Өндірістік қуаттарды стратегиялық жоспарлаудың мақсаты – компанияның ұзақ уақыттық бәсекелік стратегиясын қолдау үшін капиталосыйымдылық ресурстардың қуат деңгейін анықтау әдістерін қамтамасыз ету.
Өндірістік қуаттың таңдалған деңгейі фирманың бәсекешілердің әрекеттеріне жауап беру қабілетіне зор ықпал жасайды.
2. Қуаттарды жоспарлау концепциялары Ең жақсы оперативтік деңгей (Best Operating Level) - ең басында өндірістік процесс жобаланған кезде белгіленген өндірістік қуат деңгейі, демек, өнім бірлігінің орташа құны минималды болуы жағдайындағы өндіріс көлемі.
Бұл минимумды анықтау өте күрделі мәселе болып келеді (курс «Управление затратами»)! Маңызды көрсеткіш – өндірістік қуаттарды пайдалану коэффициенті, ол фирманың ең жақсы оперативтік деңгейге қаншалықты жақын тұрғанын көрсетеді.