2.3.Республика өмірін соғысқа бейімдеп қайта құру. Соғыс Советтер елінің экономикалық потенциалына елеулі сын болды. В. И. Ленин былай деп атап көрсеткен еді: «Кімнің резервтері көп болса, күш алатын қайнары көп болса, халықтың қалың ортасында ұстамдылығы көп болса, соғыста сол жеңеді». Лениндік осы қағидалардың кемеңгерлігін және партия саясатының дұрыстығын Ұлы Отан соғысының бүкіл барысы қуаттап берді.
Берік тыл жасау және республпканың бүкіл экономпкасын соғысқа бейімдеп қайта кұру бірінші дәрежелі маңызы бар міндеттер болды. СССР-дің европалық бөлігіндегі бірқатар енеркәсіп кәсіпорындарын шығыстағы аудандарға эвалюциялауға банланысты 1941 жылдың аяқ шенінде елімізде өнеркәсіп өнімінің көлемі күрт қысқарды. Совет Одағы соғысқа дейін шойынның 68 проценті, болаттың 58 проценті қорытылған, темір рудасының 70 проценті және марганец рудасының одан да көп мөлшері шығарылған кең көлемді территориядан уақытша айырылды. Осындай жағдайда қорғаныс заводтары, ауыр және женіл әнеркәсіптің басқа да кәсіпорындары, сондай-ақ колхоз-совхоз мал-мүлкі көшіріліп әкелінген еліміздің шығыстағы аудандарының, атап айтқанда Қазақ ССР-інің маңызы өлшеусіз өсті.
Ұлы Отан соғысы республикада соғысқа дейінгі бесжылдықтар кезінде салынған түсті металлургия, көмір және мұнай өнеркәсіп орындарында сирек металдар шығаратын кәсіпорындарда өнім шығаруды мейлінше арттыруды талап етті. Бұл үшін қысқа мерзім ішінде бұлардың жұмысын соғысқа бейімдеп қайта құру керек болды.
1941 жылғы 16 августа ВКП(б) Орталық Комитеті мен СССР Халық Комиссарлары Советі Позелжье, Урал, Батыс Сібір, Қазақстан және Орта Азия аудандары үшін 1941 жылдың IV тоқсанына және 1942 жылға арналған әскери-шаруашылық жоспарын бекітіп, іске қосты. Оқ-дәрілер, түрлі ұрыс техннкасын және әскери жабдықтар өндіруді тез ұлғаюмен бірге жаңа әскери-шаруашылық жоспар металлургия көмір және ауыр нндустрияның басқа да шешуші салаларының өнімдерін өндіруді, стратегнялық шикізат шығаруды күрт арттыруды көздеді.
Елдің экономикасын соғысқа бейімдеп қайта құру мейлінше ауыр міндет болды. Бүкіл еліміздегі сияұқты, Қазақ республикасының партия және совет органдары қысқа мерзім ішінде республика халық шаруашылығының барлық буындарын соғысқа бейімдеп қайта құрды. Партия комитеттерінің ұйымдық құрылымында өзгерістер жасалды. Ірі кәсіпорындар мен заводтарға ВКП(б) Орталық Комитетінің партия ұйымдастырушылары жіберілді, жергілікті жерлерде Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің уәкілдері жұмыс істеді. Материалдық және адам ресурстары қайта бөлінді. Олармен ең алдымен елдің қорғаныс мұқтажына жұмыс істейтін халық шаруашылығы салалары қамтамасыз етілді. Армия қатарына шақырылуға тиісті еркектердің орнына әйелдерді, жеткіншектерді, және денсаулық жағдайына байланысты әскер қатарында қызмет ете алмайтын еркектерді алу жөнінде шаралар көзделді. Тікелей өндірісте кадрларды жеке-жеке және оқыту кеңінен қолданылды. Соғыс уақытының заңдылғы еңбек демалыстарын жоюды, жұмыс күнін ұзартуды талап етті. Барлық азық-түлік және шикізат ресурстарын майданға жұмылдыру мақсатында елде халықты азык-түлік және өнеркәсіп товарларымен нормалап жабдықтау енгізілді.
Танктер, самолеттер, артиллея қондырғыларын және басқа қару-жарақ түрлерін жасаудың түсті және сирек металдар шығаруды барынша талап етті. Мыс өнеркәсібінің алыбы Балқаш заңды, Шымкент қорғасын заводы, кенді Алтайдың өнеркәсіп қорғаныс өнеркәсібінің мұқтажына арнап түсті металдар қарқынын арттырды.
Майдан мұқтажына арналған өнім өндіруді мықтап арттыру тыл жұмысынын негізгі мазмұн болды. Соғыс іздестіру жұмыстарын күшейтіп, жаңа кен орындауын игеруді талап етті. Республикада брондық және сапалы өнім шығару үшін соншама қажетті мөлшерден, марганец, волытам, никель және басқа металдар өндіру артты.
Соғысқа дейінгі уақыттың өзінде-ақ Балқаш өңірінде молибден кен орны табылып, «Шығыс Қоңырат» руднигінің негізін қаланған болатын. Құрылысшылар мен кеншілердің қажырлы жарлықтардың соғыс кезіндегіден жұмыс істейік деген өнегесін ауыл шаруашылығының еңбеккерлері ғана емес, станок басындағы жұмысшылар да, кәсіпорындар мен транспорттың қызметшілері де қызу қолдады.
Әркім жан аямай жұмыс істеуге ұмтылды. Соғыстың бастап\қы кезеңінде 60 жастан асқан бір колхозшыға бейбіт 1940 жылдың тиісті кезеңіндегі орта есеппен бір айдағы 5,5 жұмыс күнінің орнына 10 жұмыс күні, ал бір жас жеткіншекке 9,4 жұмыс күні келді.
Ауыл шаруашылығына арнап әйелдердің механизатор кадрларын даярлайтын қысқа мерзімді курстар мен мектептер желісі өрістеді. Солтүстік Қазақстан облысындағы Полудин МТС-індегі В. И. Бондарева басқаратын бригаданың тракторшылары Қазақстанның барлық әйелдерін еркектердің орнына трактор, комбайн және автомашина рулін ұстауға шақырды. Соғыс басталғаннан кейінгі бір ай өткеннен соң-ақ Қазақ ССР Егіншілік халық комиссариаты жүйесіндегі механизаторлар курстарында 43,2 мың қыз бен әйел окыды. 1941 жылдың сентябріне қарап тракторшылар, комбайншылар және шоферлар даярлайтын курстар мен үйірмелердегі оқушылар контингенті 53,3 мың адамға дейін кебейді.
Республнка ауыл шаруашылығының жұмысын дер кезінде қайта құру, жұмыс күнін бос жібермеу колхоздардың еңбек ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етті.