Жоспар І. Кіріспе


Өндірістің экономикалық тиімділігінің мәні



бет10/17
Дата14.12.2022
өлшемі254,5 Kb.
#57197
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
Кәсіпорын экономикасы

2.5.Өндірістің экономикалық тиімділігінің мәні

Өндірістің жоғары тиімділігі жүйелі түрдегі үлғайтылған ұдайы өндірістің қажетті және шешуші алғы шарты болып та­былады.


Өндіріс тиімділігі жалпы өндірістің және әрбір жеке кәсіпорынның дамуының негізгі мақсатына жетуімен тікелей байланысты болатын нарықтық экономиканың басты са наттарының біріне жатады.
Экономикалық теория тиімділік санатын өндіріс үдерісін, өндіріс жүйесін немесе шаруашылықты жүргізудің нақты түрі нің нәтижелілігі ретінде көрсетеді. Жалпы түрде өндірістің экономикалық тиімділігі екі шаманың шаруашылық іс әрекет нәтижелері мен жұмсалған шығындардың (кезкелген пропорциядағы) сандык өзара қатынасын білдіреді. Тари хи түргыдан қарағанда өндірістің барлықтәсілдерінде меншік нысанның айырмашылықтығына қарамастан өндірушіні шығындар мен өз ісәрекетінің нәтижелері арасындағы каты нас қызықтырады. Өндіріс тиімділігін арттыру мәселесінің мәні: барлық ресурстарды пайдалану үдерісіндегі экономика­лықнәтижелерді шығындардың әрбір бірлігіне шаққандағы шамасын арттыруды қамтамасыз ету.
Экономикалық тиімділікті арттыру экономиканың басты мәселелерінің бірі. Көп түрлі экономикалық және элеуметтік міндеттерді табысты шешу үшін бүкіл коғамдык өндірістің тиімділігін шұғыл арттырудан басқа жолы жоқ.
Сонда «экономикалық тиімділіктің мәні неде және оның ел экономикасы үшін ерекше маңыздылығы немен ұйғарылады?» деген сұрақ туады.
Өндірістің экономикалықтиімділігінің мәні қоғамның мүдделеріне сай ең аз мүмкін болатын шығындармен барынша жоғары нәтижелерге жету ретінде экономистердің көпшілігімен түсіндіріледі. Сондықтан ондірістің экономи­калықтиімділігін анықтау өндірістің нәтижесін, осы нәтижені қамтамасыз ететін нақты және алдыңғы уакыттағы еңбектің тұтас шығындарымен салыстыруға негізделуі кажет.
Өнім өндірісі еңбек затқа айналмай және нақты еңбек шығындарынсыз мүмкін емес. Әрқашан және барлық жерде, шаруашылықтың кезкелген саласында, өнім өндіру үшін бір мезгілді және ағымдағы шығындар кажет болады. Мұндағы шығындардың шамасы көптеген жағдайлар мен факторларға байланысты болады. Өнім шикізат пен материалдардың көптеген түрлерінен, әр түрлі техникалық құралдардың көме гімен, көлемдері, саласы, құрылымы бойынша ерекшеле нетін кәсіпорындарда, еңбек пен өндірісті ұйымдастырудың әр түрлерін пайдалана отырып өндірілуі мүмкін.
Қажетті өнімнің халық шаруашылығының және жеке бастың кажеттіліктерін қанағаттандырудың жолдары мен әдістерін таңдау барысында оның өндірісіне кететін ең аз шығындарға негізделу, яғни осы шығындардың жұмсалуы ең үлкен экономикалықтиімділік әкелуі керек.
Кез келген экономиклықжағдайда ұйым ісәрекетінің шығындары мен нәтижелерінің арасындағы қандай қатынас болатыны үлкен қызығушылықты тудырады. Қоғамдық ең бекті барынша үнемдеудің шынайы қажеттілігі көбінесе уа кыттың әрбір берілген бөлігінде қоғамдық кажеттіліктердің онда бар материалдық, еңбектік және қаржылық ресурстардан асып тұратындығымен анықталады. Осыдан бар ресурстармен, оларды барынша үнемдеу арқылы ең үлкен дәрежеде өсіп жаткан қоғамдық қажеттіліктерді камтамасыз ету талабын қамтитын экономикалықтиімділіктің мәні шығады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет