Жалағаш ауданы бойынша этностар саны туралы мәліметтер кестесі.
1
Атауы
Саны
1
Халық саны
36794
2
Қазақтар
36414
3
Орыстар
109
4
Кәрістер
100
5
Татарлар
2
6
Шешендер
134
7
Немістер
1
8
Қырғыздар
6
9
Тәжіктер
13
10
Украиндар
5
11
Әзірбайжан
2
12
Беларусь
2
13
Қарақалпақ
1
14
Молдавандар
1
15
Ұйғырлар
3
16
Түріктер
1
Барлығы
36794
өзге этностар- 380
-4-
Біз қай ұлт өкілінен сұрасақ та Қазақстан Менің Отаным!Мен Қазақстанмен мақтанамын!деген пікірлерді естиміз.Арыға кетпей ақ өзіміз күнде көріп жүрген жеке кәсіпкерлер Мәжиева Залман апайымыз бен Бірсанова Қазан апайларымыз Қазақстан түгілі мен Жалағаштан арыға кетсем туған жерімді сағынамын деп сұрағымызға төесінен жауап берген болатын.Дәлірекайта кетсек осы жобаның тың деректерін жинау мақсатымен жетекшіміз екеуіміз орталық алаңда орналасқан «Залман» сауда үйіне барған болатынбыз.Сол жерден шешен ұлтының өкілдерімен танысып Қазаұстан туралы ойларын біліп,біраз ой қорытып келген болатынбыз.
Мәжиева Залман ханым ұлты шешен.Руы Сарықасқа екен.Жалағаш ауданындағы Мәдениет ауылында дүниеге келіп,өзі қазақ мектебінде оқып,бітіріпті.Қазір жеке кәсіпкер.Ол кісі өзінің «Қазақстанда туғанына өкінбеймін»деп Қазақстанда туғанын мақтанышпен бізге жеткізді.Ол кісінің айтуы бойынша «Мен бұл жерде барлығын қазақ,орыс, шешен деп бөлмеймін.Қызылорда туған жерім,туып –өскен жерім болғандықтан Мен үшін Қызылорда әрқашан да ыстық.»Менің ол кісінің осы сөзінен түйгенім қазақстанда толераттылықтың бейнесін тек қазақтар ғана емес басқа ұлт өкілдері де көрсететінін ұқтым.Және бұл сөзді естіп шынымды айтсам қаты қуандым.Бұл тақырыпты алмағаным бекер болмапты,енді толерантты Қазақстанның бейнесін нағыз шындығын көрсетемін деген оймен үйге оралдым.
Осы Залман апайдың қасында Бірсенова Қазан Қожахметовна есімді апаймен де сөйлесіп біраз сөзге тартқан болатынбыз.Бірақ ол кісі видеоға түсуден сәл тартыншақтанды. Бірақ сонда да ол кісімен жазбаша түрінде сұхбаттастық.Қазан апай да шешен ұлтынан екен.Қазақастанға 35 жыл бұрын келген екен.Кавказда туаған кейін Қаракетткенде тұрған содан соң Жалағаш ауданына көшіп келген.Қазіргі таңда 2 баласы бар екен.Бірінші баласыЖалағаш ауданындағы №31мектебінде білім алса екіншісі №202орта мектептің түлегі екен.Бұл кісімен сұхбат барысында мен өзге ұлт өкілдерінің Қазақстанда тұрып,осында ұрпақ таратып,Қазақ еліне қызмет жасауда екенін нақты түсіндім.
Бірнеше күннен кейін Жетекшім екеуіміз тағы да сұхбат алып материал жинауға орталыыққа келдік.Сол кезде біз Бұрын біздің №202 орта мектепте жұмыс жасаған,Жалағаш ауданыың тумасы,қазақ тілін жетік меңгерген,ұлты неміс, немерелерінің бойында бес бірдей ұлттың қаны бар Канавалова Валентина апайымыздан алған сұхбатымызда ол кісі де Қазақстан туралы Оның халқының кеіпейілдігі туралы айтып қалды.Жалаашта тұрып жатқанына 63 жыл болған,бұрын мұғалім болған апайымыздан Толеранттылық туралы ,оның мағынасы туралы біраз біліп алдық.
-5-
Белгілі математик Асқар Жұмаділда айтқан екен «Біз қазақты қонақжай дейміз.Бос сөз.Мен нағыз қонақжай халық депайтар едім» деген екен.Мен де осы сөзбен толықтай келісемін.Себебі біз Валентин апайдың үйіне барғанымызда ерекше қонақжайлықты көрдім.Бұл жерде мен өзге ұлт өкілдерінің қазақ қоғамымен біттесіп бірігіп жүргенін түсіндім.
Келесі жолы біз сұхбат алуға ұлты тәжік,Жалағашқа келгеніне 40 жылға жуықтаған Ескендір атамызбен болды.Бұл сұхбатта ол кісі бізге өзінің қазақ отбасыларымен құда болғаны туралы айтты.Міне ос тұстан ақ біз қазақтардың өзге ұлт өкілдерімен толерантты көзқараста екенін білуімізге болады.Осы біз сұхбат алған кісілердің барлығы да өздерінің Отанға деген потриотизмдерін көрсете ғана қоймай қазақ тілінде таза сөйлейтінін көрсетті.Мен осы кісілерге қарап Қазақстандағы өзге ұлт өкілдерінің бейнесін сәл де болса да танғандаймын.
Мен сұхбат алған тағы бір кісі ол кәріс ұлтының өкілі Пак Юри Мерановичпен жазбаша сұхбаттастым.Ол кісінің қазақтарға күйеу бала болатынын білдім.Осы Жалағаш ауданында дүниеге келген ,қазіргі таңда жеке кәсіпкер,базар маңындаы Виктория атты телефон жөндейтін орынның басшысы.Өзінің қазақстанды қалай жақсы көретінін айтып Мен Қазақстаныммен мақтанамын деп Қазақ жерінде туғанын мақтанышпен жеткізді.
Осы кісілермен кездесуден кейін аялдамаға бара жатқанымда «Осы өзге ұлт өкілдерінің ислам дініне деген көзқарасы қандай?» деген сұрақ келді.Содан ол ойыммен жетекшіммен бөлістім.Жетекшім менімен келісіп екеуіміз бірге Жалағаш аудандық Иманқұл мешітіне бардық.Ол жерден бізді мешіт имамы Мәдиев Айбек ағамыз жылы шыраймен қарсы алды.Содан соң ол кісімен де ой бөлісіп,шер тарқатып қайттық.Ең алдымен менің қойған сұрағым:Жалағаш ауданындағы өзге ұлт өкілдерінің қай дінде екенін білу болды.Ал Айбек ағайдың айтуы бойынша басқа ұлт өкілдері мешітте болатын әрүрлі жиындарға,Құрбан айттарда,Жұма намаздарда шешен кәріс ұлт өкілдері келіп жамағатпен бірге уағыз тыңдап,сауапты істермен аййнаалысады екен.Тіпті кейбір шешен ұлт өкілдері өз балаларын мешітте өткен «Имани жаз-2019»атты шәкірттерді оқыту айларында мешітке әкеліп олардың да мұсылман,ислам діні туралы оқып білуіне әрекетт жасаан.Бұл дегеніміз Қазақ жеріне деген басөа ұлт өкілдерінің құрметтері.Тіпті басқа ұлт өкілдерінің Қазақстанда тұрып Қазақ тілінде сөйлескені қуантатындай оқиға екенін біліп отырмын.Бұл да бір қазақстандық ұлт өкілдеріне деген Қазақ халқының толерантты көз қарасының нәтижесі екенін айта кесек кем болмас.
-6-
Осы жерден біз бұдан да көп мәліметті Ішкі істер саясатынан білуге болатыны туралы білдік.Біз сол жерге бағанда бізді Бақытжан Әсел есімді КММ-нің этносаралық қатынастар жөніндегі Жалғаш аудандық сарапшысы қарсы алып бізге суреттерді,материалдарды ,ұлт өкілдерінің қазіргі уақыттағы негізгі саны туралы нақты деректерді берді.Ол кісінің айтуы бойынша әр мерекеде Этнос өкілдерінің бас қосуымен әртүрлі іс шаралар өтіп тұратындығы туралы айтты.
Мен жоғарыда Қызылорда облысындағы этносаралық ұйымдар туралы айтқан болатынмын.Сол секілді ,бірақ кішігірім болса да өзге ұлт өкілдерін жинап,олардың мідениеті мен тарихын дамытып отырған «Жалағаш Достық мекені»атты бірлестігі қазіргі кезде жұмыс жасап тұр екен.Оның төрайымы Мирман Дина апайымыз.Бұл бірлестік 2016 жылы құрылған екен.Аталған іс шаралар да осы жердің ұйымдастыруымен болып тұрады екен. Шараларда әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттау жұмыстарымен қатар кеш соңдарында белгілі азаматтарды мадақтап,сыйлықтар таратылып,жайылған дастарханнан дәм татылады екен.
Бұл мәліметтермен қоса біз осы орталықтың жетекшісі Дина апаймен кездесіп сұхбаттасып та қайттық.Сұхбат барысында ол кісінің айтуы бойынша бұл қоғам бірлестік 2016 жылдың ақпан айында құрылған екен,бірақ ол жолы жұмыс жасай алмай 2017 жылдың 1 наурызынан бастап ең алғаш «Сәлем- сөздің атасы»деген тақырыппен,өзге ұлт өкілдерінің шақыртылуымен аудандық Т.Жүргенов атындағы №123 мектепте үлкен шара өткізіп бастапты.Біздің елімізге өзге ұлт өкілдері 1944 жылы репрессия барысында көшіп келген екен.Қазіргі кездегі олардың Қазақстанға деген ықыласын сөзбен жеткізу қиын деп сөзін топшылады Дина апайымыз.
«Жалағаш Достық мекені» қоамдық бірлестіктің мақсаты сен қазақсың мен шешенмін, сен орыссың деп бөлінбей,ұлттардың бір біріне деген татулығы мен сыйластығында болуы.БӘРІМІЗ ҚАЗАҚПЫЗ! БӘРІМІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫҚПЫЗ!-деген ұранды ұрпықтарға насихаттау.
Тіпті бұл сұхбаттармен қоса мен толеранттылықтың біздің Жалағаш ауданында да қарқынды дамығанын көрсету мақсатында өз мектебімдегі өзге ұлт оқушыларынанда Қазақстан халқы, өз орталарындағы қарым –қатынас туралы сұраған болатынмын.Сонда олар сонда олар камера алдын кішкене қобалжыған болуы керек,балалар сәл сасып қалды.Бірақ олар алты ағайынды балалар екен,Олардың бесеуі біздің мектептің оқушылары.Олардың барлығыЖалағаш ауданнында туылған,ұлттары шешен.Бірақ өздерінің айтуы бойынша олар қазақстанды өз елдеріндей көреді екен,оның себебін Қазақстанда туылғандықтан әрі қазақ балаларының арасында осы уақытқа дейін сіңісіп кеткендіктен деп түсіндірді.