Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы АссамблеясынҚазақстан Ассамблеясы мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды.
-2-
Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.
Толеранттылық- бұл бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтауға үлес қосуда.
Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық азаматтық бірегейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде Қазақстан Республикасында этносаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады.
Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Этномәдени бірлестіктердің өзінің саны тұрақты өсуде, қазір олар 800-ден асады, оның ішінде 28-і республикалық. Егер мемлекеттің қалыптасу кезеңінде басты міндет этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім негізінде қоғамды ұйыстыру болды. Жоғары ел дамуының жаңа кезеңінде, стратегиялық басымдық ретінде, қоғамның барлық азаматтары мойындаған ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесіне негізделген Ұлт Бірлігіне жету болып табылады. Қазақстандағы қоғамдық келісім үлгісіне қызығушылық танытушы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар саны күн санап артып келедіМәселен сол секілді этномәдени орындар да біздің Қызылорда облысында да әртүрлі ұйымдар жеткілікті.
-3-
Зерттеу бөлімі. Қызылорда облысында Толеранттылық келісімде құрылған 11 этномәдени ұйымдар бар.Мысалы жақында ғана Қызылода облысындағы Қызылорда Облысының Түрік мәдени орталығына 15жыл толған .Жетекшісі Гульчин Гейдарованың айтуы бойынша бұл орталықтың мақсаты – елімізде ұлтаралық келісімді нығайту, Қазақстан халқының мәдениетін жан-жақты өзара байыту, түркілердің салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпы мен мәдениетін сақтау және дамыту, жастарға патриоттық тәрбие беру болып табылады екен.
Қызылорда облысындағы секілді Жалағаш ауданында да әртүрлі ұлт өкілдері жеткілікті.Мәселен Жалағаш ауданында барлығы 333 ұлт өкілдері бар.Оның ішінде ең көп ұлт өкілдері орыс шешен,кәріс ұлттары.