

  • сату көлемі;

  • тауар өнімі;

  • жалпы өнім жатады.

Сатылған өнімнің көлеміне байланысты, өндіріс салаларының, бірлестіктер мен кәсіпорындардың іс - әрекеттері, жасап жатқан қызметтері анықталады. Сатылған өнімнің көлеміне кәсіпорынның балансында тұрған, сатуға дайындалған, төленуге тиісті дайын өнімдер, жартылай дайын өнімдер және өзінің күрделі құрылысына жүргізілген жұмыстар көлемі жатады.
Сатылған өнімнің көлемін мына формула арқылы анықтайды:
Сө = Тж + Ож.б – Qж.а ,
мұндағы: Тж – жоспар бойынша берілген тауар өнімінің көлемі;
Сө - жоспар бойынша берілген тауар өнімінің көлемі;
Qж.б – Qж.а – сатылмаған өнімдердің жылдың бағасындағы және жылдың аяғындағы қалдықтары.
Тауар өнімінің көлеміне: сыртқа шығарылып сатылатын дайын өнімдердің және жартылай дайын өнімдердің құны; өнеркәсіп жұмыстарының құны, (сырттан тапсырыс беріп жасалынған) жатады.
Жалпы өнімнің көлемі жоспарланған уақытта белгіленген жұмыс көлемін қамтиды.
Жо = То – Аб + Аа ,
Мұндағы: Тө - тауар өнімі;
Аб, Аа – жылдың басындағы және жылдың аяғындағы аяқталмаған өндірістің көлемі.
Таза өнімнің көлемі – тауар өнімінің көлемінен материалдық шығындар мен негізгі қорлардың тозуын (амортизациясын) алып тастау арқылы анықталады.
Таза о = Мш + Ан.қ ,
мұндағы: Мш – материалдық шығын;
Ан.қ – негізгі қорлардың тозуы.
Кәсіпорынның шекті мақсаты пайда табу. Пайда табу үшін қоғамға керекті тауарлар мен қызметтерді өндіру керек, тек қана өндіру емес сапалы өнім, қызмет бәсекелестікте жеңетін, бағасы жоғары тауар мен қызмет болуы керек. Баға бәсекелесінде пайда табу үшін әрбір өнімге, қызметке шаққанда аз шығын жұмсау, сапалы өнім өндіру керек. Егер кәсіпорын зиянмен жұмыс істесе ол банкрот болуы мүмкін.
Таза пайда формуласы; Таза пайда = жалпы түсім алу (өнімнің толық (коммерциялық) өзіндік құны + кәсіпорын төлейтін салық + айып санкциялары).
Ал жалпы түсім:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет